Желілік технологияның болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 21:52, реферат

Краткое описание

Жергілікті желі соңғы кезде компьютердің сәнді қосымшасынан бірден көп компьютері бар кез келген компанияның міндетті әрі өте қажетті құралына айналды. Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі қарапайым желіні кез-келген қолданушы орната алатын және қолдана алатын дәрежеге жеткізді. Сондай-ақ, желі ортасын орнату мен осы ортада жұмыс істеу және оған қызмет көрсету мүмкіндіктері толық әрі түсінікті тілде жазылған әдебиеттердің көптігі, Wіndows жүйелік ортасында желіде жұмыс істеу мүмкіндіктерінің дамыған әрі қарапайым болуы да бұл мәселенің тез шешімін табуға әкеп соқты.

Содержание

Кіріспе
1. Желі. Оның типтері
2. Желілік технологиялар
3. Желілік техникалық құралдар
4. Серверлер. Клиент сервер
5. Қолдану технологиялары
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

СООЖ Куатова.docx

— 267.95 Кб (Скачать документ)

Егер көпшілікке керекті мәліметтер файл-сервер дискісіне жазылса, онда желідегі барлық жұмыс станциялары(немесе администратор рұқсатына байланысты олардың белгілі бір побына ғана ) сол мәліметтермен жұмыс атқара алады. Осындай тәсілмен файл-сервер дискісін пайдалану әрбір адамға қосымша тағы бір-екі диск сатып алған сияқты болады, мұндайда мәліметтердің сыртқы ЭЕМ-нен алынғанын адам байқамайды да.  
Файл –сервердің сыртқы жады ретінде компакт-дискіні оқитын құрылғыны немесе мәліметтерді қайта жаза алатын магниттік-оптикалық дискілерді пайдалануға да болады. Компакт –дискіден мәліметтерді оқу құрылғысы арзан тұрады, сол себепті қазіргі кезде ол әрбір жұмыс станциясында бар. Бірақ мұны да теку файл –серверге ғана орналастырып, әрбір станция біраз қаржы үнемдей алады. Ал, магниттік оптикалық дискінемесе жоғары көлемді(бірнеше Гб) қатты дискілер біршама қымбат тұрады,сондықтан оларды да кезқ келген компьютерге қоймай , файл –серверге орналастырған ыңғайлы екені белгілі шығар. Сонымен көлемді мәліметтер көпшілікке керек болғанда, оны ортақтаса пакйдаланудың ең тиімді түрі – компьютерлерді жергілікті желімен байланыстыру болып табылады.

Компьютерлерді желіге олардың  ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіріледі.  
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтер, модем, сканерлер, график сызғыштар кіреді. Ақпарат сақтау құралдары СD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьюткрінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компбютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл – жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және, керісінше ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады.  
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентраторлар арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.  
«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.  
«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.  
«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша қабылдайды. Tokin Ring- тің ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген.  
Осылайша, Tokin Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты безендірілген.  
Жергілікті желіде ақпарт жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді. 

Желілік техникалық құралдар

Жергілікті немесе аймақты  тармақталған желілер архитектурасына  байланыста негізгі компоненттер мен  технологиялар мынадай бөліктерден  тұрады:  
• кабельдер;  
• серверлер;  
• жергілікті интерфейс тақталары;  
• концераторлар;  
• коммутаторлар;  
• аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар;  
• аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;  
• аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.  
Серверлер. Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз – осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады.  
Жергілікті интерфейс тақшалары. Үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желіге басқа құрылғылармен орнатылыды. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруімен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.  
Модемдер. Жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып онымен мәлімет алмысу мүмкіндігін береді. «Модем» - деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор / демудулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сингалдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Клиент – сервер технологиясы

Жергілікті желілердегі  компьютердің бір – бірімен қатынас  жасау сипатын олардың функционалдық  қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында компьютерді  тікелей байланыстыру кезінде сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылыды.  
Клиент – сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір – бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға клиентерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік болып екіге бөлінеді.  
Бір деңгейлі желілер айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігінің барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.  
Егер компьютерлер саны аз болып олардың негізгі функциясы бір – бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда ең тиімді шешім оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады.  
Серверлік желілерге компьютердің функциялары алдын – ала айқындалған оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлер атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар. Олар желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервер, пошталық сервер және т.б.  
Желілік сервер – желі жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының нагізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютерлер болып табылады. Мұнда желіге жұмыс станциясының функциясына мәліметтерді енгізу және шығару сервер мен ақпарат алмасу жатады.  
Файлдық серверлер – термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтер барлық өзгертулер жұмыс станцияларында жүргізіледі.  
Баспа серверлер, желі адаптерлері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларына тәуелсіз күйге өзі жеке жұмыс жасайды.  
Баспа сервері желідегі барлық серсерлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, жергілікті желі ауқымды желіден өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық сервер пайдаланылады.

 

 

 Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары 
Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі. Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар. Коммуникациялық кұралдардың OSI модель деңгейіне функционалды сай келуі.  
 
 Локальды тораптарды құру және қолдану технологиялары 
Локальды тораптарды құру мақсатында активті және пассивті құралдарды тандау. Серверге, жұмыс станциясына және торапқа жалпы қойылаты талаптар. Ethernet технологиясы. СSМА/CD қатынас құру әдісі. Ethernet кадр форматтарының сипаттамасы. 10BASE-5,-2,-Т,-Ғ стандарттары. Fast стандарттары. Ethernet стандарттары. Gigabit Ethernet стандарттары. Локальды тораптардың басқа технологиялары. Tolken Ring стандарты. FDDI және СDDІ стандарттары. 10VG-АnуLAN стандарты. ARChet және ТСNS стандарттары. Tolken Bus және Local Talk стандарттары. 
 
Глобальды тораптарды құру және қолдану технологиялары 
 
Глобальды тораптарды кұру функциялары мен құралдарының жалпы сипаттамлары. Глобальды тораптардың құрылымы. Глобальды тораптардың түрлері: бөлініп алынған каналдар, каналдары коммутацияланған глобальды тораптар, пакеттері коммутацияланған глобальды тораптар. 
Телефондық тораптар және оларды тасымалдау үшін қолдану. Аналогтық коммутацияланған және бөлініп алынған желілер. Бөлініп алынған цифрлық желілер SONET/SDH технологиялары. ІР- телефония. XDSL технологиялары. ISDN тораптары. Х.25 тораптары. Frame Relay тораптары. ТDМ технологиялары. АТМ тораптары. Internet тораптарын ұйымдастыру. Тораптық технологиялардың даму тенденциялары мен перспективалары. 
Тораптық программалық қамтама 
Біррангтық компьютерлік тораптардың операциялық жүйелері. Бөлініп алынған сервердің тораптык операциялық жүйелері. Тораптарды басқару және талдау құралдар кешені. 
 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
 
1. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы /В.Г. Олифер, Н.А.Олифер. - 
СПб: Издательство «Питер», 2000.-672с: ил. 
2. М. Гук Аппаратные средства локальных сетей. Энциклопедия - СПб: Издательство 
«Питер», 2000.-576 с: ил. Microsoft Corporation. Компьютерные сети. Учебный курс: 
Официальное пособие Microsoft для самостоятельной подготовки: Пер. с англ. - 2-е 
изд., испр. и доп.- М.: Издательско-торговый дом «Русская редакция», 1999.-576 с: ил. 
3. Бэрри Нанс. Компьютерные сети: Пер. с англ.- М.: Бином, 1996. - 400 с: ил. 
4. Компьютерлік желілер. В. Яворский, Ә. Смағұлова, А. Әміров –«Фолиант» баспасы - 2012 ж.


Информация о работе Желілік технологияның болашағы