Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 14:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
- салауатты өмір сүру жолдарын анықтау;
- жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тану пәні негізінде салауатты өмір сүру дағдыларының зерттелу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын тәжірибеде тексеру, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-

Содержание

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------- 3
Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың теориялық негіздері
Салауатты өмір сүру дағдылары мәселесінің зерттелу жағдай-----------
Өзін-өзі тану сабақтары негізінде жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүруге дағдыландырудың жолдары---------Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық –мазмұндық моделі --------Жоғары сынып оқушыларын өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың әдістемесі
Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мазмұны -------------------------------------------------------- Жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық эксперименттің нәтижесі ---Қорытынды -------------------------------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ---------------------------------------------
Қосымшалар-------------------------------------------------------------------------

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерназар.docx

— 178.72 Кб (Скачать документ)

Елімізде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, экономикалық және саяси дағдарыстар мен қоғамда болып жатқан елеулі және табиғи өзгерістер, атом мен өндірістің дамуы адам ағзасына әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазіргі кездегі Адам-Табиғат-Қоғам тізбегі мәнінің өзгерісі мен бұзылуынан адам денсаулығының нашарлауы да байқалады. Барлығымызға ой салатын мәселелердің бірі - орта экологиясының бұзылуы, адам денсаулығына кейбір технологияның және басқа да факторлардың әсер етуі болып отыр, осындай салдар әсерінен адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеп соғады. Көптеген жағдайда денсаулықтың бұзылуы осындай әсерлер көзінде адамның өзін-өзі дұрыс ұстай алмауы әсерінен туындайды. Атап айтсақ: ішімдіктерді қолдану, есірткі және таксикомандық заттарды пайдалану, темекі шегу, насыбай ату т.б. Сондай-ақ жасөспірім денсаулығына күнделікті күн режимін дұрыс құрмау, демалыс уақытын дұрыс пайдаланбау, таза ауамен демалмау, ой және дене еңбегінен кейін ағзаны дұрыс дем алдырмау, дұрыс тамақтанбау, психологиялық жүктеменің шектен тыс көбеюі немесе стресс жағдайынан шыға алмау т.б. барлығы кері әсерін тигізері сөзсіз. Адам денсаулығын дұрыс сақтау жолында тұрған ең басты мәселе, оларды салауатты өмір сүруге және денсаулық үшін күресу жолдарын үйрету, яғни өз денсаулығының нағыз қожасы болу, оны сақтау және нығайту жолдарын білу деп айту да қиын.

XXI ғасыр азаматы - білімді, яғни жоғарғы санатты, техниканы толық меңгерген, білікті, жан-жақты маман болуымен қатар, салауатты өмір салтын сақтайтын жоғары парасатты болуы тиіс.

Қазіргі кезде жас жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу-тәрбие жүйесін валеологизациялау қажеттілігі туындап отыр. Өйткені валеология - жас шәкірттің өз сана-сезімін, өз денсаулығын, өз психологиясын және өзінің ғана жан дүниесін зерттеуші ғылым. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығының 10% - дәрігерлік көмектен, 15% - тұқым қуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.

Барлығымызға белгілі өткен ғасырдың 90-жылдарынан басталған еліміздегі экономикалық және экологиялық жағдайлардың құлдырау салдарынан, еліміздің әлеуметтік жағдайы, мәдени, адамгершілік қасиеттері күрт төмендеп кетті.

Ал бұл жағдайлар адамның денсаулығының да нашарлауына үлкен әсерін тигізді, соның нәтижесінде туылған балалардың 15% , ал мектеп бітірушілердің 4% -ның ғана денсаулығы жақсы болған, 2000-нан астам ауру түрлері пайда болған, азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмек сапасы күрт төмендеп кетті. Халықтың әлеуметтік жағдайы өзгерді. Жұмыссыздық өсті, ауылдар жаппай жабылу хапінде тұрды, мәдениет пен әдебиет ошақтары мен мектептер мен спорттық мекемелер жабылды. Ал, бұл жағдайлар жастар мен жасөспірімдер сондай-ақ ересектердің ерте ішімдікке, төмекі шегуге, нашақорлыққа, баруға тура жол салып, өз өміріне деген мағынасыз көзқарас тудырды. Қоғамда ұрлық, кісі тонау, сияқты кері жайттар тек жағдайы нашар отбасында ғана емес, жағдайлары жақсы отбасында да орын алды. Бұл өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан алынған мысалдар. Шүкір, қазір экономикалық, экологиялық қалыпқа келу, әлеуметтік жағдайдың да жақсарып қалғаны да шындық. Бірақ, денсаулыққа кері әсер етуші факторлар осылармен шектеле ме? Күнделікті теледидар компьютер алдында шектен тыс көп отыру жасөспірімнің тек психикасына ғана әсер етіп қана қоймайды, көз ауруына, күні кешке дейін құлақтарына іліп алып жүретін арзанқол магнитафон ызыңы - құлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесе гиподинамия - жүрек, қантамыр, жүйке ауруына, дұрыс тамақтанбау - асқорыту жүйесінің түрлі ауруына т.б. әкеп соғып жатыр.

Осындай келеңсіз жағдайларды азайту немесе жою мақсатында жасапынған зерттеу жұмыстарында диагностика, компьютерлі диагностика, сауалнамалар, тест жұмыстары жүргізіліп алынған материалдар жүйелі түрде қорытындыланды.

Экология - табиғатты және қоршаған ортаны қорғау туралы ілім болса, валеологияны адам организмінің экологиясы деуге ешкімнің таласы жоқ екені даусыз. Ал валеологияның негізгі міндеті — адам денсаулығын қалай күтудің, темекі және нашақорлықган, алкогольді ішімдіктерден ЖҚТБ-дан және т.б. қоғамдағы жұқпалы дерттерден қалай сақтанудың жолдарын үйрететін ғылым екені бәрімізге мәлім. Қазіргі таңда халық арасында зиянды әдет-ғұрыптардың ішінде кең етек алып отырган процестің бірі — насыбай ату. Бұл бүгінгі жастардың арасында кең таралып, асқынып бара жатқан зиянды дерттердің бірі болып саналмақ. Атына сай «Насыбай» сөзін ой талқыға салатын болсақ, кір, лас, нас, қоқыс немесе бір сөзбен айтқанда кір-қоқысқа толы деген мағынаны береді екен. Ауыз қуысына яғни, ерін мен тіс арасына салып ататын насыбай затын, темекі жапырағынан дайындайтыны сөзсіз. Ал оны дайындауда негізгі қоспа компоненттер мыналар болып табылатыны мәлім:

1. Май;    4. Сексеуіл күлі;

2. Спирт;    5. Сөндірілген әк;

3. Темекі жапырағы;  6. Түйе немесе тауықтың қиы.

Ал бұл қоспалардан нені көруге болады? Қоспа әсері әсіресе ауыз қуысындағы, тілдің шырышты қабатының жалаңданып сыдырылып түсуіне, сонымен қатар сілекей бездерінен бөлінген сілекейдің және тіс түбіне тіс қатарының түзілуіне септігін тигізсе, ал насыбайды байқаусызда жұтып қоятын болса, ол ас қорыту мүшелерін зақымдайтыны айдан анық. Соңғы жылдары Орта Азия елдерінде насыбай ату ттроцесі кең етек жайғалы қашан. Әсіресе ол орта жастағы адамдар мен әр нәрсеге еліктегіш жасөспірімдерді қамтитъю болды. Бұл күндері көше бойындағы ғимарат баспалдақтарында, сонымен қатар мектеп дәліздерінің едендерінде жасыл түстес ауыздан умаждалып түскен насыбай қалдықгарын әр жерден жағымсыз иіс шығып жататынын көзіміз көріл те жұр. Әдетте көпшілік балалар насыбай атуды жасөспірім кезінде достар арасында бастайды.

Аз мөлшерде қабылдаған бұл улы зат әсерінен дәрігерлердің кеңесі бойынша адамдардың денсаулығына мынадай зияңды әсерлер біртіңдеп біліне бастайтынын сөз еткеніміз жөн болар.

1. Улы зат әсерінен  ауызда пайда болған сілекей  әсерінен азпыз қуысы уылады.

2. Көз қарауытады.

3. Бас ауырады.

4. Жас шағында бетте терең әжімдер пайда болады.

Ая егер насыбай тұтынушы насыбай атуды көп мөлшерде қабылдаса:

1. Ми құрғап, еріксіз бас  ауырады.

2. Көз коньюнктивитінің қозуы.

3. Жас ұлғаю кезінде тамақтың жұтындырмауы.

4. Бастың жиі айналуы.

5. Жүректің ишемиялық  ауруына шалдығуы.

6. Тіл рецепторларының  дәм сезу нейрондарының әлсіреуі.

7. Тістің сарғаюы.

8. Ауыздан жағымсыз иістің  шығуы.

9. Иіс сезімдерінің нашарлау  және т.б. аурулар зардабына ұшырауы сөзсіз.

Насыбай атуды әдетіне айналдырған адам уақытында өзіндік үйреншікті мөлшерін қабылдамаса, көңіл-күйі бұзылып, айналасына деген немқұрайлы көзқарас қалыптасады. Бойындағы әлсіздікті сезінеді, ұйқысы бұзылады.

Ғасыр дертіне айналып бара жатқан наша, көкнөр, темекі және насыбай зардаптары жайлы пайғамбар хадистері:

1. Дүниеқұмар болады, бірақ еш уақытта қанағат етпейді.

2. Үнемі рахат іздейді, бірақ еш нәрседен рахат, ләззат таба алмайды.

3. Ысырап еткені үшін, есеп беруі өте қиын болады.

4. Қияметте ауыр азапқа салынады.

5. Қайғы -қасіреті көп болады, пайда көрмейді.

6. Өзін күнәдан пәкпін  деп есептейді.

7. Дүниедегі ең бақытты  адам өзім деп ойлайды.

8. Өте көп тағам жейді, мешкей болады.

9. Асқазан ауруына шалдығады.

10. Тағамды парық етпейді, тойсам болды деп ойлайды.

11. Қымбат өмірі босқа  өтеді.

Қоғамға да адамның денсаулығына да, зор кесапат әкелетін насыбай қоспасында темекі жапырағы бар екенін жоғарыда атап өттік. Осы орайда вирусология ғылымының негізін қалаған орыс ғалымы Д.И. Ивановский XIX ғасырдың аяғында темекі жапырағынан ауру тудыратын вирустың бар екенін әлемге әйгілі еткен болатын.

 

    1. Жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық эксперименттің нәтижесі

 

Жоғары сынып оқушыларын өзін-өзі тану пәні  негізінде салауатты өмір сүруге дағдыландыру мақсатында эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын Мектептерді жоғары сынып оқушыларының салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруда «Өмір – салауаттылық – дағды» жүйесін қалыптастыру компоненттері (мотивациялық, процессуалдық, мазмұндық, бейімдік, танымдық) тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

 

Кесте № –Салауатты өмір сүру дағдыларының қалыптасқан деңгейлері

 

Компоненттер

Төмен

Орта

Жоғары

Мотивациялық–құндылықтық

Оқушылардың өз бойында салауатты өмір сүру дағдыларының қалыптасуына сұранысы байқалмайды

Салауатты өмір сүру дағдыларының қалыптасуына сұранысы бар

Салауатты өмір сүру дағдыларының қалыптасуына сұранысы жоғары

Өзінің өміріндегі қажеттілігін түсінбейді

Салауатты өмір сүрудің өзінің өміріндегі қажеттілігін жете түсінбейді

Салауатты өмір сүрудің өзінің өміріндегі қажеттілігін жақсы түсінеді

Мазмұндық

Салауаттылық және салауатты өмір сүру жайлы  білімдері жеткіліксіз

Салауатты өмір сүру дағдылары жайлы  білімдері бар

Салауатты өмір сүру дағдылары жайлы  білімдерді жеткілікті меңгерген

салауатты өмір сүру мәдениет жайлы  білімдері жоқ

Салауатты өмір сүру дағдылары жайлы  білімдері фрагментарлы

Салауатты өмір сүру дағдылары жайлы  білімдері жеткілікті

Білімдерді жүйелеуге және қорытуға қабілеттілігі төмен

Білімдерді жүйелеуге және қорытуға қабілетті

Білімдерді жүйелеуге және қорытуға қабілеттілігі жоғары

Операциялық–іс–әрекеттік

Мақсат қоя алмайды

Мақсат қою қажеттігін біледі

Мақсат қоя біледі

Жоспарлау іс–әрекетін  меңгермеген

Жоспарлау іс–әрекетін меңгерген

Жоспарлау іс–әрекетін меңгерген

Ұйымдастыру іс–әрекетін меңгермеген

Ұйымдастыру іс–әрекетін меңгерген

Ұйымдастыру іс–әрекетін меңгерген

Рефлексивтік

Салауатты өмір сүру өз бойынан байқай алмайды

Өз бойындағы көріністерінен қанағаттанады

Өз бойындағы көріністерінен толық қанағаттанады

Басқаның жағдайымен есептесе алмайды

Басқаның жағдайымен есептеседі

Басқаның жағдайымен санасып, өз іс–әрекетін түзетеді


 

Біз қарастырылып отырған жоғары сынып оқушыларының  бойында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың бұл компоненттерi бiр–бiрiмен тығыз байланысты болып келеді.

Төменгі деңгей (бейімделу) – салауатты өмір сүру дағдылары туралы түсініктері таяз, кәсібилікке талпынысы жеткіліксіз, өз бетімен ізденуге, білімін көтеруге ықтиярсыз, дидактикалық біліктілігі, өз қызметінің нәтижелерін саралау, баға беру деңгейі төмен, адамдармен тіл табысуға, білім, білік, дағдыларды игеруге құлықты емес.

Орта деңгей (репродуктивтік) – салауатты өмір сүру дағдылары жайлы білімдері, қызығушылықтары бар, бірақ тұрақты емес,  салауатты өмір сүру дағдыларына бейімделу қажеттілігін сезінеді, дидактикалық біліктілікті іс жүзінде қолдануы нашар, көмек қажет етеді, өзінің салауаттылық әрекетіне баға беріп отыруды дағдыға айналдырмаған, үнемі еркін қарым–қатынасқа түсе алмайды.

Жоғары деңгей (креативтік) - салауатты өмір сүруге деген қызығушылығы тұрақты, оны өзінің кәсіби іс–әрекетінің мәні деп есептейді, білім, білік пен дағдыларды игеруге қызығушылықтары жоғары. Болашақта салауатты өмір сүру қажеттілігін саналы түрде түсінеді. Проблеманың шешімін табу, салауатты өмір сүру дағдылары қалыптасқан, адамдармен тез тіл табысады, басқаның жағдайымен санасып, өз іс-әрекетін түзетеді.

Тәжірибелік-эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Тәжірибелік жұмысқа Алматы қаласындағы №122 кешкі мектепке жүргізілді. Зерттеудің көздеген негізгі міндеттері мынадай:

  • Эксперименттік зерттеудің проблемасын және мақсатын анықтау;
  • Эксперимент жұмысының объектісін, тақырыбын таңдау және оны жүргізуді теориялық тұрғыда негіздеу.
  • Эксперименттің болжамын тұжырымдау
  • Экспериментке (эксперимент және бақылау тобы) қатысатын оқушылар санын анықтау
  • Оқушылардың бастапқы деңгейін анықтауға қажетті әдісті таңдау және оның тиімділігін тексеру
  • Эксперимент нәтижесінде оқушылар бойындағы өзгерістерді анықтау
  • Оқушыларға салауатты өмір сүруге дағдылануды қалыптастырудың алатын орнын, атқаратын қызметін анықтау;
  • Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүруге дағдылануға бағытталған  білім беру сапасын арттыру арқылы оқушылардың қызығушылығының, біліктілігі мен дағдыларының бастапқы деңгейін байқау және анықтау;  

Бірінші кезеңде анықтау  тәжірибесі жүргізілді.

Анықтау тәжірибесі бойынша оқушыларға  тест сұрақтары  жалпы 43 оқушы (9 сыныптан  22 оқушы  және 10 сыныптан 21 оқушы) таратылып, жауаптар алдық.

Оқушыларға  арналған  тест сұрақтары:

1. «Салауатты өмір сүру» ұғымын қалай түсінесіз?

а) иә

б) кейде

с) жоқ

2.«Салауаттылық» ұғымы сенің ойыңша........

а) таза жүру

б) спортпен айналысу

с) білмеймін

3.«Денсаулығыңды сақтау өз қолыңда» деген  дұрыс пікір ме?

а) иә

б) білмеймін

с) жоқ

4.Қоршаған орта тазалығы  кімге байланысты?

а) өзімізге

б) тазалықшыларға

с)  білмеймін

5.Көшеге қоқыс тастайсың  ба?

а) жоқ

б) кейде

с) иә

6.Адам төменде аталғандардың  қай түрінсіз өмір сүре алмайды?

а) су,ауа,күн көзі

б) топырақ, киім

с) білмеймін

7. Мектеп ауласына тал  еккен дұрыс па?

а) дұрыс

б) жауап бере алмаймын

с) дұрыс емес

8. Адам баласы табиғатсыз  тіршілік ете ала ма?

а) жоқ

б) мүмкін

с) иә

9. Қоршаған ортада салауаттылықты  сақтау  үшін не істеуіміз керек?

а) адам санасына кішкентайынан салауаттылық жайлы дұрыс мәлімет беру керек

б) жаман әдеттерден сақтану керек

с) спорт кешендерін көбейту керек

Нәтижелерді өңдеу

Әрбір бірінші жауапқа (а) -5 ұпай

Екіншісіне (б)-   3  ұпай

Соңғысына  (с) -1  ұпай

Ең жоғарғы ұпай-50 ұпай

Ұпай саны жоғары болған сайын оқушылардың  салауатты өмір сүруге бейімделуі жоғары болмақ.

Тәжірибеге дейін      9 сыныптан алынған сауалнама нәтижелерін өңдеу 

Сауалнама алынатын оқушылар саны

 

Ұпай (оқушылар саны %)

50-35

20-34

15-19

10-14

10-нан томен

22

0

7

10

4

1

Қорытынды

0%

32%

45.4%

18.1%

4.5%

Информация о работе Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастыру