Қосымша білім беру ұйымдарының әлеуеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 13:02, дипломная работа

Краткое описание

Адамның танымдық және шығармашылық мотивациясын дамытуды мақсат еткен қосымша білім беру мектептен тыс оқыту мен тәрбиелеу, оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру дәстүріне сүйенеді. Ол қосымша оқыту бағдарламалары мен қосымша білім беру қызметтерін көрсетуден тұрады және ол мемлекеттің, қоғамның оқушылардың мүддесін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында іске асырылады. Мектептен тыс мекемелер балалардың отбасынан, мектептен алған білім-тәрбиесін толықтырады, солармен бірлесе отырып бір мақсатты жүзеге асырады: жеткіншектердің дене-бітімінің сымбатты болуына, ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына, рухани-әлеуметтік, моральдық тұрғыда дамуына ықпал етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіндегі орны мен тәрбиелік әлеуеті 6

1.2 Қазіргі жағдайдағы қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың бағыттары мен қағидалары 29

1.3 Қосымша білім беру ұйымдары іс-әрекеттері арқылы оқушыларға
кәсіби қызығушылықты қалыптастырудың жолдары 52

2 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

2.1 Қосымша білім беру ұйымдары қызметінде кәсіби қызығушылықты қалыптастырудың құрылымы мен жолдары 60

2.2 Оқушылардың кәсіби қызығушылығын қалыптастастырудың
тәсілдері 73

ҚОРЫТЫНДЫ 78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

seidaliyeva.doc.docx

— 181.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыдағы мақсатты міндеттердің орындалуында қазіргі жағдайда қосымша  білім беру ұйымдарының орны ерекше бөлек. Жалпы тәрбиенің жүйесі ретінде  қосымша білім беру ұйымдары балалармен жұмысты педагогикалық жағынан  ұйымдастырудағы өзгешелігіменен  ерекшеленеді. Әрбір жеке адамның  тұлғалық дамуын қалау, дамыту міндеттерін  жүзеге асыру мақсатында үздіксіз білім  берудің қосымша дамыту бағдарламаларында  қосымша білім беру ұйымдарының  орны мен рөлі жаңа талаптарға сай белгіленді. Қосымша білім беру ұйымдары білім және тәрбие берудегі педагогикалық процестің үздіксіз жүйесінің ажырағысыз бөлігіне айналды [5].

Балалардың қазіргі орта білім жүйесіндегі қосымша білім  беру ұйымдарының алар орнын түсіну үшін оның педагогикалық әлеуетін, тарихы мен даму перспективаларын, олардың мүдделі ғылымның салалық  зерттеу нысанына айналу жағдайларын  ой елегінен шолып өткізу қажеттілігі  туындап отыр. Мұны зерттеудің логикалық  жүйесі де сұранып тұр.

Ұрпақ тәрбиесіне жалпы адамзаттық қоғамда әр түрлі әлеуметтік тәрбие мекемелері қызмет етті. Солар арқылы қоғам өзінің ұстанған мұраттарына  сай ықпал жасады да. Осы әлеуметтік тәрбие мекемелері арасында мектептен  тыс жағдайда балалар мен жасөспірімдер  үшін атқарылатын жұмыстың ерекше бір  формасы ретінде әлемде тұңғыш рет  кеңестер елінде ғана мемлекеттік мәселе дәрежесінде кең қолдау тауып, даму алған мектептен тыс мекемелердің кезінде орны ерекше бөлек болғаны  шындық.

Кеңестік педагогика ғылымы тарихында балалардың қызығушылығы мен сұраныстардың еріктілік  негізде мектептен тыс жағдайда қанағаттандыру әдістерімен қоғамның  мұрат тұтқан мүшелерін тәрбиелеудің үлгі боларлық, мол тәлімі болды. Сол  тәлімдер негізінде мектептен тыс  мекемелер қалыптасты, дамыды, солар  арқылы өскелең өскіндерге өнегелі  әсер салу Отандық педагогикалық  озық ойлардың айрықша даму алған  бағытына айналды. Кеңестер дәуірінде  мектептен тыс мекемелер үздіксіз тәлім-тәрбие жүйесі ретінде тиімділігімен  жалпы көпшілікке танымалды болды [6, 119б.].

Мектептен тыс мекемелер  жұмысын басқару жүйелері құрылды, олар ұдайы жетілдіріліп мекемелер  қызметін үйлесімді жоспар негізінде  жүргізді, оған қажетті жағдайлар  жасалды және жетілдіріліп отырды. Дейтұрғанмен мектептен тыс мекемелер  атқарған жұмыстың түрлері, ұйымдастыру  тәсілдері, мазмұндары, формалары кеңес  құрылымының даму кезеңдеріндегі жекеленген маңызды міндеттердің алға қойған талаптарына  сай сәйкестендіріліп, өзгеріп, түрленіп отырғаны да шындық болды.  Қалыптасқан  обьективті жағдаймен санасу, оның негізгі талаптарын орындау уақыт  табының талап өлшемдеріне қарай  тәлім-тәрбие жолындағы ізденімпаздылықта  болу мектептен тыс мекемелердің кеңестік қоғам мұратына сай қызметін қамтамасыз ететін бірден-бір педагогикалық  амал болғаны тарихи тәжірибеде танылды. Осы қағиданың сақталуына бақылау  жүргізілді және дамуына қажеттілік болған алғышарттар да жасалып отырды.

Өскелең ұрпақ тәлім-тәрбиесіндегі  мектептен тыс мекемелерде атқарылатын  жұмыстардың рөлі мен орны кеңестік құрылымның барлық кезеңдерінде педагог  ғалымдардың назарында болды. Мектептен  тыс мекемелер қызметінің тарихи-педагогикалық  және методологиялық-теориялық негіздерін жасауда кеңестік  мемлекет қайраткерлері  әрі көрнекі ғалымдар А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкийлер  үлкен үлестерін қосты. Отандық педагогикалық ойлардың даму алған және бір бағытына айналған мектептен тыс мекемелердің тәлім-тәрбие жұмысын жетілдіруге белгілі кеңес ғалымдары Н.И.Болдырев, Б.ТЛихачев, Н.К.Болянская, Ю.А.Стрельцов, А.Д.Жарков, А.Ф.Воловик, Т.В.Беляев.  Қазақстандық ғалымдар Л.Қ.Ибрашева, Н.М.Сагитова, В.И.Загайновалар да үлкен еңбек жасаған. Тұтастай алғанда мектептен тыс мекемелердің өз бетінше дербес жүйе ретінде жүргізген іс-әрекеттерінің педагогикалық негізін қалыптастырып жетілдіруге арналған ғылыми-әдістемелік жұмыстар отандық ғалымдар тарапынан үлкен назарда болған. Әсіресе өткен ғасырдың 50-ші жылдар соңынан бастап бұл жұмыс қарқынды жүргізілді. Мектептен тыс мекемелер жұмысына арналған теориялық-әдістемелік зерттеулер әсіресе Ресей ғалымдары тарапынан: тарихи-педагогикалық тұрғыдағы, мектептен тыс мекемелер қызметін басқаруды жетілдіру, мектептен тыс мекемелер арқылы оқушылардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, мектептен тыс мекемелердегі тәрбие түрлері,  мектептен тыс мекемелердің өзге тәрбие мекемелерімен өзара ықпалдасуының педагогикалық проблемалары, өз бетінше  мектептен тыс мекемелерде білім жетілдіру мен әуесқойлық тәрбиесі бағыттарындағы сан-салалы зерттеулер қарқынды жүргізілді.   Мектептен тыс мекемелер атауы жаңа ғасырда өзгертіліп оған «Қосымша білім беру ұйымы» статусы берілді. Мұндай өзгеріс алдымен Ресей федерациясында үкімет шешімімен жүзеге асырылды. Ресейде қосымша білім беру мекемелерінде дамудың жаңа сапалы деңгейіне қол жеткізу шаралары да мемлекеттік мәселе ретінде қарастырылды. Мұндай жағдай ол елде қосымша білім беру ұйымдарының сандық өсімге қол жеткізуі мен қатар, ғылыми зерттеулер жүйелерін қамтамасыз етуді де жаңа сапалы деңгейге қойылды [7, 44б.] Ал Қазақстан жағдайында Кеңестер одағы кезінде қарқынды даму алған мектептен тыс мекемелер қазіргі нарықтық қатынастар талаптарына сәйкес келмейді деген негізсіз себепті алға тартудан тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында оның толық жойылу жағдайына дейін келтіріледі. Бұл әрине тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық қиын жағдайдың салдарынан болған жағдай еді.  Қазақстанның қазіргі жағдайы көп жылғы үзілістен кейін балаларға қосымша білім беру мен тәрбие мәселесіне қатысты оңтайлы іс-шараларды қолға алуға мүмкіндіктер жасауда. Қазіргі таңда республикада қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарына олардың жандануына, түрленуіне қолдау көрсетілуде. Балалардың қосымша білім беру ұйымдарына қамтылу шамасы бірте-бірте артуда. Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің ақпаратты, ғылыми-әдістемелік базасы жолға қойылып, қамтамасыздандару жүйесін жетілдіру мәселесі шешілуде. Қосымша білім беру ұйымдары қызметін басқарудың педагогикалық амалдарын жасаумен оның  қолдану тиімділігін анықтау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселесі де қолға алынуда.

Қазақстандағы мектептен  тыс мекемелердің педагогикалық  әлеуетін, тарихи даму динамикасына жан-жақты  талдау жасауға арналған тұңғыш ғылыми жұмыс та орындалды. Қазақстандағы  мектептен тыс мекемелердің  қалыптасуы мен даму тенденциясын тұңғыш рет  жүйелі түрде педагогикалық салалық  зерттеу қызығушылығы тұрғысынан ғалым  Е.О.Омар қарастырды. Еңбекте кеңес үкіметі ең алдымен қоғамның өскелең буындары болмысына рухани-мәдени өзгеріс жасау арқылы ғана қоғамдық мұратқа сай сана қалыптастырып кеңестік патриотизм рухындағы жанкешті қоғам құрылысшыларын жасауға болатындығын, бұл мәселенің мемлекеттік басты саясатқа айналғандығын және лайықты іс-шаралардың жүзеге асырылғандығын деректі материалдар негізінде көрсетіледі [8,136б.]. Балалар мен жасөспірімдер үшін мектептен тыс мекемелердің түрлері мен типтерінің жер-жерлерде көптеп ашылғаны, дамығаны дәйекті дәлелдемелер негізінде беріледі.Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуын тұңғыш рет жүйелі түрде педагогикалық салалық зерттеу қызғушылығы тұрғысынан зерттеу жасаған ғалым Е.О.Омар біздің республикамыздағы мектептен тыс мекемелердің кеңестік дәуірдегі төрт даму кезеңдерін қызығу саласына қатысы бар ғылыми-теориялық т.б әдебиеттерге жасалған талдауларға, әр кезде қоғам дамуы талаптарына сай келген іс-шараларда нақтылығымен қолдау тапқан мектептен тыс мекемелер қызметіне тән ортақ даму критерийлеріне, сондай-ақ Қазақстан ерекшелігіне сай мектептен тыс мекемелер жүйесіне ықпал жасаған саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістерді, мектептен тыс мекемелер қызметіндегі құрылымдық-ұйымдастырушылық принциптердегі ерекшеліктерді, материалдық-техникалық қорларының қалану, жетілуіне негіз болған факторларды және тарихи-педагогикалық принциптерді басшылыққа алу қағидаларына сүйене отырып айқындаған. Әр кезеңге тән олардың әр түрлі типтері болғандығын және олардың эволюциясын көрсеткен. Тіпті мектептен тыс мекемелердің аса маңызды іс-шара танылуы соншалықты Қазақстанда қысқа тарихи мерзімде атап айтқанда өткен ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдар аралығының өзінде-ақ: балалар клубы, жасөспірімдер клубы, мектеп-клуб, балалар сауат ашу тіректері, балалар кітапханалары, балалар саз мектебі, оқу-үйлері, балалар мәдениет үйі, балалар қарапайым клубы, пионер клубы,  балалар қызыл-отауы, балалар алаңы, қалашығы, пионер үйі, мектеп-театр, мектеп қызыл-бұрышы, балалар қозғалыс үйі сияқты сан түрлі типтердің қарқынды даму алғандығы суреттелген [8, 96б.]. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуының негізгі алғышарттарына жүзеге асқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани өмір салаларына қатысты шешімдер ғана емес жергілікті дербес әрекет жасау құқықтар мен мүмкіндіктердің болуы, халықтың  әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейі мен ерекшеліктерінің қоғамның тарихи даму сатысында ескеріліп отыру да үлкен роль атқарған. Мектептен тыс мекемелер құрылымына басшылықтың жалпы халықтық ынташылдықтармен ұштастырыла жүргізілуінің оның дамуына жаңалық, түрлік сипаттардың пайда болуына айтарлықтай ықпалы бар екендігі еңбекте жан-жақты негіз тапқан. Зерттеуші Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің олардың әртүрлі типтерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен алғышарттарға сараптама жасай келе, олардың қоғамдық-тарихи қажеттілігін ұғынып оны мемлекеттің негізгі саяси және әлеуметтік-рухани деңгейіне көтергенде ғана даму алатындығын және игілікті қызметке асатындығын дәлелдеген. Бұл орайда әлі де көптеген тарихи тәжірибенің мәнінің жоғалмағаны, оларды әлі де қоғамдық мұратқа айналдыру қажеттілігінің керек екендігі аңғарылады. Шындығында тарихтан күшті тәлімгер жоқ екендігі белгілі қағида. Құбылыстың тарихи базасының толымды жасалуы ғана оның алдағы уақыттарда жүйелі қалануы мен дамуының, кез-келген мәселелердің ықтималды шешілуінің бірден-бір сара жолы болып табылатындығы шындық дүние. Сан жылдық педагогика ғылымы тарихында балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығы мен сұраныстарын еріктілік негізінде мектептен тыс жағдайда қанағаттандыру әдістерімен қоғам мұратына сай адам тәрбиелеудің үлгі боларлық өнегелі тәлімі кеңестер дәуірінде болған. Сол тәлімдер негізінде мектептен тыс мекемелер дамыды. Зерттеуші ғалым Е.О.Омар тарихи кезең қажеттілігі мен жағдайы, оның маңызды міндеттері мектептен тыс мекемелердің әрбір типіне тән, оның даралық сипаттарын ерекшелендіруші шарттылықтары мен белгілері болғандығын көрсеткен. Мұндай жағдайлардың кезең қажеттілігінен туындап отырғаны нақты тарихи дәлелдермен дәйектеген. Балалар мен жасөспірімдердің дүниетаным, ой-өріс, қабілет ерекшеліктеріне сай, және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық процесстер мен құбылыстар, заңдылықтары мен өзгерістері, ерекшеліктеріне қарай мектептен тыс мекемелердің әртүрлі типтерінің пайда болуы мен қатар дифферененциациялау процесін жүргізу барысында бала ерекшелігіне қарай бір типтік мекеменің өзін әр түрлі деңгейлік формаларда ұйымдастыруға болатындығы да көрсетілген [9,297б.].

Кеңестік Қазақстан жағдайында яғни көп ұлтты республика жағдайында халықтардың әлеуметтік-мәдени өмір сүру ерекшелігі әртүрлі жағдайында әртүрлі әлеуметтік-демографиялық  топтарға арналған мектептен тыс  мекемелер типтері де ұйымдастырылғаны ғалым еңбегінде жан-жақты қарастырылады. Ғалым еңбегінде дифференциация процесін қоғамдық мұраттылық, психологиялық-педагогикалық  мақсаттарға сай негіздеп жүргізуден деңгейлік және әдіс-тәсілдік, ұйымдастыру-құрылымдық өзгешелігі бар маманданған мектептен  тыс мекемелер типтерінің пайда  болуына алғышарт жасағандығын, дамығандығын, олардың өміршеңдігі тарихи шындықта көрсетілген.

Е.О.Омардың зерттеу жұмыстарында қазіргі нарықтық жағдайға орай қосымша  білім беру ұйымдарының жаппай көпшілікті жұмыс тәжірибесіндегі тәрбие мүмкіндіктерін анықтау, оны жүзеге асыру жолдары  да  қарастырылған. Қазіргі таңда  қосымша білім беру ұйымдары өмірінде бірқатар оң өзгерістердің нышандары  басталды. Атап айтқанда мектептен  тыс ұйымдардың еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесіндегі стратегиялық дамуы анықталды. Қосымша білім  беру ұйымдары жүйесіндегі мекемелер  типтері қызметкерлерінің білімін  жетілдірудің республикалық жүйесі жасалып, әдістемелік қызметтің  басымдықтары анықталуда және жетілдіруде [8, 106б.].

Озық тәжірибелерді талдау, қорыту, оның тиімділігін ғылыми негіздеуге мүмкіндік жасалуда. Қосымша білім  беру ұйымдары қызметінің ақпаратты, әдістемелік  базасы жасақталуда, оны қамтамасыздандыру  жүйесін жетілдіру басталды. Қоғамдағы өзгерістер қосымша білім беру ұйымдары қызметінде, мазмұнында және инновациялық қызмет көлемінде де байқалуда.

Қазіргі уақытта қоғамды  постиндустриалды, ақпараттық қоғамға, (мұндай қоғамда қызмет көрсету саласы кең дамиды, ал ғылым мен білім  жетекші факторға айналады) азаматтық  қоғамға, (пікір әралуандылығы, конфессия  мен мәдениеттің көптүрлілігі), компьютерлік қоғамға, (танымдық қызметте компьютерлік технологияның кең қолданылуы шығармашылық пен айналысу мүмкіндігін айтарлық тай кеңейтеді, адамдардың даралық  сипаты күшейеді), дамудың жылдам қарқыны  бар қоғамына (бір ұрпақтың өмірінде әлемнің саяси картасында ірі  және бірнеше өзгерістер болуы мүмкін) сол сияқты өндірісте, өмір салтында да, ауысу байқалды. Қоғамдағы өзгеріс  өз кезегінде адамның даму мүмкіндіктерін де тудырады. Жаңа ғасыр бастауынан басталған қайта жаңғыру, оның құқықтық базасы жасалу аясында қосымша білім  беру ұйымдарының автаномиялану  және даралану тенденциясы басталды. Олар заңды құрылымға  айналып, өз жарғысы негізінде жұмыс істей  бастады.

Өзінің жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне сай хұқыққа  ие болып, қосымша білім беру бағдарламаларымен  қосымша білім беру қызметін іске асыра бастады. Қосымша білім  беру орталықтары арасындағы айырмашылық  олардың құралы, балалар бірлестігінің  профилінде ғана емес, олардың педагогикалық  бағдарламасына да өз әсерін тигізді. Бұл процесс, бір жағынан, балалар  мен олардың ата-аналарының білімге  бағытталған талап тілектеріне  байланысты болса, екінші жағынан, білім  мекемелерінің өзінің қазіргі бар  педагогикалық потенциалының неғұрлым толығырақ іске асыруға ұмтылуына  байланысты.

Егер ертеректе мектептен  тыс мекемелер балалардың жалпы  білімінің кемістігін толықтыратын болса және өзінің педагогикалық  сипаты жағынан дәстүрлі мектептің  өзіндік альтернативасы болып келсе, қазір мектеп жүйесінің кеңейтіліп, мектеп жасындағы барлық балалардың жалпы орта білім алуға міндетті жүйеге көшуіне байланысты мектептен  тыс мекемелер қосымша білім  беру ұйымдарына айналды.

Қазақстан Республикасының  «Білім беру» заңында «Қосымша білім  беру» азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің  білімдік және мәдени қажеттіліктерін  жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің қосымша дамыту бағдарламалары негізінде іске асырылатын тәрбиелеу және оқыту үрдісі деп көрсетіледі [10,58б.].

  Қоғамдық тәрбие нақты тарихи сипатқа ие, өйткені ол белгілі бір қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және өзге де қатынастармен байланысты. Олардың өзгеруіне қарай қоғамдық тәрбиенің міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістері де өзгеріп отырады. Шынында да, тәрбие барлық уақытта да қоғам ықпалына тәуелді. Қоғамдық қатынастар жиынтығының мазмұны мен сипаты, қоғаммен нақты обьективтік және субьективтік қарым-қатынастары оның өзіндік даму ерекшеліктерін айқындайды.

 Осы үрдісте қосымша  білім беру ұйымдары жұмысы  өзінің ерекше сипатына ие. Қосымша  білім беру ұйымдары  арқылы  жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылыққа  араластырады, белгілі әлеуметтік  жағдайда өмір сүруге және  еңбек етуге үйретеді. Осыдан  келіп өскелең ұрпақтардың жаңа  өмірге бейімделу, үйрену жолдарын  қалау, оларды жетілдіру мәселелерінде  өзі өмір сүріп отырған ортаның  шындығына сай келетін орта  ықпалында тәрбиеленуі қажет  екендігіне көз  жеткізіледі.  Осы талаптардың жүзеге асуы  тек мектептің қолынан келуі  мүмкін емес еді. Оған қосымша  білім беру ұйымдары қызметі  сабақтасты ұласқанда ғана қоғам  мұраттанған нәтиже алынады.   

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытына сай білім бағдарламалары мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылуда. 2001 жылы 22–ші маусымда Үкімет қаулысымен мектептен тыс мекемелерге қосымша білім беру мекемесі мәртебесі берілді. Қаулы шешімімен Республикадағы мектептен тыс мекемелер Қосымша білім беру ұйымдары болып қайта құрылды [11,26б.].Қосымша білім беру ұйымдары жеке тұлғаның даму ерекшеліктеріне, шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруға, балалардың адамгершілік-имандылық тәрбиесінің, мәдениетінің  қалыптасуына, олардың әлеуметтік өмірге араласуына жағдай жасайды. Қазіргі кезде ұрпақ тәрбиесі маңызды факторлардың бірі болғандықтан тәрбие мәселесіне жөн-сал қарауға болмайды.  Тәрбие – қайшылықты және ұзақ, үздіксіз процесс болғандықтан, оны тек оқу кезінде ғана емес мектептен тыс жұмыстарда да қалыптастырады.

Информация о работе Қосымша білім беру ұйымдарының әлеуеті