Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 14:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
- салауатты өмір сүру жолдарын анықтау;
- жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тану пәні негізінде салауатты өмір сүру дағдыларының зерттелу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын тәжірибеде тексеру, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-

Содержание

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------- 3
Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың теориялық негіздері
Салауатты өмір сүру дағдылары мәселесінің зерттелу жағдай-----------
Өзін-өзі тану сабақтары негізінде жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүруге дағдыландырудың жолдары---------Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық –мазмұндық моделі --------Жоғары сынып оқушыларын өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың әдістемесі
Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мазмұны -------------------------------------------------------- Жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық эксперименттің нәтижесі ---Қорытынды -------------------------------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ---------------------------------------------
Қосымшалар-------------------------------------------------------------------------

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерназар.docx

— 178.72 Кб (Скачать документ)

Оқушылардың денсаулық психологиясындағы келесі маңызды факторларджың бірі:өзінің іс-әрекетіне деген қанағаттану.Сәттілік сезімі өзіндік алға ұмтылумен байланыс жасайды.Ақылды мақсатты таңдау-оның жетістікке деген мүмкіндік бағасы,бұл өзін-өзі бақылау процесінде  шешуші рөлге ие.Оған қоса таңдалған мақсат қолжетімді болуы мүмкін,бұл жерде әңгіме өзінің іс-әрекетіне әсер ететін механизмдер жайында.(Бандура)өзіндік мақсатты айқындау  мүмкіндігі және  жетістіктер стрессті жеңудегі конструктивті іздеуге мүмкіндік береді.

Томастың әйгілі аксиологиясы былай дейді:”Егер адам жағдайды өзіне қажетті деп анықтаса,онда оны шешудің жолдарын да табады.”

Көзқарасты анықтау,оған субьективті баға беруді Селигман көмексіз жатталған теориясында қарастырды.Бақыланбаған жағдайлардың күтілімі  жаман эмоциялардың дамуына алып келеді,негізінде бұл күтілім көбінесе тәжірибенің жоқтығымен сипатталады.Мысалы,сәтсіз тапсырылған емтихан,бұл жағдайлар жаман әсер қалдырады,

Өзіңнің іс-әрекетіңнің эффектілі бағасы,автордың ойынша  мына сұрақтардың жауабымен тікелей байланысты.

1.Белсенділіктің қандай  түрі ситуацияда қабылданған?(Адам  өзінің мүмкіндіктерін асыра  сілтейтін іс-әрекеттерден қашады,бұл  адамдардың пікірінше)

2.Алдыңа қойған мақсатты  шешу үшін қаншама күш жұмсалуы  тиіс?

3.Мәселені шешу үшін  қанша уақыт күш жұмсау керек?

4.Мәселені шешуде қандай  қиындықтар туындауы мүмкін?

5.Жағдай барысында қандай  эмоцианалды реакциялар орын  алуы мүмкін?

Оқушылардың стресске ұшырауына себеп болатын нәрселерді зерттегенде,олардың бірі-студенттер ортасындағы жеткіліксіз идентификация яғни өзін бөтен сезіну. Көбіне бұл оқушылар арасында байқалады, жаңа ортамен бетпе-бет келу,мектептік өмірден ұзап кету, қажеттілктер. Жоғары сынып оқушыларының анонимділігі көбіне басқа қаладан келген студенттерде байқалатыны анықталды,үйлеріне және отбасынан алшақ кетіп,қиын процесті бастан кешіруші және жаңа ситуацияға бейімделе алмау.

Бұл жағдайда қажетті көмекті жоғары оқу орнының психологтары әр түрлі консультациялар бере отырып көмектесе алады.

 

    1. Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық –мазмұндық моделі 

 «Салауатты өмір салты» деген ұғым тек үстіртін көз қарасқа ғана жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең, барынша еңбектенсең, уақтында дем алсаң болғаны дегендей ұғымды білдіреді.  Бірақ істеген ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың  мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні,  керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының  өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің  абайламай айтқан  сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі  тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.

Ауруды жұбату, оның жүрегінде сауығамын деген сенім тудырады,  кейде бұл дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш де бола алады.

 Бүкіл дүнйежүзілік  Денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары  бойынша  барлық аурулардың  45% күйзеліспен байланысты болмақ.  Сондықтан күйзелістің  тетік-тегершінін  білу, оның мүмкіндіктерін және  күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің  бірі ретінде көрініс тапқан.

Дене тәрбиесі - тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға  дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл - әрекеттерін  қалыптастыратын  адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін  жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.

   Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері  мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды  әлеуметтік міндеттерді атқарады.  Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

   Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениеті  мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен  қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің  дамуы мен денсаулықты  нығайтудың  психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.

   Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.

Салауатты өмір сүрудің мазмұны:

  • Денсаулықты  нығайту, ағзасын шынықтыру  және дененің дұрыс қалыптасып дамуын,  мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
  • Ақыл-ой және дене күштерін жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
  • Дененің негізгі қимыл қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру;
  • Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
  • Дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;
  • Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттігі, қайсалығы, табандылығы,  тәртіптілігі, жауапгершілігі, ұжымшылдығы т.с.с.);
  • Дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;
  • Дененің әр қашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан  қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеут.с.с.;
  • Ұлттық ойындар игеру және олардың  пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.

   Салауатты өмір сүрудің негізгі мазмұны дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар  бағдарламасында, сондай-ақ, «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы»  Ережеде (Алматы, 1993) ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып,  дамытуға баса назар аударылған.

   Салауатты өмір сүру мазмұны – бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.

   Салауатты өмір сүру мазмұнында  оқушыларды дене шынықтыру және спорт жайындағы  білімдер жүйесімен қаруландыруды көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеғейтеді, олардың бойында жалпы мәдениетті дамытады.

   Кеңестік дәуірге  дейін дене тәрбиесінің ғылыми  негізін қалаған аса көрнекті  педагог, әрі дәрігер П.Ф.Лесгафт  болды.  Ол адам денесінің  жекелеген  мүшелерін дамытуға бағытталған  жаттығулар арқылы әсер етуді  ұсынады.

   Салауатты өмір сүру жүйесі және басқару.

  Адам ағзасының негізгі  қызметінің қалыптасып жетілуі  баланың жастық шағында, әсіресе  мектеп жасында жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған  әсер ететін  барлық факторларды  барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты  дамуына мектептегі дене тәрбиесі  мақсатты әрі жан-жақты жағдай  туғызады.

   Бүгінде мектеп  қабырғасында дене тәрбиесін  ұйымдастыру жүйесіне мыналар:

  • Дене шынықтыру сабақтары;
  • Факультативті сабақтар;
  • Дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
  • Сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі  мен  спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.

   Білім беру саласында  дене тәрбиесін  ұйымдастыру жүйесіне  дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылардың  жан-жақты жалпы  дене дайындығын қамтамасыз етуді  көздейді.

Салауатты өмір сүру жүйесінің негізгі міндеттері:

  • Қимыл-қозғалыстың жалпы бір кешенді түрлерін жасауға дағдыландыру;
  • Оқушылар әрбір қимыл-қозғалыстың  жылдамдығын, ырғақтығын қамтамасыз етіп, оның элементтері жайында түсініктерін қалыртастыру;
  • Өзінің денсаулығын шынықтыру, салауатты өмір сүру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға деген эмоционалдық және құндылық қатынас, қызығушылық, қажеттілік қалыптастыру. 
  • Адам ағзасы, психикалық үрдістерінің ерекшеліктері туралы, гигиена негіздері туралы, өмір сүру қауіпсіздігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
  • Спорт – дене және ерік сапаларын шынықтыру (күш, қайрат, шыдам, төзім, шапшаңдық) қасиеттерін дамыту.
  • Психикалық бірқалыпты, байсалды болуға тәрбиелеу.

Жүзеге асыру жолдары

Оқу үрдісі (адам анатомиясы, физиологиясы, қауіпсіздік негіздері, экология.

  • Оқудан тыс кездерде денсаулық сақтау, спорт, құқықтық органдарының мамандарының көлемі мен санитарлық – гигиеналық ағарту шараларын өткізу.
  • Дене шынықтыру сабақтары.
  • Оқушыларды спорттық – көпшілік және дене шынықтыру істеріне араластыру. 

Отбасындағы дене тәрбиесі

 

Оқушылардың денсаулығын нығайту  және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуде дене шынықтыру сабақтарымен қатар, сыныптан тыс дене тәрбиесінің атқаратын қызметтері де ерекше.

Спорт - әлеуметтік нормалардың, ережелер мен атқаратын қызметтің жиынтығы есебінде қарыстырылады. Мінез-құлықтағы ауытқушылық, ережелерді бұзу қатаң белгіленген желі (схема) бойынша анықталып отырады. Сол себепті спорт - жеке адамды әлеуметтендіру үшін маңызды мүмкіндік болып саналады. Спорт - едәуір дәрежеде жеке тұлғаның қалыптасуына, маңызды қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі. Спортта топтың талаптарына бейімделу, ынтымақтастық, одақтастық, адалдық секілді мінез-құлықтың әлеуметтік тәсілдері қалыптасады, бұлар әлеуметтенудің молайып, толығуын қамтамасыз етеді.

Спорт - біздің қоғамдағы немесе осы қоғамдағы белгілі бір топтардың жеткіліксіз әлеуметтенуінің жағымсыз зардаптарын жою, түзету мен жетістіктерін теңестіру қызметін де атқарады.

 

 

 

Салауаты өмір сүру - түрлі топтардағы, әлеуметтік топтар мен ұлттардағы жеке адамдарды бір ұжымға біріктіретін, олардан саналы ұжым жасайтын және жеделдетудің мүмкіндіктерін ашатын, қоғамда бар әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды адамдардың санасына жеткізіп және оны ақиқатқа айналдыратын әлеуметтік-кіріктіру қызметіне ие.

Спорт - ұлттық сезімдердің сәйкестігін оятады және ұлттық қадір-қасиеттің мадақталуына себепші болады.

 



 




 

 




 


 

 

 

 

  1. Жоғары сынып оқушыларын өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың әдістемесі

 

    1. Жоғары сынып оқушыларын өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мазмұны

 

   Көп елдегі тұрғындардың залалды дағдыларға  деген бой алдырудың, мұның етек алып, кең таралуын бірқатар  ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық  «апат» деп таниды. Адамзат  үшін  бұл дегеніміз «заманарық» зілзаласымен бірдей.

    Бұл бел алған  көпшілік кемістігін  «өркениет  ауруы» деп те атайды. Бірте-бірте  осы дерт медициналық қана  емес, сонымен бірге әлеуметтік  сипат алып келеді.

   Дағды- бір не бірнеше қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып қалатын мінездегі «автоматтандырылған элемент» осы. Динамикалық таптаурын істері туындайды, ми қыртысында кешенді шартты байланыстар, шартты рефлекстер тізбегі пайда болды.

     Егер де  осы шартты рефлекстер кешені  адам үшін пайданы  діттесе  және денсаулықты жетілдіруге  бағыттаса, жақсы ғой, айталық:  таңғы  гимнастикамен шұғылдану,  ұйқы  алдында серуен құру, тамақтану  тәртібін бақылау т.б.  Бұлар  –пайдалы дағдылар, бірақ дағдылардың  басқа да түрлері бар, оларды залалды деп атайды. Тұлға ретінде өмір бойы өз мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі болатын, не мүмкіндіктен ажыратып ада қылатын  дағдылар бар, оларды да залалды деп есептейді.

Адам денсаулығына оңдыртпайтын кесел келтіретіні айдай  әлемге мәлім дағдылар қатарына: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткіге және улы заттарға (токсикоманияға) бой алдыру жатады.

   БДҰ сарапшылары  «тәкелділік тудыратын» заттар  терминалогиясын анықтаған.

   А) алкогольді –барбитурат  түріндегі (этил спирт, барбитураттар, седативті мепробиромат, хлоралгидрат  және т.б.);

  Б) амфетамин  түріндегі  заттар (амфетамин, фенметразин т.б.);

  B) кокаин түріндегі заттар (кокаин және коко жапрақтары);

  Г) каннабис түріндегі  заттар (марихуана, гашиш);

  Д) галлюцинаген түріндегі  заттар (лизегид.-ЛСД, мескалин);

  Е) ката түріндегі  заттар (Catha ectulis fovsk);

  Ж)апиын түріндегі  заттар (морфии, героин, кодеин, метадон);

  З) эфирлі ертінділер  түріндегі заттар (толуол, ацетон  және тетрахлорометан).

   Жоғаррыда аталған  дәрі дәрмектер (эфирлі ертінділерді  есепке алмағанда) емдеу мақсатында  пайдаланылады және және адам  организмі бұларға бой алдыра  бастайды-ослайша тәуелділік туындайды.

   Сондай-ақ есірткі  заттарына темекі де жатады, ол  денсаулыққа зиян келтіретіні  айдай анық, оған деген тәуелділік  тудырады.

Есірткі заттарға деген тәуелділік тудырып, оны одан әрі ушықтыратын  факторлар қатарына мыналар жатады: Организмнің жекеленген ерекшеліктері, есірткі қолданғанан кейін болатын түйсінулерді қабылдау,  ортаның әлеуметтік, мәдени сипаты есірткі заттар әсерлерінің тетіктегершігі.

   Қазіргі кезде  есірткі заттар мен  улы заттар (токсикомония) проблемасы көкей  кестілер тізбесінен көрінеді. Есірткіні  бір ғана рет қабылдаған өзінде  көңіл-күйді көтеріп (эйфория), дауаламайтын  жерге апарып тастауы, тез арада  жаның бей-берекетін алатын  үйірсектіктің  қалыптасуының негізгі себептерінің  бірі  болып табылады. Организмге  есірткі заттарды енгізгеннен  кейін  бет қызады, бүкіл денеге  жылу таралуынан болатын жайлы  бір сезім бой алады, тері жеңіл-желпі  қышиды. Осыдан кейін-ақ пайда  болатын жайбарақаттылыққа, тез  өзгеріп құбыла бастайтын, түленіп  түстенген елестер және қиял  тектес әлем-жәлем дүние жетегіне  алады. Есірткіге деген үйірсектік  бірнеше апта ішінде-ақ біршама  тез қалыптасады. Осыдан барып  созылмалы «интоксикация» дамиды.

Информация о работе Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастыру