Бекен Қайратұлы. Қазақ жерін отарлау қалай жүргізілді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 14:32, реферат

Краткое описание

ХІХ ғасырдың басында Ресейде егіндікке жарайтын 140 млн. десятина жер болды. Соның 70 миллионын 30 мың помещик өзара иеленіп алды. Ал, қалған 70 млн. десятина жер ондаған млн. мұжық-шаруаға жетпеді. Мұжықтар бұған наразылық танытып, помещиктерді өлтіріп, бүлік көтеруге дейін барды. Ресей үкіметі бұдан құтылатын жалғыз жол: қазақтың жерін тартып алып, орыс шаруаларына бөліп беріп, қоныстандыру қажет деп тапты. Осыны жүзеге асыру үшін орыс патшасы әуелі, қазақ даласына халықты қырып-жоятын казак атты әскерлерін жіберді. Н.Г.Путинцев деген есаул құрастырған «Хронологический перечень событии из истории Сибирского казачьего войска» (Омск, 1891г.) атты кітапта: «жаңа жерді жаулап алу о баста-ақ казактардың (казачествоның) құзырына тиген еді»,-дейді.