Астықты сақтағаннан кейін өңдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Елбасымыздың халыққа жолдауында тек қана жеткен жетістіктермен тоқталып қана қоймай,сонымен қатар,ауылшаруашылық өндірісінің өсуі және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру келесі жылдарға берілген тапсырма болды.Астықты қабылдау,орналастыру,өңдеу және сақтау бойынша маңызды тапсырмалар болып республикамыздағы элеватор өндірісінің материалды-техникалық базасының,ғылыми-техикалық прогресстің күшею қарқынымен,жаңа технологияның енуі және озық технологияның дамуы және нығаюымен байланысты. Қазақстанда астық, тұқым және олардан өндірілетін өнімдер селекциялы станцияларда, әртүрлі нысандағы шаруашылықтарда, элеваторларда, астық қабылдау пунктерінде, ұн, жарма, құрама жем, нан зауыттарында, макарон фабрикаларында, өсімдік майын, крахмал өндіру, сыра қайнату, спирт зауыттарында сақталады. Мемлекет астық қорын жинақтау, орналастыру, өңдеу және сақтау, оларды пайдалану, әрі Қазақстан халық шаруашылғының барлық салаларын астықпен қамтамасыз ету, астық қабылдау және астықты өндіру кәсіпорындарына жүктелген.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................
1 Технологиялық бөлім..........................................................................................
Жобалауға арналған бастапқы мәліметтер.......................................................
Астық жинағаннан кейінгі өңдеуде жобаланатын технологиялық сұлбаның сипаттамасы.........................................................................................................
Есептеу бөлімі.....................................................................................................
Есептеудің негізгі параметрлері........................................................................
Өлшеуіш қондырғыларды анықтау...................................................................
Автотүсіргіштердің өнімділігін және санын анықтау.....................................
Темір жол вагондарынан түсіру және артуға арналған қондырғылардың өнімділігін және санын анықтау........................................................................
Тасымалдау қондырғыларының керекті өнімділігін және санын анықтау
Астықты тазартуға арналған машиналардың керекті өнімділігін және санын анықтау.....................................................................................................
Өңдеуге және қалдықтарды тасымалдауға керекті қондырғыларды анықтау.................................................................................................................
Астық кептіргіштердің керекті өнімділігін және санын анықтау..................
Есептеу бойынша қабылданған қондырғылардың спецификациясы............
Жобаланатын кәсіпорынның бас жоспары.......................................................
Бас жоспардың жобалануы................................................................................
Бас жоспардағы ғимарат пен құрылыстың құрамы және олардың компоновкасы......................................................................................................
Бас жоспардың негізгі көрсеткіштері. Графикалық бөлім – Жобаланған кәсіпорынның бас жоспары ..............................................................................

4. Жобаланған кәсіпорындағы қондырғылардың техникалық эксплуатациясы..........................................................................................................
5. Техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау.....................................................
5.1 Астықты жинағаннан кейін өңдеуде орындалатын операциялар кезіндегі техника қаіпсіздігі.....................................................................................................
5.2 Жарылыс және өрт қауіпсіздігі..........................................................................
5.3 Өндіріс санитариясы және қоршаған ортаны қорғау.......................................
Қортынды
Әдебиет
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая по астық жинау технологиясы.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

Элеватордан және қоймалардан вагондарды және автокөліктерді арту және түсіруге шаруашылық территориясында  темір жол және автомобиль жақын келу жолдарын салу мүмкіндік береді.Ұзындық және жақын келу жолдарының сұлбасы үздіксіз алып беруді және жобаланған транспорт санының өтуіне жеткілікті болуы керек,ережелер мен есептеулерге жауап беруі тиіс.

Автомобиль  жолдары барлық ғимараттар мен құрылыстарға өрт жүктерінің кіруіне ыңғайлы болуы керек.

Өртке арналған су құбырларын гидранттармен орналастырады,мүмкіндігінше  сақиналы түрде,сумен үнемі қамтамасыз ететін немесе суға арналған артық  бактар болу керек.Кәсіпорынның аумағын  негізгі және автомобиль транспорты үшін негізгі және қосымша варата теміржол составтарын өткізуге арнайы ворота және өту будкасын салып қоршайды.

Персоналдар үшін арнайы раздевалкалар,душ жылы сумен,осы  ғимаратта киімді шаңдатпау үшін қондырғы орнатады,міндетті түрде буфет,бақытсыздық болған жағдайда алғашқы көмек көрсету пункті болуы керек.

Астық қабылдау элеваторында автокөлік транспортына қабылдау қондырғылары,сондай-ақ темір  жол вагондарына арту қондырғылары болуы керек.

Астық қоймаларын транспортпен тығыз байланысты.Оның нәтижесі жұмысына астықтың түсуін,сонымен қатар үздіксіз тұтынушыларға жеткізілуі іске асады.

Сондықтан кәсіпорынның бас жоспарын жобалағанда транспорттың барлық түрінің қатысуына барынша мүмкіндік жасайды.

Кәсіпорынның  автокөлік жолдары жергілікті жолдармен  байланысты және жабынмен жабылуы керек.Территорияға кіргенде жеткілікті аумақта автотұрақ қарастырылуы керек.Кіретін воротаның алдында астықтың сапасын анықтайтын лаборатоия болады.Территорияға кірер алдында воротадан 10...12 м арақашықта автомобиль таразылары орналастырады.

3.3 Бас  жоспардың негізгі көрсеткіштері

Территорияның жалпы өлшемдерін ғимараттардың  орналасу сызбасы бойынша аламыз: ұзындығы – 495, ені – 290 м, ал территорияның  ауданы – 143550 м2. Енінің ұзындығына қатынасы 0,58 болды. Бас жоспардағы құрылыс территориясының ауданы 40730 м2. Асфальттыбетонды ? (автомобильді жолдар, тратуарлар, площади) ауданы 40629 м2.

Темір жол асты жолдардың ауданы 7200м2.

Көгалдандыру  ауданы – 3900 м2.

Кз = Σ fз/ %

Таблица 1.1

Атауы

Саны 

Аумақтың ауданы,м2

 

Территорияның өлшемдері: ұзындығы

 

                                                ені 

 

Енінің ұзындығына қатынасы

 

Құрылыс территориясының  ауданы,м2

 

Асфальтті-бетондық жабын ауданы,м2

 

Теміржол ауданы,м2

 

Көгалдандыру  ауданы,м2

 

Қоршау ұзындығы,м

 

Құрылыс тығыздығы,%

 

Территорияны  қолдану коэффициенті

 

Көгалдандыру  коэффициенті

 

 

Өндіріс мекемесіндегі жобаланатын жабдықтардың техникалық эксплуатациясы

Сусымалы жүктерді тасымалдау үшін тік бағыттағы нориялар қолданылады. Эксплуатация кезінде  нория энергияның минималды шығынымен немесе шығынсыз жұмыс істеуі қажет, ең бастысы астыққа зақым келтірмеуі тиіс. Ол үшін жұмысты қадағалау қажет, сонымен қатар тез арада түрлі кемшіліктерден құтылу керек.

Норияның астықпен «үйіп кетуі». Бұл норияның артық  астықпен толып кетуі, бұл кезде шөмішті лента қозғала алмайды. Негізгі себептері: астықты беріп тұратын транспортерлардың жұмысы кезінде норияның тоқтауы, яғни қозғауыштың өшуі, белдеудің шығып кетуі, берілістің сынуы. Тоқтаудың алдын алу үшін тасымалдағыш – қоректендіргіштің электроқозғалтқышын норияның қозғалтқышымен блоктау керек, яғни нория қозғалтқышының тоқтауы барысында тасымалдағыштың электроқозғалтқышы автоматты түрде тоқтайды. Лентаны әрқашан жақсылап тартылған түрінде ұстау қажет. Нория басын қадағалау, шөміштерді қарап жүру керек. Норияның тастағыш аяғының және өзіндік ағатын құбырдың қоқыстанып кетуін жіберуге болмайды. Норияның кожухында тесіктердің болуынан, жақсы жабылмаған люктардан, жаман істейтін аспирациядан шаңның болуы байқалады. Шөміштерді бұзылып кетуінен қорғау үшін және оған ауыр қосполардың түсіп кетуін жою үшін норияны жүйелі түрде қадағалау және қалдықтарды арнайы тазалағыштармен (скребок) тазалау керек.

Сепараторлардың эксплуатациясы. Сепараторлардың эксплуатациясы үшін, елегіштердің дұрыс жиынынан басқа, елегіш кузовы (қорап) көлденен бағытта болуын, ал астық оның ені бойынша бірдей енінде 35-тен 50 мм-ге дейін жүруін қадағалау қажет. Үстіңгі елегіштерді тазалау және төменгі елегіштерді тазалайтын қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау қажет, оларды қағуға болмайды, тек сақтандырылған қолмен тазалау қажет.

Тұнба камерасын  қарап жүру қажет. Оған бірінші кезекте  түрлі жеңілқоспалармен қатар, ең салқын астық та түсуі керек, себебі ол арқылы ауа ағыны қозғалысының жылдамдығын  анықтайды. Қалдық арасында жақсы астық болмау керек. Астық тазалау дәрежесі тұнба камералардың, ауа өткізгіштердің және шаң бөлгіштердің қоқыстануынан байқалады.

Ленталы тасымалдағыштар  толық өнімділікте, көп қолданыстағы энергияның төмен шығынында астық  шығынсыз жұмыс істеу керек. Бұны тек дұрыс бағытталған техникалық эксплуатациямен қамтамасыз ету мүмкін. Тасымалдағыштардың жұмысы кезінде келесі кемшіліктер байқалуы мүмкін: лентаның бір жағына шығып кетуі, оның себебі бекіту кезіндегі тасымалдануы немесе оның еңкеюі; барабан қалбының дұрыс еместігі; астықтың лентаның бір жағына ғана түсуі, оның нәтижесінде лентаға қысым түсіріліп, оны бір жаққа жылжытып тастайды. Тасымалдағыштың толып кетуі, лентаның дұрыс тартылмауы, оның кірленуі, подшипниктердің сынуы, лентаға судың түсуі нәтижесінде лентаның текке айналуына апарып соғады. Лентада астықтың толып кетуі және оның төгілуі тасымалдағыштың деффектілерінен болуы мүмкін. Үшроликті тіреуіштердің болуынан лентаның бір жаққа жылжып кетуі нәтижесінде төгіліп кетуі мүмкін. Энергияның жоғары шығыны – подшипниктердің дұрыс жұмыс істемеуінен, шестернялардың дұрыс емес монтажынан көрінуі мүмкін. Технологтар үшін ленталы тасымалдағыштардың эксплуатациясындағы ең бастысы: астық шығынын тоқтату және оның бүлінуі нәтижесінде сапасының төмендеуі болып келеді. Сонымен қатар, максималды өнімділікті қамтамасыз ету қажет.

Астық кептіру  аппараттарын астық қалдықтарынан  және қоқыстардан толық тазалайды, ал от жағатын жерді күлден және шлактан тазартады. Астықты шахтылы  кептіргіштерде кептіру тек астықтан ауыр және жеңіл қоспаларды алып тастаған кезде болады. Ворохты тазалағыштарда тазаланбаған астықты кептіруге болмайды. Келіп түскен астықтың ылғалы кептіргіштердің қуатынан жоғарылайтын болса, оны қоймаларға, аймақтағы бункерлерге уақытша сақтауға жібереді. Кеппеген астықты кептіргіш бункерге қайта жібереді, ал кепкенін ары қарай технологиялық сұлба бойынша жібереді.

Кептіру бойынша  барлық жұмысқа жауапты – мастер. Әр жұмыс сұлбасында кептіруге жауапты  адам болу керек. Кептіруге жауапты  мастер электроэнергия мен жағатын отынның шығынын бақылайды, сонымен қатар әр сменадағы (ауысым) кептірілген астыққа есеп жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Қауіпсіздік  техникасы және еңбек қорғау 

5.1 Астықты жиниағаннан  кейінгі өңдеу операциясы жүргізудегі қауіпсіздік техникасы

Қазақстан республикасының  Конституциясының бекітілген еңбекті қорғау заңында: мемлекет еңбек шарттарының жақсарылуы туралы жұмыстар жүргізетіндігі барлық салаларында комплексті механизация мен комплексті процестердің автоматизациясы негізінде болашақта ауыр физикалық еңбектен құтылатындығымыз жазылған. Өндіріс территориясын жобалау және қондырғылау, сонымен қатар ғимараттар мен басқа объектілердің тұрғызылуын технологиялық процестің, қауіпсіздік техникасының және өндірістік санитарияның есебімен жүргізіледі.

Астықты өңдеу  өндірістерінде өндіріс процестері тез айналмалы, қозғалмалы жұмыс  органдары бар машиналардың қолданылуымен  байланысты, олар шумен және вибрациямен  бірге жүреді, ал олардың деңгейі  нормадан жоғары болып, жұмыскерлердің денсаулығына және еңбек өнімділігіне терістігін көрсетеді. Сондықтан диірмендерде зиянды вибрацияны төмендету үшін тербеліс жасап қозғалатын жұмыс органдары бар машиналарда қосарланған жұмыс органдарын қолданамыз, олар бір-біріне қарама-қарсы тербеліс жасап, тең өлшемде болады. Тербеліс жасап жұмыс істейтін машиналарды ғимарат құрылысынан виброоқшауланған амортизаторларда бекітеміз. Сорғыш және ауа шығарғыш ауа вентиляторлары бар ауа өткізгіштерді майысқақ патрубоктарымен қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.2 Өндірістік  санитария және қоршаған ортаны  қорғау

Жобаланатын мекемеде қазіргі нормаларға сәйкес жалпы  және арнайы тұрмыстық бөлмелерді және қондырғыларды салады: гардероб пен  душ бөлмесі, жуынатын, жиналатын, шылым  шегетін және т.б., сонымен қатар  асхана мен алғашқы көмек көрсетілетін медициналық пункт. Өз кезегінде еңбек өнімділігі мен нәтижесі көбіне санитарлы-гигиеналық нормалар мен шарттарға тәуелді болады. Жобаланатын мекемеде жұмыскерлерге барлық материалдық және еңбектің санитарлы-гигиеналық шарттары дайындалады. Өндірістік бөлмелердегі шарттар адам денсаулығына және еңбек қабілеттілігіне үлкен әсерін тигізеді. Ауа ортасын тазалау үшін және еңбектің қалыпты шарттарын жасау үшін ауаны вентиляциялау қарастырылған. Ғимараттар мен құрылыстарды жетілдірген кезде қолданылатын жабдықтардың акустикалық берілгендерін есептеу қажет және оның акустикалық активтілігін төмендетуге арналған шаралар дайындау қажет. Жіберілетін шаң концентрациясы 4 мг/м2 аспауы қажет.

Астыққа кететін  жанармай астық сапасының санитарлы-гигиеналық бағалауына, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына үлкен әсерін тигізеді, себебі жанармайдың толық жанбауынан қалған өнімдерде көп таралған канцерогенді заттардың бірі – тензапирен болады. Астық кептіргіштердің ағындық қондырғыларының жұмысын қамтамасыз ету қажет, оладың техникалық жағдайын бақылау қажет, жанармайдың толық жанып кетуін қадағалау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.3 Өрт қауіпсіздігі

Астықты бір  жерден еекінші жерге ауыстырған кезде транспорт жабдықтарынан  және силос жабдықтарынан шаң  көп мөлшерден бөлінеді. Шаң – өрт пен жарылыстардың қайнар көзі болып табылады. Шаңға қарсы күрес – астық өңдеу мекемелеріндегі өртке қарсы шаралардың ең маңыздысы.

Бункерлер- ең қауіпті  орын болып саналады, олар жабық  конструкциялы болып келеді және оларды толтырған кезде шаңның жоғары концентрациясы қалыптасады. Элеватордың жұмыс ғимаратының қайсы бір бөлмесінде пайда болған өрт саты торына тарайды, ал одан басқа бөлмелерге жайылады. Өндірістік корпустардың ғимраттары мен қоймалары найзағайдан қорғайтын қондырғылармен жабдықталған болу керек.

Өрттің пайда  болуына негіз болатындардың  жиі кездесетіндері:

    • Конструкциялық қателіктер (жанғыш құрылыс материалдарын қолдану);
    • Құрылыстық және монтаждық қателіктер;
    • Жөндеу жұмыстарының жетіспеушілігі және бөлмелерді тазалау, жинастыру жұмыстарының жоқтығы;
    • Ұқыпсыздық және абайсыздық.  

Сонымен қатар  мына жайтты есте сақтау қажет: астықты  сақтау мен өңдеу мекемелері жұмысның тұрақтылығы – өндіріс мекемесінің  инженерлі-техникалық комплекстің  сақталуын қамтамасыз ететін шарттарға тәуелді болады. Өртке қарсы бағыт, біріншіден өндірістік бөлмелерде және құрылыстарда шаңның жинақталуына қарсы бағытталған.

Аз көлемдегі  ядро жарылысынан кейін энргия көп  бөлінеді, ол өз кезегінде қоршаған ауаның қысымы мен температурасының тез көтерілуіне әкеліп соғады.

Өндірістік  мекменің өрт қауіптілігінің тұрақтылығын бағалағанда, объект орналасқан ауданның өрт жасауышын және оладың өрт  жүктемесін, ғимараттар мен құрылыстардың  конструктивтік және технологиялық  өртке қарсылығын, объекттің өртке  қарсы қамсыздандырылуын есептеу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

21-ғасыр барлық  жағынан қарағанда жоңары сапаның,  яғни жоғары сапалы өңімнің,  еңбектің, қызметтің ғасыры. Сапа  тауардың бәсекеге қабілеттілігін  туғызады, біздің жағдайда астық.  Аграрлық өнеркәсіп отандық тұтынушылар  алдында астық сапасын сақтаудағы  тапсырмасын орындауда. Бірақ біздің елімізде астықты дұрыс технологиялық өңдеу жоғары орында емес.  Бұл мәселенің шешімі өндірісті қайта жабдықтауға инвестиция салу және жаңа технология құру. Бұл мәселенің дұрыс шешілуі астық сақтау және өңдеу технологиясы аумағында мамандар дайындау деңгейіне тәуелді. Отандың өнеркәсіптердің шығарған өнімдері халықаралық нарыққа шығарумен айналасатын мамандар жоқ.      Бірінші өндірістік тәжірибе арысында байқағанымыз астық сапасына басты назар аударылады. Астықты қабылдағаннан дайын өнімді жіберуге дейін жоғары мамандандырылған мамандар жұмыс істейді, яғни олар бірінші орында астық сапасын бақылайды.


Информация о работе Астықты сақтағаннан кейін өңдеу