Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

 

25. ЖЕР ҚАЗУШЫ

                                                          5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Топырақты қолмен және  пневматикалық  құрал көмегімен  түсірме құдық пышағының астында  әзірлеу. Құдық пышағының астынан тастар мен басқа да кедергілерді алып тастау.   Түсірме құдығын орнатуға әзірлеу және орнату. Түсірме құдығынан топырақ әперу. Жоспардағы құрылыс орнын бөлу. Биік белгілерді қарапайым геодезиялық құралдардың көмегімен анықтау.  Топырақты сығымдау кезіндегі құбырдың шөгуін жою.

Білуге тиіс.  Түсірме құдығын орнатудың ережесі мен тәсілдері;   түсірме құдығын орнатудың   тәсілдері; топырақты сығымдау әдісімен әзірлеудің    ережесі мен тәсілдері;  қарапайым геодезиялық құралдардың құрылымы және  оларды қолдану ережесі.

 

26. ТОТТАНУҒА ҚАРСЫ ОҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Перхлорвинил және  бакелит негіздердегі және органикалық шайыр мен сополимерлер ерітінділерінен арнаулы  бояу  құрамдарын  дайындау.  Үстіңгі қабаттарды тазарту,  майсыздандыру, шаңсыздандыру.  Тығыздағыш және бояғыш арнаулы құрамдарды  тік сызықты  үстіңгі қабатқа жаққышпен жағу. Үстіңгі қабаттарды  бакелит  лагі сорғызылған матамен жабу.

Білуге тиіс. Арнаулы құрамдардың түрлері мен негізгі қасиеттері; үстіңгі қабаттарды пленкалы жабындарға  дайындаудың ережесі мен тәсілдері; топырақ және арнаулы тығыздағыштарды тік сызықты  үстіңгі қабатқа  жағуға дайындау  тәсілдері.

 

27. ТОТТАНУҒА ҚАРСЫ ОҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Цилиндрлі және кониялық аппаратура мен құрылыс құрылымдарының сыртқы және ішкі  үстіңгі қабаттарына арнаулы құрамдарды жаққышпен жағу. Күрделі конфигурациялардың  үстіңгі қабаттарын астарлау және тығыздау. Пленкалы жабындарды детектормен тексеру. Құбырлардың,  крестовиналар мен  үштіктердің ішкі  үстіңгі қабаттарына арнаулы құрамдарды жаққышпен жағу. Салынды бөлшектерді  антикоррозиялық бояу және  жағу.  Құрылымдарды  «Синтарем-1» құрамымен  және ЛДО-6А лагімен оттан қорғау. Үстіңгі қабаттарды  шыныматамен және  синтетикалық шайырдан жасалған құрамды  химиялық талшықтар негізіндегі матамен желімдеу. Полимерлі тұтқырғыш негізді монолитті құйма едендерді орнату.

Білуге тиіс.  Арнаулы құрамдардың сапасына қойылатын талаптар, цилиндрлі және кониялық, сондай-ақ құрылыс құрылымдарының үстіңгі қабаттарға тығыздағыш, астарлаушы, және бояғыш құрамдарды жаққышпен жағу тәсілдері;  шыныматамен және  синтетикалық шайырдан жасалған құрамды  химиялық талшықтар негізіндегі матамен желімдеу тәсілдері; полимерлі тұтқырғыш негізді  монолитті құйма едендерді орнату тәсілдері.

 

28. ТОТТАНУҒА ҚАРСЫ ОҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құбырлардың,  крестовиналар мен үштіктердің, сондай-ақ құрылыс құрылымдарының ішкі  үстіңгі қабаттарына пленкалы арнаулы құрамдарды механикаландырылған тәсілмен жағу. Этинольділерді  полимерлеу және   бакелит жабындарды  қатыру. Орындалатын жұмыс сапасын тексеру.

Білуге тиіс. Күрделі конфигурациялардың  үстіңгі қабаттарына пленкалы арнаулы құрамдарды механикаландырылған тәсілмен, сондай-ақ жаққышпен жағу тәсілдері;  этинольділерді  полимерлеу және   бакелит жабындарды  қатыру режимдері; бояу агрегаттарының құрылымы; барлық түрдегі  пленкалы оқшаулау сапасына қойылатын талаптар.

 

29.  ГИДРООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үстіңгі қабаттарды шаңнан және ластан тазарту. Материалдарды тасымалдау. Орамды материалдарды қайта  орау, оларды  тальк қабатынан тазарту. Изоляцияланатын үстіңгі қабаттарды  битум пастасымен  оймыштау. Жерасты құрылымдарындағы  гидроизоляцияны қорғау үшін  құм жастық орнату. Құламалар мен құдық түптерін ауыр мұнаймен жабу. Изоляцияны бөлшектеу.

Білуге тиіс.  Негізгі оқшаулау  материалдарының номенклатурасы мен сыныптамасы және олардың нысаны; үстіңгі қабаттар мен материалдарды гидроизоляциялауға  дайындау тәсілдері; ыстық оқшаулау  материалдарын тасымалдау ережесі.

30.  ГИДРООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдар мен құрылыстарды  гидроизоляциялау жөніндегі  қарапайым жұмыстарды орындау.  Сыртқы бетон қабаттарын  суық мастикамен жабу. Битум мастикасын, құйылған асфальт ерітіндісін, толь лагін, идитольді желімді және астарларды дайындау. Қарапайым тегіс төбелерді   гидроизоляциялау. Жазық қабаттарға  асфальт қоспасын  төсеу. Гидроизоляцияны  цемент тұтастырғышпен қорғау. Аралық жабындарды құймалы пенобетонмен оқшаулау. Плиталардың үстіңгі жазық қабаттарын желімдеу.  Тоғыспаларды жаққышпен немесе  шпательмен  арнаулы  герметиктерді  жаға отырып герметизациялау. Тиокольді герметиктерді,  қарапайым акрильді герметиктерді және эпоксидті  құрамдарды дайындау. Изоляциялау  материалдарын ыстық битуммен немесе бензин-битум ерітіндісімен сорғыту. Изоляцияланатын үстіңгі қабаттарды механикаландырылған құралмен бедерлеу.

Білуге тиіс.   Изоляциялау материалдарының негізгі қасиеттері;  битум мастикасын, астарларды, герметиктерді және басқа да  арнаулы құрамдарды  дайындау тәсілдері;  үстіңгі қабаттарды гидроизоляциялау және  тоғыспаларды  герметизациялау тәсілдері.

 

31.  ГИДРООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жерасты металл және  басқа да құрылыстарды гидроизоляциялау. Үстіңгі тік қабаттарды маттармен,  орамды  материалдармен және битумды мастикалармен гидроизоляциялау. Суық және ыстық  асфальт қоспаларымен сылап гидроизоляциялау. Құймалы,  желімді және  бояулы  гидроизоляция төсеу.  Бүлінген жіктер мен  бетон  гидротехникалық құрылыстарды  суық мастикамен толтыру.  Гидроизоляциялық шпондарды құю. Тегіс қабаттарды астынан гидроизоляциялау. Үстіңгі тік қабаттардағы гидроизоляцияны  темірбетон плиталармен   немесе ағаш қорамамен қорғау. Қарапайым құлама төбелерді гидроизоляциялау. Тоғыспаларды  пневматикалық құралдың көмегімен арнаулы герметиктермен  герметизациялау. Жаймалары дәнекерлі  полиэтилен пленкаларынан жасалған  сүзгіге қарсы экранның құрылымы.

Білуге тиіс.  Гидроизоляциялық жабындардың  негізгі құрылымдары мен  қасиеттері; битумды мастиканы  жағудың және орамды материалдарды тік қабаттарға  жапсыру  тәсілдері; оқшаулау материалдары мен жабындарының  сапасына қойылатын талаптар; гидротехникалық құрылыстардағы шпонкалар мен бүлінген тігістерді оқшаулау, сылақ, құймалы,  бояғыш және  желімдегіш оқшаулауны жағу тәсілдері; жерасты металл және  басқа да құрылыстарды, құбырларды, резервуарларды және көміртесті және  төмен легирленген  болаттан жасалған басқа да құрылымдарды гидроизоляциялау.

 

32.  ГИДРООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             5 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Толқын, мұз және жүзбелі  заттардың және т.б. әсеріне ұшыраған гидротехникалық құрылыстардың үстіңгі қабаттарын оқшаулау. Түсірме құдықтардың сыртқы қабаттары мен кессондарды ортаның химиялық аргрессорлығы кезінде оқшаулау.  Көпірлердің жол жүру бөліктерін  оқшаулау. Күрделі төбелерді оқшаулау. Ірі блоктар мен қабаттардан жасалған  гидроизоляциялық жабындарды орнату. Температуралық жіктердегі  хлоропренді  каучуктен жасалған  шпондардың құрылымы.

Білуге тиіс. Химиялық әсерге және динамикалық жүктемеге ұшырайтын үстіңгі қабаттарды  орындау тәсілдері; гидроизоляциялық жұмыстардың өндірісіне және оларды қабылдауға арналған техникалық жағдайлар;     гидроизоляциялық шпонкалардағы көп қабатты тығыздамаларды орнату тәсілдері.

 

33.  ГИДРООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             6 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидроизоляцияның салынды бөлшектермен және бүлінген  жіктермен ұштасқан жерлеріндегі  гидроизоляциялық қабатты орналастыру.  Сығымдалатын  негіздерге салынған гидротехникалық құрылыстардың бетон массивтерінің бүлінген  жіктерінің асфальт  шпонкаларын орнату. Анкерлер мен құбырлардың оқшаулаулық жабындары арқылы  өткізуге арналған  орамды гидроизоляциялық материалдардан  розеткалар  жасау.  Гидроизоляциялық шпонкалар мен  бүлінген жіктерде тот баспайтын болаттан жасалған  метал диафрагмаларды орнату. Шпонкаларда көп қабатты  тығыздамаларды орнату.

Білуге тиіс. Аса күрделі конфигурациялы  қабаттарда гидроизоляция қолдану тәсілдері;  гидроизоляциялық шпонкаларда көп қабатты  тығыздамаларды орнату тәсілдері; гидротехникалық құрылыстарды гидроизоляциялау жөніндегі аса күрделі жұмыстарды орындау ережесі.

 

34.  ТЕРМООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             2 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, құбырлар мен  техноглогиялық жабдықтарды  термоизоляциялау  жөніндегі жұмысты орындау. Талшықты  материалдардан жасалған толтыра қаланған  құрылымдардағы  тіреу сақиналар мен  пішінделген материалдарды орнату.  Изоляция бекімесінің  сым шпилькаларының қайырмалары. Минералваталы жік маттарын дайындау. Арналар мен қораптарда монтаждалған  суқұбырларды сусымалы және талшықты  жылуизоляция  материалдарымен жабу. Плиталарды сегментке кесу және жылуизоляция плиталарының кемерін кесу. Рубероидты тальктен тазарту. Сылау кезінде сылақ қабатын салу. Рулонды материалдарды,  тор мен  дранка  өрімін берілген мөлшер бойынша  пішу. Изоляцияны бөлшектеу.

Білуге тиіс. Негізгі  жылуизоляция құрылымдарының  номенклатурасы мен  сыныптамасы;  материалдар мен үстіңгі қабаттарды оқшаулауға дайындау тәсілдері; минералваталы жік маттарын дайындау тәсілдері;   қарапайым айлабұйымдар мен  құралдардың нысаны мен пайдалану  ережесі.

 

35.  ТЕРМООҚШАУЛАУДАҒЫ ОҚШАУЛАУШЫ

                                                                                                             3 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, құбырлар мен  технологиялық жабдықтарды  термоизоляциялау  жөніндегі қарапайым жұмысты орындау.

1. Ыстық үстіңгі  қабаттарды оқшаулау

Тік учаскелер оқшаулаусын орау материалымен немесе  рулондалған шыныпластикпен жабу. Сылақ қабатын рейкамен  жағу және тегістеу.  Металлдан, қосарланған металдан және  синтетикалық, табиғи  полимерлерден,  минералды  материалдардан  тікелей су құбыры  және  цилиндрі  үстіңгі қабаттарда  қиюластырусыз және кесусіз жасалған дайын  жабын бөлшектерін монтаждау.  Бу оқшаулаулы  рулонды  материалдарды  тоғыспаларда  төсеу.  Фольганы желімдеу және  бүктемелеу.  Пластмасса материалдарды  берілген  мөлшер бойынша пішу.  Бұйымдарды термоизоляциялық мастикалар мен ерітінділерде кептіру. Мипора блоктары мен бүктемеленген  алюминий фольгасынан оқшаулау бұйымдарын жасау. Су құбырларын  асбокартонмен,  асбоқағазбен,  асбошнурмен және асбест матамен оқшаулау.  Жылужеткізгіші 300* дейінгі температурадағы су құбырларын оқшаулау. Үстіңгі қабаттарды минералды және шынымақта  тігінділерімен, синтетикалық  байламдағы  минералмақталы  жартылай цилиндрлермен және  нысандалып әзірленген плиталармен оқшаулау. Тірек сақиналардың, болаттан басқа барлық түрлерін дайындау.  Бандаждар мен тірек сақиналардың барлық түрлерін  орнату. Изоляцияланған үстіңгі қабаттарды  рулонды  материалдармен орау,  желімдеу  және бояу.  Минералмақталы  маттарды  станоктарда дайындау.  Изоляцияланатын үстіңгі қабаттарды механикаландырылған  тәсілмен тазарту.  Базальт талшығынан  мат   дайындау.  Су құбырлары мен тегіс қабаттарды  базальт талшықтан жасалған  матпен оқшаулау.

2. Ыстық үстіңгі қабаттарды оқшаулау

Битум және пек мастикаларын дайындау. Сымнан және  тордан жасалған  қаңқа құрылымы.  Термоизоляциялау  блоктарын  дайындау және плиталарда желімдеу. Даналық оқшаулау  бұйымдары мен блоктарын қиюластыру. Тегіс үстіңгі қабаттарды  қағаз мастикамен жабу,  оларды  орамды материалдармен және матпен  желімдеу. Су құбырларын қағазбен, «Армстронг» типті икемді гидроизолмен және басқа да оқшаулау материалдарымен орау. Суық жеткізгіш температурасы -50*С дейінгі құрылғылар мен су құбырларын оқшаулау. Аражабындардың үстінен термоизоляциялық плиткалармен оқшаулау.  Үстіңгі қабатты праймермен жабу және  оны дайындау.

Білуге тиіс. Изоляциялау материалдары мен қаңылтыр болаттан, алюминий балқымасынан,  пластмассадан және шыныпластиктен жасалған оқшаулау жабындарының негізгі қасиеттері; су құбырлары мен цилиндрлі үстіңгі қабаттардың тік  учаскелеріндегі  қорғаныс жабындарын бекіту тәсілдері; битум мастикалары мен астарларды дайындау тәсілдері мен режимі; жылу жеткізгіш температурасы 300*С дейінгі су құбырларын суық           жеткізгіш температурасы -50*С дейінгі тоңазыту құрылғыларының                                   құрылымын қоршаушы өртке қарсы оқшаулау үшін, оқшаулау кезінде қолданылатын минералдардың қасиеті;  жұмыс істеп тұрған цехтардағы жұмыс ережесі; тоңазыту камералары аражабындары қабырғаларын оқшаулауға арналған материалдардың қасиеттері; оқшаулау сапасына қойылатын талаптар.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары