Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 18:13, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Эмоция (латын тілінен аударғанда, «emovere» - уайымдау, қозу) – индивидтің өзіне әсер ететін факторларды бағалаумен тығыз байланысты қалып. Ол, әдетте, өзінің қажеттілігіне деген қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз немесе уайымдаулар түрінде байқалуы мүмкін. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады.

Содержание

Кіріспе 3
І. ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен ретінде 7
1.2Эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау 13
1.3 Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде 15
1.4 Мотивация теориясын дамытқан ғалымдардың негізгі теориялары..............22
ІІ. ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ диагностикалауды психологиялық-шарттары 28
2.1 Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері 28
2.2 Мотвациялық процесс және еңбек мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары 31
Қорытынды 36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 37

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 97.40 Кб (Скачать документ)

Мотивацияның процессуалдық (іс – жүргізушілік) теориялары.

  Адамның жүріс –  тұрысы оның әрекетіне  әсер  ететін қажеттіліктерге, неге  ұмтылады, не алғысы келеді және  оның осыған қандай мүмкіндіктері  бар екеніне тәуелді.  Бірақ,  егер болжайтын болсақ, осының  барлық кең түрде мәлім, сонда  да адамның мотивациясын дәл  нақты түрде түсінуге кепілдік  бермейді, ол адамдардың мақсаттары  мен қажеттіліктері туралы барлығын  білу мүмкін емес жағдайларда  қиынға соғуы мүмкін. Дегенмен  осыдан мотивациялық процесті  жете ұғынуға, басқаруға болмайтындығы  шығады. Нәтижелерге қол жеткізу үшін адамдарға қалай әсер ету керектігі, оларды мотивациялау, мотивациялық процестің құрылысы жайлы бірқатар теориялар бар. Осы типтегі теориялар мотивациялық процесінің теориялары тобын құрайды. Мотивацияның жалпы концепциясы келесі жағдайлардан тұрады. Адам мақсатты жән оның шешімі үшін мүмкін сыйлықты түсіне отырып, осы ақпаратты өзінің қажеттіліктерімен, мотивациялық құрылымдармен және мүмкіндіктерімен сәйкестендіріп, белгілі бір ықылас тудырады, ол сандық және сапалық мінездемелерге ие нақты шешімге әкеледі.

Бұл құрылым өте жалпы  болып табылады, өйткені ол сыйлық беру механизмін ашпайды.

Процессуалдық теорияда адамдардың әртүрлі мақсаттарға жетулері үшін өз күш – жігерін білуі және мінез – құлықтардың бір түрін  таңдауы талқыланады.

 Іс – жүргізушілік  теориясы қажеттіліктердің болатынын  теріске шығармайды, бірақ адамдардың  мінез – құлықтарын тек қана  солар анықтайды дегенмен келіспейді.

Процессуалдық теория бойынша  тұлғаның мінез – құлқы оның сещінуі  мен күтуінің қызметі (функциясы) болып  табылады. Ол берілген жағдайда тәуелді.

Мотивацияның үш негізгі  процессуалдық теориялары бар:

Күту теориясы;

Әділеттілік теориясы;

Портер – Лоулер үлгісі.

 

Күту теориясы.

Бұл теорияның негізін  Виктор Врумның еңбектерінен көруге болады. Күту – белгілі бір жағдайдың  ықтималдылығын бағалау болып табылады. Бұл теорияға сәйкес адамның белгілі  бір мақсаттарға жетуінің шарты  тек қажеттілік қана емес, сонымен  қатар оның таңдаған мінез – құлқының типі де оның негізгі шарты болып  табылады.

 Мысалы, көптеген адамдар  оқу бітіргеннен кейін жақсы  жұмыс табылатынын күтеді және  ол жұмысты шынайы беріліп  атқарса қызметінің өсетініне  де сенеді.

Еңбекке деген мотивацины талдау кезінде күту теориясы өзара  үш байланысты бөліп көрсетеді:

Еңбек шығындары – нәтижелер;

Нәтижелер – марапаттау;

Валенттілік – марапаттауға қанағаттану.

Еңбек шығындары – нәтижелер. Бұл жұмсалған күш – жігерімен  алынатын нәтижелердің арақатынасы.

Нәтиже – марапаттау. Бұл жеткен нәтижелер деңгейіне  жауап ретінде белгілі бір  марапаттау немесе мақтауларды кұту.

Валенттілік - бұл белгілі  бір марапаттаудан кейін пайда  болатын қанағаттану немесе қанағаттанбау  деңгейі.

 Әртүрлі адамдардың  марапаттауға деген көзқарасы  әртүрлі болғандықтан нақты бір  марапаттаудың бағасы жоғалуы  да мүмкін. Сол себепті ұйым  басшылары берілген марапаттауларды  қызметкерлердің қажеттіліктерімен  салыстырып сәйкестендірулері қажет. 

 Егер осы мотивацияны  анықтаудың негізгі үш факторының   маңызы төмен болса, онда еңбектің  мотивацисы нашар болады және  нәтижелері төмен болады.   

 Күту теориясын қорытындылай  келе, жұмысшы  алдын ала болжанған  сыйақы нәтижесінде айтарлықтай  деңгейде қанағаттана алатын  қажеттіліктерге ие болу керек.  Ал басшының тағайындаған сыйлығы  жұмысшының күтіп отырған қажеттілігін  қанағаттандыратындай болуы керек.  Мысалы, көптеген коммерциялық құрылымдарда  сыйлықты, жұмысшы сол нәрсені  қажет ететінін біле отырып,  нақты бір зат түрінде береді. 

Әділеттілік теориясы.

Адамдар өздеріне көрсетілген  марапатпен жұмсалған күш – жігердің арасындағы қатынасты субъективті  түрде айқындайды да, дәл сондай жұмыс атқарған адамдарға көрсетілген  марапатпен салыстыарады. Егер салыстыру  дисбаланс пен әділеттілік көрсетсе, ол психологиялық жағынан қысымшылық көргенін біледі.

Зерттеулердің нәтижелерінде  егер адамдардың еңбектері әділетсіз  бағаланса, олардың еңбек өнімділігінің  де төмендейтінін көреміз.

Мысалы басшы жұмысшыны  оның квалификацисына сәйкес емес тапсырмалар  бермеуі, тапсырманы орындауға қажетті  информацияны алуға рұқсат бермесе  т. с. с. – осының бәрі әділет теориясына мысал бола алады.     

 

 Портер – Лоулер  үлгісі (моделі) 

Лайман Портер мен Эдвард Лоулер күту теориясы мен әділеттілік  теориясының элементтеріне қарай  отырып мотивацияның кешенді процессуалдық (іс – жүргізушілік) теориясын жасап  шығарды.

 Олардың үлгісінен  бес өзгергіштерді, құбылмаларды  атауға болады:

-Жұмсалған күш – жігер;

-Сезіну;

-Алынған нәтижелер;

-Марапаттану;

-Қанағаттану дәрежесі.

Портер – Лоулер моделіне сәйкес қол жеткен нәтижелер қызметкерлердің  жұмсаған күш – жігеріне, оның қабілетіне, мінез – құлқына және өз орнын  сезінуіне тәуелді болады.

 Жұмсалған күш –  жігер деңгейі марапаттаудың   бағалылығымен анықталады.

Сонымен қатар Портер –  Лоулер теориясныда марапаттаумен  нәтижелердің арақатынасы тағайындалады, яғни адам өз қажеттіліктерін қол  жеткізілген нәтижелері үшін көрсетілетін марапаттаулар арқылы қанағаттандырады.

 Портер – Лоулер  моделі бойынша, еңбек нәтижелер  үш ауыспалыққа байланысты өзгереді:

Бірінші – күш – жігер;

Екінші – қабілеттілік пе мінез – құлық;

Үшінші – еңбек процесінде өз бейнесін сезіну.

 Ал ауыспалық өз  кезегінде марапаттаудың бағалылығынан  және күш – жігер марапаттар  қатынастарының ықтималдылығын  бағалаумен байланысты.

 Орындалған жұмыс нәтижелері  ішкі және сыртқы марапаттауға  байланысты болады.

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ЭМОЦИЯЛЫҚ  ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ  МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ  диагностикалауды психологиялық-шарттары

2.1 Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері

 

Эмоциялар адамның мінез-құлқын ерекше сезім сарынына бөлеп, азды-көпті  ұзаққа созылатын өте берік әсерлер  туғызады. Кейде сезім кенеттен пайда  болып, қарқынды өтеді, бірақ біршама  тез басылады. Осы ұзаққа созылатын  не қысқа әсерлерді психикалық не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың қатарына көңіл-күй аффект, құмарлық, стресстік жағдайлар жатады.[21]

Көңіл-күй деп біршама  бәсең, бірақ әдетте, әжептәуір ұзағырақ, психикалық үрдістер мен адамның  барлық мінез-құлқында көрінетін жалпы  эмоциялық жағдайларды айтады. Кім  болмасын көңіл-күйі нашар болса, ешбір  негізсіз көңілі жабырқап, не болса  соған абыржып қалады. Ал кей кездерде адам ешбір себепсіз-ақ шаттық жағдайда болады. Осы кездерде оған барлығы  да тамаша болып көрінеді. Басқа  көңіл-күйде болса көңілін бөлмейтін  нәрсеге ол қуанады. Былайша алғанда, мұндай жағдайлардың себебін табу қиын секілді көрінеді.

Саяси эмоция - [франц. emotion, лат. emoveo - толқытамын] - адамның сыртқы және ішкі тітіркендірушілердің ықпалына субъективті  реакциясы, ол рахат алу немесе қуану, қорқу түрлерінде көрініс табады. Эмоция адамның өмірі мен қызметінде қатар жүретін, психологиялық қызметі  мен мінез-құлқын ішкі реттеудің  негізгі тетіктерінің бірі. Оң эмоциялар  субъектіні өзінің мақсатына жетуге және оны сақтауға итермелейді.                            

Эмоциялар әлеуметтік-саяси  өмірде маңызды рөл атқарады. Тұрақты  эмоциялық қатынастар пәніне айналғанда ғана идеалдар, міндеттер, ережелер қызметтің  шынайы себептеріне айналып, саяси  мінез-құлықты бағыттай бастайды. Эмоциялар  саясатта бұқараға күрделі тиімді талдаудың  қажеттілігін ауыстырады. Мұндай талдаудың  күрделілігіне байланысты саясат негізін  эмоциялық сенім немесе эмоциялық  сенімсіздік құрайды. Мінеки, сондықтан  саясат адамдардың эмоциялық түрде  боялған қызметі ретінде өмір сүреді. Эмоциялық көтерілу сатысында  бұқара халық сәтті төңкеріс пен  ереуілдерді жүзеге асырады. Ал эмоциялық  құлдырау сатысында, керісінше, бұқара халық паникаға үшырайды.         

Эмоциялық құлазу кезеңінде  көшбасшылар сайлауда жеңіліске  ұшырайды. Саяси эмоция мағыналы қозғалыстардан көрініс табады. Нақты эмоциялар  өзекті қажеттілікпен, оны қанағаттандыру мүмкіндігімен анықталады. Мүмкіндікті  бағалау жеке тұлғаның, топтың немесе ұйымның саяси тәжірибесіне негізделеді. Жаңа ақпараттың түсуінің нәтижесінде  мүмкіндіктер де өседі. Ал бұл өз кезегінде  оң эмоцияларды тудырады.

Адамның көңіл-күйіне өзінің өмір сүріп және жұмыс жасайтын арқылы үлкен ықпал жасайды. Уақытында  жақсы ұйымдасқан, демалыспен ауысып келетін сапалы оқумен ұната істейтін еңбек, әдетте, адамның көтеріңкі  және шаттық көңіл-күйін тугызады.

Эмоциялардың  сапалық  көрсеткішін  анықтау.

«Қарама – қарсы  полярлық    сапалық»    кестесі.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

Күйгелек

   

  •

             

Ұстамды

Екі  жүзді

                 

Тілектес

Түңілген

             

   

Сеніммен  қараушы

Мазасыз

             

 •

   

Сабырлы

Шашыранды

         

  •

       

Мақсатты

Тұйық

         

       

Көпшіл

Жеңілтек

           

     

Байсалды

Қозғыш

       

         

Салмақты

Көнгіш

   

             

Принципшіл

Мансапқұмар

           

     

Қарапайым

Жасық

 

               

Қайратты

Ақымақ

       

         

Ақылды

Агрессивті

       

         

Бейбітжан

Көңілге  тез  алғыш

   

             

Өзін  билейді 

Дөрекі

             

   

Әдепті

Еріншек

             

   

Еңбексүйгіш

Қатал

       

         

Қайырымды

Ашушаң

     

           

Мейірімді

Енжар

       

         

Белсенді

Өзімшіл

         

       

Өзін-өзі  сынайды




 

Кейде адамдарда психикалық жағдайлардың ерекше түрлері пайда  болады, олар тез өтеді, бірақ күшті  жэне өте қарқынды өтеді. Бұлар - аспектілер деп аталатындар. Әдетте, олар ашу  шақыру не қаһар төгу (ыза, шаттық т.б.) сипатында болып, осындай сезімдер билеген адамдар көбіне өз басына ие бола алмай қалады.

Аффектілік жағдайдың  тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің  болуы мен байланысты. Осының салдарынан тежелу үрдісі бәсеңдейді және ми қыртысының төменгі белігіндегі орталықтарынан келіп жататын серпілістер тасқынын бақылап, басып отыру мүмкіншілігінен  үлкен ми сыңарлары қыртысы айырылады. Сөйтіп ми қыртысы мен ми қыртысының төменгі бөлімінің аралық қажетті  іс-әрекеттерінің тепе-теңдігі бұзылады. Бірақ мұндай эмоциялық қозулармен әрбір адам күресе алады. Мысалы, ашу  қысқан сәтті сезе салып, өз ойыңды басқа бір нәрсеге бөліп жіберуге тырысу өте қажет. Брі аффектіні  ең басынан жойып, жаңа басталған  қозуға жедел, енді тоқтата алмайтындай, қатты сезімге айналып кетпеуіне  бөгет салуға көмектеседі.

Аффект жағдайына келген мұғалімнің табанда оқушыларға жаза беруіне болмайды, өйткені дэл  сол уақытта педагог жазаны бір  жақты, эділетсіз шешуі мүмкін, ал берілген жазаны бұзу қиынға түсетіні мэлім. Мұндай реттерде оқушыға: "Бара бер, саған қандай жаза қолдануды  ойланайын", - деген жөн. Біраз  уақыт өткен соң мұғалім ағаттық  істі толығынан объективтік жағдайда бағалайды, тіпті тентектік істеген  оқушыны жазалаудың қажеті жоқ деп  те табуы мүмкін. Жазаны күтіп жүрген оқушы да ағаттықты неге істедім  деп ойға қалады. Мүмкін осындай  жіберілген ағат істі мойындауға жеткізсе - онда жазалаудың да керегі жоқ болады ғой.

Кейде жаман баға алған  оқушылар аффектілік жағдайға түседі. Мысалы, ондай бала өксіп жылай бастайды. Баланың өзі-ақ өксігін басар деп, кейбір мұғалімдер оған көңіл бөлмейді. Осындай халдегі оқушыға ізет жасаса, шынында да, оның аффектілігі күшейе түсетін кездері болады. Алайда, көбіне жақсы көретін мұғалімнің көрсеткен жылы шырайы, бағаны түзету үшін келесіде сабақ сұраймын деген уэдесі баланы жұбатады, сөйтіп аффектілік жагдайдан қрылады. Психикалық жағдайдың ерекше түрі - құмарлық болады, яғни қандай да болмасын бір мүддемен, талаппен іс-әрекетпен байланысты мықты да сонымен бірге ұзаққа созылатын, берік сезім. Мысалы, адам ғылымға, музыкаға, спортқа құмар болуы мүмкін. Жеке адамның психикалық және теңдік хал жайына кеселін тигізетін құмарлық та адамдарда болады. Олардың ішінен ішімдікпен, нашақорлықпен, құмартатын ойындармен әуестенуді айтуға болады. Егер адам өзін - өзі билей алатын күш-қуат тауып, осы құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлайды, тіпті өлімге жеткізуі мүмкін. Кейбір құмарлық тұрақтылығы, ұзақтығы ерекше болып және адамды еліктіргенмен, біршама жайбарақат өтеді. Бірақ өте-мөте қатты білініп, пайда болған адамын өте терең күйзелуге салатын сезімдер де болады. Осындай эмоциялық қалыпты психологияда стрестік жағдай деп атау қалыптасқан. Стрестер өте ауыр психологиялық жағдайда: қауіп-қатер төнгенде, іс-эрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңінде, әл-қуатқа және ақыл-ойға салмақ түскенде пайда болады.

Информация о работе Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері