Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Білуге тиіс.  Орамды және  даналы материалдардың түрлері және оларды  өңдеу тәсілдері;   желім асты негіздерін қолмен топырақтау және   черепица арасындағы  жіктерді майлауға арналған ерітінді дайындау тәсілдері; жабындарды  желімдегеннен кейінгі катокпен жүргізу тәсілдері; қарапайым шатырды бөлшектеу тәсілдері.

 

 72. ОРАМДЫ ШАТЫР ЖӘНЕ ДАНАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ШАТЫРЛАУШЫ

                                                                                                                3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мастикалар мен грунтовка дайындау. Жабындарды  орнату және  бір-екі еңісті  шатырларды  рулонды және мастикалық материалдармен жөндеу. Бір-екі еңісті  шатырларды  асбоцемент парақтармен және плиткалармен (шифермен),  балшық және  құмдақ цемент черепицамен жабу. Шатырды «Кровляэласт», «Изопласт», «Бикрост», «Бикропласт», «Унифлекс», «Линекром» типтес  орамды балқитын рубероидтпен және т.б. жабу. Ағаш негізге  қарапайым шатыр орнату кезінде шегемен бекіте отырып  кілемнің қосымша қабатын төсеу.  Орамды шатырды  шыныталшықпен  арматуралау.  Дайын кілемнің үстіңгі қабатын құм немесе  ұсақ қиыршық себе отырып мастикамен жабу. Ғимараттардың фахврек қабырғаларын асбест плиталармен әдіптеу.

Білуге тиіс. Орамды,  мастикалық және даналы  шатыр материалдарының негізгі қасиеттері;  қарапайым нысандағы шатыр жабындарын орамды және даналы материалдармен  белгілеу, жөндеу және  орнату тәсілдері; суық және ыстық мастикаларды дайындау  технологиясы; толтырымдарды кептіру,  себу және жылыту тәсілдері; балқымалы рубероидты  жылытуға арналған агрегаттар мен  айлабұйымдардың құрылымы және олармен жұмыс істеу ережесі;  шатыр жабындары мен материалдарының сапасына қойылатын талаптар.

 

73. ОРАМДЫ ШАТЫР ЖӘНЕ ДАНАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ШАТЫРЛАУШЫ

                                                                                                                4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орамды материалдан жасалған үш және төрт еңісті, шатырлы,  мансардалы және вальмолы, Т- және Г-үлгілік    шатыр жабындарын орнату және жөндеу. үш және төрт еңісті, шатырлы,  мансардалы және вальмолы, Т- және Г-үлгілік    шатыр жабындарын жоспардағы  шатырларды асбоцемент парақтары немесе плиткалармен (шифермен)   черепицамен жабу. Тік үстіңгі қабаттарды балқыма рубероидпен жабу.  Тиокольді және акрилді  герметикті   жаққышпен және механикаландырылған тәсілмен жағу.  Шатыржалды,  қабырғалар мен есту терезелерін даналы материалдармен  әдіптеу. Шаңшашқыш көмегімен негіздерді грунтовкалау.

Білуге тиіс.   Орамды және  даналы материалдардан жасалған күрделілігі орташа  шатырлардың жабындарын  орнату және жөндеу тәсілдері; тегіс шатырдағы суағар шұғышақтар мен шатыр арқылы құбырларға өтуге арналған патрубкаларға мастикалар мен  грунтовкаларды жағуға арналған шаңшашқыш құрылымы;  даналы шатыр материалдарын  механикаландырылған өңдеу тәсілдері.

  

74. ОРАМДЫ ШАТЫР ЖӘНЕ ДАНАЛЫ

 МАТЕРИАЛДАРДАН  ШАТЫРЛАУШЫ

                                                                                                                5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күмбезді,  конусүлгілі, тоғыспалы және  шатыр болатынан,  металчерепицадан, аллюминий парақтарынан жасалған  басқа да күрделі шатырлардың орамды және  даналы материалдардан жасалған жабындарын  орнату және жөндеу. Мастикалы шатырларды орнату. Бір-екі еңісті  шатырларды  рулонды   материалдарды жапсыруға арналған машиналармен орнату. Ішкі суағарлар мен фонараралық аймақтар мен науашаларды орамды материалдармен әдіптеу.  Армогидробутилден,  ковролиттен,  изопласттан және басқа да ұқсас материалдардан шатыр құру.

Білуге тиіс. Орамды және  даналы материалдардан жасалған күрделі шатырды  белгілеу,  жабу және  жөндеу тәсілдері; түрлі тоғысулардың құрылым ерекшеліктері; орамды материалдарды жапсыруға арналған машиналардың құрылымы; күрделі шатырлар жабынының  сапасына қойылатын талаптар.

 

75. СӘУЛЕТ БӨЛШЕКТЕРІН ЖАСАУШЫ

                                                                                                                2-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Желім және  формопласт пісіру. Берілген құрам бойынша  ерітінділер,  майлар мен  қағаз-желім массаларын (папье-маше) дайындау. Арматура, пакля және дранкалар жасау.  Жапсырмалы  сәулет  бөлшектерін негіздемені тазалай отырып түсіру (қалдырмай).

Білуге тиіс. Үлгілер мен жапсырмалы  сәулет  бөлшектерін дайындау кезінде қолданылатын материалдардың негізгі түрлері;  желімді,  формопласты,  мүсіндеу балшығын және гипс ерітінділерін  дайындау тәсілдері.

 

76. СӘУЛЕТ БӨЛШЕКТЕРІН ЖАСАУШЫ

                                                                                                                3-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Шағын тегіс жапсырмалы  сәулет  бөлшектеріне арналған  гипс үлгілер бойынша  үстіңгі қабаты жылтыр және қарапайым оюлы формаларды дайындау.  Балшық және  пластилин үлгілерден жұмыс үлгілерін дайындау және  осы формаларға  гипс үлгілерді немесе олардың бөлшектерін, формаларды түсіре отырып құю. Гипс және  цементті  кесек үлгілерді,  желімді және  формопласты икемді  формаларды дайындау. Шағын көлемді бұйымдардың,  үстіңгі қабаты жылтыр және қарапайым оюлы жапсырмалы  сәулет  бөлшектерінің гипсті,  цементті барлық размерлерін құю және соғу.   Қағаз-желім массасынан жасалған үстіңгі қабаты жылтыр және қарапайым оюлы шағын  тегіс бұйымдарды  толтыру. Шағын  тегіс бұйымдар мен үстіңгі қабаты жылтыр және қарапайым оюлы жапсырмалы  сәулет  бөлшектерін орнату. Шағын көлемді қарапайым оюлы жапсырмалы  сәулет  бөлшектерін форма құю үшін оларды сақтай отырып  түсіру. Тегіс бұйымдар мен  қарапайым оюлы жапсырмалы  сәулет  бөлшектерін тазарту.

Білуге тиіс.  Қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері;  гипс (кесекті) және икемді формалардың құрылымы; олардан жұмыс формаларын алу үшін  шағын балшық үлгілерді дайындау тәсілдері; формаларды дайындау тәсілдері.

 

77. СӘУЛЕТ БӨЛШЕКТЕРІН ЖАСАУШЫ

                                                                                                                4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдар мен жапсырмалы  сәулет  бөлшектерін құюға арналған  формаларды гипс үлгілер бойынша дайындау.  Ірі тегіс бұйымдар мен күрделі оюлы және үлкен жапсырмалы  сәулет  бөлшектерін оларды форма құю үшін  сақтай отырып дайындау.

Білуге тиіс.  Гипс пен желімнен, гипс пен формопласттан,  гипс пен ағаштан жасалған  құрастырмалы форма дайындау; бұйымдар мен  жапсырмалы  сәулет  бөлшектерінің сапасына қойылатын талаптар; олардан жұмыс формаларын алу үшін  үлкен балшық үлгілерді дайындау тәсілдері.

 

 

78. СӘУЛЕТ БӨЛШЕКТЕРІН ЖАСАУШЫ

                                                                                                                5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балшық және  пластилин үлгілердің жұмыс формаларын дайындау.  Жұмыс формаларында гипс үлгілер мен олардың бөлшшектерін құю.  Гипсті  кесек,  құрастырмалы және икемді  формаларды дайындау. 3 және 4-разряд сипаттамаларында санамаланбаған бұйымдарды орнату.

Білуге тиіс. Орынжайлар мен қасбеттерді жапсырмалы  бұйымдармен күрделі өңдеу кезінде қолданылатын белгілеу тәсілдері.

Ескерту. Шағын бұйымдарға: биіктігі 500 мм. дейінгі  әріптер, ауданы  0,5 м* дейінгі желдеткіш торшалары, биіктігі 500 мм. дейінгі елтаңба, ұзындығы 750 мм. дейінгі шамтізбелер, ең үлкен өлшемі 500 мм. дейінгі картуштер, ұзындығы 750 мм. дейінгі парақтар, биіктігі 500 мм. дейінгі құлып-маскалар,  500 мм. дейінгі қума бұйымдар (тегіс – биіктігі мен относ сомасы,  рельефті – биіктігі, шығыңқы - биіктігі),  500 мм. дейінгі розеткалар (шеңберлі – диаметрі, эллиптикалық – негізгі осьтерінің жартылай сомасы, ромбілік - диагональдарының жартылай сомасы), биіктігі 750 мм. дейінгі триглифтер, диаметрі биіктігі 500 мм. дейінгі   дөңгелек  эмблемалар,  ауданы 0,5* дейінгі  портальді  эмблемалар жатады.

Шағын көлемді бұйымдарға:    биіктігі 250 мм. дейінгі вазалар (плитасыз),  биіктігі 750 мм. дейінгі  бунақтіреулер,   ең үлкен өлшемі  500 мм. дейінгі вазалар,   биіктігі 250 мм. дейінгі капительдер, биіктігі 500 мм. дейінгі  даналы тамшылар, ең шағын өлшемі  500 мм. дейінгі кронштейндер, ең шағын өлшемі  500 мм. дейінгі модильондар, ұзындығы 1000 мм. дейінгі тұтқалар, биіктігі 500 мм. дейінгі даналы сухарьлар,  ұзындығы 1000 мм. дейінгі тетивалар, биіктігі 500 мм. дейінгі шишкалар жатады.

Мөлшері жоғарыда көрсетілгеннен асатын бұйымдар  ірі бұйымдарға жатады.

 

79. МАШИНИСТ (АВТОЖОЛ  ҚҰРЫЛЫСЫ МАШИНАЛАРЫ)

 

Жұмыс сипаттамасы.   Автомобиль жолдарының үстіңгі құрылысын және  аэродром салу және жөндеу кезінде қолданылатын әртүрлі типтегі және  нысандағы машиналар мен механизмдерді басқару.  Машинаға техникалық қызмет көрсету,  оның жүйелері мен желілерінің  дұрыстығын тексеру.  Жанар және жағармай құю. Қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің  ақауларын анықтау және жою. Алдын ала жөндеу және  жөндеудің басқа түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс.  Қызмет көрсетілетін машиналардың, тіркеме жабдықтардың және айлабұйымдардың  құрылымы иен  техникалық сипаттамасы;  оларды пайдалану және қызмет көрсету, жөндеу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар; жол қозғалысы ережесі;  қызмет көрсетілетін машианалардың көмегімен жұмыс орындау технологиясы;   жанар және жағармайларды,  электр энергиясын  жұмсау нормалары; майлар мен отынның маркалары мен  қасиеттері; жұмыстың, материалдар мен  құрылым элементтерінің  сапасына қойылатын техникалық талаптар; электротехника,  механика, гидравлика негіздері; машинистен бір разряд төмен тарифтелетін құрылыс слесаріне арналған  көлемдегі слесар ісі.

 Автомобиль жолдарының үстіңгі құрылысы машиналарын басқару кезінде:

                                                                                                               4-разряд

1. Тегіс вальцілі,  массасы 5 т. дейінгі  өздігінен  жүретін катоктар.

2. Механикалық басқару жүйесі бар  қиыршықтасбөлушілер.

                                                                                                               5-разряд

1. Автобетонсындырғыштар.

2. Қозғағыш күші 66 кВт  дейінгі  автогрейдерлер (90 а.к.бар).

3. Жіктерды толтырушылар

4.   Тегіс вальцілі,  массасы 5 т. 10 т.  дейінгі  өздігінен жүретін катоктар. 

5. Пленкақұраушы  ерітінді  жағуға арналған машиналар.

6. Жолдарды жөндеуге және ұстауға арналған қозғағыш күші 59 кВт (80 а.к. дейінгі)  трактор базасындағы құрама машиналар.

7. Өздігінен жүретін  жік  кескіштер.

8. Финишерлер.

9.  Гидростатикалық  басқару жүйесі бар  қиыршықтасбөлушілер.

                                                                                                               6-разряд

1. Қозғағыш күші 66 кВт  100 кВт дейінгі (90 а.к. 135 а.к.  дейінгі) автогрейдерлер.

2. Бетон төсеушілер

3. Құрамалы өздігінен  жүретін катоктар, пневматикалық  шинадағы өздігінен жүретін  және жартылай тіркемелі катоктар, тегіс вальцілі,  массасы  10 т.  дейінгі  өздігінен жүретін катоктар. 

4. Жол кемерлерін төсеу  машиналары

5. Жол жабындарының кедір-бұдыр қабаттарын  салуға арналған өнімділігі  300 м*с. дейінгі  машиналар.

6.  Жолдарды жөндеуге  және ұстауға арналған  қозғағыш  күші 59 кВт. 100 кВт дейінгі (80 а.к. 135 а.к. дейінгі)  трактор базасындағы құрама машиналар.

7. Қазанының сыйымдылығы  1000 л. дейінгі  асфальтбетон  қоспасын  дайындауға арналған  жылжымалы  пісіру  қазандары.

8. Өнімділігі  25 т*с.  дейінгі  жылжымалы асфальтбетон араластырушылар.

9. Өнімділігі  150 т*с.  дейінгі асфальтбетон төсеушілер.

10. Жабынның қорғаныс  қабаттарын орнатуға арналған  минералды материалдарды сұрыатау  және  дайындау  жөніндегі  «Сларри Сил» типтес ұтқыр  қондырғылар.

11.   Қозғағыш күші 120 кВт дейінгі (160 а.к.  дейінгі) жол фрездері.

                                                                                                               6-разряд

                                                                                                               7-разряд

1. Қозғағыш күші  100 кВт-тан 150 кВт дейінгі (135 а.к. 200 а.к астам) автогрейдерлер, жұмыс органдарын  тұрақтандыру жүйесімен жарақтандырылған автогрейдерлер.

2. Жол жабындарының кедір-бұдыр қабаттарын  салуға арналған өнімділігі  300 м*с. асатын  машиналар.

3. Жолдарды жөндеуге  және ұстауға арналған  қозғағыш  күші  100 кВт асатын (135 а.к. асатын)  трактор базасындағы құрама машиналар.

4.  Ерітінділер мен  бетон қоспаларын  дайындауға арналған агрегатталған ұтқыр  кешенді  машиналар.

5. Қазанының сыйымдылығы  1000 л. асатын  асфальтбетон  қоспасын  дайындауға арналған  жылжымалы   пісіру  қазандары.

6. Қозғағыш күші 125 кВт  дейінгі (170 а.к.дейінгі) профильдеуші.

7. Қозғағыш күші 135 кВт  дейінгі (180 а.к.дейінгі) ремиксерлер.

8. Өнімділігі  25-тен асатын және 60 т*с. дейінгі  жылжымалы асфальтбетон араластырушылар.

9. Өнімділігі  150 т*с.  асатын асфальтбетон төсеушілер.

10. Қозғағыш күші 120 кВт  15 кВт асатын дейінгі (160 а.к. асатын) жол фрездері.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары