Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Білуге тиіс. Кабельдерді монтаждау кезінде  қолданылатын  материалдардың түрлері; кабельдерді монтаждау үшін аспапты, айлабұйымдарды  және  материалдарды  дайындау тәсілдері

 

157. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұт жабындысын  және кабель  сауытын бекіту үшін  бандаж салу. Битумдық  компаундтармен,  кабельдік  массалармен және  муфталар мастикасы мен  шеткі  құрылғыларды  толтырмалау. Нумерациялау  сақиналарын  жасау.  Қазаншұңқыр  немесе құдық үстінен  палаткалар орнату және оларды алып тастау.  Гильзаларды  жидіту.

Білуге тиіс.  Байланыс кабельдерінің маркаларын;  кабельдерді қолданудың негізгі ережелерін;  механикаландырылған аспапты қолдану ережелері;  телефон аппараттарын  және қоректендіру батареяларын   қосу  тәсілдері; шеткі құрылғыларды нөмірлеу; электрбайланысы жөніндегі жалпы мәліметтер.

 

158. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Қалалық кабельдердің сыймдылығы 100*2  дейін муфталарын және  сыйымдылығы 14*4 дейін төменжиілікті симметриялы кабельдерді монтаждау. Кабельдерді герметикалылыққа, үзілуге,  жерге және  қатынасуына тексеру. Шойын муфталар  орнату және  оларды толтырмалау.  Кабельдердің  ұштарын бітеу және  дәнекерлеу.

Білуге тиіс. Байланыс кабельдерінің конструкциясын; кабельдерді герметикалылыққа, үзілуге,  жерге  және  қатынасуына  тексеру ережелері;  сыйымдылығы  шағын  кабельдердің муфталарын монтаждау ережелері; төрттіктер мен  кабель желілерін  бөлшектеу ережелері;  құдықтар мен каналдарды  желдету  тәсілдері;  кабельдердің  зақымдану түрлері және оларды табу  тәсілдері.

 

159. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

5-разряд 

Жұмыс сипаттамасы.  Сыймдылығы 300*2 дейінгі қалалық кабельдердің  муфталарын, сыйымдылығы 14*4-тен артық төмен жиілікті  симметриялы кабельдерді, жоғары  жиілікті  симметриялы кабельдерді  монтаждау. Үлестіру  қорапшаларын,  бокстарды, үлестіру шкафтарын, кабельді жәшіктер мен қорғағыш жолақтарды  монтаждау (қуаттау). Байланыстың  жұмыс істеуін тоқтатпай  кабельдерді  қайта қосу. Симметриялы  кабельдердің эпоксидті массадан жасалған  газ өткізбейтін және оқшаулауыш муфталарын  монтаждау. Кабельдерді жұптылыққа  тексеру. Қорғасын  кабельді  НУП-қа кіргізу.

Білуге тиіс. Байланыс желілерін ұйымдастыру  схемаларын;  сыйымдылығы орташа  симметриялы  кабельдердің муфталарын  монтаждау  тәсілдері; кабельді жұптылыққа тексеру  тәсілдері;  газоанализаторды  қолдану құрылғысы мен  ережелері.

 

160. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ  – ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Сыйымдылығы 300*2-ден асатын  қалалық кабельдердің муфталарын  монтаждау. Коаксиалды  кабельдердің  муфталарын, симметриалы төменжиілікті  кабельдердің  компенсаторлық  муфталарын монтаждау. Су асты кабельдеріндегі сымды сауытты  муфтасыз жалғау. Кабельдің  монтаждалған күшейіткіш учаскелерін үнемі  қысымға  орнату. Арнайы массамен толтырылған газ өткізбейтін және оқшаулауыш муфталарды  және  ОГКМ  муфталарын  монтаждау.

Білуге тиіс. Сыймдылығы үлкен симметриялы кабельдердің муфталарын  монтаждау тәсілдері; кабельдер сауыттарын  муфтасыз  жалғау  тәсілдері.

 

161. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Сыйымдылығы 1200*2 асатын қалалық кабельдердің  муфталарын  монтаждау. Комбинацияланған  оптикалық кабельдердің  муфталарын монтаждау.  Қалалық телефон желілерінің оптикалық кабельдерінің  тік және  тармақталған  муфталарын  монтаждау.  Магистрлады және аумақішілік оптикалық кабельдердің  жалғаулық муфталарын монтаждау.  Оптикалық станционды және  желілі байланыс  кабельдерінің,  оптикалық байланыс  желісі берілісінің тоғысу құрылғысын монтаждау.

Білуге тиіс. Талшықты-оптикалық және коаксиалды  кабельдер арқылы  қатынастың берілуінің негізгі сипаттамалары мен қағидаттары; қалааралық,  қалалық телефон және аумақ ішіндегі  желілер кабельдерінің муфталарын  монтаждау тәсілдері;  радиостанцияны  және өлшеу аспаптарын  қолдану ережелері.

 

162. ЖЕЛДЕТУ  ЖӘНЕ ПНЕВМОКӨЛІК  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әуежолдарының, бұрандалар мен  сомындардың  тік  және фасонды  бөліктерін  сұрыптау. Әуе жолдарының  бөлшектері мен  тораптарын  тасымалдау. Жүктерді  инвентарлық  ілмектермен  іліп  көтеру. Қол аспабын  қолданып, ауажолдарының және жабдықтың  ернемекті және ернемексіз  жалғауларының төсемдерін  орнату және  жинақтау.

Білуге тиіс. Желдету, ауаны кондициондау, пневмокөлік және  аспирация жүйелері мен жабдықтарының негізгі бөлшектері мен  тораптары; жүктерді ілмектеу мен олардың орнын ауыстыру  ережелері;  слесарлық аспаптың  мақсаты;  желдету  бөлшектерін жалғау тәсілдері.

 

163. ЖЕЛДЕТУ  ЖӘНЕ ПНЕВМОКӨЛІК  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Профильдік болатты кесу және  шабу. Жақтаушаларды,  май сүзгілерінің  ұяшықтарын  және қондырмалар қаңқаларын өзектер мен  ілмектерге  керу. Жай жалғауларды  қиюластыру. Тораптарды  қол және  механикаландырылған  аспаптың көмегімен  ірілетіп жинақтау. Конструкцияларда  саңылаулар  бұрғылау және  басып тесу. Бекітпелер  орнату.  Кронштейндерді  орнату және бітеу. Желдеткіш бөлшектер мен жабдықтың ернемекті және ернемексіз жалғауларын   электрификацияланған  және  пневматикалық  аспап  арқылы жинау.

Білуге тиіс. Тораптарды  ірілетіп  жинақтау тәсілдері; ауажолдары мен  фасондық  бөліктердің бекітпе  үлгілерін; жай такелаждық айлабұйымдар және  оларды қолдану ережелері; монтаждық жобаларда қолданылатын  шартты белгілер; электрификацияланған  және пневматикалық  аспаптың құрылғысы  және оларды қолдану  ережелері.

 

164. ЖЕЛДЕТУ   ЖӘНЕ ПНЕВМОКӨЛІК  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Зауытта жасалған  дефлекторларды  жинақтау. Гермоесіктерді, шиберлерді, жапқыштарды, воронкаларды, қаптамаларды, зонттар дефлекторларын, жұмсақ ендірмелерді, виброизоляторларды  және жүйенің өзге де  тораптарын  монтаждау. Калориферлер,  желдеткіштер және өзге де  желдету  жабдығы  астына қойылатын  тұғырнамалар,  жақтаулар  және алаңшаларды дұрыстаусыз  орнату. От сөндірмейтін, жапырақты және автоматты  кері  клапандарды  монтаждау. Жабдықтың  жылжитын  бөліктерінің қоршауларын орнату. Жылжымайтын  жалюзийлік  торларды  орнату. Жабдықтың  жеке тораптарын  ревизиялауға жинау. Күрделілігі  орташа  желдету жүйелерін  қиюластыру  және  элементтерді  бекіту арқылы  монтаждау. Бекітпелер орнатылатын жерлерді белгілеу. Монтаждық поршеньдік  пистолеттің  көмегімен құрылымдарды  бекіту. Ауажолдарын және фасонды бөліктерді  бланктер бойынша жасақтау. Шыныталшық пен металлопласттың бандаждық және рейкалық  жалғауларында винипласттан жасалған  ауажолдарын  монтаждау.

Білуге тиіс. Ауажолдарын және күрделілігі орташа  жабдықты монтаждау технологиясы; поршеньді пистолеттердің  құрылғысы және олармен жұмыс істеу ережелері; қолмен іске қосылатын механикаландырылған жетегі бар жапқыштарды, қайтарым  кері клапандарды,  шиберлерді,  дроссель-клапандарды, жұмсақ ставкаларды,  дефлекторларды   монтаждау ережелері.

 

165. ЖЕЛДЕТУ  ЖӘНЕ ПНЕВМОКӨЛІК  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеке дайын камералардан, тораптар секцияларынан түрлі үлгілегі  кондиционерлерді  монтаждау. Калориферлер,  желдеткіштер және басқа да желдету жабдығы астына қойылатын тұғырнамаларды,  жақтауларды және алаңдарды дұрыстау. Желдету және жабдықтар жүйелерін дұрыстау. Монтаждалатын жүйелердің  элементтерін  орындары  бойынша қиюластыру. Орны бойынша келтеқұбырлар  және әрекеттер  жасау. Жылжымалы  жалюзийлік  торлар орнату. Фрамугаларды ашуға арналған  механизмдерді  монтаждау. Желдеткіштерді № 6, 5 дейін монтаждау. Шкивтарды центрлеп желдеткіш пен электрқозғалтқыштың шкивтарына  текстропты  белдіктерді керіп орнату. Желдеткіштердің теңгерімділігін тексеру. Бекіткіш тігіс жерлеріндегі панельді желдеткіш блоктарын монтаждау.  Ғимараттың  төбесіндегі пайдаланылған газды шығаратын  шахталарды төбе арқылы  монтаждау. Ауа үлестіргіштерді, жергілікті сорғыларды,  тозаңсыздандырғыш агрегаттарды, ұяшықты  сүзгілер мен шүбәсеңдеткіштерін монтаждау. Винипласттан, шыныталшықтан және металлопласттан  жасалған  желдеткіш жүйелерін дұрыстау.

Білуге тиіс. Жабдықтардың  бөлшектері мен тораптарын  тексеру тәсілдері;  күрделі схемалар мен жабдықты  монтаждау технологиясы;  осьтік және центрге тепкіш  желдеткіштердің, сүзгілердің,  циклондардың, скрубберлердің  нөмірлері мен үлгілері; ауаүлестіргіштердің  үлгілері және оларды орнату  тәсілдері;  желдеткіштерді  бөлшектеу және жинақтау  ережелері; монтаждық жұмыстарды  пайдалану және өндіру ережелері; шақтамалар мен қондырмалар  жүйесі.

 

166. ЖЕЛДЕТУ  ЖӘНЕ ПНЕВМОКӨЛІК  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МОНТАЖШЫСЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эскиздер мен монтаждық схемалар  орындау.  Натурадан өлшеулер жасау. Ауаүрлегіш  жүйелер мен жабдықтар қондырғысының осьтерін межелеу. Жеке бөлшектерден  секциялар,  камералар және тораптар  жинақтау арқылы барлық үлгілдегі  кондиционерлерді  монтаждау. Ауа кіретін  камералар мен  аса күрделі  ауаүрлегіш  жүйелерді  монтаждау. № 6, 5-тен артық  желдеткіштерді  монтаждау, циклондарды,  скрубберлерді,  рулонды және  жеңді  сүзгілерді  монтаждау. Желдеткіштерді  жүрісі кезінде  тексеріп  теңгерімдеу. Орны бойынша  жасау үшін  күрделі  әрекеттерді таңбалау.

Білуге тиіс. Монтаждалатын жүйелер мен олардың элементтерінің жұмыс істеу принципі; монтаждық осьтерді  және биіктік белгілерін  межелеу тәсілдері; монтаждалған жабдық пен желдету жүйелерін сынамалау,  жинақтау және бөлшектеу, сыннан  өткізу,  іске қосу  ережелері; эскиздер мен монтаждық схемаларды  орындау ережелері.

 

167. ЖЕЛДЕТУ   ЖӘНЕ ПНЕВМОКӨЛІК  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ  МОНТАЖШЫСЫ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жаңа материалдарды  және күрделі аспап пен айлабұйымдарды  қолданып, жоғары дәлдікпен орындауды  талап  ететін  жүйелерді монтаждау. Жұмысты тексеру  және  монтаждалған  жүйелерді  реттеу. Ауаүрлегіш  жүйелердің аэрдинамикалық  сынақтарын өткізу.

Білуге тиіс. Күрделі схемаларды монтаждау  ережелері мен технологиясы; монтаждалған  жабдық  пен желдету  және аспирациялау  жүйелерін  кешенді түрде  сынақтан өткізу  ережелері; ауаүрлегіш жүйелерді  аэродинамикалық  сынақтан өткізу  тәсілдері;

Орта арнаулы  (кәсіби) білімнің болуы  талап етіледі.

 

168. ҚҰРЫЛЫС ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс   құрылымдарын  инвентарлық  ілмектермен  монтаждық  ілмектерінен, жапсырмаларынан, қапсырмаларынан, ілгектерінен  және т.б. ілмектеу. Бұрандамалар мен сомындардың  бұрандамаларын айдап өткізу. Қол шығыршасының көмегімен  атқарылатын жұмыстар. Беттерді  оқшаулау үшін  тазарту.  Метиздарды  консервациядан босату. Бетон және темірбетон құрылымдарында  саңылаулар мен бороздаларды  тескілеу. Бұрандаларды  орнату және ағыту. Монтаж бен  орнату жеріндегі құрылымдарды  ілмектерден босату. Құрылыс құрылымдарын  маркалар бойынша  сұрыптау. Фундаменттерді орнату кезінде  жай блоктарды  төсеу.

Білуге тиіс. Такелаждық  әбзелдердің, ілмектердің негізгі түрлері және  құрылыс құрылымдарын  монтаждау кезінде  қолданылатын  аспаптар мен айлабұйымдардың  түрлері; дәнекерленген жалғаулардың түрлері және тігістер  үлгілері; бұйымдар жиектерін  пісіруге  дайындау  тәсілдері; сызбалардағы  бөлу үлгілері және  пісіру тігістерінің  белгіленуі;  жай сызбаларды  оқу  ережелері.

 

169. ҚҰРЫЛЫС  ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ МОНТАЖШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Монтаждалатынқұрылымдардың  түйіспелерін  тегістеу. Монтаждық  бұрандамалық  жалғауларды  бекіту. Өздігімен кесетін  бұрандамаларды  орнату. Олардың тығыздылығын тексеру кезінде пісірілген  тігіс жерлерін  керосинмен майлау  және  бор жағу. Үйкелісті қол престеріндегі  фасонды  болатты  тексеру. Бетонды  және темірбетон құрылымдарын  жылыту. Тігіс жерлерін және еселі емес орындарды  бетонмен  монолиттеу. Арқалықтардың, бороздалардың, ұялардың, шұңқырлар мен  саңылаулардың  ұштарын  кірпішпен  жабу. Жиналмалы  шымылдықтарды және ішкі қабырғаларды  монтаждау. Мобильді ғимараттарды  және имараттарды  инвентарлық блок-контейнерлерден  монтаждау және демонтаждау. Төсемдер мен саңылаужапқыштарды  орнату. Қымтағыш тораптарының  бұрандалық  жалғауларын  тартып бұрау. Тігіс  жерлерін  арнайы  герметиктерді  жаққыштармен  және шпательмен жағып  герметизациялау. Тиоколды, акрилды және өзге де  герметиктерді  қолмен дайындау. Арқандарды  реттеу және  орау.  Такелажды тораптар өру. Болат арқандарды  бұрандамалық  қысқыштармен  бекіту. Құрылыс  құрылымдары мен жабдықтарды қолмен және  механизмдермен  монтаждалатын орнынан көтеру және түсіру. Жүк көтерімділігі  10 тоннаға  дейін баратын  блоктарды, тальдерді, полиспасттарды, шығыршаларды  орнату  және  алып тастау.

Білуге тиіс. Құрылыс ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ  негізгі бөлшектері;  конструкциялар мен бұйымдарды  тасымалдау  және қоймалау  ережелері, айлабұйымдардың қолдану мақсаттары және құрылымдарды  уақытша бекіту  тәсілдері; пісірілген тігіс жерлерінің  тығыздылығын тексерудің  қарапайым тәсілдері; бетон қоспаларының  негізгі қасиеттері мен маркалары; беттерді  оқшаулау үшін әзірлеу ережелері; электрификацияланған  пневматикалық  аспаптың құрылғысы және  онымен жұмыс істеу  ережелері; металды   коррозиядан қорғау  тәсілдері;  қарапайым такелаждық  жабдықтардың  құрылғысы және  оларды қолдану ережелері; құрылыс  құрылымдарын  ілмектеу  және ілмектерден босату  тәсілдері;  такелаждық  тораптардың түрлері; болат арқандарды  бұрандалық қысқыштармен  бекіту  тәсілдері; құрылыс құрылымдарын  механикаландырылған қол  құралдарымен  монтаж орнына  көтеру және түсіру  тәсілдері; құрылыс  құрылымдарын  биіктікте  және тарлық жағдайларда монтаждау кезінде көтеру және түсіру  кезіндегі сигнализациялау тәсілдері; такелаждық жұмыстарды  орындауға қойылатын  талаптар.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары