қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 21:02, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік көптеген қиындықтардан өтті, - бұл болған факті. Ол заңмен қорғалған және дамыды . Бизнеске назар аудару табиғи және дәлелденген. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі басталады, өз ісін ұйымдастыруға ұмтылатын, жаңа шарттарға бой ұсынбауды тілейтін адамдар пайда бола бастады, өзін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсете алатын, бастамасы бар, өмір сүруді білетіндер бой көтере бастады. Бұған қоғамның жариялылығы және шаруашылық іс-әрекеті көмектеседі.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................
1 Кәсіпкерліктің теориялық - әдістемелік аспектілері......................
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық маңызы мен мазмұны...............
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары........................................
1.3. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.............................

2 ҚР-дағы кәсіпкерліктің дамуын бағалау...................................................
2.1. Қазіргі кезеңдегі ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау
2.2. Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау мен дамуын бағалау..........

3. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуын және қолдау шараларын жетілдіру жолдары...........................................................
3.1. Кәсіпорынның кәсіпкерлікті басқаруды жетілдіру жолдары.........
3.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау бағыттары ...........................................................

Қорытынды..............................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................

Қосымшалар............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

кур раб.docx

— 197.68 Кб (Скачать документ)

Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі  компаниялардың                                                                                 мүдделеріне сай келеді. Қазір  дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен  келісім шарт жүйелерімен байланысқан  көптеген шағын және орташа фирмалар маманданады.

Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет етеді. Техникалық қызмет көрсету саласында кең  өріс алады. Өте жиі жағдайда өз ісі  өндірістен шығып қалған немесе жұмыс  таба алмағандар ашады.                                                                         

80-ші жылдардың  басында шағын кәсіпорындар иелерінің  тек өз жанұяларындағы адамдарының  еңбектерін қолдануы Жапониядағы  барлық жұмыспен қамылғандардың 32%, Италияда-29%, Францияда-21%құрады.

Монополистік  емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат кешенінде өздерінің  жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер қызметкер  спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын  қажет етпейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі  жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.

Кәсіпкерлік сектор нарықтық  бәсекелестіктің  өзгеруіне өте сезімтал. Сонымен  қатар экономикадағы бәсекелік  сипатты қолдай отырып, орта топтың қалыптасуының негізін қалайды. Осындай әлеуметтік базаны дамытпастан  нарықтық реформаларға жоғарғы баға беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың әділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын бизнесті кең бағытта  қолдаған шет елдердің тәжірибесі айғақтайды. Мысалы: АҚШ-та жалпы өнімнің қырық  пайызы және еңбекке қабілетті халықтың елу үш пайызы оның үлесіне тиеді. Ірі корпорацияларға қарағанда  шағын кәсіпорындар технологиялық  жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай кәсіпорындар тауарларды экспортқа  шығаруға мүмкіншіліктері мол.  Олардың  үлесіне: Германия, Италия, Жапония  сияқты елдерде тауар экспортының  қырық пайызы жуығы тиесілі екен. Экономикалық және статистикалық мәліметтер бойынша шағын бизнес субъектілерінің  рөлі тіпті дамыған елдерде артқаны  байқалады. Шағын бизнес субъектілерінің  санын                                                                                                                         арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе  жұмыспен қамту мәселесін шешеді.

    Өркениетті  елдердің    көпшілігінде   экономикалық   өсудің   шешуші  бір  факторы- шағын   бизнесті  жан-жақты   дамыту   болып  табылады. Кәсіпорындардың   жалпы  санының  ішінде  шағын  және  орта    фирмалардың  үлесі  80-90 %-ын  қамтып,  елдің жалпы ұлттық   өнімнің   50%-ға   жуығын  өндіруді  қамтамасыз   етіп отыр.  Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты  жүргізуге икемділігі  оларды  ғылыми-техникалық  прогрестің  негізгі бір қозғаушы   күшіне  айналдыруда.

       Шағын  кәсіпкерліктің   шетелдегі даму   ерекшеліктерін   қарастыру  негізінде  ең  алдымен  дамыған  мемлекеттер  ішіндегі  алыптар  тәжірибесіне  тоқталсақ,  ол  біріншіден  Америка  Құрама   Штатының   және  Жапонияның,     сонымен    қатар   Германияның  шағын  кәсіпкерлік   қызметінің  сипаты  мен   оны  мемлекеттік  қолдау   бағыттары  мен  проблемаларын  ескеру   қажет.

       Шағын  және  орта  кәсіпорындардың       ірі         кәсіпорындармен          қатар қызмет етуі дамыған  елдер экономикасына тән белгі. Америка   Құрама         Штатында өз      ісімен             айналасушы            азаматтар, яғни кәсіпкерлер            үлкен                 құрметке         ие. Нарықтық    экономикаға бет     бұрған     елдер   үшін         Америка            Құрама          Штатындағы шағын          бизнесті         дамыту   тәжірибесінің          үлкен   маңызы зор. Америка    Құрама          Штатында       тіркелген    кәсіпорындардың    97    -ына             жуығы      шағын      кәсіпорындар.   Бұл шағын          кәсіпорындар         жалпы     ұлттық         өнімнің-  53 -ына,  көтерме сауданың-  64 -ына,          бөлшек         сауданың-   72    -ына,   қызмет    сласының     57 -ына  ие  болып  тұр.

       Сонымен  қатар,Америка  Құрама Штатында кәсіпкелік    қызмет        АҚШ          экономикасында     шағын   және   орта   фирмалар             ғылыми-    техникалық     проресс     саласында   жататын  барлық    жаңалықтарды    жасаудың,      игерудің    және     өндіріске      енгізудің       тең   жартсына           жуығын          қамтамасыз       етеді.     Өндіріске    жұмсалған       әрбір    шығынға     олар  ірі     кәсіпорындармен        салыстырғанда         орташа   есеппен   17   еседен   көп   ғылыми     жаңалықтар     енгізуде.   Шағын   инновациялы   өндіріс     мұнда    ғалымдар,   инженерлер   және   тапқырлар    еңбегі    негізінде   ұйымдастырылады. бүгінгі  таңда   жыл   сайын  құрылатын   600-700  мың  жаңа   фирмалардың     1\8  бөлігін    ғылыми-техникалық    жаңашылдық    өндірісінде   мамандандырылған.

    АҚШ  - та   шағын   кәсіпкерліктің    тұрақты   түрде    мемлекеттік   қолдауға   ие.  Әр  түрлі    мемлекеттік    реттеулер   иен    қолдау      шаралары       құқықтық    базаға    негізделген.  Солардың    бірі  «  шағын  бизнес   туралы  заң» .  Америка  Құрама  Штатының     конгрессінде   шағын  бизнес  проблемаларымен    екі      комитет   айналысады.

        Федералдық  деңгейде   шағын  бизнес   әкімшілігі      қызмет   атқарады.   Әкімшіліктің   басты   функциясы--  шағын бизнесті     жан  жақты  қолдау.   Әрбір   штатта  әкімшіліктің  аймақтық   бөлімдері  жұмыс  істейді.    Аймақтық  бөлімшелер   шағын   бизнес  субьектілеріне    нарық   туралы  ақпарат  береді,  оның  мәселелерін    шешуге  көмектеседі.

       Сонымен  қатар,   Америка          Құрама     Штатының   кәсіпкерлік   саясатының      негізгі   бағыттарының  бірі  -  ол    қаржы   түсімдерін реттеу  болып  табылады.  Ол  екі    бағытта  жүзеге  асырылады:

     1)  бюджеттен     мақсатты    бағытталған   субсидиялар;

      2)  қаржыландыру  үшін     жеке   капиталдарды      тарту.

     Бұл  бағытты     іске   асыруда   АҚШ –  та  Шағын  Бизнестің  Әкімшілігі   құрылған   және   ол  шағын    кәсіпкерлікке     қаржылық,   кеңестік,   материалдық   көмектесеlі,   кәсіпкерлерді  оқыту  мен   дайындауды  жүзеге  асырады.  Шағын   Бизнес  Әкімшілігі   шеңберінде   келесі  бағдарламалар    жүзеге   асырылады:

    1)халықаралық  саудада   көмек;

     2)ғылыми-техникалық   зерттеулер;

     3)әйел-  кәсіпкерге   көмектер;

     4)ардагер-кәсіпкерге  көмек  көрсету   жұмыстары;

     5) ұлттық  кәсіпкерлікті   дамыту   және    тағы   басқа.

        

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚР-ДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ

 

 

2.1 Қазіргі кезеңдегі ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау

 

Қазақстан республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның  бәсекеге барынша қабілетті, әрі  серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің  қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы  қоғам құрудағы басымдықтардың бірі » деп өз Жолдауында атап өтті. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі  уақытта үлкен мән беріліп  отыр.

Дүние жүзін  шарпыған дағдарысқа қарсы әлемнің  алпауыт елдерінің өзі қал-қадерінше  қарманып, ішкі экономикалық тұрақтылығын сақтауға ұмтылып жатыр. Бұл ретте, ширақтық танытқан ел Үкіметі Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесіп, 2009-2010 жылдары экономика  мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын  былдыр күзде қабылдағаны мәлім. Бұл жоспардың басты мақсаты  – ғаламдық дағдарыстың салдарына  төтеп беру, сонымен қатар экономикалық өсу, ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыру, тұрақтылық негізін қалау, халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік-әлсіз  жіктерін қолдау.

Қазақстанның  экономикалық тұрақтылығын және ұлттық экономиканың бәсекегеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада шағын және орта бизнес секторын қолдауға басымдық беріліп отыр. Өйткені экспорттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бағасының  күрт құлдырауы жағдайында мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының  нығаюына және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға дәл осы  шағын және орта бизнестің өрге басуы  негіз қалайды. Егер бұл сала өркендесе, жаңа жұмыс орындары ашылып, ел берекеті артады. Үкіметтің ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда  жасақтаған бағдарламасында шағын  және орта кәсіпкерлік субъектілерін  қолдауға және жаңа бизнес жобаларды  іске асыруға ерекше мән берілуі  сондықтан.

Статистика  агеттігінің мәліметтері бойынша, 2008 жылы Қазақстан Республикасы бойынша елімізде 621 114 ШОК субъектісі, 2009 жылы 623 751 ШОК субъектісі, ал өткен жылы 2010 жылы 676 269 ШОК субьектісі тіркелген. Яғни,  жылдан –жылға шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі көрсеткіштерінің біршама жоғарлағандығын байқауға болады.

Республика  бойынша 2010 жылғы көрсеткіштерге сәйкес  Оңтүстік Қазақстан 1-орында, яғни 123 748 ШОК субъектісі 18%, 2-орында  Алматы облысы 110 004 ШОК субъектісі 16%, ал 3-орында Шығыс Қазақстан 69 074 ШОК субъектісі 10% тіркелген. Аймақтар бойынша да шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер санының жыл сайын жоғарлап отырғандығын көруге болады (1-кесте).

 

 

1-кесте

Қазақстан Республикасы аймақтары  бойынша 2008-2010 жж ШОК белсенді субъектілерінің саны, бірлік

 

 

ШОК белсенді субъектілерінің саны, бірлік

 

2008

2009

2010

Қазақстан Республикасы

621 114

623 751

676 269

Ақмола

30 202

30 708

26 983

Ақтөбе

26 103

26 220

23 811

Алматы

78 979

79 295

110 004

Атырау

27 608

27 697

19 508

Батыс Қазақстан

21 674

58 001

19 506

Жамбыл

33 038

33 679

37 265

Қарағанды

37 296

21 792

44 207

Қостанай

40 119

37 836

36 531

Қызылорда

14 934

40 554

14 725

Маңғыстау

21 087

15 460

16 804

Оңтүстік Қазақстан

101 721

109 378

123 748

Павлодар

25 280

25 457

24 380

Солтүстік Қазақстан

18 186

18 386

21 156

Шығыс Қазақстан

57 442

98 914

69 074

Астана қаласы

27 760

27 884

26 917

Алматы қаласы

59 685

62 490

61 650


 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы елімізде жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір  жолы болып табылады.

Елімізде  шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына  байланысты жұмыссыздар саны да төмендеп келеді.

Сондай-ақ, шағын  және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны  2008 жылы Қазақстан Республикасы бойынша  1 726 170 адам, 2009 жылы 1 944 945 адам, ал 2010 жылы 2 463 518 адам болды. Сәйкесінше шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына байланысты 2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 2 есе жұмыспен қамтылған (2-кесте).

2010 жылғы  көрсеткіштерге сәйкес аймақтарда  жұмыспен қамту бойынша алдыңғы  қатарда Алматы қаласында 13% орын алып отыр. Оңтүстік Қазақстан 12%,  Алматы 11%.

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте

Республика аймақтары  бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны, адам

 

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны, адам

 

2008

2009

2010

Қазақстан Республикасы

1 726 170

1 944 945

2 463 518

Ақмола

74 819

96 263

114 889

Ақтөбе

59 739

69 914

95 843

Алматы

203 680

213 394

275 700

Атырау

63 530

70 730

79 402

Батыс Қазақстан

55 256

60 743

88 077

Жамбыл

116 463

116 326

112 640

Қарағанды

114 747

135 189

200 248

Қостанай

92 019

111 869

137 283

Қызылорда

38 218

44 464

64 710

Маңғыстау

41 753

47 951

66 472

Оңтүстік Қазақстан

231 552

245 614

298 046

Павлодар

76 651

88 391

112 982

Солтүстік Қазақстан

52 368

68 928

102 755

Шығыс Қазақстан

160 736

187 686

238 083

Астана қаласы

107 014

113 038

133 928

Алматы қаласы

237 625

274 445

342 460

Информация о работе қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау