«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 09:57, реферат

Краткое описание

Осы Заң Қазақстан Республикасында жылу энергетикасын ұйымдастырудың, оның жұмыс істеуі мен дамуының құқықтық негіздерін белгілейді және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Жылу энергетикасы объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, пайдалану, жылу энергиясын өндіру, беру, онымен жабдықтау нормативтік құқықтық актілермен регламеттеледі, олар жылу энергетикасы саласындағы барлық субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жылу энергетикасы туралы.docx

— 48.53 Кб (Скачать документ)

11. Коммерциялық есепке  алу жылу энергетикасы саласындағы  уәкілетті орган бекітетін жылу  энергиясын және (немесе) жылу тасығышты  коммерциялық есепке алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және:

1) есепке алуды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; жылумен жабдықтауды коммерциялық есепке алу және оның сапасын бақылау мақсатында өлшеуге жататын жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың техникалық сипаттамаларын;

2) егер аспап теңгерімді  тиесілілігінің шекарасында орнатылмаған жағдайды қоса алғанда, коммерциялық есепке алу кезінде жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың санын айқындау тәртібін;

3) жылу энергиясын есепке  алу аспабы болмаған жағдайда  жылу энергиясының санын ғимаратқа жылу жүктемесі бойынша есеп айырысу жолымен қорғаушы конструкциялар мен жылу тұтынатын қондырғылардың нақты жай-күйін ескере отырып айқындау тәртібін;

4) көппәтерлі үйлерде  жылу энергиясын коммерциялық  есепке алуды ұйымдастыру тәртібі  мен қағидаларын;

5) үйге ортақ жылу энергиясын  есепке алу аспабының көрсеткіштері  бойынша ақы төлеуді бөлу тетігін  қамтуы тиіс.

13-бап. Жылу  энергетикасындағы қауіпсіздік  пен сапаға қойылатын талаптар

1. Энергетикалық жабдықты, жылу желілерін, тұтынушылардың  қондырғыларын пайдалану кезінде  ұйымдастырушылық іс-шаралар адамның  өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.

Магистральдық және таратушы құбырлардың жылыту және ыстық сумен  жабдықтау үшін жылу энергиясының өлшемдері  ұстап тұрған температуралық кестеге, желілік судың қауіпсіз және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс.

2. Техникалық реттеу объектілері  жылу энергиясын өндіруге, беруге  және пайдалануға арналған энергетикалық жабдық, жылу желілері, тұтынушылардың қондырғылары, жылу энергиясы болып табылады.

3. Жылу желілерін жобалау  мен пайдалану кезінде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес жылу энергиясына белгіленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс.

4. Жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға арналған  жылу өндіруші, жылу беруші ұйымдардың  жабдығы, тұтынушылардың қондырғылары  нормативтік техникалық құжаттамада  белгіленген техникалық талаптарға  сәйкес келуі тиіс.

5. Қазақстан Республикасында  пайдаланылатын жасалатын және  оның аумағына әкелінетін жылу  энергетикалық жабдық пен материалдар  нормативтік техникалық құжаттамада  белгіленген талаптарға сәйкес  келуі тиіс және Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген  жағдайларда сәйкестігін растайтын  рәсімнен өтуі тиіс.

6. Техникалық регламенттерге  қойылатын талаптарға сәйкестігін растауға жататын жылу өндіруші, жылу беруші ұйымдардың жабдығын, тұтынушылардың қондырғыларын пайдалануға енгізуге сәйкестікті растау саласындағы құжатсыз жол берілмейді.

7. Жылу өндіруші, жылу  беруші, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың  жабдығы, тұтынушылардың қондырғылары  қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз  ететін жарамсыз жай-күйде болуы  тиіс.

8. Меншік нысанына қарамастан  жылумен жабдықтау объектілерін  және (немесе) оның жекелеген бөліктерін  сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беру, уәкілетті органның және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.

9. Жылу энергиясын өндіру  мен берудің біртұтас технологиялық  процесіне қатысатын жылу өндіруші, жылу беруші ұйымдардың мүлкі бөлінбейді.

10. Жылу желілерін қорғау, жылу желілерінің қорғалатын  аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

11. Жылумен жабдықтау объектілері орналасқан ауданда тұратын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғау аймақтары белгіленеді, олардың мөлшері мен оларды пайдалану тәртібі заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік құқықтық актілерде және осы объектілердің жобаларында белгіленеді.

Қорғалатын аймақтарда барлық шаруашылық қызмет түрлері жылумен  жабдықтау объектісі иегерінің  немесе оған уәкілетті органның келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.

14-бап. Жылыту  кезеңіне дайындықты тексеру 

1. Күзгі-қысқы жағдайларда  жұмысқа дайындық паспортын алу  үшін жылу өндіруші және жылу  беруші ұйымдар жыл сайын бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде энергетикалық сараптама жүргізеді және он бесінші қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтініш пен құжаттарды ұсынады.

2. Уәкілетті орган дайындық паспортын беру үшін өтініш пен құжаттарды жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.

Жылу өндіруші және жылу беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда  жұмысқа дайындығын растау ретінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша дайындық паспортын береді.

3. Жылу беруші ұйымдар  тұтынушылардың объектілеріне дайындық  паспортын уәкілетті орган белгіленген тәртіпте береді.

15-бап. Жылумен  жабдықтауды дамыту схемасы 

1. Жылумен жабдықтауды  дамыту схемалары Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітетін Жылумен жабдықтауды  ұйымдастыру қағидаларына сәйкес  бекітіледі және жыл сайын  өзектендіріледі.

2. Жылумен жабдықтау схемасы  жылу энергиясын өндіру, беру, тарату  және онымен жабдықтау бойынша  мынадай деректерді қамтуы тиіс:

1) орталықтандырылған және  жеке жылумен жабдықтау аймақтары  бойынша елді мекендердің аумағын  аймақтарға болу, сондай-ақ автономиялық  пәтер бойынша жылытуды ұйымдастыру шарттарын айқындау;

2) жылу энергиясының көздерін жүктеу жөніндегі схемалық шешімдер;

3) электр және жылу  энергиясын аралас өндіру режимінде  жұмыс істейтін жылу энергиясы  көздерінің және қазандықтардың  бірлесіп жұмыс істеу режимі;

4) оңтайлы температуралық  кесте. 

3. Жылумен жабдықтауды  дамыту схемасын әзірлеу кезінде  жылумен жабдықтау жүйесінің  қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі  тиіс, ол жылумен жабдықтау жүйесін резервтеу көрсеткіштерімен, жылу энергиясы көздерінің, жылу желілері мен тұтастай жылумен жабдықтау жүйесінің істен шығусыз жұмыс істеуімен айқындалады.

4. Жылумен жабдықтау жүйелерін  дамыту жөніндегі шешімдерді  қабылдаудың міндетті өлшемдері: 

1) тұтынушыларды жылумен  жабдықтаудың жеткілікті сенімділік  деңгейін қамтамасыз ету; 

2) ұзақ мерзімде перспективада  әрбір тұтынушыға есептелген жылумен жабдықтау шығындарын барынша азайту;

3) жылу және электр  энергиясын аралас өндіру басымдығы  болып табылады.

16-бап. Жылумен  жабдықтау жүйесіне қосылу, тұтынушыларды  жылу энергиясына қосуға арналған техникалық шарттар

1. Жылу беруші ұйымның  жылу желілеріне жылу тұтынатын  қондырғыларды немесе жылу желілерін  қосуға ниет білдірген тұлғалар, сондай-ақ қосылған жылу жүктемесін ұлғайтуға ниет білдірген тұтынушылар жылу беруші ұйымнан қосылуға техникалық шарттар алады.

2. Жылу тұтынатын қондырғылары  тұтынушылардың желілеріне қосылған  қосалқы тұтынушылар жылу беруші  немесе жылумен жабдықтаушы ұйымнан  техникалық шарттар алады және  тұтынушымен келіседі.

3. Жылу желілеріне қосылуға  техникалық шарттарды беру және  тұтынушылардың жылу тұтынатын  қондырғыларын пайдалануға рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жылумен жабдықтауды ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.

4. Жылу беруші ұйымдар  жылу желісіне қосылуға техникалық шарттарды беруді өтеусіз негізде жүзеге асырады.

5. Жылу желісіне қосылуға техникалық шарттар алу үшін өтініш берушілер тізбесі Жылумен жабдықтауды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда өтініш ұсынады.

6. Жылу желісіне қосылуға  техникалық шарттар тиісті құжаттары бар өтінішті ұсынған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей беріледі.

7. Жылу беруші ұйымдар  осы бапта белгіленген мерзім ішінде техникалық шарттар беруге не өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тартуды беруге міндетті.

Өтініш беруші ұсынған  құжаттар толық болмаған жағдайда жылу беруші ұйым өтініш берушіге өтініш берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жазбаша дәлелді бас тартуды беруге міндетті.

8. Жылумен жабдықтаушы  немесе жылу беруші ұйымның  жылу желілеріне жылу тұтынатын  қондырғыларды қосу жөніндегі  барлық жұмысты тұтынушы өз  есебінен жүргізеді. 

17-бап. Тұтынушыларды  жылу энергиясымен жабдықтауды  шектеу және тоқтату 

1. Жылумен жабдықтаушы  және (немесе) жылу беруші ұйымдар  тұтынушыларды жылу энергиясымен  жабдықтауды (жылу энергиясын  тұрмыстық қажеттілікке пайдаланатын  тұтынушыларды қоспағанда):

1) жылу энергиясы үшін  шартта белгіленген мерзімде  төлем құжатын төлемеген; 

2) жылу желісіне жаңа қуаттар мен қосалқы тұтынушылар өздігінен қосылған;

3) жылу тұтынатын жүйелерді  коммерциялық есепке алу аспаптарына  дейін қосқан;

4) шартта ескерілген ең  жоғары сағаттық жүктемелерді  және жылу энергиясын шарттық  тұтыну режимдерін жылумен жабдықтаушы  ұйымның келісімінсіз асырған;

5) егер тараптар келісімінде өзгеше көзделмесе, шартта көзделген конденсат көлемінің кемінде 30% қайтарылған;

6) жылу тұтынатын жүйелерге  қызмет көрсету үшін тиісті білікті персонал болмаған;

7) уәкілетті органның  нұсқамаларын белгіленген мерзімде  орындамаған және жылумен жабдықтаушы немесе жылу беруші ұйым берген техникалық талаптарды бұзған;

8) уәкілетті орган және жылумен жабдықтаушы және (немесе) жылу беруші ұйымдардың өкілдерін жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жібермеген;

9) тұтынушы адамдардың  өміріне қауіп төндіретін аварияларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдамаған;

10) қосалқы тұтынушылар Қағидалардың талаптарын бұзған кезде оларды ажырату бойынша жылумен жабдықтаушы ұйымның нұсқамаларын орындамаған жағдайларда толық немесе ішінара тоқтатады.

2. Жылу беруші және (немесе) жылумен жабдықтаушы ұйымдар  осы баптың 1-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 10) тармақшаларында белгіленген  бұзушылықтар болған жағдайда  тұтынушыға жылу энергиясымен  жабдықтауды тоқтатқанға немесе  шектегенге дейін кемінде бір ай бұрын жазбаша хабарлап, осы баптың 1-тармағының 2), 3), 9) тармақшаларымен – дереу жылу энергиясымен жабдықтарды толық немесе ішінара тоқтатады.

3. Жылумен жабдықтаушы  және (немесе) жылу беруші ұйым  жылу энергиясын тұрмыстық қажеттілікке  пайдаланатын тұтынушыны жылу  энергиясымен жабдықтауды: 

1) соттың тиісті шешімі болған жағдайда шартта белгіленген мерзімде жылу энергиясы үшін төлем құжатын төлемеген;

2) уәкілетті органның  нұсқамаларын белгіленген мерзімде  орындамаған және жылумен жабдықтаушы немесе жылу беруші ұйым берген техникалық талаптарды бұзған;

3) тұтынушы адамдардың  өміріне қауіп төндіретін аварияларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдамаған жағдайларда толық немесе ішінара тоқтатады.

4. Жылумен жабдықтаушы  және (немесе) жылу беруші ұйым  осы баптың 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында  белгіленген бұзушылықтар болған  жағдайда тұтынушыны жылу энергиясын  беруді тоқтатқанға немесе шектегенге  дейін кемінде бір ай бұрын жазбаша хабарлап, осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасымен – дереу жылу энергиясымен жабдықтауды толық немесе ішінара тоқтатады.

5. Жабдықты жөндеу бойынша  жоспарлы жұмыс жүргізу және жаңа тұтынушыларды қосу үшін резервтік қоректендіру болмаған жағдайда жылумен жабдықтау шартында осы мақсат үшін тұтынушыларды ажырату тәртібі көзделуге тиіс.

6. Желілік судан өз бетінше су алған, жылу тұтынатын жүйені өз бетінше қайта жабдықтаған, тұтынушы жылу тұтынатын қондырғыларды өз бетінше қосқан, тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарына зақым келтірген, есепке алу торабында орнатылған пломбалар бұзылған немесе болмаған кезде жылу беруші және (немесе) жылумен жабдықтаушы ұйымдар акт жасайды және тұтынушы пайдаланған жылу энергиясының көлеміне қайта есеп айырысу жүргізіледі.

Қайта есеп айырысу ыстық  су бойынша бір жылдан аспайтын кезеңге, ал жылыту жүйелері үшін жылыту кезеңінен бастап осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген оқиғалар анықталған сәтке дейін жүргізіледі.

Акт жылу беруші ұйым өкілінің және тұтынушының не оның өкілінің қолы болған жағдайда жарамды болады. Акт тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бірақ оны жылу беруші және (немесе) жылумен жабдықтаушы ұйымдардың және (немесе) кондоминиумды басқару органының құрамында кемінде үш адам болатын комиссиясы рәсімдеген жағдайда жарамды болады.

7. Жылу беруші немесе  жылумен жабдықтаушы ұйым өзінің  желісіндегі авариялардың алдын  алу немесе жою бойынша кезек  күттірмейтін шаралар қабылдау үшін тұтынушыға бір кұн бұрын міндетті түрде хабарлап, жылумен жабдықтаушы ұйым жеткізбеген жылу энергиясы үшін кейіннен қайта есеп айырысу жүргізумен жылуды тұтыну жүйесінен уақытша ажыратуға құқылы.

18-бап. Жылу  энергиясы көздерін, жылу желілерін жөндеуге және пайдаланудан шығару

Жылу энергиясы көздерін, жылу желілерін жөндеуге және пайдаланудан шығару Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.

4-тарау. Жылу  өндіруші, жылу берушщі, жылумен  жабдықтаушы ұйымдардың және  жылу энергиясын тұтынушылардың  қатынастары 

Информация о работе «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы