Қиын балалармен жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 08:52, курсовая работа

Краткое описание

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жүктелім жүйесі. Жанрлық жүктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе ќұрайды. Мысалы, музыкадағы “үн”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлыќ өнер түрі үшін ортақ жанрлыұ жүктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандыќтан, оған көзқарас та біртекті емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

готовая курс. работа.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)

"Ала байрақ", "Ақсақ құлан", "Нар идірген", "Азамат қожа", "Тепең көк", "Боз торғай", "Боз айғыр" сияќты, т.б. күйлерді атай отырып, "Осы күйлердің көбінде тек өздеріне ғана тән, нақтылы сұлу әңгіме-аңыздар болған", — дейді (М.Әуезов).

Қазақ күйлерінің тарихына академик А.Жұбанов та үнемі көңіл бөліп, күй тарихы жайлы көптеген деректер, сындарлы ой-пікірлер қалдырды.

Олар, негізінен, "Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы" (1942), "Ғасырлар пернесі" (1975), "Ән-күй сапары" (1976) атты, т.б. еңбектерінде баяндалған. Соның бірі — 1964 жылы Москвада болып өткен Антропология және этнография ғылымдарының жетінші Халықаралық Конгресінде жасалған. "Домбыра — Қазақ халқының музыка аспабы" атты баяндамасы. Онда: "Көшпелі жұрттың өмір серігі болған осы, көзге қораш көрінетін шағын аспап — қазақ халќының хатқа түспеген тарихының талай беттерін паш етеді. Халық өзінің ата мұрасынан ќалған "гөй-гөй кітабын" қастерлеп, артықша бағалайды"делінген.

Көрнекті ғалым Әлкей Марғұлан Қорқыт Ата туралы орасан мол дерек көздерін тауып, оны зерттеді. Күйші бабаның тарихи бейнесін сомдады.

Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (үзан), болашақты болжап сөөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің бәрінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түрікмендерде көбірек жолығады",— деп көрсетті (Марғұлан).

XX ғасырдың соңғы он жылдықтарында 1972 жылы шыққан "Домбыра сазы" (осы жолдардың авторларының бірі), 1992 жылы жарық көрген "Күй қайнары" (авт. А.Райымбергенов, С.Аманова) атты кітаптар да күй тарихына қатысы бар еңбектер.

М.Әуезов айтқан кеңестің бірі - күй аңыздарын жинап, зерттеу еді. Бұған жазушы, этнограф ғалым Т.Ақселеу арнайы көңіл бөліп "Күй шежіре" (1992) атты кітабын осы мәселеге арнады. Ғалым бұл еңбегінде күй аңыздарын және қазақтың күйшілік тәжірибесінде кездесетін этнографиялық мол деректерді, көне жазбалардағы мәліметтерді жинап-теріп, талдап зерттеді. Онда: "Қазақ даласында сонау ҮІІІ ғасырдың өзінде-ақ музыкалық мәдениет ән түрінде (вокалды музыка) және күй түрінде (аспапты музыка) көрініс тауып, музыкалық жанрлар сараланып үлгерді", — деп, батыл тұжырым жасай отырып, әрі қарай: "Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мың жылдықтың аясына тасқа түскен бейнелердің ішінде биші адамдар ғана емес, енді музыкалық аспаптар да айқын аңғарыла бастады",— дейді (Т.Ақселеу).

Күй жинаушылар да, күй сазы жайлы этнографиялық деректерді зерттеушілер де және т.б. қазақ күйлерінің тарихи тамыры тереңде, ежелгі дәуірлерден бастау алатынын бір кісідей болып айтады.

Шынында да, қазақ күйлерінің сарын-сазы, әуен-ырғағы, композициялық құрылымы, ондағы көріністердің суреттелуі, оқиғалардың баяндалуы — біздің ой-санамызды ежелгі дәуірлерге меңзеп, тарихтың тұңғиық тереңіне жетелейді.

 Қазақтың күй мұрасы: «төкпе  күйлер», «шертпе күйлер» деп  екіге бөлінеді.

Батыс Қазақстан өңіріндегі күйлер «төкпе күйлер» деп аталса, ал Орталық, Шығыс Қазақстан өңіріндегі күйлер «шертпе күйлер» деп аталады. Төкпе күйлер дәстүрінде қарқынды, жігерлі, дауылды сарындар басым болып келсе, ал шертпе күйлер лирикалы толғау үлгісінде орындалады. Бұл күйлерден көбінесе адамның ішкі ой толғаныстарына, туған жер мен табиғат сұлулығына, адам өміріндегі сыр-сипатқа құрылған пәлсапалық ой түйіндері аңғарылады.

          Қазақ  халқының аспапта жеке шығарма  орындаушылық, яғни күйшілік өнері  сонау көне заманнан келе жатқан  ұлтымыздың рухани мәдениетінің  аса бір маңызды саласы. Күй, көбінесе белгілі оқиғаға, тарихи мазмұнға орай шығарылады.

Күйшілік өнер құрылымдық және орындаушылық тұрғыдан өзара бірнеше дәстүрлерге бөлінеді. Әр дәстүрдің өзіндік орындау мәнері, өзіндік саздық жүйесі болады.

Домбыра аспабында орындалатын күйлер негізгі екі топқа, "төкпе "күйлер мен "шертпе "күйлерге бөлінеді. Төкпе күйлер Батыс Қазақстанда, ал, шертпе күйлер Арқа, Жетісу мен Қаратау өңірлерінде көп орындалады. Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері - Ќұрманғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап, Есір, және тағы басқалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыѕңғай сілтеуімен орындалады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді.

Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бөлініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұќсамайтын, әртүрлі орындаушылық мектептер құрайды.

Мұндағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар. Мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің орындаушылық үрдістері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Дина күйлері де айрықша мектеп құрайды. Сыр бойының, Маңғыстау өңірінің күйлері де өзіндік орындаушылық дәстүр түзеп, айрықша ќұрылымдық, орындаушылық мәнерлерді байқатады.

Шертпе күйлер ән негіздес өте сазды, ќұрылысы шағындау болып келеді. Күй әуені екі ішекте кезек орындалып, көбінесе бірдауыстылығы басым болады. Бұл күйлердің ежелден қалыптасқан қағыс қағу, саусақ басу тәртібі бар.

Тарихи ұзақ дамудың нәтижесінде, қазақтың халықтық аспапты музыкасында домбыра, қобыз және сыбызғыда орындалатын күйлердің белгілі жанрлары қалыптасты. Бұларға аңыз күйлер, тарихи күйлер, тұрмыс-салт күйлері, лирикалық күйлер және тартыс күйлері жатады.

 

Маңғыстау өңіріндегі күйшілік дәстүрі.  

Маңғыстау өңірінде күйшілік өнер ерекше дамып, өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан күй өнері Абыл, Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, Қарт-бай, Байшағыр, Шамгүл, Мұрат сияқты біртуар есімдер арқылы өз жалғасын тауып, рухани қазына ретінде сақталып келеді.

Бұл өңірдің күйлері жалпы төкпе дәстүріне жатқанымен, өзіндік нақышты, ерекше сазды, қайталанбас орындалу мәнерімен өз алдына жеке тұрған, күйшілік өнердің өзгеше арналарының бірі. Ел арасында Маңғыстау күйлерін "Адай күйлері" деп те атайды. Оның себебі, күй авторларының басым көпшілігі қазақтың адай руынан шыққандығы. Маңғыстау ежелден әншілер мен күйшілердің отаны болды.

Мұндағы халықтық жырлар мен жыраулардың әуені күй өнеріне де зор ықпал жасаған. Маңғыстаудың күйшілері әрі әнші, әрі жыршы болып келетіні сондықтан. Оған Өскенбайдың, Қалнияздың, Шамғұлдың, Ізбасардың өнерін мысалға келтіруге болады. Жыр, дастан айту өнері жыр-күй, ән-күй атанып, ел арасына кең тараған. Маңғыстау күйшілерінің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі - Абыл Тарақұлы, Есбай Балұстаұлы, Ќұлшар Бахтығалиев, Есір Айшауақұлы, Өскенбай Қалмамбетов, Мұрат Өскенбайұлы, Байшағыр.

 

Жетісу өңіріндегі күйшілік дәстүрі.  

Қазақ ұлттық аспапты музыкасындағы ерекше сарынды күйшілік мектептердің бірі Жетісу күйлері.

Жетісу күйлері көбінесе көлемі шағындау келіп, эпикалық сипаттағы тарихи оқиғалармен ұштасып жатады. Ежелгі ертегі, аңыз, әңгімелерге негізделген бұл күйлер көне наным-сенімдегі «әдет-ғұрыптарға құрылатыны байқалады. Түркі тектес халықтарға ортақ, "Мұңлық-зарлық", "Көрұлы" сияқты эпос дастандарды суреттейтін "Аққу", "Жетім бала", "Аңшылық", "Бөрілі қыз", "Қамбархан", "Көрұлы Сұлтан" күйлері қазақ музыкасының байырғы түрлеріне жататыны анық.

Осы өңір күйлерінің құрылымы мен мазмұнына орай төмендегідей салаға бөлуге болады:

1) аңыз-әңгімелерді арқау еткен  эпикалық күйлер;

2) әдет ғұрыптық, жоқтау күйлер;

3) күйлердегі жанрлық, аттас күйлер;

4) батырлар мен ірі тұлғаларға  арналған арнау күйлер;

5) автордың өз басынан кешкен  оқиғаларды суретейтін, өмірбаяндық  күйлер.

Жетісу күйлерінде "толғау" жанрындағы күйлер, яғни қобыз әуеніне ұқсас толғаулы сарын басым келеді. Осы өңірдегі көрнекті күйшілердің бәрінде дерлік "кертолғау" атты күйлер кездесетіні де содан.

Аспапты музыкадағы "Кеңес", "Бұлбұл", "Бозайғыр", "Қоңыр" сияқты өзіндік жанрға айналған күйлер тобына Жетісу күйшілері де айтарлықтай үлес қосқаны анық. Көпшілігі теріс бұрауда келетін Жетісу күйлерінің ең басты ерекшелігі деп, екі үлкен дәстүрдің шертпе мен төкпенің бір күйде қатар дамып, өрбуінде дер едік.

Жетісудың көрнекті күйшілері Байсерке Құлышұлы, Қожеке Назарұлы, Сыбанқұл Қолбасұлы.

 

Сыр бойындағы күйшілік өнер. 

Қазақтың күйшілік өнерінің айрықша саланың бірі - Сыр бойында қалыптасқан. Сарыны бөлек, тартысы ерекше Сыр бойының күйлерінде ұлттық саз өнерінің інжу-маржаны түзілген. Бастауы әріден келе жатқан бұл күйшілік дәстүрдің бүгінгі ұрпаққа жеткен үлгілерінде мазмұндық тереңдік, орындаушышық шеберлік, рухани даралық, көркемдік құндылықтар анық байқалады. Бұл күйшілік дәстүр көрнекті күйшілер Үсен Төре, Шал Мырза, Жалдыбай Елеукеұлы және Қазанғаптар өнерімен даму кезеңін өткізіп, Әлшекей, Құрақтың Досжаны, Жаңаберген, Теңізбай, Нартай, Көнек тағы басқа өнер саңлақтары арқылы қазіргі ұрпаққа жетіп отыр.

Бұлардың ішіндегі өз алдына жеке күй орындаушылық мектебін қалыптастырған Қазанғаптың күйшілік тәлімі де Сыр бойының үрдісінен бастау алғаны анық. Оқшау сарынды Сыр бойы күйлерінде әсіресе адамның ішкі эмоциялық шақтары, сезім-түйсік ерекшеліктері барынша көрініс таба білген. Жалпы күйшілік дәстүрлерде тұрақты қалыптасып, аспапты музыкада жанрлық дәрежеге көтерілген "Аққу", "Қоңырқаз", "Ақжелең", "Шалқыма", "Терісқақпай", "Ілме", "Қара жорға" үрдістері де Сыр бойы күйлерінде барынша даму қарқынын тапқан. Бұған мысал ретінде Мырзаның "Ілмесін", Досжанның "Қоңырқазын", "Шалқымасын", Әлшекейдің "Терісқақпайын", Жалдыбайдың "Қара жорғасын" атап өтуге болады.

Сыр бойы күйлерінде "Сыбызғы күйлері" деп аталғанымен домбырада жиі орындалатын көркем күйлер көп кездеседі. Сыбызғы аспабы сирек кездесетіндіктен, ондағы орындалатын көне күйлер саздарын көнедегі күйшілер домбыраға салып тарта білген болуы керек. Бұл күйлердің көркемдік деңгейі өте жоғары.

Арғы тегі аты аңызға айналған Қорқыт бабадан өрбіген Сыр күйлері небір тума таланттар қолынан түлей ұшып, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде беріліп, мұқият сақталып келеді.

 

Алтай–Тарбағатай өңірінің күйшілік өнері.

 Қазақ халқының дәстүрлі аспапты музыкасының өзіндік үнді, ерекше әуезді бір саласы еліміздің Алтай, Тарбағатай өңірінде қалыптасқан. Осы өңірдегі домбыра, қобыз, сыбызғы күйлері құрылымдық және орындаушылық тұрғыдан қарағанда оқшау сарынды, бөлек бітімді болып келеді. Домбыра күйлерінің басым көпшілігі теріс бұрауда орындалып, құрылымы шағындау келіп, әуені әнге жақын тұрады. Көрнекті күйшілерден аты аңызға айналғаны атақты күйші – Байжігіт бірінші аталады. Соның қатарына Саятөлеков  Бағаналы жатқызамыз.

 

1.3 Қазақ  музыкасы және оның шеберлері

 

Қазақ музыкасы –өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізінде туған эпикалық жанрлар –  жыр, толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге ќарағанда музыкалық маќамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге ќұрылады.

Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге ќұрылған эпикалық  дәстүр – алғашқы, лирикалық әндер – соңғы ќұбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.

Қазақ музыкасының үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал  жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жүктеліп жүр.

Қазақ музыкасы фольклорлық сатыда қалмай, ауыз екі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді.

Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық әјдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде Әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенің аңғартады.

15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық  өнер тудырған эпик дәстүрдің  Қазақ музыкасынан алатын орны  ерекше. 

Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі.

  Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі, Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер.

  19 – 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халќының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.

Информация о работе Қиын балалармен жұмыс