В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 22:22, реферат

Краткое описание

Бұл әдістеменің мақсаты: тұлғаның кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтауда қарым – қатынас негізгі саты болғандықтан, курсанттардың кәсіби күтуі мен іс - әрекет потенциялын анықтау, кәсіби және жеке тұлғалық дамудың перспективаларын және адамның коммуникативтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тулгааралык карым катынасты аныктауга арналга надистемелер.docx

— 32.14 Кб (Скачать документ)

В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі

 

 

Бұл әдістеменің мақсаты: тұлғаның кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтауда қарым – қатынас негізгі саты болғандықтан, курсанттардың кәсіби күтуі мен іс - әрекет потенциялын анықтау, кәсіби және жеке тұлғалық дамудың перспективаларын және адамның коммуникативтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Әдістеме 16 сұрақтан тұрады. Әдістеме нұсқауы: «Сіздің алдыңызға бірнеше қарапайым сұрақтар беріледі.Сіздің міндетіңіз тез және бірізді «иә», «жоқ», « кейде» деген нұсқауларға жауап қайтарыңыз. Әдістеменің бағалануы: «Иә» жауабына – 2 ұпай; «кейде» жауабына – 1 ұпай, « жоқ» жауабына- 0 ұпай беріледі.

 

 

Сізге іскерлік кездесуге бару жүктелді: осы кездесу сізді толғандыра ма?

 

Шараларда, жиналыстарда баяндама мен халық алдында сөз сөйлеу сізді мазасыздандыра ма?

 

Дәрігерге баруды, аяққы кезге дейін шегересіз бе?

 

Сізге ешқешен болмаған қалаға сапарға шығуды бұйырды, осы сапарға бармау үшін күш жұмсайсыз ба?

 

Өз бұйымыңызды біреумен бөліскенді ұнатасыз ба?

 

Даладағы бейтаныс адам сізден көшені көрсетуді сұраса, бұл сізді заландыра ма?

 

Сіз «әке және бала» мәселесіндегі және әр кезек адамдарға бірін-бірі түсіну қиынға түсетіне сенесіз бе?

 

Танысыңызға бірнеше ай бұры алған ақшаңызды қайтар деуге ұяласыз ба?

 

Мейрамханада немесе асханада сізге нашар тағам ұсынды. Сіз үндемей асыңыздан бас тартасыз ба?

 

Таныс емес адаммен жалғыз қалғанда сіз бірінші сөз бастайсыз, ал егер ол бірінші сөйлессе сіз ыңғайсызданасыз?

 

Сізді кез келген ұзын ретті тосу ашуыңызды туғызады, сіз қайтып кетудіқалайсыз ба, немесе ары қарай күтесіз бе?

 

Қақатығыстық жағдайларды шешу комиссиясының мүшесі болуға қорқасыз ба?

 

Сізде әдебиет, мәдениет, өнерді бағалауда индивидуалды критерийлеріңіз бар ма?

 

Топта сіз жақсы білетін сұрақ бойынша қате пікір айтылса үндемей қоюды қалайсыз ба?

 

Қызметсатысы бойынша біреудің сізден көмек сұрауы сізді қайғырта ма?

 

Ауызшадан қарағанда өз ойыңызды жазбаша жеткізу сізге оңайға түсе ме?

 

 

Алынған ұпайлар классификациялау деңгейі бойынша анықталып, әр зерттелінуші өз категориясына ие болады.

 

Әдістеме классификаторы:

 

30-31 ұпай: Сіздің коммуникативтілік  деңгейіңіз төмен, бұл сіздің  ауыртпалығыңыз, өйткені бұдан сіз ғана зардап шегесіз. Бірақта сіздің қоршаған ортаңызғада бұл оңайлыққа түспейді. Топтық жұмысты қажет ететін істе сізге сенудің қажеті жоқ.Өзіңізді қолда ұстауға және қарым – қатынасқа түсуге үйреніңіз.

 

25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, сөйлеуге  бейім емессіз, жалғыздықты қалайсыз, сондықтан да сізді қоршайтын адамдар өте аз. Жаңа жұмыс және жаңа байланыстар сізді мазасыздыққа әкеліп, өз қалпыңыздан көп уақытқа шығарады. Мұндай адамдар өзіне және қоршағандарға қанағаттанбайды. Осымен тоқтап қалмаңыз, бұл қасиеттерді жеңуге мүмкіндіктеріңіз бар.Кей сәттерде сізде толық коммуникативтілік пайда болады. Сондықтанда сізге сілкініс қажет.

 

19-24 ұпай: Сіз қарым –  қатынасқа оңай түсесіз және жаңа жағдайларда өзіңізді толық сенімді ұстайсыз. Жаңа сәтсіздіктер сізді шошытпайды.Сонда да жаңа адамдар мен тіл табысуда біраз қиналасыз, пікірталастарда және қақтығыстық жағдайларда көп қатыспайсыз.Сіздің пікірлеріңізде кей уақытта сарказм көптігі байқалады. Бұл жетіспеушілікті түзету мүмкін.

 

14-18 ұпай: Сізде орташа  коммуникативтілік. Сіз білім сүйгіш, қызықты тілдесіңізді тыңдауға бейім, қарым – қатынаста шыдамды, өз көз қарасыңызды ызаланусыз жеткізе аласыз. Таныс емес адамдармен кездесуге уайымсыз барасыз, бірақта шулы топтарды ұнатпайсыз. Экстровагантты қимылдар және көп сөздер сізді тітіркенушілікке әкеледі. [28, б.46-47].

 

9-13 ұпай: Сіз қарым-қатынасты  адамсыз. Әртүрлі сұрақтар бойынша  пікір айтуға әзірсіз, кейде қоршаған  адамдар ызаланулары да мүмкін.Зейін орталығында болуды ұнатасыз.орындай алмасаңызда ешкімнің сұраныстарына қарсылық білдірмейсіз. Тез ашуланып, тез қайтасыз. Сізге жетіспейтін бірізділік, шыдамдылық және күрделі мәселелерді шешуде өжеттілік. Бірақ, айтқаныңыздан қайтпайтын сәттеріңізде болады.

 

4-8 ұпай: Сіз, өте өрен адамсыз. Қарым – қатынасқа түсушілігіңіз  өте жоғары.Сіз үнемі бәрінен хабардарсыз.Сіз кез – келген пікірталастарға қатысасыз, бірақта қиын тақырыптар сізді мазасыздандырады.Кез – келген сұрақ бойынша жанама мәлімет білсеңізде, сөз аласыз. Кез – келген жерде өзіңізді қолайлы ұстайсыз. Кез-келген әрекетті сәтсіз аяқталса да қолыңызға аласыз.Сондықтанда әріптестеріңіз және басшыңыз сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы жайт жайлы ойланыңыз.

 

3 және одан төмен ұпай:Сіздің коммуникативтілігіңіз ауру сипатқа ие. Сіз көп сөйлейсіз, өзіңізге мүлдем қатысы жоқ істерге араласасыз.Сіздің қоршауыңыздағы қақтығыстың қайнар көзі сіз болып табыласыз. Тез ренжисіз, ызаланғышсыз. Маңызды жұмыстар – сіз үшін емес. Адамдарға- жұмыста, үйде және барлық жерде сізбен күрделі.Сізге өзіңізбен және мінезіңізбен жұмыс жасау керек.Ең бастысы өзіңізде шыдамдылық пен белсенділікті, басқаларды сыйлай білуді тәрбиелеуіңіз қажет.

 

^ Дж.Мореноның социометриялық әдісі

 

Әдістеме мақсаты – балалар тобындағы тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау, берілген әдістеме социаметриялық әдістің балаларға арналған варианты болып табылады. Оны жүргізу процедурасы келесідей: сыныптағы әрбір балаға үш ашық хаттан таратылады, оқушы келесі мазмұнды нұсқау алады-

 

«Әрқайсың өздерінің туған күніңе сыныптағы оқушылардың ішінен қайсы балаларды шақырар едің? Енді таңдаған үш баланың атын ашық хаттарға жаз».

 

Жазылған ашық хаттарды балалар туған күніне шақырғысы келген сыныптастарына таратады.

 

Социометриялық зерттеу әдісінің қорытындысы бойынша мына жағдайлар анықталуы керек:

 

жеке басын дамыту үшін сыныптағы балалармен өзара қарым-қатынас жасаудың маңызы қандай?

 

Кейбір жекелеген балалардың сыныпқа ықпалы бар ма?

 

Ол шынында да осы топтың лидері ме?

 

Ешкім таңдамаған баланың ұжымдағы жағдайын қалай түсінуге болады?

 

Ерекше шағын топтың құрылуының себебі не?

 

Ол қандай қасиеттерімен балаларды өз маңайына топтастырады?

 

Ұжым өмірінде топтасудың ролі қандай?

 

Қандай жағдайда ұжым құрамы нақты және арнайы болады?

 

Әдістемені интерпретациялау:

 

Социометрияда топ ішіндегі қарым-қатынас түрлері көрсетіледі. Қойылған сұрақтар таңдау критерилері деп аталады. Топтағы адамның жағдайын және оның өзгелермен қарым-қатынасын анықтау үшін қолданылады.

 

Балалар ашық хаттарды таратқаннан кейін экспериментатор кім, қанша, ашық хат алғанын анықтайды. Алынған ашық хаттардың санына сәйкес баланың топтағы социаметриялық статусы төмендегі формуламен анықталынады:

 

С=,

 

Мұндағы С - баланың құрбыларымен өзара қарым-қатынасы жүйесіндегі статусы,

 

К – топтағы достарынан алған баланың ашық хаттар саны;

 

n – тестіленетін топтағы  балалар саны.

 

Баланың статусы жайлы шешімнің негізі С – көрсеткіші болып табылады.

 

Нәтиженің бағасы:

 

10 – ұпай – баланың С – көрсеткіші 100 процентке тең;

 

8-9 ұпай – баланың С – көрсеткіші 80-89 процентке дейінгі аралықта;

 

6-7 ұпай – баланың С – көрсеткіші 60 – 79 процент дейінгі аралықта;

 

4-5 ұпай - баланың С – көрсеткіші 40 – 59 процент дейінгі аралықта;

 

2-3 ұпай - баланың С – көрсеткіші 20 – 39 процент дейінгі аралықта;

 

0-1 ұпай - баланың С – көрсеткіші 0 – 19 процент дейінгі аралықта.

 

Даму деңгейі жайлы шешім:

 

10 – ұпай - өте жоғары;

 

8-9 ұпай – жоғары;ъ

 

4-7 ұпай – орташа;

 

2-3 ұпай – төмен;

 

0-1 ұпай - өте төмен.

 

Сонымен бірге бұл әдістемені қолдануарқылы топтағы ұйымшылдығының деңгейін төмендегі формула бойынша есептеп көрсетуге болады: Сгр= дұрыс таңдау саны/ барлық таңдау саны.

 

Ұйымшыл топ арасындағы қарым-қатынас көрсеткіші 0,6 – 0,7.

 

Таңдауды көп алғандар осы топ ішіндегі «ұйытқы» - 75 процент, белсенділер – 25-75 процент, өзара таңдау алғандар – 25 процент, бірде бір таңдау алмағандар – елеусіз қалғандар. Тағы да бір топ олар құрбылары жаратпағандар немесе менсінбегендер.

 

 

^ Т.Лиридің «Мен қандаймын?»  әдістемесі

 

 

Әдістемені Т. Лири, Г. Лефорж, Р. Сазек 1954 жылы құрастырған. Субъектінің өзі және идеалды «Мен»-ін зерттеуге арналған, сонымен бірге топтағы өзара қатынасты зерттеу үшін де қолданылады. Берілген әдістеме көмегімен адамдармен қатынастағы өзіндік баға және өзара бағадағы басым тип анықталады.

 

Тұлғааралық қатынасты зерттеуде көп жағдайда екі фактор бөлініп көрсетіледі:

 

1 фактор- доминантты бағынушылық;

 

2 фактор – достықты  сүю – агрессиялық.

 

Осы факторлар тұлғааралық қабылдау процесінде адам туралы жалпы пікірді анықтайды. Оларды М. Аргайл тұлғааралық мінез құлық стилін талдауында басты компоненттер қатарына жатқызып, мазмұны бойынша Ч. Осгудтың үш негізгі семантикалық деференциалын екеуімен мазмұны бойынша салыстырылды: баға және күш.

 

Американ психологы Б. Бейлздің басшылығымен жүргізілген көп жылдық зерттеуде топ мүшесінің мінез-құлқы екі ауыспалылымен бағаланады, ал олардың талдауы үш деңгейлі кеңістікте үш пайда болған осьпен жүзеге асырылады:

 

доминатты - бағыныушылық;

 

достықты сүю – агрессиялық;

 

эмоционалдылық – аналитикалық.

 

Т. Лири негізгі әлеуметтік бағдарды көрсету үшін секторларға бөлінген шеңбер түріндегі шартты схеманы өңдеді. Бұл шеңберде горизантальды және вертикалды осьтер бойынша төрт бағдар белгіленген:

 

доминантты - бағыныушылық;

 

достықты сүю – жауласу.

 

Өз кезегінде бұл секторлар жекелеген қатынастарға сәйкес 8- ге бөлінген. Оданда тереңірек суреттеу үшін шеңберді 16-ы секторға бөледі. Т. Лиридің схемасы зерттелушінің нәтижелері шеңбер орталығына жақын орналасқан сайын екі ауыспалы арасындағы өзара байланыс күшті екендігін болжамдайды.

 

Әр бағдар бойынша ұпайлар қосындысы индекске айналдырады. Вертикалды және горизантальды осьтер басымдылығы көрсетіледі. Алынған көрсеткіштердің шеңбер орталығынан қашықтығы интерперсоналды мінез-құлықтың бейімделушілік немесе экстрималдылығын көрсетеді.

 

Сауалнама 128 бағалаушы пікірлерден тұрады. Әрқайсысы 8- қатынас типі бойынша 16 пункт бар. Пікірлер қандай да бір қатынас типін анықтауға бағытталған, бірізділікпен берілмейді.

 

Олар төрттен топтасырылады және тең анықтамалар саны арқылы қайталанады. Өңдеу кезінде қатынастың әр типінің саны есептеледі.

 

Диагностикалаудың әртүрлі бағыттары тұлға типін анықтауға, сонымен бірге нәтижелерді жекелеген аспектілер бойынша салыстыруға мүмкіндік береді.

 

Әдістеме респондентке тізім бойынша беріледі немесе жекелеген карточкаларда беріледі. Оған өзі туралы, адамдарға қатынасы немесе оның идеалы туралы елестеріне сәйкес пікірлерді көрсету ұсынылады.

 

 

Басқа адамдар ол туралы нақты ниетті ойлайды

 

Айналасындағы адамдарды әсерлендіреді

 

Бұйрық беріп, басшылық ете алады.

 

Өз айтқаныңда тұра алады

 

Ар намыс сезімі бар

 

Тәуелсіз

 

Өз-өзінің қамын ойлауға қабілетті

 

Парықсыздық көрсете алады.

 

Қатал болуға қабілетті.

 

Қатал бірақ әділ.

 

адал бола алады.

 

Басқаларға сыншыл.

 

Еркелеуді жақсы көреді.

 

Жиі қапаланады.

 

Сенімсіздік көрсетуге қабілетті

 

Жиі көңілі қайтады.

 

Өз-өзін сынауға, сыншал болуға қабілетті.

 

Қуана-қуана бағынышты болады.

 

Өз дұрыс еместігін мойындауға қабелтті.

 

Көнгіш

 

Мейірман

 

Масатанғыш, еліктеуге бейім.

 

Силағыш.

 

Басқалардың мақұлдауын іздейді.

 

Бірлесе жұмыс істеп өзара көмектесуге бейім.

 

Басқалармен үйлесіп кетуге ұмтылады.

 

Жылы шырайлы тілектес.

 

Ықыласты және мейірімді

 

Сыпайы

 

Мақұлдаушы

 

Көмек туралы сұраныстарға қайырымды

 

Риасыз

 

Өзгелерді таңдандыруға қабілетті.

 

Басқалар алдында сыйлы.

 

Басқарушы таланты бар

 

Жауапкершілікті сүйеді.

 

Өзіне сенімді

 

Табанды

 

Пысық және құнтты

 

Жарысуды жақсы көреді.

 

Қажеті бар жерде мықты және қатайағн.

 

Бетінен қайтпайтын бейтарап емес.

 

Ашуланшақ.

 

Ашық және тура айтады.

 

Бұйрыққа көнбейді

 

Әр нәрсеге шүбі көзбен қарайды.

 

Таңқалдыру өте қиың.

 

Өкпешіл және шетін.

 

Оңай абыржып қалады.

 

Өзіне сенімсіз.

 

Оңай көне салады

 

Менменсінбейтін.

 

Басқалардың көмегіне жиі сенеді.

 

Беделді адамдарды қатта сыйлайды.

 

Кеңестерді қуана қабылдайды.

 

Сенгіш. Басқаларды қуантуға ұмтылады.

 

Қарым-қатынаста әрқашан сыпайы.

 

Айналасындағылардың көзқарасын пір тұтады.

 

Қарым-қатынасқа түсуі жеңіл үйлесіп кетеді.

 

Ақкөңіл

 

Мейірімді сенімділік артады.

 

Нәзік қайырымды.

 

Басқалардың қамын ойлауды жақсы көреді.

 

Риасыз және жомарт.

 

Кеңес беруді жақсы көреді.

 

Маңыздылық, мәнділік әсерін тигізеді.

 

Бұйрық беру басқарушылық қасиеті бар.

 

Өктем.

 

Мақтаншақ.

 

Өзі туралы ғана ойлайтын адам.

 

Тәкәппәр және масайраған.

 

Қу және өнемшіл.

 

Басқалардың жасаған қателіктеріне шыдамсыз.

 

Өзімшіл пайда күнем.

 

Ашық.

 

Достық сезімі сирек болады.

 

Ашуланған

 

Қызғаншақ

 

Жүйкесі тозған.

 

Өкпені ұзақ уақыт бойы еске сақтайды.

 

Өзін-өзі кінәләу

 

Ұялшақ

 

Ынжық

 

Момын

 

Тәуелді және жалтақ.

 

Бағынуды жақсы көреді.

 

Шешім қабылдауды басқаларға ұсынады.

 

Қиын жағдайға оңай ұшырап қалады.

 

Басқалардың әсеріне жеңіл түседі.

 

Әрбір адамға сенуге дайын.

 

Бәріне таңдаусыз жақсы қатынаста.

Информация о работе В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі