Таңдалып қабылданған шешімдердің негізделуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 17:26, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары байланыс саласының дамуында оптикалық кабелдер (ОК) мен талшықты оптикалық тарату жүйелері дамуы қарқынды жүре бастады, өйткені, олар басқа кабелдер мен байланыс жүйелерімен салыстырғанда өз сипаттамасы жағынан алда тұрады. Оптикалық жүйелер мен кабелдер тек қалалық және қалааралық телефон байланысында ғана емес, сонымен қатар телевиденияда, бейнетелефонияда, радиохабарда, есептегіш техникада және т. б қолданыла бастады. Талшықты оптикалық байланысты қолдану радиорелейлік және спутниктік байланыспен салыстырғанда тарататын хабар көлемі әлдеқайда жоғары, өйткені, ТОТЖ-нің өткізу жолағы кең және сыртқы электромагниттік әсерлерге төтеп беру жағынан, ауа райының қолайсыз кезінде де сенімді байланыс ұйымдастыруға тиімді.