Атокөлікті сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 23:59, курсовая работа

Краткое описание

Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандыру қызмет нарығының қалыптасуы
1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
1.1.2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
1.2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
1.3 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және деректерден алудан қорғау
1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы
2. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны
2.2 Есептерді орнату
3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Автокөлікті сақтандыру Word (23).doc

— 485.00 Кб (Скачать документ)

Осыған байланысты жер  сілкінісінің зардабын жою жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастырудың тәртібі, зардаптарды анықтау мен құрылыстарға, үй мүліктеріне, малдарға, көлік құралдарына жеке сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеу жолдары жан – жақты түсіндіріледі.

Жер сілкінуден автокөліктерді сақтандыру жекеменшік иесін, жалгерлерді өрттен, ұрлық пен өзге де осындай қауіп түрлерінен сақтандырумен айналысатындар арқылы, сол секілді сақтандыру үшін жеткілікті капиталы бар адам арқылы жүргізуге болады.

Жер сілкінуден сақтандыру, шын мәнінде үлкен зияннан  емес, орасан зор апатты оқиғадан сақтандыру болып табылады, сондықтан да сақтандыру куәлігі франшизбен берілуге тиіс, яғни оны сақтандыру сомасының белгілі проценті немесе сақтандырушыға төленетін белгілі сома құрайды.

Жер сілкіну қатерінің  сақтандыру шарттарының барлық түрлері  бойынша шығындарды өтейтін ақша бар. Жер сілкінуден сақтандыру объектісі болып - өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығы-ның, көліктің, өзге кәсіпорындар мен ұйымдардың, көлік құралдарының мүліктері, кооперативтік, акционерлік, жекеменшік, ұжымдық қоғамдардың және т.б. ұйымдардың мүліктері табылады. Бұдан басқаны айтқанда, сақтандырудың объектісі болып құрылыс пен автокөлік, азаматтар, олардың өмірі мен денсаулықтары табылады.

Біздің алдымызда жер  сілкінуден болған зардаптардың мөлшерін анықтап және де зиян шеккендерге ақшалай қаржы төлеуді жүргізу міндеті тұр, бұл орайда мемлекет пен халыққа тиесілі құрылыстар мен автокөліктер бағаланады.

Жер сілкінудің салдарынан болған нақты зиянды анықтау орасан зор көлемді жұмыстарды орындауды  талап етеді. Біздің ойымызша бірінші кезекте құрылыстар, көлік құралдары мен үй мүліктері бойынша зиянды анықтау үшін әкімшіліктердің басшыларында арнайы комиссиялар құрылуға тиіс, олардың құрамына сақтандыру ұйымдар-ының, техникалық инвентаризация бюросының қызметкерлері, депутаттар, қоғамдық өкілдер кіргізілер еді.

Әрине, мүмкін – қадірінше  бұл комиссияларды мейлінше тәжірибелі, білікті мамандардың басқарғаны жөн, өйткені зиянды анықтау мен  сақтандыру өтемін төлеу жұмыстарының негізгі ауыртпашылығы сақтандыру ұйымдарының өздеріне түседі. Бұл жұмыстарға кіріспес бұрын, сақтандыру өтемі мен зиян сомасы есебінің актілері мен есептерін жасауға шақырылған қызметкерлерге жан – жақты нұсқау беріп, оларды осы жұмысқа сай келетін нормативтік құжаттармен, актілердің бланкаларымен және оларды толтыру тәртібімен, есептеуді құрып, бағалау нормаларының жинақтарын пайдаланумен, сақтандырудың бағалық парақшасымен, жеке үй құрылыстарының техникалық инвентаризациясының паспорттарымен таныстырады. Әсіресе, жергілікті елді мекендердің қызметкерлер еңбек етуге тиіс жердегі ерекше жағдайлармен танысуға айрықша көңіл бөлу қажет.

Сақтандыру өтемін уақтылы  әрі толық төлеу сақтанушыға  бүлінген автокөлікті қысқа мерзімде жөндеп немесе жойылғанның орнына жаңасын  сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан жер сілкінудің салдарынан болған зиянды анықтау сақтандыру ұйымдарының өте күрделі әрі жауапты жұмыстары болып табылады.

Жер сілкінудің нәтижесінде  зардап шеккен азаматтардың жекеменшігінде құрылыстарға сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеуді анықтау мен беру бірінші қатер жүйесі бойынша жүргізіледі, яғни сақтанушыға нақты зиянның толық көлеміндегі құн өтемақыландырылады, бірақ шартта келісілген сақтандыру сомала-рынан жоғары емес. Жер сілкіну нәтижесінде бір мезгілде құрылыстың үлкен бір бөлігі құрып кетеді немесе бүлінеді, міне осыны есепке ала отырып, ұйымдастыру жұмысында тәртіп орнату үшін зиянды анықтаудың тәртібін өзгерту керек, сөйтіп барлық құрылыстың аулаларын аралап, көріп, әр үйдің рет нөмірлерін, әр көшені, әр кварталды қарап, оқыс оқиғадан бүлінгеннің бәрін есепке алып, құрылыс пен автокөліктің жойылғаны туралі акті жасайды.

Жұмыстың мынадай тәртібін, яғни үй құрылыстарының өзге де объектілердің  көзге түспей, есепке кірмей қалғанын болдырмайтын жағдайын қарастыру керек, яғни бүлінген немесе жойылған құрылыстарды қайыра тексеріп, бір құрылыстың өзіне бірнеше қайтара актілер жасауға тура келеді

Зиянды анықтау мен  сақтандыру өтемін төлеу әдеттегідей  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  коммерциялық сақтандыру компаниясының  басқармасы ойластырған немесе бекіткен Ережелер бойынша жүргізіледі. Жер сілкіну кезінде бұл ережеден әртүрлі ауытқулардың болуы даусыз. Осы орайда жұртшылыққа, кәсіпорын-дар мен шаруашылықтың әртүрлі нысанымен айналысатын ұйымдарға ұғымды пайдалануға оңтайлы түрде жеткізуге күш салады. Бұған байланысты төменде келтіріліп отырған жер сілкіну кезінде болған зардаптың салдарын жою жөніндегі ережеден ауытқу, сөз жоқ осы жұмыстарды жүргізу кезінде басшылыққа алу тұрарлық.

Мұның негізі етіп техникалық инвентаризация бюросының бағасын  алу керек. Бұл жерде зиянды анықтау мен сақтандыру төлемін төлеуге мынадай кезеңдер алынады:

- сақтандыру оқиғасының  қолда барын түгендеуді және  автокөліктің жойылуы мен зақымданып  бүлінуінің себебін анықтау;

- зиянның сомасын анықтау;

- сақтандыру өтемінің  сомасын есептеу;

- сақтанушының есептелген  өтемінің толық немесе жартылай  сомасын алуға деген құқын  белгілеу;

- сақтанушыға сақтандыру  өтемін төлеу.

Келтірілген зияндар  мен сақтандыру өтемін бөлек –  бөлек қараудың қажеттілігі мынадан  келіп шығады, көптеген жағдайларда сақтандырудың жекелеген түрлерінің белгіленген келісімдеріне орай немесе сақтандыру қамтуының мынадай жүйесін қолдануға байланысты олардың мөлшері сәйкес келмеуі мүмкін. Бірақ сақтанды-ру өтемінің сомасын есептеу үшін бастапқы көрсеткіш болып табылады.

Құрылыстың бүлінгені  немесе жойылғаны жөніндегі акті белгіленген нысандағы бланкіде бір дана болып жасалады. Актіні жасаушылар бланкіде көрсетілген барлық сұрақтарға нақты жауаптар беруі  керек, сол үшін де жеке бөлімдерді толтыру кезінде мыналарды назарға алған жөн.

Сақтанушының жойылған немесе бүлінген құрылыс және сол  құрылыстың оған жекеменшік, құқ ретінде  жататыны анықталады:

- ауылдық, селолық  жерлерде – сақтандырудың бағалау  парақша-сы мен ауыл – село  әкімшілігі басшысының шаруашылық  жөніндегі кітапта көрсетілген деректер бойынша;

- қалада – техникалық  инвентаризацияның паспорты, техникалық  инвентаризация бюросының инвентаризациялық  бағалау құжаттарындағы жазбалар  бойынша, аудандық немесе қалалық  әкімшілік басшыларының жеке  құрылыс салуға жер бөлгендігі туралы шешім, сондай-ақ салық салынғаны жөніндегі аудандық және қалалық салық инспекциясының құжаттары бойынша.

Автокөлікті ерікті сақтандыру өтемін сақтандыру оқиғасы сақтанушыға  тигізген нақты зиян құрайды, бірақ  шартта көрсетілген сақтандыру сомасынан артық бола алмайды. Қазіргі уақытта автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтанды-ру компаниясы басқармасы ойластырып әрі бекіткен ережелермен, шартта көрсетілген жағдайларға сай жүргізіледі. Осы ережелермен келісе отырып акт жасалады, оған міндетті түрде сақтанушы немесе оның отбасынан кәмелетке толған біреу және де екі куә қатысады. Акті бүлінген мүлікті немесе одан қалғанды қарап, көру негізінде жасалады. Жекелеген жағдайларда оған білікті органдардың сақтандырылған автокөліктің орны, уақыты мен жойылу жағдайы мен бүлінуі туралы қажетті құжаттары қоса тіркеледі. Мұның сыртында мынадай топшылау – пайымдауларды басшылыққа алуға болады.

Мынадай жағдайда, яғни автокөліктің жойылғаны анықталғанда немесе келтірілген зиян мөлшерін анықтау мүмкін болмаса онда ерікті нысан құжаты жасалады. Ерекше жағдайларда, сондай-ақ жер сілкінуден болған зиянды анықтау бойынша қажетті шұғыл жұмыстар үшін анықтама – есептеудің қарапайым нысанын қолдануға да болады.

Жер сілкінудің зардабын жою кезінде, егер сақтандыру оқиғасы  болған сәтке дейін автокөлік  тұрғын үйде немесе қосалқы жайларда, үй жанындағы учаске адресі бойынша  сақталған болса, сақтанушы көрсеткен  тұрақты тұратын жері – жаңа адрес бойынша бір ай ішінде сақтанушы жаңа тұратын жеріне көшкен күннен бастап сақтандыру өтемі есептеліп әрі төленеді, сақтанушының тұрған жерін өзгертуіне байланысты автомобиль, темір жол, әуе болмаса тағы басқа көлік түрімен тасылған автокөлік де ескеріледі.

Бұл орайда қосымша жай  болып ас үй, астыңғы үй, кіре беріс  балкондар, өзге де жайлар мен шаруашылық – тұрмыстық мақсаттағы сақтанушы  тұрған пәтерге тиесілі қосымша  құрылыстар есептеледі немесе сол орналасқан адрес бойынша және де сақтанушыға  түгелдей болмаса жарым – жартылай жекеменшігі үшін бөлінген. Сақтанушыға жекеменшігі үшін пайдалануға тұрғын жай салуға немесе қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген үй жайлық, үй жанындағы учаске – жер учаскесі.

Сақтандыру өтемі мынадай  жағдайда төленеді, егер автокөлік сақтанушының немесе оның отбасы мүшелерінің жекеменшігіне жататын болса және де щаруашылықта тұрмыстық әрі мәдени сұралымды қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін ұсталса.

Сақтанушының отбасы мүшелері болып, онымен бірге тұратын  әрі шаруашылықты, бірге жүргізетін, яғни отбасылық бюджеті бір, тамағы бір, үй затын, тұрмыс құралын бірге пайдаланып, оларды сатып алуға бірге қатысатын адамдар мойындалады.

Автокөлік болып көліктің өзі және көлікке пайдаланылатын заттар есептеледі, тек мыналардан басқалары: құжаттар, антикварлық заттар, аса құнды металдардан жасалған бұйымдар, аса бағалы, жартылай аса бағалы және өңделген тастар, слайдтар мен фотосуреттер, дінге табыну заттары, көлік құралдарына қосалқы бөлшектер, ара ұялары, құстар терісі бағалы аңдар, тұрғын үйлер мен қосалқы жайлардың конструктивтік бөлшектері мен жекелеген элементтері. Осы санамалап айтылған бағалы қазыналардың бәрін дерлік Қазақстан Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы сақтандырудың ережелерін ойластырып жасап әрі бекітіп берген. Сондықтан кез келген сақтанушы бұл бағалы байлықтарды, тек ақша белгілері мен бағалы қағаздар, құнды қағаздар коллекциясынан басқаларын сақтандыра алады.

Мынадай болуы да ықтимал, мысалы, сақтанушылар сақтандыру өтемінің мөлшерін ұлғайту үшін жойылған автокөліктің тізіміне іс жүзінде бүлінбеген көліктерді де әдейілеп қосып жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда сақтандыру өтемінің есептелген сомасы жартысына дейін төмендетілуі ықтимал. Болашақта осындай сақтандыру оқиғасы бола қалғанда, сақтандыру ұйымдары мұндай жұмыстарға қатысып, осылар бойынша шығынды анықтап әрі сақтандыру өтемін төлеу кезінде мынаны ескеруге тиіс, мәселен көптеген тұрғындар жер сілкінуден соң өз үйлерін сыпырып, тәртіпке келтірген сәтте сынғандарды лақтырып, қираған жиһаздар мен заттарды қайда жіберерін білмейді, тіпті бұл заттарды бағалау үшін ұсыну қажет екенін де естен шығарады және алда тұрған жұмысты қиындатады.

Мынадай да фактілер кездеседі, яғни сақтанушының шығынын бағалау  жөніндегі сақтандыру ұйымдары сақтандыру өтемін жоғары мөлшерде алуға тырысады, яғни туыстары мен көршілері бағалаудан бұрын өткен бүлінген жиһаздарды немесе олардың қалдықтарын үйден, пәтерден басқа жайларға шығарып тастаулары мүмкін.

Келтірілген шығынның мөлшері  актіде немесе анықтама есептеу-де көрсетілген үй мүліктерінің жойылуы мен бүлінгені туралы деректер негізінде анықталады. Автокөлікке тигізілген шығынның мөлшері әр зат бойынша бөлек жүргізіледі. Зат мынадай жағдайда жойылды деп мойындалады, егер жер сілкінудің салдарынан ол өзінің сипаты мен құнын жоғалтса, сөйтіп өзінің тиісті орнына пайдаланылмаса, сол секілді жөндеу арқылы да бұрынғыдай пайдалануға жарамаған жағдайда.

Зат мынадай жағдайда бүлінген деп есептеледі, егер жер  сілкінудің салдарынан оның сапасы төмендесе, бірақ жөндеу арқылы бұрынғыша өз орнында пайдалануға келтірілген жағдайда. Мұндайда заттың өзінің сапасы мен құндылығын қаншалықты дәрежеде жоғалтқаны оның құнының процентіне шағып көрсетіледі, ал бүлінген зат жөнделген жағдайда тек сол затты жөндеудің құны ғана есепке алынады.

Заттың қаншалықты тозғанының процентін анықтау кезінде мүмкіншілігі бойынша мыналар ескеріледі: сатып  алынған, пайдаланылу дәрежесі мен  сақтандыру оқиғасы болған күнге  дейінгі нақты жағдайы және де аталмыш заттың ұтымды қызмет мерзімі.

Автокөліктің жер сілкіну кезіндегі шығынын анықтау мен оларды сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеу, мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан басқалары сақтандыру ұйымдары арқылы жүргізіледі. Бұлар ерікті сақтандырудың ережелеріне әрі ақыл – кеңестерге сай сақтандырылады.

Сақтандырылған автокөліктің жер сілкіну салдарынан жойылуы  мен бүлінгені туралы акт кәсіпорын  мен ұйым өкілдерінің міндетті түрде  қатыстырылуы кезінде жасалады. Аталмыш  жағдайда актіні жасауға қатысу үшін жоғарыда тұрған сақтандыру ұйымдарының өкілдері, сол секілді республиканың өзге аймақтарынан келген көмек беруші мамандар тартылады.

Жер сілкіну салдарынан объектілер мен автокөлік түрлерінің орасан көп санының – жабдықтардың, инвентарлардың, тауар – материалдық құндылықтардың жойылуы мен бүлінуі туралы мәліметтерді бланкіде көрсетіп жазудың мүмкін болмауы себепті, бұл автокөліктердің тізімі актінің тарауларына сай нысан бойынша жеке параққа толтырылады. Бұдан тысқары сондай-ақ анықтама – есептеудің қарапайым нысаны да жасалуы керек.

Сақтанушының меншігіне  жататын автокөліктердің жойылуы  кезінде шығын толық баланстық  құн тұрғысынан, ал бүлінгенде –  қалпына келтіру мен жөндеу құны тұрғысынан анықталады. Шығынның сомасына сондай-ақ автокөлікті құтқару үшін жасалған шара салдарынан оған келтірілген зақым да қосылады. Жазатайым оқиға сәтіне дейін болған автокөліктердің саны мен құны бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтері бойынша және де бастапқы кіріс пен шығыс құжаттары негізінде анықталады. Алайда мынадай жағдай болғанда яғни жер сілкінудің салдарынан бухгалтерлік кітаптар, карточкалар, бастапқы құжаттар жойылып кеткенде қажетті құжаттарды көріп – танысу мүмкіндігі болмайды. Автокөліктердің саны мен құнын қалпына келтіруге қажетті құжаттарды банктерде көрсете алмайды. Мұндай жағдайда автокөліктің құны оқыс оқиға сәтінде материалдық жауапты адамның жер сілкінуге байланысты белгіленген тәртіпке сай тауар – материалдық есебінің негізінде анықталады. Жекелеген жағдайда автокөліктің жер сілкіну сәтіндегі саны мен құны есептесу жолымен, яғни автокөлік сақталған тұрғысынан шыға отырып қалдық саны бойынша анықталады.

Информация о работе Атокөлікті сақтандыру