Атокөлікті сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 23:59, курсовая работа

Краткое описание

Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандыру қызмет нарығының қалыптасуы
1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
1.1.2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
1.2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
1.3 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және деректерден алудан қорғау
1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы
2. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны
2.2 Есептерді орнату
3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Автокөлікті сақтандыру Word (23).doc

— 485.00 Кб (Скачать документ)

· банк қызметінің басты бағыты;

· банк салымшыларының сипаттамасы;

· жарнама стратегиясы;

· мамандануы: коммерциялық / инвестициялық / әмбебаб;

· ішкі және халықаралық нарыққа бейімделу;

· банктегі ақпараттық технологиялардың бар мүмкіндіктерінде;

· жоғары басқарушы қызметкерлерінің аса үлкен тәуекелдерін қабылдауға дайындық көрсеткіштері.

Ақпараттық жүйе – бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, өңдеуге және қолданушылардың сұрауларына байланысты ақпаратты көрсетуге арналған. АЖ өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін есептерін қосады.

Кез – келген АЖ мақсаты, қолдану аймағына қатысты емес әдістерді  құру, техникалық базаларды, байланысты үзбеу аппараты, уақтылы, нақты және толық ақпараттарды көрсету болып  табылады.

АЖ құрудың басты мақсаты автоматтандыруды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және банк салымшыларына финанстік ақпараттарды беру болып табылады, нәтижесінде, банк клиенттерінің қызмет ету деңгейін жоғарлату.

ЭАЖ құрудың басты мақсатымен қатысты  АЖ есептері мыналар болып табылады:

· қызметкерлердің іскерлігі мен еңбек өнімділігі;

· берілген мәліметтердің ақиқаттығы;

· салымшылардың ақшасы туралы мәліметтерді тез арада алу;

· құжат айналымдарының азаюы, банк шығындарының азаюына әкеліп соғады;

· әртүрлі критериялар бойынша салымшы туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндігі бар;

· берілген ақпараттың сенімділігі мен қорғануы бойынша барлық комплексті талаптардың орындалуы;

· тез арада ақпараттарды жинау, бақылау, өңдеу және беру жұмыстарын жақсарту.

Қосымша есептер комплексін қосуына және әрі қарай дамуына, функционалдық және ақпараттық құрылым жүйесі ашық болу қажет.

Достық интерфейс компьютермен жұмыс істеген кезде жұмысшылар өз жұмысының өнімділігі мен сапасын  жоғарылатуды қамтамасыз етеді /9/.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе (АЖ) –  бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, қайта өңдеуге және сұраныстарға қатысты ақпараттарды қолданушылармен  таныстыруға арналған. АЖ өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін  есептерін қосады.

Қолданушыларға жүйе өте ыңғайлы және ұнамды болатын  интерфейс және рұқсат етілмеген  қимылдардан қорғау.

Осы АЖ ақпарат құпия болмайды және ішкі қолданушылар қолдана алады. Бірақ  жүйенің жұмыс істеу кезінде  кедергілерден қорғауды қарастыру  қажет, қолданушылардың дұрыс емес қимылдарын, сондай – ақ істен шығуды қалпына келтіру мүмкіншілігі бар.

Фактілерді ескеріп, компьютерлік жүйенің архитектурасына әсер етеді, оған мынандай басты талаптар құрастырады:

- АЖ архитектурасы барлық жүйенің  жұмыс тәртібінің бұзылу ықтималдығын азайту қажет (жүйенің істен шығуы, ақпараттық базаның бұзылуы, ақпараттардың жоғалуы немесе өзгеруі) қолданушылардың кездейсоқ және әдейі жасалған қимылдары;

- ақпараттар легінің қатысуымен  элементтер жүйесі арасындағы  ақпараттардың байланысы мен алмасуын іске асыру қажет;

- берілген тапсырмаларды қарастыру  және ақпараттардың жаңартуын  жабдықтау;

- қарым – қатынас тәртібінде  қолданушылардың сұраныстарының  тапсырмаларын іздеу;

- ақпараттарды ыңғайлы енгізу;

- ерте енгізілген ақпараттарға тез арада қол жеткізу;

- нормативтік – анықтама ақпараттарын  қайта – қайта қарап отыру  қажет;

- ақпараттық жеткілікті жылдамдық,  ақпараттың ауысу көлемі және  жиілігі ағымдағы процестердің  үдейі қозғалысына сәйкес келу  керек /9/.

1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар

 

Ақпараттық жүйе –  бұл қиын жүйелер және элементтерді бөлек бөлімдерге бөлуін талап етеді. Барлық жүйелерге бірден жасау мүмкін болмаса, олардың бөлек бөлімдеріне  жасау мүмкін болады. Бөлімдердің  белгіленуі толығырақ және нақтырырақ болса, жүйе элементтері, бөлімдердің ара – қатынасы және тұрған жері анықталса, онда жүйенің қызмет істеуі және құру процесі тиімдірірек болады.

АЖ құрылымы – бұл  ішкі жазықтық – уақыттық байланыстарының  тұрақты тәртібі және элементтер мен жүйеасты бөлімдерінің арасындағы қатынасы, жүйеастының атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.

АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы  бөлімі – бұл есептердің және есептер  комплексінің немесе жүйеастыларының жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды /9/.

Есептер комплексі –  бұл есеп жиынтығы, белгілі бір  қасиетіне қарай топталған.

Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе ортааралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.)

Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге  болады:

- жоғары алгоритмдеу;

- иерархиялық, яғни  жүйеастыларына, блоктарға, есептер  комплексіне кіруі;

- шешімнің бір қалыптылығы;

- шешімге белгілі бір уақыттың болуы;

- типтік алгоритм шешімінің  мүмкіндігі және жалпыламалығы;

- жүйенің шығу –  кіру тапсырмаларының құрылымы  және үлкен көлемі /5/.

Автокөлікті сақтандырудың  АЖ қойылатын талаптар кесте түрінде  бейнеленген, бұл кестеде есептер  комплексі және мүлікті сақтандырудың есептері көрсетілген, сондай – ақ кіріс және шығыс көрсеткіштері берілген есептерге келтірілген.

Кесте 1

АЖ құрылымына қойылатын талаптар

Есеп  кешені

Есеп атауы

Кіріс ақпараттары

Шығыс ақпараттары

Қолданушылар

Сақтандыру көліктерін есепке алуды және сақтандырушы-лармен есептесуді автоматтандыру

Көлік жүйесінің мәлімдемесі

Тіркелу куәлігі, мемлекеттік номері, двигателінің номері, көліктің түсі және т.б.

АНКЕТА және ПОЛИС

Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері

Зиян келтіруден сақтандыру

Сақтандырушының жасы, жүргізушінің стажы және соңғы 3жыл ішіндегі жол  апатының саны

АНКЕТА және ПОЛИС

Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері

Ұрлықтан және айдап кетуден  сақтандыру

Түнгі уақытта көлік қай жерде  тұрады, айдап қашуға қарсы құрылғылардың бар болуы

АНКЕТА және ПОЛИС

Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері

Азаматтық – құқықтық жауапкер-шілікті  ерікті сақтандыру

Бұған дейін қандай сақтандыру түрімен  қолданғаны

АНКЕТА және ПОЛИС

Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері

Қосымша материалдар

Менеджердің арызды қабылдауы

АНКЕТА және ПОЛИС

Сақтандыру компаниясының  қызметкерлері


 

1.4.2 Ақпараттық жүйелер  ресурстарына қойылатын талаптар

 

Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамасыз ету бөлігі қажет, мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық, ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.

Программалық және математикалық  жабдықтау машиналық программалар жиынтығын, алгоритмдерді, экономика– математикалық әдістерді және моделдерді қосады.

Ақпараттық жабдықтау  ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.

Ұйымдастырушы жабдықтау  АЖ қалыптастыру және құруын жабдықтауға  арналған. АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы жабдықтауға кіреді.

Ақпараттық ресурстарды  жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі  бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде  көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші  мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады /5/.

 

1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға  қойылатын талаптар

 

Ақпараттың қолдануысыз  басқару процесі мүмкін болмағандық-тан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды  ұйымдастыру өте маңызды.

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.

Машина ішіндегі ақпарат  базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект /5/.

 

Кесте 2

Ақпараттық  жабдықтау

Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында  негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу  кезінде парольдер жүйесі қолданылады.


 

1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға  қойылатын талаптар

 

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз  – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

Ақпараттық жүйені тұрғызу  – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау  құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды  қарастыратын күрделі де жұмысы көп  кезең.

Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру  құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен можернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі /5/.

 

1.4.5 Техникалық жабдықтауға  қойылатын талаптар

 

Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды  үш сатыға топтауға болады:

Информация о работе Атокөлікті сақтандыру