Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 19:18, дипломная работа

Краткое описание

Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7
1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары...........................................................36
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.......................40


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қалдибекова Құндыз диплом.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

 

1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7

1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық  құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19

1.3 Жасөспірімдердің девиантты  мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30

 

ІІ ТАРАУ.  ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

 

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35

2.2 Зерттеу әдістемелерінің  сипаттамалары...........................................................36

2.3 Зерттеу мәліметтерінің  сандық өңдеуі мен сапалық  талдауы.......................40

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60

ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында да қоғамға қауіпті құқық бұзушылық барған сайын көбейіп келеді. Ішкі істер органдары жыл сайын орта есеппен 15 мыңға жуық қылмыстың бетін ашып отырған. Олардың жартысынан астамын жасағандар жастар (14-29 жастағылар). Кәмелетке толмаған 16-17 жасар жастардың аса ауыр қылмыстарының өсу қарқыны 14-15 жастағыларға қарағанда едәуір жоғары.

Қоғамдық жаңарту кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз қоғамдағы мектеп, отбасы орны,оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.

             Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін  алғаннан бастап мемлекеттік  саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып  келеді. Қазақстан Республикасы  Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау жане оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1],  «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Әкелер мен аналараталар мен әжелрдің өз балалары  мен немерелері  алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының  сүйікті жане кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты  мақсаты психологиялық, физиологиялық  денсаулығын қалыптастыру болу керек. Өйткені  Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық, физиологиялық  денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында қолға алынуы тиіс.

            Өкінішке орай, қазіргі таңда  болып жатқан қылмыс, бұзақылық,  ұрлық, зорлық – зомбылық, жеткіншектер  арасындағы суицидтың көбейуі, үйден  кету, қыздардың жеңіл жүрістері, бастауыш сыныптағы балалардан ақша алу тағы басқа болып жатқан қылмыс  айыптыларының басым көпшілігі 11 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдер екенін көрсетіп отыр. Дәлірек тоқталсақ, 14 жастағылар - 11% , 15 жастағылар - 7%,  16 - 17 жас аралығындағылар - 42%, көбіне көп 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды. Ал қыз балалар тарапынан жасалған жалпы қылмыстың 5%  құрайды.  Бұл дегеніміз,  қазіргі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буын психологиялық денсаулығының бұзылуына алып келуде. Қазақстан Республиканың өзінде, тіпті әлемдік деңгейде  халқымыздың психологиялық, физиологиялық  денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының аймақты бюросының мәліметтері бойынша дүние жүзінде 14 - 24 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі өлтіру соңғы 15 жылда екі есе өскен. ҚР Агенттігінің статистикалық есебі бойынша Республикасы бойынша өзін-өзі өлтіру жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 - 18 жас аралығындағы  жастардың 154 - і ер балалар, 57 - сі қыз балалар. Ал өзін-өзі өлтіруден дүние жүзі бойынша Қазақстан бірінші орында тұрады екен. Ол әсіресе, 15 - 18 жас аралығындағы қыз балалар арасында көп орын алатынын статистикалық мәліметтер дәлелдейді.

            Сонымен қатар, әлеуметтік ортаның ықпалын былай қойғанда, тәрбиелі мақсатты түрде ұйымдастыратын әлеуметтік институттардың бірі мектептің өзінде жеткіншектердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін қадағалау қиынға соғып отыр. Оған дәлел, ең көп стресс алатындар мектеп жасындағы балалар екендігі анықталған. Мысалы, мектепке келген 1 - сынып оқушылар арасында 25 - 30%  әртүрлі аурулар келсе, 11 - сыныпты бітіретін оқушылардың 80%  -  ы денсаулығын бұзып, әртүрлі диагноздармен мектеп қабырғасынан  шығады екен.

             Бұдан шығатын қорытынды, мектеп мұғалімдері  мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас және оқу еңбегінің мөлшерден тыс көптігі бала денсаулығының бұзылуына  әкелетін көрсетеді.

            Болашақ  Қазақстан Республиканың  азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері  үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында  «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті,  дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.

  Қазақстан Республикасының Конституциасында, «Адам мен адамзат» заңында, «Білім  туралы» заңында, тәлім-тәрбие тұжырымдамасында да салауатты өмір сүруге ерекше басымдық  беріледі.

Жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқын оларға нашар әлеуметтік орта әсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінез-құлық (девианттық) деп қарастырады. Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлық криминогендік деп те қарастырылады. Әрине, ондай мінез-құлықтан (делинквенттік) қылмыстың жасалу мүмкіндігі зор және бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ғана емес, жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет еді. Себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай қалыптасты, онда қылмыстық көріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың, қоғамның және мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ықпалы жағынан да едәуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлық мәселесі сан қилы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бәрі ғылыми зерттеулерді керек етеді.

 Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.

      Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді.

     Құқық бұзатын жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).

    Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар құқық бұзған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын.

Жоғарыда, айтылғандардан, ғылыми көзқарастарды талдай отыра, зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Қоғамдық құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлқын психологиялық анықтау» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Құқық бұзған жасөспірімдердің мікез-құлық ерекшіліктерін айқындап, теориялың  тұрғыдан талдау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Құқық бұзған жасөспірімдерді зерттеуге арналған әдебиеттерді талдау;

2. Құқық бұзған жасөспірімдерді тұлғалық қиындықтарының көріну формалары зерттеу;

3.    Құқық бұзған  жасөспірімдерді мінез-құлқын, ерекшеліктерін  анықтауда эксперименталды-психологиялық  зерттеулерді ұйымдастыру және  жүргізу.

Зерттеу жұмысының пәні: Құқық бұзған жасөспірімдерді мінез-құлық ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының объектісі: Құқық бұзған жасөспірімдер (14-15 жас аралығында).

Зерттеу жұмысының болжамы: Құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлқына ықпал ететін тұлғалық ерекшеліктері бар.

Зерттеу жұмысының әдістері:

  1. М.Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі.

2. К. Леонгардтың мінез  акцентуациясын зерттеу әдістемесі.

3. Темперамент типтерін  анықтауға арналған Айзенк тесті.

4. К. Томас әдісдемесі.

 

 

Зерттеу жұмысының теориялық және әдiснамалық негiздерi: Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский т.б.), шетел ғалымдарынан (Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлық проблемасының ғылыми теориялық аспектілері анықталды, осы мәселе бойынша психологиялық-педагогикалық теорияны толықтырады. Эксперименталдық тұрғыда құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлқына ықпал ететін тұлғалық ерекшеліктері анықталды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды студенттерге, болашақта практик-психологтар кеңес беруде, жасөспірімдермен жұмыс жасауда, әсіресе соның ішінде құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлықтын анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының базасы: Девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы (қатал режимдегі) және жалпы білім беретін №137 орта  мектеп.

Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

 

    1. Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

 

Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті.  
Психологияда құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ жүретін процесс болып табылады. Мүндағы жауапты кезеңдердің бірі - өтпелі жас деп аталатын жеткіншек жас (11-12-ден 14-15 жасқа дейін) пен жасөспірімдік жас (15-16-дан 17-18 жасқа дейін). Бұл кезеңде адамның физикалық пісіп-жетілуі ғана емес, сонымен бірге түлғаның қарқынды түрде қалыптасуы, моральдық және зияттық күштерінің қуат алуы жүзеге асады.

Жасөспірім кезең өтпелі жас деп аталу себебі, ол балалық күйден үлкен өмірге, кемелсіздіктен кемелденуге өтумен сипатталады. Алайда, ортастатистикалық жасөспірім деп аталатын жас өмірде болмайды. Жасөспірім жасының ортақ заңдылықтары баланың қоршаған ортасы мен тәрбие шарттарына ғана емес, сондай-ақ оның организмі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де тәуелді болатын жеке-дара нүсқалар арқылы көрінеді.

Ересек жасөспірім және жас немесе жасөспірімдік уақыт жас психологиясында өте маңызды кезең ретінде қаралады, өйткені осы жаста болатын өзгерістер одан кейінгі кезең заңдылықтарын дұрыс бағалау үшін маңызды болып табылады. Биологиялық жағынан бұл жас физикалық дамудың аяқталу кезеңін білдіреді.

Осы жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен әрекеттері саналы әрі жігерлі түрде жүзеге асады, осыған орай оларға неғүрлым жоғары талаптар қойылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі 16 жастан басталатыны белгілі, ал кісі өлтіру, үрлық, тонау және т.б. үшін - 14 жастан басталады.

Информация о работе Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау