Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 19:18, дипломная работа

Краткое описание

Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7
1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары...........................................................36
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.......................40


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қалдибекова Құндыз диплом.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

Криминологиялық зерттеулерге сүйенсек, барлық «бос уақыттағы» құқық бұзушылықтың 80%-нан астамы 16 сағат пен 24 сағат аралығында жасалады екен. Ата-ананың әлеуметтік қауқарсыздығы, әдепсіз өмір салты, маскүнемдік, әсіресе әйелдердің ішімдікке салынуы балалардың қауіпті ортаға түсу мүмкіндігін арттырды. Соттар жылына ата-ана құқығынан айыру туралы 23 мыңдай іс қарайды екен. Қамқоршы органдарға да соншалық іс түседі. Қазақстан Республикасы ІІМ есебіне жүгінсек, соңғы 6 жыл көлемінде Республика аумағында қылмыстың 42%-ын жасөспірімдер жасап отыр. Отбасыларында, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде, оқу орындарында, балалар үйлері мен интернаттарда, жабық арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерінде балаларға қатыгездік көрсету, ар-намысын таптау, психикалық және тәндік зорлық-зомбылық жасау жиі кездеседі (барлық балалар жарақатының 70%-ы отбасында, тұрмыста болған). Қатыгездікке шыдай алмай жылына 2 мыңдай бала өзіне өзі қол жұмсаған, 30 мыңға жуығы өз үйінен, 6 мыңдайы балалар үйінен және мектеп-интернаттардан кетіп қалады. Шамамен 5-7 мың жасөспірім қылмыстық озбырлықтың құрбанына айналады. Ішкі істер органдары жыл сайын 5 мыңнан аса балаға іздеу жариялайды. Балалардың жүріс-тұрысын ата-аналардың бақыламауы, оларды өз бетімен жіберуі, нені қызықтайтынын, қалай оқитындығын білмеу және т.б. немқұрайдылық педагогика тұрғысынан алғанда «қиын» баланың қалыптасуына жағдай тудырады, ол алғашында ұсақтан бастап (карта ойнау, ішімдіктің, есірткінің дәмін тату, ұрлық және т.б.), кейін елеулі құқық бұзушылыққа барады. Ішкі істер органдарының әсіресе, бұрын жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу міндеті жүктелген бөлімшелердің жұмысындағы кемшіліктер мен қателіктер. Бұл, ең алдымен, ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелердің құқық бұзушы жасөспірімдерді, қолайсыз отбасыларын дер кезінде анықтау жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшіліктер; криминалдық полицияның жедел тобының кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тез ашып, жастардың қылмыстық тобын ыдырату жөніндегі жұмысында орын алып отырған кемшіліктер; кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын ерте бастан болдырмауға бағытталған іс-шараларды жоспарлаудағы кемшіліктер; ішкі істер органдарының мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара байланысының нашарлығы. Беделі бар қылмыскерлерге еліктеу, солардай болуға ұмтылу, олардың өмір салтына қызығу кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына қалайда теріс ықпалын тигізетіндіндігі жұмыста ашық айтылады [32].  
         Сонымен қатар, статистика бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыс ауылды жерге қарағанда қалалық жерлерде 2 есе көп жасалынады екендігі, оған мынадай жағдайлар әсер ететіндігі көрсетілген: 1) отбасындағы байланыстың нашарлауы, күнұзақ жұмыста болғандықтан ата-аналардың баланың жүріс-тұрысын бақылай алмауы; 2) қылмыстық элементтердің қалаларда шоғырлануы, ал олардың бір мақсаты – жастарды қылмыстық әрекетке тарту; 3) қалаларда мінез-құлқы қоғамға жат адамдардың өзара байланысу, топқа бірігу мүмкіндіктері зор; 4) кәмелетке толмағандардың ересектердің көзінен таса жерде уақыт өткізуге мүмкіндік табуы; 5) тұрған жерді тез ауыстырып, сол қала аумағында басқа жерге оңай жинала салу мүмкіндігі; 6) тұрған жері мен бос уақытын өткізетін жер аралығының алшақтығы, мұндай жағдай әсіресе отбасылар бір жерден екінші орынға жаппай көшкенде болады, балалар бос уақытын бұрынғы тұрған жерде өткізуге ұмтылады; 7) қалада материалдық қаражатты қылмыстық жолмен табу оңай; 8) қалада жастарды өзіне тартатын «бұзылған» жерлер жеткілікті; 9) ауыл жастары сияқты табиғатқа жақын емес, оларда мейірімділік, басқаларды аяушылық сезімі жақсы қалыптаспайды; 10) ауылдағы сияқты емес, төңірегіндегілердің пікірімен онша санаспайды; 11) ауылға қарағанда қалада кәмелетке толмағандардың бос уақытты өткізуі көп шығынды керек етеді және жастарға арналған демалу орындарының болмауы құқыққа қарсы мінез-құлықтың асқындауына алып келеді.  
Осыған байланысты, бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік жағдайды арттыру басты мақсат екендігі, қоғам өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның жеке басының әлеуметтік жағдайы (жұмыссыздық, кедейшілік және т.б.) психикаға тікелей әсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады). Бұл нақты мән-жайлар адамға теріс ықпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайтындығы, сондықтан, кез-келген іс-әрекет адамның жеке басымен тығыз байланыстылығы дәлелденген.

Болашақ өмірі мен тағдырын  бейтарап  қалдырмайтын  кез-келген  адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.

Құқық бұзатын жасөспірімдердiң есейе келе, өздерiнiң жасаған қылмыстық әрекеттері үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Құқық бұзатын жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерді көбінесе қалада жасауы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептермен түсіндіріледі. Жасөспірімнің өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезулер, қылмыстық әрекеттің алғы шарты  бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақта істейтін қылмыстық әрекетқе жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе жасөспірімдер бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын жасөспірімдер айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады.

Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б.

Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан өз көрінісін табуда. Қазіргі кезде әлеуметтік-психолог және құқық қорғау органдарының зерттеулері бойынша, жасөспірімдердің мүліктік қылмысқа баруы 7,8  пайызды, ал жеке адамның затын ұрлау 49,4 пайызды, мемлекет және қоғам мүлкін ұрлау 1,7 пайызды, тонау мен шабуыл 11,2 пайызды көрсетіп, қылмыс санының көбеюіне әсер етіп отыр [33].

Мысалға, А.Ф.Парницевтің мәліметтері бойынша жасөспірімдер тобында қызғушылық пен еліктеудің жоғары деңгейі, топ мүшелерінің өз дегеніне көндіруі, көңілкүйдің өзгеруі, қылмыстық акт барысында өзге топ мүшелеріне берілуі байқалады, жасөспірімдердің кез-келген тобында қандай да мөлшер болатыны бәрімізге белгілі [34]. Бұл жағдайда адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің бірдей еместігін, психофизиологиялық-психологиялык қасиеттері тұрғысынан (ерік, ақыл-ой) әр түрлі болуымен түсіндіріледі. Қылмысқа барған жасөспірімдердің психикасының жас балалар мен ерсектердің психикасымен салыстырғанда өзгешелік бар. Бұндай өзгешеліктер импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез түсушілік, көңілкүйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздік бiлдiруі, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндануы болып табылады. Олардың бойындағы психикалық қасиетер мәселен, мақсаттылық пен табандылыққа, тұрақсыздық пен өзiн-өзі сыйламаушылыққа, сенімсіздік пен жабырқаушылыққа жиі алмасып отырады. Жасөспірім бойындағы осы қасиеттер олардың құбылмалылығын көрсетеді. Бұл сияқты құбылмалы,тұрақсыз психикалық қасиеттер-қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай  түсіп кетуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Қылмыстық әрекеттің басты себебі – жасөспірімнің пайдалы iспен айналыспауы десек, жоғарғыда айтып кеткендей, оның бос сандалыстан көп өкінішті жағдайларға ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті.

Осы орайда В.М. Бехтеревтiң «Баланы тәй-тәй басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі еңбекке үйрету керек» – деген пікірімен келісуге болады [35]. Белгілі іспен айналысатын жасөспірімнің қылмыстық әрекетке тек қана кездейсоқ  жолмен баратыны да белгілі. Мектептен тыс уақытта кітап оқу, үйірмеге қатысу, көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу, не болмаса спорттың көптеген түрлерімен айналысу – қазіргі кезде жасөспірімдердің әрекетінен қалып бара жатқан құбылыс, әрине бұл жерде бір жасөспірім өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос сандалыспен күй кешеді деген жаңсақ пікірді айтпайды.

Уақыт тілін сәл шегеріп, 1920-40 жылдары зерттеген ( П.П. Блонскиий, В.И. Куфаев, П.И. Любинский) авторларға жүгінер болсақ, олар қылмыс жасаған жасөспірімдер - заң жағынан да зерттеуді де қажет ететін басты объект, екенін алғаш рет атап көрсеткен. Бұл авторлардың пікірінше, жасөспірімнің  қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп - әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі деген.

Жасөспірімдік шақ жасөспірімнің сана сезімінің жан-жақты толысып дүниеге көзқарасының өзгеріп, үлкен өмірге дайындығының аяқталатын кезеңiмен тығыз байланысты. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңі оның өміріне көп өзгерістер әкелері хақ. Сондықтан да осы өтпелі кезеңінде жасөспірімдердің «қиын жасөспірім» болып қалыптасуы болады,ал бұл олардың қылмысқа баруының бірден-бір себебі. Жалпы жасөспірімнің өтпелі кезеңін  бірнеше топқа бөлуге болады: 

1. Талап, тілек.

2. Қызығушылық.

3. Өмірге жоспар мен  көзқарастар.

4. Жалпы сипаттама [36].

Өтпелі кезеңде жасөспірімнің еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу, ұқсағысы келетіні, қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнің «құйын» сияқты өткінші елестерге толы болуы жасөспірім өміріне қауіп төндірері де сондықтан. Жасөспірімдердің жағымсыз еліктеуінің салдары, қылмыстық әрекеті, қызғушылығының әсерінен «қылмыс» істеуі, көбінесе осы шақта жүзеге асады .

Жасөспірімнің алып-ұшпа саналатын өтпелі кезеңінде не нәрсеге болсын еліктегіш келетінін жан –жақты зерттеген ғалым Т.М. Якобсон болатын.Ол бұл жаста жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке тез еріп кетуі оның еліктеу деңгейімен байланысты деп айтады.

     Ересек қылмыскерлерге қарағанда, қылмыскер жасөспірімдер қоршаған әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады. А.И.Долгова және В.Д. Ерланова секілді ғалымдардың пікірінше, қылмысқа барған жасөспірімдер үшін ортаның рөлі өте зор болады деп көрсеткен [37, 283-285 б.].

        Жасөспірімдерді жамандықтан үнемі қорғаштап отыру, өмірде кездесіп отыратын қиындықтар жөнінде сөз қозғамау, олардан жекелеген адамдар тарапынан жасалатын бейморальдық және қоғамқа қарсы әрекеттерді, әділетсіздік пен жалғандықты жасыру, мұндай құбылыстар кездескен жағдайда оған төтеп беріп, қажет болған жерлерде шыдамдылық білдіруге, қастандық әрекеттермен күрес жүргізуге тәрбиелемеу олардың тұлғасының әлсіздігіне, қиындыққа шыдай алмай теріс жолға оңай түрде түсуіне қиындықпен бетпе-бет кездескен кезде, олардың бойында өмірден түңілу сезімі қалыптасып, армандары мен сенімдерінің күйреуіне әкеп соғады.

     Қылмысқа барған жасөспірімің стихиялы түрде өзін-өзі тәрбиелеуі, сана-сезімнің төмендеуін тудырады, сөйтіп белгілі бір деңгейде қылмыскер тұлғасының қалыптасуына себепші болады және оны түзеуге бөгет жасайды.

     Ал, қылмысқа барған жасөспірімнің саналы позитивті түрде өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз - өмірде алға қойған мақсатына қол жеткізу, әрі жоғары деңгейде әрекет етуге дайын болу қабілеттігі мен қасиеттерін, моральдық және физикалық күштерін, ақыл-ойын дамыту үшін ерікті, белсенді түрде әрекет ету процесі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3  Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері

 

Қоғам өмiрiнiң барлық салалары көптеген өзгерiстерге, бұрынғы мінез-құлық нормалары құлдырауға ұшырап жатқан кезде  девиантты мінез-құлық мәселесі елiмiздегi ерекше өзекті мәселе болып тұр.

Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық өзгерістер, ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк, жұмыссыздық, саяси бағыттардың өзгеруi, жаңа ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісінде нақты мәдени-адамгершіліктік бағдарламалардың болмауы девиантты мінез-құлықтардың қалыптасуы мен жеткіншектерді тәрбиелеудің қиындығына әсер ететін факторларды анықтау, зерттеудің қажеттілігін туғызды.

Бұл мәселенiң ерекше өзектiлiгi сол, девиантты мінез-құлықтардың таралуы салдарынан қазiргi кезде қоғамның әр түрлi салаларының тұрақсыздануына, экономикалық және мәдени дамуының тежелуiне әкеліп отыр.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік күйреу процестері адамдар психикасына да теріс ықпал етуде. Ол адамдарда мазасыздық, ашу-ыза, қаталдық тәрізді сезімдердің туындауынан көрінеді. Елдегі жағымсыз жағдайлар біздің қоғамда қиындықтар мен ішкі қақтығыстардың, аморальді мінез-құлықтардың, қылмыстың және т.б. ауытқыған мінез-құлық түрлерінің кең таралуына әкелуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауытқыған мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік және демографиялық топтардағы адамдар арасында өсіп отыр. Әсіресе бұл кезең жеткіншектерге ауыр тиді. Асоциальді әрекеттерден (маскүнемдік, нашақорлық, қоғамдық тәртіпті бұзу, бұзақылық, вандализм және т.б.) көрінетін девиантты мінез-құлықты кәмелеттік жасқа толмағандар саны күрт артты. Олардың үлкендерге деген қарым-қатынастары өзгеріп, жауыздық пен агрессивтілік көріне бастады.

Сондықтан да девиантты мінез-құлықтардың пайда болуының әртүрлiлiгi және қоғам мен адам өмiрiнiң барлық саласына әсерi бiлiмнiң әр саласындағы ғалымдардың – дәрігерлердің, психологтардың, социологтардың, экономистердiң, заңгерлердің және т.б. назарын аударды.

Кез келген мінез-құлықты бағалағанда оны қандай да бір нормамен салыстырады, ал проблемді мінез-құлықты көбіне девиантты, яғни ауытқыған әрекет деп айтады.

Қоғамдық ғылымдардың негiзгi категорияларының бiрi - әлеуметтік ауытқу. С.И.Ожеговтың түсiндiрмелi сөздiгiнде ауытқу «қандай да бiр дұрыс емес мінез-құлық» ретiнде көрсетiлсе, Оксфорд сөздiгi ауытқуды «ерекшелiк, шетке бұрылу» деп түсiндiредi. Отандық әдептанушылар (этиктер) ауытқу немесе девиантты мінез-құлықты саралай келе, оған «iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiсiнен және нормасынан жағымсыз ауытқудан көрiнетiн рухани жамандықтың ерекше бiр түрi» деген анықтама бередi [38].

Осы әлеуметтiк құбылыстың пайда болу себептерiн түсiндiру үшiн көптеген сұрақтарға, оның iшiнде «норма» категориясының мәнi (әлеуметтiк норма) және одан ауытқу жайлы сұрақтарға жауап iздеуге тура келедi.                   Әлеуметтiк норма - әлеуметтiк бақылау мен басқарудың құралы ролiн атқаратын әлеуметтiк практиканың қажеттi және тұрақты элементi. Я.И.Гилинскийдiң айтуынша: «Әлеуметтiк норма – нақты бiр қоғамдағы тарихи қалыптасқан әлеуметтiк ұйымдардың, әлеуметтiк топтардың, адамдардың атқаруға болатын (ерiк берiлген немесе мiндеттi) iс-әрекеттерiнiң интервалын, шегiн анықтайды».

Р.Мертон және Э.Дюркгейм енгiзген «аномия» түсiнiгiн (ескi нормалар мен құндылықтардың қазiргi қатынастарға сәйкес келмей, ал жаңаларының әлi орнықпаған кезiндегi қоғамның жағдайы) қолдана отырып, ауытқыған мінез-құлықтардың себебiн қоғам тудырған мақсаттар арасындағы келiспеушiлiктер деп есептейдi [39].

Девиантты мінез-құлықты екі үлкен категорияға бөлуге болады. Біріншіден, ол нақты немесе жасырын психопатологияның болуын білдіретін психикалық денсаулық нормаларынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншіден, бұл қандай да бір әлеуметтік және мәдени, әсіресе, құқықтық нормаларды бұзатын антиәлеуметтік мінез-құлық. Мұндай қылықтар салыстырмалы түрде мәнсіз болса, оларды құқықбұзушылық деп атайды, ал егер салмақты және қылмыстық тәртіп бойынша жазаланса – қылмыс болып табылады.

Дегенмен әлеуметтiк ауытқулар қоғам үшiн әр түрлi мағына беруi мүмкiн. Әлеуметтiк прогрессивтiлiгi және пайдалылығы жөнiнен ауытқуды  позитивтi (жағымды), негативтi (жағымсыз) деп бөлуге болады. Позитивтi ауытқулар жүйенiң прогрессивтi дамуы, оның ұйымдастыру дәрежесiн көтеру, мінез-құлықтардың ескiрген, консервативтi  стандарттарын жеңу құралы қызметiн атқарады. Оған әлеуметтiк шығармашылықты (ғылыми, техникалық, көркемдiк, қоғамдық-саяси) жатқызуға болады.  Негативтi ауытқу - әлеуметтiк патология. Оған соғыс, дiни, нәсiлдiк, ұлттық және т.б. жағдайдағы барлық мүмкiн қайшылықтар, құқықбұзушылық (оның iшiнде қылмыс, өзiн-өзi өлтiру, нашақорлық, маскүнемдiк, жезөкшелiк, т.б.) жатады.

Информация о работе Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау