Атокөлікті сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 23:59, курсовая работа

Краткое описание

Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандыру қызмет нарығының қалыптасуы
1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
1.1.2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
1.2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
1.3 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және деректерден алудан қорғау
1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы
2. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны
2.2 Есептерді орнату
3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Автокөлікті сақтандыру Word (23).doc

— 485.00 Кб (Скачать документ)
  1. Ақпаратты алу.
  2. Ақпаратты түрлендіру.
  3. Ақпаратты тұтыну.

Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын  қамтиды. Бұл операцияның мақсаты  мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты – ақпаратты  түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты – операциялар  тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:

  1. Ақпаратты жинау және тіркеу;
  2. Ақпаратты өткізу;
  3. Машиналық тасығыштарды дайындау;
  4. Ақпаратты өңдеу;
  5. Ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп беретін  жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына  және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық  тасығыштарға, оның ішінде магниттік  табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі  кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады /5/.

 

Кесте 3

Техникалық  жабдықтау

Техникалық  құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары

ДЭЕМ Intel Pentium 4

Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор

Батырмалар тақтасы

Тышқан

Intel, 2.4MHz

 

512Mb

40Gb

17 дюймдік

102 батырмалы

2 баспалы

Принтер

Принтер

HP LaserJet

Фкас – модем

Факс – модем

Sony – 42S

Телефон

Телефон

Panasonik


 

1.4.6 Программалық жабдықтауға  қойылатын талаптар

 

Программалық жабдықтау  деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау  – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі  қолданушыларға есептелген және ақпаратты  өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе ” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды  және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін  программалар жатады.

Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін  және оған тиімді қолданбалы программалар пакентін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық   жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін  тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.

Арнаулы программалық жабдықтауға  ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі  функционалды ішкі жүйесінің нақты  есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік  және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:

  • Мәліметтерді басқаруда ;
  • Мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;
  • Деректі программалық әдістерін;
  • Дискретті программалар әдістерін;
  • Үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды

орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің  ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады /5/.

Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП – ң жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 4

Программалық  жабдықтау

Тип

Атауы

Мүмкіндіктері

Жалпы программалық жабдықтау

ОЖ

Microsoft Windows NT Server 4.0

Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.

Microsoft Windows NT Workstation 4.0

MS Office XP

Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Microsoft Windows 2000

Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау

ҚПП

Visual Basic

Программа құру.

МББЖ

Paradox

 
Қорғау

ОЖ паролі

Желіге енуді бақылайды.

МББЖ паролі

МБ кестелеріне ену  құқын анықтайды.


1.4.7 Математикалық  жабдықтауға қойылатын талаптар

 

Математикалық жабдықтау  – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. Мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.

Ақпараттық жүйені математикалық  жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

  • типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;
  • мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).

Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар кіреді:

  • математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;
  • ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модель-дерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;
  • қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;
  • алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.

Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

  • ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;
  • ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
  • өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;
  • есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
  • қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
  • программаның орындауы жолына бақылау енгізу;

математикалық әдістер  мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі қажет /9/.

1.4.8 Ақпараттық және  программалық құралдарды бұзылудан  және деректерден алудан қорғау

Ақпаратты қорғау дегеніміз  – мәліметтер жүйесінде сақталатын орындалған программаларға енуді басқаруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар жиынтығы.

Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау мақсаты – көп  программалы есептеу жүйелеріндегі  ақпаратты ойланбай пайдалануды  жою, мәліметтерді пайдалануды қажетсіз орындарды анықтау және оларды жою, сондай-ақ қателіктердің салдарын жоюда құралдарды таңдау.

Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесі сипаттарға ие болу керек:

● қауіпсіздік – кездейсоқ  және әдейіге емес бұзудан мәліметтердің  қорғанысын қамтамасыз ету, жүйе немесе сонда сақталынатын мәліметтермен жұмыс істеуге пайдаланушының құқығын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді ашу модификациясы немесе жиынтығы;

● ұқсастыру – пайдаланушыларға, техникалық құралдарға және қорғалатын (мәліметтер элементіне, есептерге, программаларға, мәліметтер базасына) идентификаторларды иемдету (код атауы);

● конфиденциялылық мәліметтерге берілген және олардың қорғаныс дәрежесін  анықтайтын статус;

● құпиялылық – ақпаратты  жабық және қорғалуға жататын  деп жариялайтын құқығы;

● өкілеттілік – қорғалған  мәліметтермен сол немесе басқа  процедураларды жүзеге асыруда пайдаланушының, терминалдың немесе басқа объектінің құқығы;

● түпнұсқалық – қойылған идентификатордың объектіге қатысты-ғын  тексеру.

Кездейсоқ бұзылулардан ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесілерді қарастырады:

● вирустарға қарсы программалардың  болуы;

● пайдаланушылар үшін сапалы құжаттаманың болуы;

● жабдықтарды жетілдірудің амалдарын пайдалану.

Ақпаратқа және программалық құралдарға санкцияланбаған енуден сақтандыру үшін келесі бақылау шаралары қолданады:

● парольді пайдалану. Пакетте  бекітілетіндер: пакетті ашу паролі, әкімгер паролі. Бұл пакетті ашуға  және нормативті – анықтамалық ақпараттың өзгерісіне шектеу қоюды қамтамасыз ету;

  • белгілі бір директорияларға енуді шектеу;
  • пайдаланғаннан кейін ақпаратты есте сақтау құрылғысынан жою;
  • техникалық құралдарды және пайдаланушыларды бақылау;
  • техникалық құралдардың құқықтарын анықтау (есептерді және ақпараттық файлдарды пайдалануға келісім берілген жұмыс күндері және сағаттары);
  • техниклық құралдарды, есептерді және ақпараттық файлдардың пайдаланушыларынан ұқсастыру;
  • шектеуі пайдаланудағы ақпараттарды өңдеу кезінде техникалық құралдардың және пайдаланушылардың жұмысын тіркеу;
  • санкцияланбаған әрекеттер кезіндегі сигнализация;
  • әр түрлі бағыттағы көмекші программалар (бақылау және қорғаныс механизмі, берілетін құжаттар және т.б. құпиялық графигін ұсыну)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5 Автокөлікті сақтандырудың  ақпараттық жүйесінің концептуалдық  схемасы

Аќпараттыќ жүйе – бұл жүйе жинау, саќтау, жаңарту, өңдеу және ақпараттарды беру, экономикалыќ объектіні басқаруға қажетті.

ҚР ақпараттандыру туралы заңында ақпараттық жүйенің келесідей  анықтамасы көрсетілген: ақпараттық жүйе – бұл ақпараттық технологиялардың жиынтығы, ақпараттық желілер және құралдар олардың бағдарламалық – техникалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық процестердің орындалуына арналған.

Информация о работе Атокөлікті сақтандыру