Әлемдік діндер-ислам және буддизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 18:38, реферат

Краткое описание

Алла тағаланың Жəбірейіл періште арқылы сүйікті жəне соңғыпайғамбары Мұхаммедке жіберген діні Ислам деп аталады. Ислам –адамдардың осы дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүрулерін,ахиретте мəңгілік бақытқа қауышуларын қамтамасыз ететін қағидаларжиынтығы. Ескі діндердегі барлық жақсы қасиеттерді Ислам өз бойынажинаған. Барлық бақыт пен жақсылық та сонда. Ислам саналы адамбаласы сөзсіз қабыл ететін негіздер мен рухани құндылықтардантұрады. Ал біз Интернет материалдарын пайдаланып дайындағанмақалада Исламға қатысты осы және басқа да мәселелер жан-жақты сөзболады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дін.docx

— 188.33 Кб (Скачать документ)

Жеке қауіпсіздік ұжымдық қауіпсіздікке  байланысты болады. Бұл ретте діни айырмашылықтың мәні жоқ. Белгілі бір қоғамның қауіпсіздігі бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне тікелей тәуелді. Адамдар қауіпсіздікті бұзатын емес, оны нығайтатын жолдарды зерттеп білуі керек. Сондай-ақ күші мен қауіпсіздігі жеткілікті бір топ жер бетінде өздері сияқты болмағанымен тағы басқа топтың бар екендігіне шүбә келтірмеуі тиіс. Әлемдегі лаңкестіктің тарихы мен оның терең тамырларын зерттеушілер бұл дерт бір адамдар қауіпсіздіктің рахатын көріп, екінші бір топ үрей-қорқынышты бастан кешірген ортада туындайтынын байқай алады. Бір топ жақсы өмір сүріп жатқанда, екінші бір топтың проблемалары шаш-етектен болуы өкінішті-ақ.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы сөз  халықаралық қауіпсіздік туралы сөзбен сабақтас. Халықаралық қарым-қатынас өзара сыйластықпен сипатталады және қоғамның әл-ауқаттық жалпы мүдделеріне қызмет етеді, мұндайда қауіпсіздіктің шеңбері де кеңейіп, адамдардың жүрегінде әдемі әсер қалдырады. Осының бәрі өмірдің діни, саяси, әлеуметтік, экономикалық жақтарын қамтиды. Міне, осы арада діни басшылардың өз ықпалын үкіметтердің халықаралық проблемаларға қатысты саясатына жұмылдыратын кезеңі туды. Кейбір мемлекеттердің саясатын діни және идеологиялық қитұрқыларының реттеуі өте қауіпті. Шешімдер қабылдауда оның басқа елдерге зиян келтіруі мүмкін теріс рөл атқаруы ықтимал. Сондай-ақ заңды құқықтар жөнінде әділдік қағидаларының бұзылуына әкеп соғары даусыз. Мұның өзі халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қатерге ұшыратып, проблемалардың көбеюіне жағдай туғызады.

Дін – жеке адамдық емес, ұжымдық  құбылыс. Дін адамдардың бір-бірінің қанап, жәбірлеуіне тыйым салады, сондай-ақ жаман әдеттің таратылуына рұқсат етпейді, адамдарды өз туыстарына, жақындары мен көршілеріне сүйіспеншілікпен қарауға, әлсіздерді қорғауға үндейді және тіпті өзінің жауы болса да барлық адамдарға әділеттілік қағидалары тұрғысынан қарауға шақырады. Сондықтан біздер, мұсылмандар, Құраннан бұрынғы жіберілген кітаптар да осы құндылықтарға шақырғаны, барлық діни үндеулер бір мақсатқа, жақсылыққа жету ниетіне құрылғаны тұрғысындағы ашық мәтіндерді таба аламыз. Және де егер біз осы мақсатты түсінсек, онда барлығымызға Алла жіберген дін біреу ғана деп айтуға болады. Сондықтан бұрынғы өткен пайғамбарлардың өздерінен соң да пайғамбарлар келетінін алдын ала болжағаны және соңғы пайғамбарлардың бұрынғыларды мойындағаны таң қаларлық емес.

Қауіпсіздік қоғамдық, саяси, халықаралық  болып келеді. Ол біздерден «қауіпсіздік»  түсінігін дұрыс сараптауды талап етеді. Қауіпсіздік – адамдарға жат сөз емес. Қауіпсіздіктің бірнеше құрамдас бөлігі бар. Бұлар: жан, дін, сенім, дінге сену, тұлға, т.б. Барлығы да адамды аяғынан тік тұрғызуға және тәрбиелеуге өз үлестерін қосады. Адам өмірімен байланысты басқа құндылықтарды мына элементтер құрайды: жер, отан, саяси режим, әйел, балалар, қаржы, мұнан басқалардың бәрі тұлғаны қалыптастыруда недәуір рөл атқарады. Олай болса, қауіпсіздік дегеніміз – адамды барлық қауіптен қорғау. Себебі, бұл қауіптер «қауіпсіздік» түсінігінің құрамдас бөлігі боп табылады.

Қауіпсіздік факторлары. Біз о бастан қандай факторлар қауіпсіздікке  қауіп төндіретінін түсінуіміз қажет. Біле білсек, кедейлік пен надандық, басқаны жаулап, басып алу, құқықтық нормативтердің болмауы – қауіпсіздіктің қас жауы, қауіпке апарар тура жол. Керісінше, кедейлікті жою, білім беруді кеңінен тарату, құдайға сену, адамгершілік мәселелеріне көңіл бөлу – тұрақтылық пен қауіпсіздік факторлары. Дін әлемдік және аймақтық деңгейде қауіпсіздіктің ең басты факторы болып отыр. Осылайша қауіпсіздік пен оның факторлары – сенім мен екі жағдайда дінге сенудің нәтижесі: дінді жаратушының жібергенін мойындау және діни сенімдерді қолданудың қажеттілігі.

Діннің адамдарды ұйымдастыруда, олардың іс-әрекеттері мен сезімдеріндегі рөлі айрықша, өйткені, дінді пайдаланып асыра сілтеу жақсылыққа апармайды, ол адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан да дін екі жүзді өткір пышақ секілді. Ол халықаралық қауіпсіздіктің басты факторына айналып кетуі мүмкін. Ал дінді террордың құралына айналдыру қайшылықтар мен қауіпсіздіктің бұзылуына алып келеді.

Ислам діндердің барлық түрлерін құрметтейді, себебі барлық діндердің тамыры біреу. Қасиетті Құран Кәрімде былай делінген: «Біз Аллаға, өзімізге түсірілген Құранға, Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұптарға және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұса, Ғайсаларға, сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынан түсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларына айырмашылық жасамаймыз» (Әли Ғымран сүресі, 84-ші аят).

Басқаша айтқанда, ислам Мұсаны, Исаны  және басқаларды көктен рух берілген періштелер санайды. Көптеген бұрынғы христиандардың, иудейлердің Мұхаммедтің (с.ғ.с) өкілдігін мойындауы, ал бәзбіреулері оның көзі тірісінде ұстаз іздеп Арабияға баруы көнедегі жалпыға ортақ ілімнің сабақтастығына деген сенімді нығайта түсті. Бұл исламнан бұрынғы діндер әртүрлі нұсқа болғандығын білдіреді.

 

 

Әлемдік діндер әлемі: Буддизм

Пайда болу тарихы

Буддизмге қатысты Интернет материалдарын  сүзіп шыққанда, осы діннің Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға б.д.д. І мыңжылдықтың ортасынан бастап таралған әлемдік үш діннің бірі екеніне көзіміз айқын жетті. Қазір Үндістан, Қытай, Жапония, Бутан, Вьетнам, Камбоджа, Малайзия, Корея, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Непал, Тайланд, Тибет, Шри-Ланка елдеріне кеңінен тараған. Ол Христиандықтан – 500, Исламнан 1200 жыл бұрын пайда болған. Оны ұстанатындардың саны 300-ден 350 млн. адамға жуық деген болжам бар. «Будда» деген сөздің өзі санскрит тілінен аударғанда «ағартушы әулие», «ақылман» деген сөзді білдіреді екен. Буддистердің түсінігі бойынша ақыл-ойдың асқарына жеткен жер бетіндегі кез келген пенде будда бола алады. Осындай буддалардың бірі деп танылған Шакьямуни «құтқару» ілімін ойлап тапты. Оны санскрит тілінде «Дхарма» деп атайды. Сайып келгенде, «будда» дегенде алдымен Шакьямуни еске алынады.

Сиддхартха Шакьямунидің өзі нақты  тұлға ма, әлде оның дінін құрастырушылардың  фантазиясынан туған мифологиялық кейіпкер ме – ол арасын ғылым әлі  ажырата алған жоқ. Әйтеуір оның өмірбаяны туралы «толық деректер» біздің дәуіріміздің ІІ-ІІІ ғасырларынан белгілі. Онда Шакьямуни (Будда) біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Үндістанда (Непал) өмірге келген деп айтылады. Оның әкесі Майя халқының шакья атты табының көсемі болған. Бірақ Шакьямуниді Буддизм дінін жалғыз ойлап шығарушы деп атаудың дұрыс еместігі анық.

Буддизм бір Жаратушы бар дегенді теріске шығарады. Бірақ материяның мәңгілігін, жаратылыстардың бірінің орнына бірі келіп, айналып тұратынын мойындайды. Буддизм бойынша жарық әлем, азап пен рахат – жаратылыстың көрінісі ғана. Азаттықтан, рахаттан бас тарту, яғни адам өзін ғана ойлауы және осының салдарларынан тыйым іздеу арқылы нирванаға кіреді. Ал бұл – ешқандай тілек, ой болмай, жанның толық тыныштық табуы деген сөз. Басқа тілмен айтқанда, бұл – психикалық ғайыптық. Будда оқуы өмірді қасірет деп санайды. Адам нирванаға ұмтылуы керек. Будда бойынша пенде шаттық өмірге, рахатқа өз ерік-жігерінен бас тартып, зұлымдық пен жамандықты білмей, аскеттікпен өмір сүріп, қоршаған ортаның бәріне махаббатпен қарап және біреу үшін өзін құрбандыққа шалуға үнемі дайын болған жағдайда ғана жетеді. Осыны уағыздаған және өздерін көркем мінез-құлықпен танытқан буддистер діндерін кеңінен тарата білді.

Буддизм толық өлім жоқ, адамның  тәні өлгенде жаны басқа адамға, тіпті жануарларға беріледі дегенді уағыздайды. Осы идеяға елітушілер өте көп, «мен бұрынғы өмірімде кім болдым екен, қыз болдым ба, ұл болдым ба, ит болдым ба, құс болдым ба, әлде аң болдым ба» деген сұрақтың жауабын іздегісі келетіндерді көріп жүреміз. Өз бойындағы қандай да бір итке (жағымпаздық), қасқырға (қомағайлық), т.б. ерекшеліктерді аңдап қалса, мен бұрын сол болған екенмін ғой деуші жастарды да жиі ұшыратамыз. Ал біздің Ислам дінінде жан өлмейді. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан», дейді Абай. Ал «мен» деген: «Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі», дейді және данышпан. Демек, «мен» деген жан. Тән өлгенде оны Әзірейіл періште денеден шығарып әкетіп, Барзақ әлеміне жібереді. Оның орны Аллаға ғана мәлім. Ақырзаман болып, адам Қиямет қайымда қайтадан тірілгенде ол өз тәніне қайтадан қосылады да жауапқа тартылады, дейді біздің дін. Христиан дінінде де солай, адам өлгенде жаны тәнді уақытша тастап кетеді де, артынан тірілгенде (воскресение) қайтадан табысады. Ал Будда жанның басқа тәнге енетінін айтады, тіпті адам, жан-жануар емес, өсімдікке де беріледі дегенді уағыздайды. Осының өзі оны тануға деген қызығушылықты оятады. Ислам мен Христиандық болса, адамдар өздерінің бұрын өмірде басқа адам немесе аң, құс кейпінде болғанына қандай да бір дәлел «табуын», тіпті кітаптан, теледидардан кейбіреулердің бұрын апаттан, кісі қолынан ерте ажал тапқандардың жаны қазір басқада болуы себепті «бұрынғы өмірінің» фрагменттерін еске алуын – адамдарды дұрыс жолдан адастыруды ғана ойлайтын жынның әрекеттері деп бағалайды.

Буддизмнің өз өміріңді немесе басқаның өмірін үзуге болмайды, алдама, ұрлық қылма, кісі еңбегін жеме, мас қылатын сусындарды ішпе деген секілді негізгі тыйымдары басқа да әлемдік діндерде бар. Сонымен бірге, Будда әрқашан да сабырлы, мейірімді болуға, ешкімге ашуланбауға, қымбатшылыққа ұмтылмай, қарапайым ғана өмір сүруге және адамдардың өмірін қиятын соғыс, терроризм сияқты басқа да қырғындарды болдырмауға үндейді.

Буддизмнің негізі бір болғанымен, ілімі әр елде әртүрлі болып келеді. Ондай ағымдарға бөліну басқа да әлемдік діндерде бар екенін білеміз. Исламның өзі сүннит пен шиит секілді екі үлкен ағымға, олардың төрт түрлі мәзхабтарға бөлінетіні белгілі. Христиандықтың да католик, православие, протестант сияқты үш үлкен ағымнан басқа толып жатқан секталарға бөлінетіні тағы мәлім.

Буддизмнің екі үлкен ағымының атаулары: махаяна және тераведа. Соның ішінде, санскриттен қазақшаға аударғанда «үлкен дөңгелек» немесе құтқарылудың үлкен жолы деген мағынаны білдіретін махаяна либералды бағытта да, «дана қарттың жолы» деп танылған теравада консервативтік бағыт ұстанған. Сондай-ақ ваджраяна деп аталатын да үлкен ағым бар. Оны кейде махаянаның бір түрі десе, көп оқымыстылар өз алдына ағым деп атайды.

Бір Құдайдың барлығын танымағандығына қарап, Буддизмді кейде атеистік жолдың бір түрі деп танушылар да бар. Дегенмен, оны діни-философиялық ілім деп бағалаушылар көп.

Аңызға қарағанда, Сиддхартха Шакьямуни айрықша бала болған. Ол туарда шешесінің түсіне адамның ақылы жетпейтін өте үлкен ақ піл енген. Осыдан шошынған әйел өзінің ерекше бала туатынын сезеді-міс. Айы-күні жеткенде бала әйелдің жатырынан емес, қолтығынан туады… Сол елдерде болған Асита есімді бір данагөй баланың дін жолында орасан зор өзгерістер жасайтынын айтыпты. «Егер принц сарайда қалып, ел билеуші болса, ол бүкіл әлемді өзіне бағындырады. Ал дін жолына түссе Будда болып, әлемді құтқарады», депті Асита. Балаға Сиддхартха, яғни «өзінің міндетін орындаушы» деп ат берген де сол екен.

Көсемнің сарайында өскен балаға әкесі өмірдің қиындығын, азапты жолын көрсетпеуге тырысады. Бірақ ерекше сезімі бар ол өмірде қайғы-қасірет көп екенін түйсініп, толып жатқан аурулар барын біліп, кәрілік жетіп, адамның өлетінін танып, қалың ойларға батады. Адамға азап шектіретін не екен деген ой жатса да, тұрса да оның басынан кетпейді. Ақыры, «сарайдың тамаша сәулеті, тән саулығы, жастық – бәрі баянсыз дүниелер емес пе? Күндердің бір күнінде мен де ауырамын, қартаямын, сосын жұрттың бәрін теңгеретін өлім жетеді. Осыдан шығатын жол болуы керек қой. Жылуға қарсы тұратын суық, жарыққа қарсы тұратын қараңғы бары сияқты қайғыға қарсы тұратын бақыт болуы керек, мен соны табуым керек» деген оймен 29 жасында  Сиддартха бала-шағасын тастап, туған үйінен безіп, диуана болып, ел кезіп кетеді. Менің мақсатым: адамды азаптан құтқару жолын табу, дейді ол сұрағандарға. Ақыры, жеті жыл бойы қаңғырған соң, бір күні Урувилва деген жердегі Наиранджаны өзенінің жағасында (қазіргі Үндістанның Бихар штаты) отырғанда ол адамды азаптан құтқаратын «төрт игілікті ақиқатты» табады.

Будда ілімі

Сонымен, Будда ілімінің негізі болған төрт ақиқат дегеніміз не? Олар азап туралы (немесе азаптың ақиқаты). Басқаша айтқанда, тіршілік дегеніміздің өзі – азап шегу. Екінші ақиқат – азаптың себептері (немесе азап себептерінің ақиқаты). Ол адамның құлқында: яғни, өмір сүруге, рахатқа, билікке, байлыққа, т.б. ынтықтығында. Үшінші ақиқат азаптың аяқталуы (немесе азап аяқталуының ақиқаты) және азапты аяқтауға бастайтын жолдар (немесе азапты аяқтау жолдарының ақиқаты) туралы деп аталады. Будданың ілімі бойынша адамның өмірі қайғы-қасірет пен азаптан ғана тұрады. «Туудың өзі – азап, қарттық – азап, ауру – азап, ұнамайтын жанмен қосылсаң – азап, қалаған нәрсеңе қол жеткізбесең – ол да азап», дейді Будда. Ал азаптың себебі – пендешілік тауқыметтерге байланып, өмір сүруге ынтық болуда. Осы ынтықтық пендені бір азаптан екінші азапқа сала береді. Барлық тілектерді басу жолымен ынтықтықты жойғанда ғана азап аяқталады, дейді Будда. Қорыта айтсақ, бұл ілім бойынша адам өзінің бойындағы өмір сүруге деген барлық пендешілік ықыластардан, барлық тілектерден, барлық құмарлықтан бас тартуы керек.

Тілектер мен құмарлықты қалай  жоюға болады деген сұраққа азапты аяқтау жолдары туралы деп аталатын жоғарыда аталған соңғы ақиқат жауап  береді. Бұл ақиқат көздеген мақсатқа жетудің шыншыл дін, шыншыл шешім, шыншыл сөз, шыншыл істер, шыншыл өмір сүру, шыншыл талпыныс, шыншыл ойлар, шыншыл пайым сияқты сегіз жолы бары айтылады. Басқаша айтқанда, бұл дұрыс түсінік, дұрыс пиғыл, дұрыс сөйлеу, дұрыс мінез-құлық, дұрыс өмір сүру, дұрыс ұмтылыс, дұрыс қамқорлық, дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. Осы сегіз жолды бұзбай жүрген адам ақыры кемелдікке қол жеткізіп, архат-әулие деген атаққа ие болып, нирванаға кіреді, дейді Будда. Жоғарыда айтқанымыздай, нирвана дегеніміз барлық данышпандар қол жеткізуге ұмтылатын идеалдық жағдай. Бірақ буддистік әдебиеттерде оның нақты анықтамасы жоқ. Кейбіреулердің пікірі бойынша, нирвана тіршілікті жою десе, екіншілері танымды тіршілікті жойып, басқа, танылмайтын әлемге өту дейді.

Бір тіршіліктен екіншісіне өтудің мәңгілік жолдарын буддистер сансарлар деп атайды. Олар барлық жан иесінің бір тіршіліктен екіншісіне өтерде (айналуда) қаптаған азапты бастан кешіретінін айтады. Өлім адамды тіршіліктің азабынан құтқара алмайды, өйткені, оның артынан басқа өмір туады. Сондықтан сансарлардың азапты жолынан шығудың бір-ақ амалы бар. Ол – архат-әулие қатарына қол жеткізіп, ақиқатты тануда. Сонымен бірге, Будда, қайта туу барысында адам, жоғарыда айтқанымыздай, жан-жануар, өсімдік, тіпті жын-шайтан түріндегі тіршілік иесі болуы да мүмкін дейді. Әрине, қайта туғанда қайтадан нақ адам кейпінде өмірге келудің маңызы зор. Өйткені, нирванаға пенде адам түрінде ғана ене алады. Ал архат-әулие дәрежесіне адам өзінің іс-әрекет, ақыл, ой-пиғыл амалдарын салып, жоғарыда айтылған жолдарды қатаң ұстағанда ғана қол жеткізеді.

Информация о работе Әлемдік діндер-ислам және буддизм