қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 21:02, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік көптеген қиындықтардан өтті, - бұл болған факті. Ол заңмен қорғалған және дамыды . Бизнеске назар аудару табиғи және дәлелденген. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі басталады, өз ісін ұйымдастыруға ұмтылатын, жаңа шарттарға бой ұсынбауды тілейтін адамдар пайда бола бастады, өзін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсете алатын, бастамасы бар, өмір сүруді білетіндер бой көтере бастады. Бұған қоғамның жариялылығы және шаруашылық іс-әрекеті көмектеседі.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................
1 Кәсіпкерліктің теориялық - әдістемелік аспектілері......................
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық маңызы мен мазмұны...............
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары........................................
1.3. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.............................

2 ҚР-дағы кәсіпкерліктің дамуын бағалау...................................................
2.1. Қазіргі кезеңдегі ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау
2.2. Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау мен дамуын бағалау..........

3. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуын және қолдау шараларын жетілдіру жолдары...........................................................
3.1. Кәсіпорынның кәсіпкерлікті басқаруды жетілдіру жолдары.........
3.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау бағыттары ...........................................................

Қорытынды..............................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................

Қосымшалар............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

кур раб.docx

— 197.68 Кб (Скачать документ)

Буржуазиялық  экономикалық теорияда кәсіпкер ұғымы 18 ғасырда қолданыла бастады. А. Смиттің  ойы бойынша, кәсіпкер - сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда  түсіру үшін экономикалық тәуекелге  баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады  және соның нәтижесіне оған өзі иелік  жасайды.  

Кәсіпкерлік атауы нарықты шаруашылықтың  бөлінбес атрибуты ретінде қатысады. Кәсіпкерлік тарихы бірнеше ғасырға  барса да, оның қазіргі түсініктемесі  капитализмнің қалыптасуы мен даму уақытысында қалыптасты.

Нарықтық  экономикада кәсіпкерлік орталық  орынға ие және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы  қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық психологиялық тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік  әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларында да қатысты екені  рас.

Нарықтық  экономикада кәсіпкер қызметі туралы осындай көзқарасты 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басындағы ұлы француз  экономисті Ж. Б. Сэйде болған, ол кәсіпкерді қандай да бір өнімді өндіруді өзінің есебіне және тәуекеліне алатын тұлға  ретінде сипатталған. Ол кәсіпкерлікті үш өндіріс факторының (жер, капитал, еңбек) бірігуінен тұрады деп қарастырады. Және сонымен қатар ол ағылшын кәсіпкерлерінің ерекшеліктерін Англия өнеркәсібінің негізгі тұжырымы кәсіпкерлердің өнім өндіруге қатысқан зор үлестерін айқындауда. Сэй «кәсіпкерлік табысты – кәсіпкердің еңбегі үшін алынатын сыйлығы», - деп есептеді, ал «кәсіпкердің өзі – қандай да бір өнімді өндіру үшін пайда табу мақсатында өз атынан тәуекелге бара алатын адам», - деп ұғынды.

Капиталистік  елдерге 80-жылдардағы кәсіпкерлік шуы  экономикалық өсудің жаңа жағдайда пайда  болды және оның нәтижесі көптеген ерекшс факторлар мен себептерге байланысты.

Ол кәсіпкердің  белсенді рөлін делдал, білім және тәжірибе иесі ретінде өндіріс факторларын  үйлестіретін экономикалық агент ретінде  көрсетті. Сэй кәсіпкердің ерекше қасиеттеріне мен оның табыстарының сипатын жеткілікті мөлшерде толық  бейнелеген, оның бір бөлігі оның сирек  кәсіпкерлік қабілеті үшін төлем  болып табылады.

Кәсіпкерліктің  бесінші кезеңі И.А.Шумпетер (1883-1950 ж.ж.) атымен байланысты. Ол «кәсіпкер» ұғымын жаңалық ашушы ретінде қарастырады. Оның негізгі қызметі экономикалық өсуді қамтамасыз етуде басты  рөл атқаратын жаңашылдықты іске асыру деп түсінді. Яғни, жаңа бағыттарды ойлап тауып, іске асыратын шаруашылық субъектілерін кәсіпкерлер, - деп  атады.

Кәсіпкерлік теориясын жетілдіруге неміс  экономисті В. Зомбарт пен Австрия  экономисті И. Шумпетер көп үлес қосты. Зомбарт бойынша кәсіпкер - бұл "жаулап алушы" (тәуекелге дайын болуы, рухани еркіндік, ойға бай болу, еркіндік және қайсарлық), "ұйымдастырушы" (бірге жұмыс істеу үшін көптеген адамдарды біріктіру қабілеті) және сатушы (адамдарды өзінің тауарын  сатып алуға сендіре білу, олардың  мүддесін табу, сенімнен шығу). Кәсіпкердің  мақсаттарын бейнелей отырып, Зомбарт  олардың ішінде негізгі өзінің жұмысының  гүлденуіне  және  өсуіне  ұмтылуды,  ал  бағынышты деп- пайданың өсуін, өйткені онсыз гүлдену мүмкін еместігін атап өтеді.

Маршалл   өндірістің   үш   классикалық   факторларына – еңбек, жер, капиталға  – төртінші   ұйымдастыруды   қосқан, ал   Шумпетер  «Экономикалық   даму   теориясы » кітабында   (1912 жыл )  бұл   факторларға   қазіргі   атауды – кәсіпкерлікті   берген.

             Бірақ   кәсіпкерліктің   теориясын   өңдеуге , оның   табиғаты   мен   қызметтерін   зерттеуге   Шумпетер   зор   үлес   қосты. Ол   кәсіпкер   деп   жаңа   жолдар   салатын, жаңа   комбинацияларды   жүзеге   асыратын   өндіріс   ұйымдастырушысын   айтады:

              1 ) тұтынушыға   жаңа, әлі  таныс   емес   материалды   игілікті   немесе   жаңа   сапасы   бар   бұрынғы   игілікті   жасау;

              2 ) берілген  өндіріс   саласында   жаңа, әлі   қолданылмаған   өндіріс   тәсілін   енгізу;

              3 ) жаңа   өтім   нарығын   жаулап   алу   немесе   бұрынғыны   кеңінен   пайдалану;

              4 ) шикізаттардың   немесе   жартылай   фабрикаттардың   жаңа   түрлерін   пайдалану;

              5 ) істің   жаңа   ұйымдастыруын   енгізу, мысалы, монопольді   орынды, керісінше, монополияны   жеңу. [ 4]

              Шумпетердің   айтуынша, қалдықтармен   күресе   келе, жаңа   енгізулер   жасай   отыра, экономикалық   өсуді   қамтамасыз   ететін   кәсіпкер «Жасаушы   бұзушы»   болып   табылады. Шумпетер  өндеген   шығармашыл   кәсіпкер   идеясы   кәсіпкерлік   мәнінің   әйгілі   де, нақты   аңықтамасы   болып   табылады.

Ал, алтыншы  кезең Л. Мизес, Ф.А. Хайек, И. Карценлермен байланысты. Бұл кезеңде, кәсіпкерді өзіндік ерекшеленген белгісімен іскерлік жүргізетін адам, ал кәсіпкерлік –  экономикалық мүмкіндіктерді іздену мен  зерттеу арқылы жүзеге асыру, - деп  қарастырған.

Және де соңғы, жетінші кезеңде кәсіпкерлікті  қазіргі уақытта кең орын алған  «менеджментпен» ұштастырады.

Кәсіпкерлік осы уақытқа дейін қалыптасқан  «батыстық дәстүр» тұрғысынан алғанда  ол пайда табуға бағытталған қандай да бір қызметтің белгілі бір  түрін ресурстарды тиімді пайдалана  отырып, ақыл-ой, зерделік меншікті және меншіктің басқа да нышандарымен ұштастырып, іскерлікті жүзеге асыру  болып табылады. Ал, кәсіпкерлік  қызмет – бұл меншік қатынасының  әр түрлі нышандарының экономикалық жүйедегі белгілі бір әрекеті.

Сонымен «кәсіпкерлік ұғымының мәні мен ол туралы әр кезеңде  қалыптасқан тұжырымдамаларға қысқаша  тарихи шолу жасай келе біз «кәсіпкерліктің» мазмұнын неғұрлым кең тұрғыдан түсінуді ұсынамыз. Басқаша айтсақ, кәсіпкерлікпен кез-келген халық, кез-келген адам, кез-келген уақытта (хайуанаттар дүниесінен бөлініп  шыққаннан бастап) айналысады. Солай  бола тұра, әдебиеттерде, әр заманда, әр халықтың, тіпті әр адамның кәсіпкерлік  іс-әрекетінің ішкі сипаты мен мазмұны  әр түрлі болуы хақ. Баса айтатын  нәрсе, «кәсіпкерлік» туралы осы  уақытқа дейін қалыптасып, сіресіп  қалған «дәстүрлі», яғни «батыстық» көзқарастан  түбегейлі бөлекше кең тұрғылы  тұжырымдама Қазақстан зерттеушілерінің еншісінде.  

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, түптеп келгенде, тұрғындардың табыстарын, өмір сүру деңгейлерін көтеруге және әртүрлі  әлеуметтік-рухани мәселелерді шешуге де өз оң ықпалын тигізеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің елімізде дамуы осы уақытқа дейін төрт кезеңге бөліп көрсетілген.

Бірінші кезең  – алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылға дейінгі аралық. Бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі  өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып  отырды.

Екінші кезең  ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке-дара кәсіпкерлікке деген  жағдайдың болмағаны және олардың  әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан  пәрменді мүмкіндіктердің болмағандығы туралы айтылған. Сол кезде КСРО-да, Қазақстанда жарық көрген әдебиеттер мен басылымдарда «социалистік тауарлы  өндіріс», «социалистік рынокты экономика» деген тұжырымдамалардың, қала берді  Шығыс Еуропадағы бірнеше социалистік  елдерге (Польша, Венгрия) жеке меншікке негізделген өндіріс ауқымының  әжептәуір шеңберде орын алғанынан  қарамастан «жеке меншік өндірісі социалистік  өндіріс тәсіліне сай емес», - деген  көзқарастар қалыптасқаны өзімізге белгілі. Сондықтан да, кәсіпкерліктің шағын және орта нысаны өзінің көптеген шешілмеген мәселелермен кәсіпкерлік  дамуының осы екінші кезеңін аяқтады.

Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО-ның «Жеке еңбек  қызметі туралы» («Об индивидуальной трудовой деятельности») заңы шыққанынан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызуға  болады. Бұл уақыт аралығында шағын  және орта кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің  өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылды. Үшінші кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік, негізінен, социалистік шаруашылық жүйенің қажетті бөлігі ретінде  қаралған жоқ. Теорияда да, тәжірибеде де жеке еңбек қызметін социалистік  меншік қатынасына «жат» әрекет деп  қарады. Және де оны социализмнің экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйелеріне кеңінен  енгізген жоқ. Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің «шектелген» мүмкіндіктеріне  қарамастан тұтынушылар сұранымына және оның өзгерісіне сай әрекет етті. Жеке еңбек қызметі мемлекеттік  мекемелер қамтамасыз етпеген тауарлар мен қызметтерді ұсынды. Жеке кәсіпкерлік  қызметін социалистік шаруашылық жақтамағандықтан, ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нышанының  әрекет етуіне кедергі болатындай әртүрлі  көзқарастармен «негізделген» болды. Осының нәтижесінде жеке – дара кәсіпкерлік айналасында жағымсыз әлеуметтік – экономикалық орта қалыптасты. «Жеке еңбек туралы» заң қабылданғанмен жеке кәсіпкерлікпен айналысушылар  өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарға кездесті, атап айтсақ бюрократиялық және әкімшілдік - әміршілдік билік ету осы заңнан да өз көрінісін  тапты. Осы кезде статистикалық, қаржы мекемелері, құық қорғау органдары  жеке кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады.

Төртінші  кезеңге 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа  дейінгі аралықты жатқызуға болады. Яғни, егемендік алғаннан кейінгі  еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінге дейінгі аралық жатады.

Қазақстандағы экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа «көкжиектер» мен олардың  болашақтылығын ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні мен  мақсаты ұлттық эконмиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, нарықты экономиканың әрекетіне икемділік, көпқырлылық сипат беріп, тұрғындардың кәсіпшілік белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік – экономикалық енжарлығына шек қоюға мүмкіндік береді.

Республикамыздың  егенмендік алған жылдарының ішінде көптеген жұмыстар, түбегейлі өзгерістер, іс-қимылдар атқарылды. Егемендік бізге  жаңа өмірмен қатар, көптеген шешілмек жаңа мәселелерді де әкелді. Мысалы, тәуелсіз ел атанған кезде, бізде  дайын өнім өндіретін өндірістің аз болғаны белгілі. Сондықтан, мемлекет тарапынан экономикамызды дамыту үшін, бәсекеқабілеттілікті арттыру үшін және халықтың әлеуметтік деңгейін көтеру үшін аса маңызды шешімдер қабылдауға тура келді. Және де нарықтық экономика жағдайында шағын және орта  кәсіпкерлік механизмі тұтынушылардың қажеттіліктерін тез әрі тиімді қанағаттандыруға бейімделуі шарт.

Алайда, экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар да бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі деп қарастырады. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Жалпы, қазіргі  кәсіпкерліктің мәнін Батыс Еуропа және басқа елдердің алдыңғы қатарлы  көрнекті экономистерінің ілімдеріне сүйене отырып анықтау дұрыс.

Экономикалық  әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр.

Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз - аталған  субъектінің (кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және т.б. таңдауда олардың  жиынтық бостандығы мен құқығы болуы  керек деген сөз.

Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналасатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы  маңызды шарт.  Үшіншіден, өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін - нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай тугызу.

Кәсіпкерлік - бұл кіріс алу және меншікті көбейту мақсатында жүргізілетін,  шаруашылық тәуелділікке байланысты және ресурстарды пайдаланудың ең жақсы  әдістерін іздеуге бағытталған  инициативті қызмет.

Өзінің экоиомикалық табиғатында кәсіпкерлік нарықты  шаруашылықпен бөлінбейтіндей байланысқан  және оның өнімі болып табылады. Шаруашылық қызметтің сапасы ретінде  сыртында ол айырбас процесінде қосымша  пайда алуға ұмтылуда көрінеді. Сонымен  бірге, өзінше айырбас әлі де кәсіпкерліктің қайнар көзі болып табылмайды. Ол бірыңғай шаруашылық айналымының құраушы  бөлігіне айналғанда ол өндіріс айырбас  үшін шаруашылық субъектілерінің анықтаушы  қызметі болғанда ғана кәсіпкерлік  көзі бола алады. Тауарлық өндіріс тарихи және генетикалық жағынан кәсіпкерліктің алғашқы пункті болып табылады. Ал айырбас, біріншіден, жаңа мүмкіндіктерді іздеуге ынталандырады, яғни инициативаға. Екіншіден, кәсіпкер айырбас процесінде қатарынан онымен қабылданған инициативаның  табысын бағасы және мотиві болып  табылатын пайда алу мүмкіндіктерінің қайнар көздерін іздестіреді. Үшіншіден. айырбас процесінде өзіне ұқсаған  тұлғалармен кездесіп, кәсіпкер өзінің қызметін жарыс ретінде қабылдайды. Төртіншіден, қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру механизмі ретінде айырбас кәсіпкерлік  қызметтің қоғамдық сипаттамасын білдіреді.

 

 

 

1.2  Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері

 

Қазіргі уақытта  нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі  және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті  жіктеудің нақты анықталған жүйесі жоқ. Оны әр түрлі белгілері бойынша  жіктеуге болады. Кәсіпкерліктің негізгі  жіктемелік белгілерін келесі сурет  түрінде көрсетуге болады (1-сурет).

 

Кәсіпкерлік


 

       

Көлемі бойынша:

 

- шағын;

- орта;

- ірі.

 

 

Меншік нысаны бойынша:

 

- жеке меншік;

- мемлекеттік;

- шетелдік.

 

Территориялық орналасуы бойынша:

 

- жергілікті;

- аймақтық;

- халықаралық.


 

 

Салалық бағытына қарай:

 

- өнеркәсіптік;

- аграрлық;

- құрылыс;

- сауда;

- т.б.

 

Қызмет көрсету түріне қарай:

 

- өндірістік;

- коммерциялық;

- қаржылық;

- кеңес берушілік.

Информация о работе қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау