Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 19:18, дипломная работа

Краткое описание

Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7
1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары...........................................................36
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.......................40


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қалдибекова Құндыз диплом.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

 

Зерттеу мақсатына орай терминалды құндылықтар жүйесіне құқық бұзған жасөспірімдер  үшін маңызды саналатын бірқатар құндылықтар өзгертіліп енгізілді және осы құндылықтардың қазіргі сәттегі қанағаттандырылу деңгейінің пайыздық үлестірімі анықталынды.

 

Кесте – 9. Тұлғалық терминалды құндылықтар жүйесі бойынша салыстырмалы жиынтық мәліметтері (R-есебімен).

 

 

Терминалды құндылықтар

Эксперименталды топтың

Мәліметтері

Бақылау тобының мәліметтері

 

 
 

R

Қанағаттану  деңгейі (%)

R

Қанағаттану  деңгейі (%)

1.

Өзін дамыту

12

47,7

3

65,0

2.

Шығармашылық

8

46,9

15

41,1

3.

Рухани қанағаттану

9

40,3

11

57,1

4.

Жанұя

17

47,7

3

65,0

5.

Махаббат

5

41,2

4

81,7

6.

Достар

15

48,1

5

64,6

7.

Креативтілік

13

49,2

13

63,4

8.

Белсенді әлеуметтік байланыстар

18

45,4

17

42,3

9.

Таным

7

38,1

10

66,9

10.

Өзіндік мәртебе

11

47,6

6

61,4

11.

Жетістік

16

50,7

16

55,4

12.

Бостандық

1

23,3

12

68,6

13.

Өзіне сенімділік

4

67,4

7

79,0

14.

Материалдық

Ауқаттылық

10

47,2

8

47,6

15.

Белсенді өмір

2

22,9

9

62,5

16.

Өзінің даралығын сақтау

6

39,0

14

48,3

17.

Көңіл көтеру

14

35,0

18

51,9

18.

Әділеттілік

12

47,7

3

65,0


 

Эксперимнттік зерттеу нәтижесінен алынған мәліметтер  құқық бұзған жасөспірімнің құндылықтар құрылымының деформациялығын көрсетеді. Бақылау тобымен салыстырғанда түзеу мекемелеріндегі тұлғалардың жеке индивидуалды әлеуметтен тыс тіршілік етуін қамтамасыз ететін уайымдау-құндылықтар рангісі айтарлықтай жоғары. Керісінше адамның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруінің мағынасын көрсететін әлеуметтік құндылықтар рангтық тізімнің соңғы позициясында тұр.

Құқық бұзған жасөспірімнің жеке индивидуалды түрдегі құндылықтары үстемділігі жүйесінде маңыздылық рангі бойынша – бостандық және белсенді өмір басты құндылық - мақсат ретінде болады. Бұл біздің жоғары бағаланатын бостандық құндылығына қарағанда, белсенді өмір құқық бұзған жасаған жасөспірімнің санасында құндылық – мақсат ретінде болатындығы көрінеді. Яғни, олардың ойынша бостандық ең алдымен өз өміріңдегі оқиғаларға, әрекеттерге белсенді ықпал ету мүмкіндігі ретінде бағалы болады.

 

 

Кесте - 10. Жасөспірімдердің қылмыс түрінің ауырлығы туралы түсініктері:

 Қылмыс түрлері

Эксперименталды тобы

Бақылау тобы

1.

Адам өлтіру

1

1

2.

Зорлық–зомбылық жасау

4

6

3.

Ұрлық

6

4

4.

Терроризм

3

2

6.

Тонау

5

6

7.

Бұзақылық

8

7

8.

Алаяқтық

7

8

9.

Коррупция

2

3


 

Кестеден көріп отырғанымыздай жасөспірімдердің қылмыс түрінің ауырлығы туралы түсініктерінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды. Бұл жайт құқық бұзған жасөспірімнің кейде отбасының жоқтығы, оның бұзылуы әлде жанұялық қатынастың шиеленісуі т.б. себептермен көптеген зерттелінушілерде құқық ережелерінің маңыздылығының төмендеуі байқалады.    Жасөспірім кезеңде балалар мен ата-аналар арасында көптеген шиеленістер болады. Олар жасөспірімдердің өз ата-аналарының білдірген қарсылықтарын, пікірлерін, тыйымдарын жағымсыз қабылдап өздерін еркін сезінуге ұмтылады және осы кезеңде ескерте кетерліктей жасөспірімдер өз құрбы-құрдастарының қарым-қатынасын қажет етеді. Осы кезеңде оған деген қарым-қатынасы жоғары қажеттілікте және олардың ортасында өзін бекітуге ұмтылады. Сонымен бірге құрбы-құрдастарының пікіріне көп мән береді.

Стьюдент критерийі тәуелді және тәуелсіз топтарға арналған жеке есептеу тәсілдерін ұсынады. Стьюдент критерийінде сандық шамалармен жұмыс жасалынады. Тәуелсіз таңдау тобы көрсеткіштері – бұл әртүрлі екі топтан алынған мәліметтер. Стьюдент критерийі екі таңдау тобы көрсеткіштерінің ортаңғы мәндерінің арасында айырмашылықтың болуы немесе болмауы жөніндегі гипотезаны анықтауға бағытталған. Стьюдент критерийі бойынша орта мәннің айырмашылығын есептеуде мына формула қолданылады [47]:

 

t = 

        М1 және М2 - әр таңдау тобының орта мәндері;

S12  және S22 - әр таңдау тобының стандартты ауытқуы;

n1 және n2 - әр таңдау тобының элементтерінің саны;

Бұл үшін біз алдымен зерттеу болжамын қалыптастырамыз.

Н0 эксперименттік және бақылау тобының жасөспірімдерінің тұлғалық құндылықтары жүйесінің арасында елеулі айырмашылық жоқ.

Н1- эксперименттік және бақылау тобының жасөспірімдерінің тұлғалық құндылықтары жүйесінің арасында елеулі айырмашылық бар.

 

Кесте - 11. Зерттелінушілердің құндылықтық бағдарлар жүйесінің айырмашылығын анықтау мәліметтері

 

Эксперименталды тобы

Бақылау тобы

Р/с

Х-М

(Х-М)

Р/с

Х-М

(Х-М)

1.

5,32

10,64

1

2,6

5,2

2.

0,68

1,36

2

8,6

17,2

3.

11,68

23,36

3

3,6

7,2

4.

2,32

4,64

4

14,6

29,2

5.

3,32

6,64

5

20,6

41,2

6.

8,32

16,64

6

13,6

27,2

7.

7,68

15,36

7

8,6

17,2

8.

12,32

24,64

8

0,6

1,2

9.

9,32

18,64

9

1,4

2,8

10.

1,32

2,64

10

7,4

14,8

11.

3,32

6,64

11

10,6

21,2

12.

4,68

9,36

12

15,4

30,8

13.

3,32

6,64

13

12,6

25,2

14.

6,68

13,36

14

13,4

26,8

15.

2,32

4,64

15

6,6

13,2

Σ

 

219

Σ

 

347


 

M1 = 5,32                                                                                   M2 =2,6

n1 = 20                                                                                            n2 =20

S1 =219/ 20-1=9,95                               S1 =347/ 20-1=16,35

t = 5.32 –  =  = 4,29             t эмп  = 4,29

Енді шеткі мәндер кестесі бойынша критерийдің n1=20 және n2=20 үшін t критикалық мәнін  табамыз. f = 20 + 20 – 2 = 38

t крит =                     

t эмп > t крит   жағдайы негізінде  Н0 шеттетіп, Н1 толық сеніммен қабылдаймыз.

Демек, эксперименттік және бақылау тобы жасөспірімдерінің тұлғалық құндылықтары жүйесінің арасында елеулі айырмашылық бар деген қорытынды жасаймыз.

Қоғамдағы жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюі - құқықтық сананың жеке тұлға бойында қалыптасуында белгілі бір жағдайлардың әсерінен бұзылуы, оған себебін тигізетін қарым-қатынас болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда адам қылмыс жасауы да мүмкін. Міне осындайларды болдырмау үшін жасөспірімдердің құқықтық санасының қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді ескерген жөн.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәліметтердің сапалық талдамы

 

К. Леонгард әдістемесі бойынша эксперименталды тобында, бақылау тобына қарағанда мінез акцентуациясының типтері көбірек байқалды.

Жасөспірімдерде К. Леонгард әдістемесі бойынша демонстративті, гипертимді, қозғыш, циклотимді акцентуация типтері анықталды.

Демонстративті тұлғаның негізгі ерекшелігі басқаларға әсер қалдыру, өзіне зейін аударту, әрқашанда ортада болуға деген қажеттілік. Бұл өз өзін көрсетуге ұмтылыста көрінеді, өз өзін мақтау, өзі туралы айтқанды ұнатады. Өзі туралы әңгімелер қиялынан туған, оны елемеу түрлі реакциялар тудыруы мүмкін, ерекшелікке деген қажеттіліктің одан сайы күшеюі, елемей тұрған адамға деген агрессия, аффективті жарылыс. Өзін көрсетуге деген гипер қажеттілік демонстративті суицидте, өлемін деп қорқыту. Деликвентті мінез-құлық туындауы мүмкін, бұл өзіне көңіл бөлдіруден туады.

Гипертимдер белсенді, оптимист. Бұл типтегі тұлға ерекшелігі ол үнемі еш себепсіз көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Көтеріңкі көңіл-күй жоғары белсенділікпен, әрекетке құштарлықпен қатар көрінеді. Шектен тыс сөзшеңдік тән. Қиыншылықта белсенділікті жоғалтпайды және белсенділіктерінің арқасында қиындықтарды оңай жеңеді. Гипертимдер қатаң тәртіп, ұсақ түйекке шейін қадағаланып отыратын жағдайларда қатты қиналады. Бұндай жағдайда тәртіп бұзумен қатар ашулану, оқытушылармен шиелініске келу орын алады. Гипертимдердің деликвенттілігі антиқоғамдық нұсқаулардан гөрі, олардың жеңілтектігінен, гипер белсенділігінен, тәуекелшілдігі мен топтасуға бейімділігінен болады.

Тұрып қалушы тип. Бұл тип жоғары тұлға аффектінің тұрақтылығымен, эмоциялық әсердің, бастан кешулердің ұзақтығымен сипатталады. Жеке қызығушылықтары намысына тиуді, реніштерін ұзақ есте сақтайды. Сондықтанда оларды басқа адамдар кекшіл деп ойлайды. Оның себебі, аффекті бастан кешіру қиялдаумен, мүмкін жауаптарды ойластырумен, кегін алуды жоспарлаумен қатар жүреді.

Қозғыш тип мінез-құлық импульсивтілігімен сипатталады. Олар қарым-қатынаста және мінез-құлқында логикаға санаға жүгінбейді, импульсқа, құмарлыққа, қадағаланбайтын ұмтылыстарға бағынады. Әлеуметтік қарым-қатынас пен өзараәрекеттестікте шыдамсыздықпен сипатталады.

Циклотимді типтегілер, қандайда қиындықта ешкіммен сөйлескісі келмейді, көңіл-күйі жабырқау кезінде туындаған ұсақ-түйектерге мұңаюға шейін барады. Бірқалыпты көңіл-қүйі шығармашылық шабыттылыққа ауысып, одан өзі сенімсіздік танытып, селсоқ күйде болуы мүмкін.

Қ. Томас әдістемесі бойынша, төмендегі көрсеткіштер алынды.

1. Бәсекелестік стилі  – эксперименталды тобында 30%, бақылау тобында  22% яғни бұл стилдегі жасөспірімдерде айналадағылармен қарым-қатынас негізі ретінде, өмірлік стратегия желісімен тұлғаның өзгеруін анықтайтын, айналадағыларды оқшаулау және жатсынуға әкеледі (өзінің дұрыстығы мен қателеспегендігіне сенімділік, кез-келген жағдайдағы позицияның моралдық және интеллектуалдық басымдықты қабылдау, қабілеттерін кетіру).

2. Қашу стилі – бақылау тобында  5%, ал эксперименталды тобында 7% яғни, бұл стилдегі жасөспірімдерде тенденциясының басым болуы өмірлік стратегиясында жеке әрекетсіздікті ақтауға тырысу, әлеуметтік белсенділіктің төмендеуіне, психологиялық қорғаныстың күшеюіне, жеке енжерлықты негіздеуге әкеледі. Осындай стратегия басым адам әрдайым жауапкершілікті өз мойнына алатын партнер іздейді.

3. Бейімделу стилі –  эксперименталды тобында 15%, бақылау тобында  16% яғни, жасөспірім өз әрекетінің дұрыс емес екендігін түсінеді, өзінде жетерліктей дәреже не мүмкіндік жоқтығын біліп, өзінің күштірек не жолы болғыш партнер жаққа өтіу арқылы болашақта соның есебінен қиындықтан шығатынын түсінеді.

Айзенк тесті бойынша эксперименталды тобында басым бөлігі холерик темперамент типіне жатады. Холерик типіндегі эксперименталды тобы күшті, елгезек. Ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, ашуланшақ болып келеді. Қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң. Қызыққан ісіне барлық ынтасымен әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Ондай ой әрекетінің белсенділігін байқауға болады. Ашушаң, шапшаң, қатты, қияңқы, кейде топ ішінде дауысы қатты шығып та кетеді. Олар тез қызу сөйлеп төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Ерекшеліктері өткір көзімен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

Информация о работе Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау