Әлемдік діндер-ислам және буддизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 18:38, реферат

Краткое описание

Алла тағаланың Жəбірейіл періште арқылы сүйікті жəне соңғыпайғамбары Мұхаммедке жіберген діні Ислам деп аталады. Ислам –адамдардың осы дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүрулерін,ахиретте мəңгілік бақытқа қауышуларын қамтамасыз ететін қағидаларжиынтығы. Ескі діндердегі барлық жақсы қасиеттерді Ислам өз бойынажинаған. Барлық бақыт пен жақсылық та сонда. Ислам саналы адамбаласы сөзсіз қабыл ететін негіздер мен рухани құндылықтардантұрады. Ал біз Интернет материалдарын пайдаланып дайындағанмақалада Исламға қатысты осы және басқа да мәселелер жан-жақты сөзболады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дін.docx

— 188.33 Кб (Скачать документ)

 

Әлемдік діндер әлемі: Ислам

Алла тағаланың Жəбірейіл періште арқылы сүйікті жəне соңғыпайғамбары Мұхаммедке жіберген діні Ислам деп аталады. Ислам –адамдардың осы дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүрулерін,ахиретте мəңгілік бақытқа қауышуларын қамтамасыз ететін қағидаларжиынтығы. Ескі діндердегі барлық жақсы қасиеттерді Ислам өз бойынажинаған. Барлық бақыт пен жақсылық та сонда. Ислам саналы адамбаласы сөзсіз қабыл ететін негіздер мен рухани құндылықтардантұрады. Ал біз Интернет материалдарын пайдаланып дайындағанмақалада Исламға қатысты осы  және басқа да мәселелер жан-жақты сөзболады.

Жаратылысында пəк болған жандар Исламға дұшпан болмайды. Исламның ішінде ешбір зияндылық жоқ. Ислам адамдарды бір-бірін жақсы көруге, бір-біріне жəрдемдесіп, бауырларша өмір сүруге шақырады. Мемлекеттерді дамытуды, адамдардың рух тұрғысынан еркін өмір сүруін қалайды. Алла тағаланың бұйрықтарын құрметтеуді, бүкіл тірі жанға мейрімді болуды бұйырады. Ислам жанды-жансыз əрбір жаратылғанға деген жауапкершілікті жүктенген. Жаман əдеттерден аулақ болып, нəпсіні тəрбиелеуге шақырады. Жалқаулыққа, уақытты бос өткізуге тыйым салып, ғылымға, техникаға, өнеркəсіпке, саудаға, егіншілікке, өнерге үлкен мəн береді. Діні, отаны, сенімі басқа болған адамдарға күш көрсетуге тыйым салады. Жеке адамның, отбасының жəне ұлттардың құқықтары мен міндеттерін көрсетеді.

Ислам үш негіз: білім, амал (əрекет) жəне ықыластан тұрады. Яғни, Ислам діні туралы білім алу, үйренгендерін жүзеге асыру, жасаған барлық ісін Алланың ризалығы үшін жасау керек. Ислам ғылымы – иман білімі, фиқһ білімі, қалб (көңіл-жүрек) білімдеріне бөлінеді. Мұсылман адам иман білімін Əһли сүннет ғалымдарының кітабынан алады. Амал білімін төрт мазһабтың фиқһ кітаптарынан алады. Əһли сүннет ғалымдары бұл деректерді сахабалардан алған. Ал сахабалар пайғамбарымыздан алған.

Басқа да әлемдік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып жатады. Бірақ, Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.

Ислам діні – әлемдік діндердің  ішіндегі ең жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында Араб түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректер мен аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер иелері болуымен бірге, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.

Мекке ерте заманнан-ақ діни орталық  болып саналатын. Меккенің орталығындағы  Зәмзәм су көзі, оның жанындағы Әулие Қағбатас көшпелі бәдәуилердің өз құдайына табынатын орны болды. Олардың бейнесі Қағбаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Қағба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректер де бар.

Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысуға қолайсыз. Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларының сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп, тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек болды. Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханиффизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде қалыптасты.

Ханифтер сол уақытқа дейінгі  үстем болып келген политеизмге  қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдайға жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан араб қоғамының жарлы-жақыбайлары ханифизмнен жақсылық көрмеді. Өйткені, бұл діни идеологияның үйретуінше, анық өмір, шын бостандық о дүниеде ғана. Ақырзаман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында тарай алмады.

Бірақ ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғышарты болды. Жаппай, жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасына жіберген өкілі бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің рөлін меккелік орта саудагер Мұхаммед (с.ғ.с) атқарды. Құдайдың пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед (с.ғ.с) ханифтер табынан шыққан. Ол 610 жылы жаңа дінді уағыздай бастады. Бірақ, Мұхаммед пен оның серіктестіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс енгіземіз деген ойлары Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа басшыларының құрығына түскен Мұхаммед (с.ғ.с) тобы 622 жылы Ясриб (Медине) қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды.

Ислам дінін уағыздаудың алғашқы  жолдары сәтсіздікке ұшырауына  бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей  әсер етті. Құлдық, кедейлік құдайдың маңдайына  жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұ дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал ете алмады. Сондықтан Құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі.

Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады. Себебі, Меккеде дін тарау үшін Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады. Екіншіден, меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды себебі де бар еді. Ислам дініндегі жалғыз құдай – Алла – құрайыш тайпасының құдайы болатын. Мұсылмандардың Аллаға тағзым ететін орталығы Қағба болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы себептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандар орталығына айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.

Ислам діні әдет-ғұрыпқа толы. Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, Ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат пен мән берілген. Құдайға құлшылық етіп табыну Ислам дінінде екі бөліктен тұрады. Біріншісі – міндетті түрде орындауға тиісті шаралар. Бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зекет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша «құдай-тағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер», яғни намаз оқып, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана «жұмақтың» төрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар «тозаққа» барады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап еткен. Екіншісіне ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтар арасында тарамаған.

Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Олардың барлығы әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты. Солардың ішіндегі кең тарағаны ораза мен құрбан айттар. Бұл айттардың алғашқы түрлері Ислам дінінен көп жылдар бұрын пайда болған және ораза ұстау мен құрбан шалу әдет-ғұрыптарына байланысты орындалып отырған. Ислам дінінде ораза және құрбан мейрамдары жаңа мәнге ие болды. Ораза мейрамы ораза біткеннен соң Рамазан айынан кейінгі Шаввал айының бірінші күні басталатын ауыз ашу (айт) мейрамы. Бұл мейрам кезінде мұсылмандар Ислам дінінің талаптарын толық орындауы тиіс. Кімде-кім ораза ережесін бұзса немесе ораза ұстамаса, ол күнәлары үшін айып тартуы – пітір-садақа беруі тиіс. Құрбан мейрамы ораза мейрамынан кейін 70 күн өткеннен соң жасалады.

Әулиелер аруағына табыну өте көне әдет-ғұрыптардың бірі. Бұл мәселенің де әлеуметтік мазмұны, саяси бағытының болғаны мәлім. Себебі, мұсылмандық әулиелер қатарына халифтер, сұлтандар, хандар мен билер, яғни өмірдегі алған орнын ол қайтыс болғаннан кейін де дәл айқындығынан айырамыз. Сол үшін олардың табытын сақтайтын күмбездер, мазарлар ислам діні тараған барлық жерлерде орын алды десек, қазіргі Қазақстан аумағында оның мәні, мазмұн-мақсаты өте жоғары. Мысалы, Қазақстан жеріндегі ерте дәуірдегі ірі қалалар Тараз, Сайрам, Түркістан, т.б. киелі жерлер мен орындардың өзі осы ойымызды толықтыра түседі.

Ислам дінінің пайда болған уақытынан  бастап-ақ, оны қостаушылардың және қарсы жақ өкілдерінің арасында түсініспеушіліктер болғанына тарихтың өзі куә. Соның салдарынан еркін  ойлы пікірлердің қалыптасуы, әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шығуы, ресми, табиғи ислам дінінің сунизм және шиизм сияқты екі бағыттың дүниеге келуін, ықпал үшін күрестің әсері деп білуіміз керек.

Суннизм – қоғам дамуының талаптарына  байланысты үстем тап қажетін өтеуге жеткіліксіз болды. Сондықтан заман ағысына қарай адамдардың өзара қатынасын, халифтің ірі феодалдардың ісін растайтын Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) тірі кезінде айтқан сөздері, істеген істері, дағдылары туралы қасиетті аңыздар деген хадистер жинағы кеңінен тарады. Сунна жекелеген топтардың, үстем таптардың мүдделерін қорғауға айналады. Біріне-бірі қайшы келетін хадистердің көбеюі оларды ретке келтіріп, жинақтауды қажет етті. Оның ішінде бізге белгілі «Алты сүнну» жинағы. Осы күнге дейін қадірлі деп саналатыны Бұхари Имам құрастырған жинақ «ас-Сахих». Сөйтіп, сүннәні құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсылмандар ахль-ас сүннә яғни сүниттер деп аталды.

Сопылық (дәруіштік) – Ислам дінінің алғашқы жылдары пайда болған аскеттік ағым. Ол IX ғасырда пайда болды. Дегенмен, бұл бағыттың алғашқы көріністері араб қоғамында VIII ғасырдың өзінде-ақ кездесетін. Ал кейіннен аскеттер киетін «софылық» деген киім атына байланысты ол сопылық деп аталды. Олардың негізгі мақсаты – шектен шыққан кедейлік, баспанасыздық, ауыр экономикалық жағдай, қарапайым адамдардың ауыр халден шығатын жол іздеуі болды. Ол жолды олар аскеттік өмірден көрді. Сопылардың фанатик-діншіл болуды үгіттеуі билікте тұрған дін иелеріне ұнады.

Кейіннен сопылар қауымы шығып, оны басқаратындарды «шейхтар» деп атады. Беделді шейхтар өз жандарында оқушылар ұстайтын. Олар Мюридтер (Мұрт) деп аталатын болды. Сопылар мектебі бірнеше ағымдарға бөлінді. Орта Азия мен Қазақстанда сопылар мектебінің Ясевизы, Нақшбандизм сияқты ағымдары пайда болды. Сопылықтың ең күрделі түрі дершивизм түрінде қазіргі Тәжікстан аумағында көптеп кездеседі.

Ислам дінінің басты уағыздары  мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхаммедтің (с.ғ.с) аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол Қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да жетерлік. Осындай діни қағидалар мен заңдармен қатар, Құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемде тіршіліктің жаратылуы жайында да көптеген жорамалдар бар.

Дін – Құранның негізгі нұсқасы, ол жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште Құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты. Пайғамбар (с.ғ.с) мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткен оқиғалар мен болашақтың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан, Құран – өмірдің шын мәніндегі ережесі және кез келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешкім де шек келтіруге тиіс емес. Өйткені, оны Құдайдың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді.

Мұсылмандар Құранның өзі мен мазмұнын ғана емес, әрбір әрпі мен қағазын да қасиетті санайды. Құран сөзіне еш нәрсені теңемейді, Құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі. Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында Құраннан нанды жоғары қою дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып Құранды алуға болмайды.

Құранның 12-сүресінің 2-аятында Құдай  атынан: «мен оны (Құранды) сендерге түсінікті  болсын деп араб тілінде жібердім»  делінген. Кейін Ислам діні басқа  елдерге тарай бастаған кезде  мұсылман дін басылары Құранды бөтен  тілге аударуға тыйым салады да, «Құран оқу құдайға құлшылық ету  араб тілінде болсын» деген тәртіп енгізеді. Мұның араб тілін білмейтін мұсылмандар арасында «Құран қасиетті кітап» деген сенім орнап, оған сыйынып, жалбарынды.

Құран орта ғасырдың бас кезінде  таяу шығыс елінде көптеген авторлардың  көмегімен бірте-бірте жазылды. Оны жазуға, толықтырып түсіндіруге ғасырлар бойы діншіл ұрпақтың бірнеше өкілі қатысты. Құранның соңғы түрі Ислам діні шыққаннан кейін белгіленеді: Мұхаммедтен (с.ғ.с) кейін болған халифтер тұсында құран жинағы болмады. Құранның ұмыт болу қаупінен сезіктенген халиф Әбу-Бәкір Құран үзінділерін жинақтауды әмір етті. Халиф Омардың тұсында ғана Мұхаммедтің өсиеттерін Медине мұсылмандары жинай бастады. Олар Мұхаммедтің (с.ғ.с) ел аузында жүрген аңыздарын қағазға, тастарға, сүйектерге жазылып қалған сөздерден, ауызекі айтылып жүрген әңгімелерден жинап құрастырды.

Құран ертедегі араб тайпасы Куфа тілінде, қара сөзбен жазылған. Бұл  тілді білмейтіндер оның әсерлі үнінен ғана рахат көреді. Құранда барлығы 114 сүре, 6225 аят бар. Әр сүредегі аят саны біркелкі емес: кіріспеден екінші сүреде 286 аят, ал 110 сүреде небәрі 3 аят қана бар. Қазіргі Құранның өзі де әртүрлі. «Медине құранында» аяттардың саны 6000. «Куфа құраны» мен үнді мұсылмандарының құранында 6232 аят бар, шииттер қолданып жүрген құранда 115 сүре бар. Сүрелер көлеміне қарай орналасқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта, соңында қысқа сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады.

Діннің түпкі мәні – барлық адамдарды  өзара бейбіт өмір сүруге шақыру, олардың өзара бауырластығын нығайту. Кейде діни ұрандар көтеріп, барша адамдық құндылықтарды бүлдіретін экстремистік ағымдар пайда болып жатады. Мұның өзі діни басшылардан дін мақсат-мүддесінің жарқындығын ашып көрсетуді, сөйтіп, адамдар арасында сүйіспеншілік пен келісім орнығуы үшін оны кеңінен таратуды талап етеді.

Өзара сыйластық, өзара түсіністік, басқа адамдардың ерекше құрметтейтіндеріне құрметпен қарау сияқты жоғары құндылықтар – барша адамдар арасында бейбітшілік, туыстық, сүйіспеншілік, толеранттық қағидаларын таратудың маңызды шарттары саналады. Және де барлық діндер осынау шындықпен қандай түрде болсын тығыз байланысты. Қандай да бір дінмен тек өздері ғана байланысты деп және осы шындыққа тек сол дін ғана иелік етеді деп есептеу әрі мұндай түсінік, әрине, диалог орнатуға кедергі келтіреді. Сондықтан айырмашылық белгілерін іздестіруден гөрі, құдайшылық деп табылатын жалпы сипаттарды іздестіру дұрыс жол болып табылады.

Информация о работе Әлемдік діндер-ислам және буддизм