Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

 

140. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ  – АНТЕННАШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Антенналар құрылымдарын  бақылағыш жинау үшін  қиюластыру. Антенналар,  вибраторлар және фидерлер ернемектеріндегі түйіспе  беттерді  қырғыштау. Бақылағыш жинаудан кейін  тораптарды  бөлшектеу  және  таңбалау. Қатты толқынжолдар  секцияларын   және  құбырлардан центрленген фидерлер жинау.  Биіктігі 25 м дейін бір оқпанды ағаш және асбестцементті  діңгектерді   жинақтау  және орнату. Жай фидерлік тіректерді  жинақтау және орнату. Орнатылған діңгектерді антисептикалау. Антенна-діңгектердің фундаменттерін  экрандау және  жоғары жиілікті жерге қосу шиналарын  монтаждау. Жай сымды  фидерлерді  және антенналарды  экрандау; ағаш және асбестцементті  біроқпанды  діңгектерді  жинау және  орнату тәсілдері;  күш қабельдері оқшаулауышының  кедергісін  өлшеу әдістері; радиотехника бойынша  жалпы мәліметтер.

 

141. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – АНТЕННАШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сымдардан күрделі (центрлес, тоғысқан) фидерлер монтаждау. Тік желілі учаскелерде толқынжолдар мен центрлес  фидерлер  монтаждау. Жоғары жиілікті  жерге қосу  құрылғыларын  монтаждау. Биіктігі 25 м асатын антенналық-діңгекті  имараттарды сырлау. Зәкірлер орнату.  Биіктігі 55 м  дейін біроқпанды  ағаш және  асбестцементті  діңгектерді  жинау және орнату. Базасы  400 м дейін торлы метал діңгектерді  жинау. Күрделі фидерлік (бұрыштамалық,  анкерлік және т.б.) тіректерді  жинау және орнату. Антенналық  ауыстырыпқосқыштарды  монтаждау.құрылымдарды  көтеру үшін діңгектер мен мұнараларды жабдықтау. Діңгектер мен  мұнараларда  күрделі  сым антенналарын  монтаждау. Діңгектер мен  мұнаралар бойынша  кабель өткізу. Діңгектердің  сигналдық жарықтандыруын монтаждау. Төлкелерге  сымдар мен  болат арқандарын бітеп салу.  Арқандар мен созбаларды  сынақтан өткізу.

Білуге тиіс. Антенналық-фидерлік  жүйелердің  нұсқаулығы,  мақсаты және электр қасиеттері; монтаждық схемаларды  оқу ережелері;  күрделі фидерлік  тіректерді жинау әдістері; біроқпанды  ағаш, асбестцементті  және метал торлы діңгектерді монтаждау тәсілдері; діңгектер мен мұнараларды жабдықтау әдістері;  кабельдерді діңгектер мен мұнаралар бойынша өткізу және  діңгектердің  сигналдық жарықтандыруын  монтаждау; Проматомнадзордың такелаждық жабдыққа  қоятын  талаптары; радиотехника  негіздері.

142. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – АНТЕННАШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектердің  және антенналар мен фидерлер ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ  жасақталуын тексеру. Көтергіш-такелаждық айлабұйымдарды  және анкерлер орнатылатын жерлерді  белгілеу. Күрделі сым антеналарын және мұнараларды  көтеру. Діңгек антенналарды  монтаждау. Антенналарды  қатты вибраторлармен  және  ультрақысқа  толқындар мен мұнаралардың  антенналарын монтаждау. Біроқпанды  метал діңгектерін  жинау және орнату.  Базасы  400 мм дейін  торлы  метал діңгектерді орнату. Шпренгелді  діңгектер жинау және  орнату. Қиюластыру және  өлшеу құбырларынан  толқынжолдар  мен центрленген фидерлер  монтаждау. Діңгектерді, антенналарды, фидерлерді және антенналық ауыстырыпқосқыштарды  механикалық реттеу. Фидерлер мен толқынжолдар  төсемдері  трассаларын  бөлшектеу,  антенналар бөлшектерін және оларды діңгектер мен  мұнараларға  бекіту  құрылымдарын бекіту. Антенналардағы  басты фидерлердің  жоғары жиілікті  кабельдерін  бөлшектеу. Көтергіш  құрылғыларды  тексеру және сынақтан өткізу. Антенналардың,  фидерлік және толқынжол трактілерінің  түрлі параметрлеріне  өлшеу жүргізу. Механикалық  кермелердің  тіктігін тексеру. 

Білуге тиіс. Діңгектер мен мұнаралардағы күрделі сым антенналарын  көтеру тәсілдері; діңгек антенналарды,  мұнараларында  қатты вибраторлары бар  антенналарды; құбырлар мен  құбыржоларынан  центрленген  фидерлерді көтеру тәсілдері;  фидерлік желілерді  бөлшектеу  тәсілдері;  центрленген  фидерлер трассаларын, толқынжолдар, антенналарды  орнату  орындарын, оларды  діңгектер мен мұнараларға бекітуге арналған  бөлшектер трассаларын белгілеу  ережелері;   метал діңгектерді жинау және  орнатудың;  діңгектерді, антенналарды,  фидерлерді және антенналық  ауыстырыпқосқыштарды  механикалық реттеу; антенналардың,  фидерлік және толқынжол  трактілерін өлшеу тәртібі; көтергіш-көлік құралдарын  сынақтан өткізу  тәсілдері.

 

143. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – АНТЕННАШЫ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металконструкциялардың  және  антенналар  мен фидерлер бөлшектерінің жасақталуын тексеру. СПК-5/4 кранының көмегімен   базасы 2400 мм  антенналар мен діңгектерді  монтаждау. Діңгектердің  тартуларын  жасау және монтаждау.  Спутник байланысы  антенналарын  монтаждау. Антенналық имараттар  элементтеріндегі  бақылау  монтаждық  тартпаны  өлшеу және  реттеу.

Білуге тиіс. Көтерілу  үстіндегі  антенналық-діңгектік  имараттарға арналған  жобалау-техникалық  құжаттаманы әзірлеу; спутниктік байланыс антенналарының  радиорелейлі  және  телевизиялық желілерін  монтаждау  тәсілдері; антенналық  имараттар  элементтеріндегі  бақылау-монтаждық  тартуды  өлшеу және  реттеу тәсілдері.

Орта арнаулы (кәсіби) білімның болуы   талап етіледі.

 

144. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – КАБЕЛЬШІ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Топыраққа жерге қосу электродтарын қағу. Кабельді барабандар  қаптамасын  алу және қалпына келтіру. Кабельмен қоса құбыржолдарының саңылауларын  жабу. Кабельден жұт жабынын ағыту. Кабельді траншеяларды  кірпішпен қаптау. Кабельді  құдықтарды  төсеуге  дайындау (қоршаулар  орнату,  құдықтарды  ашу және  жабу және т.б.).

Білуге тиіс. Кабельдер мен сымдарды  бекітуге арналған  материалдар мен конструкциялар түрлері; кабельдерді бекіту  және  механикалық зақымданудан  қорғау тәсілдері.

 

145. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – КАБЕЛЬШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кабельдерді шахталарда, құдықтарда және қабырғалар бойынша бекітуге арналған  бөлшектер мен арматураны  орнату. Кабельді барабандарды  козелдар  мен домкраттарға  орнату. Қолмен төсеу кезінде кабельдерді, сымдарды,  тростарды тарқату. Өлшеу  бағаншаларын  орнату. Тірек құрылғыларын  сырлау және  нөмірлеу. Жерге қосу  шиналарын  монтаждау. Құдықтарды  желдету.

Білуге тиіс.  Байланыс кабельдерінің маркаларын және оларды қолдану ережелерін; механикаландырылған  аспапты  қолдану  ережелері;  телефон аппараттарын   және  қоректендіру   батареяларын   қосу  тәсілдері;  кабельдерді 

найзағайдан  және  коррозиядан  қорғау  тәсілдері; электр байланысы бойынша  жалпы  мәліметтер.

 

146. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – КАБЕЛЬШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Кабельдерді қабырғалар, конструкциялар  және ашық каналдар бойынша төсеу. Каналдарды  кабельді  тартып өткізу үшін  дайындау. Барабандарды кабельмен қоса  кабель төсеушіге орнату. Монтаждалған учаскелерді  және пупинизация  қадамдарын  қолмен  және жоғары қысымды баллондардың көмегімен  төсеуден кейін барабандардағы  кабельдің герметикалылығын  тексеру. Вентильдерді  кабельдердің қабығына  қалайылау. Кабельдердің ұштарын  қалайылау. Кабельдерді  коррозиядан сақтау үшін электродтар  орнату. Қорғағыш  тростар мен сымдарды  жалғастыру. Құдықтардағы қолданыстағы кабельдерді   түзеу. Бақылау-өлшегіш  пунктердің құрылғысы.

Білуге тиіс. Байланыс кабельдерінің конструкциясын;  кабельдерді герметикалылыққа, үзілуге,  топыраққа және хабарламаға  тексеру тәсілдері; кабельдердің зақымдану  түрлері  және оларды тауып алу тәсілдері.

 

147. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – КАБЕЛЬШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Траншеяларда, коллекторларда,  құбырларда  және жасырын сым блоктарында  кабельдер төсеу. Ауыл байланысының  және радиофикация     кабельдерін     механикаландырылған    түрде  төсеу.  Салмағы

2 кг дейін кабельдерді  канттарға  ілмектеу. Кабельдерді   құдықтың не  қазаншұңқырдың  қалыпы бойынша  бүгу. Кабельді  кассетаға  орау  және кабельтөсеушінің пышағын  орнату. Қорғасын таспасын кабельдердің  қабығына  қалайылау. Кабельдердегі пережимдерді түзеу. Кабель тіректерін жабдықтау. Үлестіру  қорапшаларын, шкафтар мен бокстар, кабель жәшіктерін  және қорғағыш жолақтар орнату. Абоненттерді  шкафтар мен  кросстарда  кроссирлеу. Кабельді  ғимаратқа енгізу.

Білуге тиіс. Байланыс желілерін ұйымдастыру схемалары;  кабельдерді жерде және кабельді канализацияда өткізу  жөніндегі жұмыстар технологиясы; кабельдер өткізуге арналған  машиналар мен  механизмдердің құрылғысы және қолдану ережелері.

 

148. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – КАБЕЛЬШІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Трассаны  кабельдер төсеу үшін  бөліп қою. Қалаларалық және қалалық кабельдерді механикаландырылған түрде төсеу. Кабельдерді  су кедергілері арқылы  төсеу. Кабельдерді  салмағы 2 кг асатын  арқандарға асу.

Білуге тиіс.  Күрделі жағдайларда кабельдерді төсеу жұмыстарының ұйымдастырылуы және  технологиясы.

 

149. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – КАБЕЛЬШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кабельді канализацияны оптикалық кабельді  өткізуге  дайындау.  Полиэтилен  құбырларын  кабельді  канализация каналдарында  төсеу. Кабельді канализацияда төсеу үшін  құрылғылар мен айлабұйымдар  дайындау.  Кабельді  ашық траншеяға белгілеу және төсеу.  Темір және тас жолдардың  қиылысында оптикалық кабельді  төсеу.

Білуге тиіс. Қалалық және аумақ ішіндегі  телефон байланысы желілерін төсеу технологиясы.

Орта арнаулы  (кәсіби) білімнің болуы  талап етіледі.

 

150. БАЙЛАНЫС   МОНТАЖШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қазықшалар мен қадалар  дайындау  және қағу. Орама  төсемін  дайындау. Барабандар мен  сым орамдарын  бумадан босату. Барабандарды  сымымен  қоса  жазу  айлабұйымдарына орнату және босатып алу. Шұңқырларды  көміп тастау.

Білуге тиіс. Байланыстың әуе желілерін және радиотрансляциялық  желілерді құрастыру кезінде қолданылатын  тіректердің, оқшаулауыштардың және аудармалдар бекітпелерінің  түрлері; байланыс желілерін монтаждауға арналған айлабұйымдар мен материалдарды дайындау түрлері мен  әдістері.

 

151. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ЖЕЛІШІ

2-разряд 

Жұмыс сипаттамасы. Тіректерге тартулар дайындау. Тіректерде  саңылаулар  бұрғылау. Орнатылмаған тіректерде  траверстерді,  қадалық  ілгекті   және оқшаулауыштарды  орнату және босату. Бастырмалар мен  кронштейндер  жинақтау.  Траверстерді  жабдықтау.  Жерге қосуларды (жай тартқыш), тіректерді нөмірлеу. Тіректер, қосымша құралдар және материалдар. Тіректерді  сүйремелеу. Тіректерді  босату. Антисептикалық құрам  мен  антисептикалық тірек дайындау.

Білуге тиіс.  Тіректердің,  оқшаулауыштардың,  сымдардың және және оларды  тіркеуге арналған арматураның маркалары мен құрылымдары; механикаландырылған аспапты қолдану ережелері;  телефон аппараттарын  және қоректендіру батареяларын  қосу  тәсілдері;  байланыс  желілерін  найзағайдан  қорғау тәсілдері; антисептикалық  құрамдарды  қолдану және  оларды дайындау  тәсілдері;  электрбайланысы бойынша  жалпы мәлеміттер.

 

152. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ЖЕЛІШІ

4-разряд 

Жұмыс сипаттамасы.  Жеке дара  аралық тіректерді  жинау және орнату. Қосымша құралдар мен  тартулар  құрылғысы. Траверстерді,  ілгектерді, қадалықтарды және оқшаулауыштарды  орнатылған  тіректерге орнату. Жапсырмалар,  аспалы  ілгектер мен  баспалдақтардың кронштейндерін  орнату.  Тіректерді  түзеу. Сымдарды  жазу,  көтеру  және созу. Сымдарды  алып тастау. Тіреуіштер орнату кезінде шатыр  учаскелерін  бітеу. Телефон аппараттарын, оларға қосымша аспаптарды, төмендететін  трансформаторларды,  шектеу қорапшаларын,  дыбыс қаттылығын  реттеушілерді  және т.б.  орнату және алып тастау. Ғимараттар шатырларында  сақтандыру  құрылғыларын  орнату. Дала  дауыс зорайтқыштарын  орнату.

Білуге тиіс. Жай тіректерді, қосымша құралдар мен тартуларды   жинау және  орнату тәсілдері; сымдарды  жазу,  көтеру және  созу тәсілдері;  сақтандырғыш  құрылғыларды орнату  ережелері.

 

153. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ЖЕЛІШІ 

5-разряд

Жұмыс  сипаттамасы.  Күрделі тіректерді  жинау және орнату. Тіректерді тексеру. Сүйеуіштерді орнату.  Сымдарды өру. Сымдарды қайта төсеу. Оқшауланған сыммен  перекидкалар мен отводтардың құрылғысы. Тіреуіштерді, кабель  тіректерін және  радиотрансляциялық құбырлардың  шықпа құбырларын  орнату және алып тастау. Тіректер мен тіреуіштерден  сымдарды  енгізу. Сымдарды  асу және  алып тастау.

Білуге тиіс: күрделі тіректерді  жинау және  орнату  әдістері; тіректерді,  кабель  тіректерін  және  радиотрансляциялық  желілердің шықпа  құбырларын  орнату  тәртібі.

 

154. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ЖЕЛІШІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Желілер трассаларын бөлу. Баған желілерін нивелирлеу. Сымдарды  созу,  реттеу және тіркеу. Өтпе жерлерде сымдарды  асу. Қолданыстағы сымдарды  қайта  төсеу. Қиылыстарды  монтаждау және  демонтаждау.  Сымдарды  реттеу.

Білуге тиіс. Әуе желілерінің және радиорансляциялық желілердің  желілі  имараттарын  монтаждау  жөніндегі  жұмыстардың ұйымдастырылуы мен олардың технологиясы; автострадалар, темір жолдар және  жоғары вольтты  электрберіліс желілері  арқылы  өтпелер  жасау ережелері; сымдарға түсетін  шекті  жүктеме;  сымдарды  реттеу тәсілдері.

 

 

155. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ЖЕЛІШІ 

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темірбетон  тіректерін  орнату және жабдықтау. Электр беріліс желілеріне радиотрансляциялық  желі тізбектерін асу. Кабельді шкафтарда кроссировкалар орындау. Абонентті  пунктерді  жабдықтау. Кірме құбырын  орнату  және троста  әуе желісінің кабелін  асу.

Білуге тиіс. Түсті металдардан жасалған  әуе тізбектерін монтаждау технологиясы; КСКПТ магистралды желілерінде кабельді әуе өтпе жолдарының құрылғысы; абонеттік пунктерді құру  ережелері; әуе  желілерінде  электрлік  өлшеулер  жүргізу.

Орта арнаулы (кәсіби) білімнің болуы  талап етіледі.

 

156. БАЙЛАНЫС  МОНТАЖШЫСЫ – ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

2-разряд

Жұмыс  сипаттамасы. Қалайылау шамына май құю және  оны тұтату. Газ шілтерін  қосу және тұтату. Битумды компаундтарды, кабель массаларын, мастикаларды, дәнекерді  жылыту. Жіптер мен  шпагатты  балауыздау. Арнайы паяльниктерді  қыздыру.  Байланыс кабельдерін  кесу.  Кабельдерді  түзеу және  сүрту.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары