Қиын балалармен жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 08:52, курсовая работа

Краткое описание

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жүктелім жүйесі. Жанрлық жүктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе ќұрайды. Мысалы, музыкадағы “үн”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлыќ өнер түрі үшін ортақ жанрлыұ жүктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандыќтан, оған көзқарас та біртекті емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

готовая курс. работа.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)

                                                                   Кіріспе

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жүктелім жүйесі. Жанрлық жүктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе ќұрайды. Мысалы, музыкадағы “үн”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлыќ өнер түрі үшін ортақ жанрлыұ жүктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандыќтан, оған көзқарас та біртекті емес.

Әдебиеттегі жанр - әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі.

Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр ќұрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататының көркем шығарманың эстетикалық сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы ќұрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) ќайта оянып, соның негізінде үлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы ќатарға шығады.

Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

Музыкадағы жанр музыкалық шығармалардың тек пен түрін айқындайтын көпқырлы ұғым ретінде қалыптасты. Музыкадағы жанр категория ретінде музыкатанудың негізгі мәселелері мен музыка эстетикасын айқындайды. Музыка өнерінің тарихи даму жолында жанр белгілері оның стильдік белгілерімен астасып жатты.

  Музыкалық жанрларға ән, әнұран, серенада, опера, симфония, сюита, увертюра, концерт, оратория, кантанта, трио, квартет, романс, хорал, месса, реквием, т.б. жатады. Музыкалық жанрлар іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Музыкалық жанрлар осы өнер саласында қалыптасқан ағым, бағыт, стильмен үндесе дамиды.

1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АСПАПТЫҚ  МУЗЫКАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЖАНРЛАР

 

1.1 Қазақ  халқының аспаптық музыкасындағы  дәстүрлі жанрлар

 

Қазақ халқының аспапта жеке шығарма орындаушылық, яғни күйшілік өнері сонау көне заманнан келе жатқан ұлтымыздың рухани мәдениетінің аса бір маңызды саласы. Күй, көбінесе белгілі оқиғаға, тарихи мазмұнға орай шығарылады.

Күйлердің мазмұны мен тақырыбы да әр алуан болады. Адамның түрлі сезімдері, табиғат суреттері, үлкен әлеуметтік-пәлсафалық мәселелер шертпе күйлердің негізгі айтар ойына арқау болған. Шертпе күйлердің өзі мазмұндық, орындаушылық ерекшеліктеріне орай, бірнеше мектептерден тұрады. Олар Арқа, Қаратау, Жетісу, Алтай мектебі деп аталады. Шертпе күй мәнерінің көрнекті өкілдері - Байжігіт, Тәттімбет, Сүгір, Тоқа, Дайрабай, Баубек, Әбди, Төлеген және т.б. Төкпе күйлерге қарағанда шертпе күйлердегі жеке дауыстық эпизодтар екі шекте кезек дамиды. Мұнда оң қолда көп қолданылатын негізгі тәсіл – сұқ саусақпен екі шекте алма кезек шерту әдісі жиі кездеседі.

Жалпы күйлердегі форманың қалыптасуы ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрлі дыбыс тұрақтылығына сүйенеді. Мысалы, Құрманғазы күйлерінде қалыптасқан "бас буын ", "орта буын", "бірінші саға", "екінші саға" осының айғағы.

Шертпе күйдегі формаға жеке дауыстылықтың үздіксіз дамуы мен дәстүрлі орындау әдістері негіз бола алады.

Бірінші саға - қазақ күйлерінің музыкалық құрылымындағы бірінші шарықтау шыңы. Ол домбыраның ортаңғы регистрінде орналасады.

Екінші саға - домбыра күйлерінің музыкалық құрылымындағы екінші шарықтау шыңы.

Көпғасырлық дамудан өткен қазақ күйінің өз бойына түрлі халық шығармашылығының негіздерін сіңірген өте күрделі құбылыс екендігін және алуан түрлі жанр, дәстүрлермен - эпоспен, әдет-ғұрыптық, көне нанымдық, шамандық тәсілдермен, лирикалы-поэтикалық, лирика-саздық жанрлардың көркемдік байлығымен өзара байланыста тұрғандығын айрықша атап өтуге болады.

Ғалымдардың пікірінше кейбір орта азиялық халықтардағы "күй" сөзі өте ертеден келе жатқан атау, ал ХІV-ғасырдан бастап бұл сөз негізінен аспапты музыкаға байланысты айтылады. Қазақтың аспапты музыка өнері өзінің шығу тарихына, шығарушысының суреткерлік тағылымына, орындаушылық мектебіне орай түрлі жанрларға; аңыздық, тұрмыс-салттық, тарихи және лирикалық үлгілерге бөлінеді.

Алғаш рет қазақ күйлеріне жанрлық классификация берген белгілі ғалым Құдайберген Жұбанов болды. Оның "Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайлы" деген еңбегі 1936 жылы жарық көрді.

Осы еңбекте: "Бүгінгі күйлер әнсіз, эпосша тартылады. Оларға бөтен өлең, еш нәрсе қосылмайды. Бұл әннен, дауыс қосып айтатын сөзден бөлініп, бөлектеп шыққан бір жанр. Бірақ алғашқы әзірде бұлай бөлектелмей жырмен екеуінің бір болуының жөні бар. Осы күнгі қазақтың күйлеріне ұќсас Иран, Азербайжан күйлеріне дауыс қосылып, ән шырқайды" делінеді.

Бұл үзіндіден екі түрлі ғылыми терең пікір түйінін аңғарамыз. Бірінші, Европа елдеріндегідей, өнердің синкреттік дәуірін шығыс елдері де басынан өткізгендігін, бұл адам баласының өрлеу жолындағы мәдениеттің белгілі бір белі, баспалдағы, халықтардың бәріне бірдей жалпы заң екендігін көреміз.

Екінші, қазақ халқы жазу - сызу, ғылымнан кенже қалған ел болса да, сөзі мен музыка өнерлері ерте дамыған, тіпті мәдениеті, жазу сызулары көне заманнан келе жатқан кейбір жақын шығыс елдерімен салыстырғанда, қазақ елінде музыка өнерінің өте биікке көтерілгендігін меңзейді.

Қ. Жұбановтың айтуынша ХІV ғасырда Каспий теңізін мекендеген Қытай елінің (ол бүгінгі қытайлар емес, түрік елдері, біздің бір кездегі аталарымыз) 366 күйлерінің болуы, әннен, сөзден бөлініп, қазіргі Европа музыка мәдениетіндегідей, симфониялық биікке көтерілуі таңғажайып нәрсе ғой.

Қ. Жұбановтың сүйеніп отырған Иран музыканты, Абдықадыр Мұрали (Каспий теңізін зерттеуші) "Қытай елінде ХІV ғасырда көптеген күйлер болды" десе, күйлер сол дәрежеге жету үшін қанша ғасыр бойы өмір сүріп, қалай дамығанын айту өте қиын. Бірақ бір нәрсе талассыз. Ол - Қытай елінің күй өнері XIV ғасырда кемеліне келіп, әннен бөліну биігіне көтерілгенге дейін, көп ғасырларды басынан өткізгені.

«Қытай» деп аталған түрік тектес тайпа басқа ру, тайпалармен араласа келіп, суға салған қанттай еріп жоғалса да, күйлері қалған. Жоғарыда айтылған 366 күйлердің мұрагерімін деп, бүкіл шығыста айта алатын жалғыз-ақ ел бар.    Ол - тек қазақ елі. Күй өнері жөнінде біздің халқымызбен ешкім де таласа алмайды.

Тарихи ұзақ дамудың нәтижесінде, қазақтың халықтық аспапты музыкасында домбыра, қобыз және сыбызғыда орындалатын күйлердің белгілі жанрлары қалыптасты. Бұларға аңыз күйлер, тарихи күйлер, тұрмыс-салт күйлері, лирикалық күйлер және тартыс күйлері жатады.

Аңыз күйлер-халықтық музыка өнерінде ежелден қалыптасқан шығармалар. Біздің заманымызға дейін жеткен бұл күйлер халықтың тұрмыс-салтын, өмір сүру жағдайын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, оларды қоршаған дүние, әлем құбылыстары жайындағы наным-сенімдерін де бейнелейді: "Аққу", "Көк бөрі", "Нар идірген", "Аңшының зары", "Қорқыт", "Қазан", "Көрұлы", "Жұмағұл", "Жетім қыз", "Жетім бала зары", "Қамбар күй", "Желмая", "Ақсақ құлан", "Ақсақ қыз", "Тепен көк", "Хан жұбату" күйлері.

Қазақ аспаптың музыкасының ертеден келе жатқан бұл жанрлары синкретикалық болып табылады, яғни, ауызша әңгіменің, музыканың, театрлық элементтердің, орындаушылық өнердің ең басынан бір тұтастығын, бөлінбестігін аңғартады.

Күй-аңыздарының мазмұнның алуан түрлілігі тән. Бұл аңыздарда көшпелі малшылардың тұрмысы, еңбек кәсібі, халықтың мифологиялық дүниетану көзқарасы бейнеленеді. Академик М.Әуезовтың пікірінше, күй аңызында "Қазақ эпосы мен фольклоры өзінің бір саласы ретінде музыкамен өте жақын, тығыз байланысты.Сыбызғы, қобыз, домбыра, сөйлейтін көп күйлермен қатар, сол күйлердің ауызша айтылатын көркем, шебер әңгімесі болатыны мәлім" делінген.

XIX-XX ғасырдың біртуар ғалымдары, жазушылары, шығыстанушылары - Ф.Диц,Ш.Уалиханов, П.Остроумов, В.Жирмунский, М.Әуэзов, Ә. Марғұландардың деректері бойынша Қиыр Шығыс және Орталық Азияның түркі тілдес халықтары өзінің патриархы ретінде халық қазынасының сақтаушысы, музыканың бастаушысы саналған Қоркыт бабаны (VШ- IX ғ.ғ.) пір деп бағалайды.

Ол туралы академик А. Жұбановтың баяндаған аңызын келтіре кетейік: "Халық шежіресінің айтуынша, Қорқыт ата тек туыстарының ұнатып қоя салған аты емес. Қорқыт шыр етіп жерге түскенде, ол айналасын қоршап отырғандарға, шешесіне кішкене сәби сияқты болып көрінбеген, түрі адамға ұқсамайтын "қап" сияқты болып көрінген, жұрт шошып, қашып кеткен, бейшара шешесі ғана қасында қалған. Қап емес адам тапқаның жүрегі сезген ана, ғажап заттың ауызын аша бастайды. Әлсіз үнді сәбиін көреді. Оны емізеді, баланың жылағанын естиді. Баланың даусын естіп, бағанағы қорқып қашып кеткендер енді қайта жиналады, балаға "Қорқыт" деген ат қояды. Бір күні жиырма жасқа толған бала түс көреді.

 

1.2 Қазақ халқының  күйшілік дәстүрі

 

Қазақ халқының тарихында XX ғасырдың соңына қарай (1991) Қазақстан тәуелсіз ел атанды. Тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарының бірі — қазақ ұлтының басынан өткен қиын тағдырына тарихи тұрғыдан әділ баға беріп, оң көзқарасты қалыптастыру болды. Бұл істі алдымен тарихшылар және т.б. ғылымдар саласындағы ғалымдар қолға алды. Олар ұлтымыздың тарихына қатысы бар көне деректер мен әр түрлі мәліметтерді жиып-теріп, ғылыми талдау жасады, әрі зерттеді. Соның арқасында қазақтың бұрынғы тарихын ақтандақтардан тазартып жазуға мүмкіндік туды. Солардың бірі — қазақ күйлерінің тарихы.

Қазақ салтында тарихты білу, атамекенді қастерлеу, туған ел-туған жерді қорғау, тілді, әдет-ғұрыпты ұмытпау, байырғы өнер түрлерін сақтау, дінді құрметтеу - ежелден бері қалыптасқан дәстүр. Мұндай дәстүрлердің өзі ғасырлар бойы ұрпақтардың өмір тәжірибесінен өтіп біздің заманға  жетті.

Ерте кезден-ақ қазақ өз тіршілігінің барлық қырларын таңдайдағы әнімен, көкіректегі күйімен, көмейдегі жырымен баяндаған. Олар әр дәуірде, әр кезеңде, әр ғасырда туғандықтан; бір жағынан халықтың рухани азығы болса; екінші жағынан өткен өмір шежіресі.

Қазақ халқы Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Көк түріктердің (аспан түріктері) және т.б. ру-тайпалардың тарихи Отанында отырған ұрпағы, әрі олардан қалған мәдени мұралардың да, рухани байлықтың да бірден-бір иесі болып табылады. Сан ғасырлар бойы сақталған әуен-саздарды әр ұрпақ жадында сақтап, көздің қарашығындай қорғап, ілгері дамытып келеді. Сондай мұраларымыздың ішіңдегі ең көнесі, ең байырғысы — қазақ халқының күй сазы.

Сол күйлерді шығарған халық сазгерлері жайлы академик А.Жұбанов "Не бір аруақты , дарынды дала перзенттерінің аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот баспай бізге аман жетті. Олардың бәрі де әліпті таяқ деп білмейтін, нота дегеннен тіпті бейхабар болса да, өз халќының өзегін өртеген мұңын мұздап, жоғын жоқтап, көптеген тамаша музыкалық шығармалар қалдырып кеткені айқын. Олар халық аспаптарына арнап шығармаларын, яғни, домбыра мен қобыз, сыбызғыға арналған музыкалық пъесаларды "Күй" деген бір-ақ сөзбен атаған"  дейді (А.Жұбанов). Осы айтылған қазақтың үш күй аспабы: сыбызғы, қобыз, домбыра жайлы дерек көздері жоғарыда аталған ежелгі тайпалардың тарихында кездеседі. Ал, кейінгі түрік халықтарының әуен-саз мәдениетін зерттеуші ғалымдар да бұл деректерді толықтыра түсуде. Орта Азиядағы археологиялық қазбалардан табылған қазақтың домбырасына ұқсайтын екі шекті саз аспабы жайлы академик Р.Л.Садоков "Осыған байланысты бейім заттарды енді Орта Азияның солтүстік жағындағы, негізінен, Арал теңізі маңын мекендеген Сақ тайпаларының музыкалық өмірінен іздеу керек"дейді ("Ежелгі Хорезм). Сондай-ақ, ерте ғасырлардағы сыбызғы жайлы көне деректер Ғұндарда да, Қаңлыларда да жиі кездесіп қалады. Соның бірі - Ғұн сазгері - б.ж.с.д. 36-жылы Ғұн әскер басымен бірге жерленген сыбызғышының мүддесі. Ал, Ғұндардағы қобыз аспабының Қытай еліне қалай келгені туралы мәліметтер көне қытай жазбаларында ұшырасады. Бір таңғаларлығы, осы айтылған үш аспап белгілі бір дәуірлерде өздерінің даму сатысында айрықша даңққа бөленгенің көреміз.

Ескі замандардан-ақ осы аспаптарда орындалатын әуен-саздардың жалпы атауы "күй" деген сөзбен аталуы себептерін ашып берген Құдайберген Жұбанов өзінің "Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы" очеркінде: күй" деген сөздің арғы тегі "Көк" пен байлныста болғанын біз баста айтып едік. Ендеше күйдің де көкпен, аспанмен байланыста болғанын көреміз. Көк пен су екеуі, бір кезде бір ұғым болған. Бірі — жоғарғы аспан, бірі — төменгі аспан болып саналған. Алғашқы адам ұғымында екеуі де — "космос" - деген еді (Ќ.Жұбанов). Қазақтың күй сазын сөз еткенде, оның молдығы мен көркемдігі жайлы "Санын сөз етсеңіз де, сапасын сөз етсеңіз де, екі шектен ескен күй, мақтауға тұрарлық қымбат дүниеміз", — деп А.Жұбанов айтқандай, күйлердің санын сөз етсек - сонау XX ғасырдың басындағы қазақтың ән-күйін жинаушы А.Затаевичтен бастап бүгінгі таңға дейін бір ғасырға жуық күй жинау тәжірибесінде нотаға түскен қазақ күйлері шамамен 4-5 мындай болып қалады. Солардың ішінде 500-дейі ескі сарынды көне күйлер. Бұларды қазақтың халық күйлері деп атайды. Сонымен қоса, бұл күйлерді, 200-ден астам аңыз-әңгімелері де бар.

2000-ға тарта күйлер халық сазгерлерінің  шығармасы, яғни, авторлары белгілі  күйлер. Мысалы:  жарымдай қазіргі  заман күйлері, демек соңғы ғасырдың  жемісі. Әлі де, ел ішіндегі талай  күйлер нотаға түспей жатыр.

Ал, сапасын сөз етер болсақ, қазақ күйлерініің мазмұны: халықтың көне шежіресін, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрып, салт-санасын, міңез-құлқын, дүние танымын, арман-тілегін, сүйініш-күйінішін, ерлік істерін, махаббат сезімін және т.т. жырлайды.

Біздің заманға жеткен көптеген көне күйлер мен аңыз-әңгімелердің мазмұны 30 ғасырға жуық уаќытты қамтиды. Мұндай сазды-сарындарды шығарған күйшілердің бірінің өмірбаяны ел ішінде аңызға айналса, енді біреулері эпостық жырлардың кейіпкерлері немесе көбінің есімдері ұмыт болып, шығармалары сақталған. Кезінде тындаушысын тамсандырған бұл әуендер, әсіресе, қазіргі көне күйлер сазының құрамында жиі кездеседі. Бұлардың ішінде әуелгі замандардағы нұсқаларынан хабар беретін: "Аққу", "Сары өзен", "Ертіс толқыны", Боз айғыр", "Шұбар ат", "Шыңырау" сияқты халық күйлері жүздеп саналады.

Осындай көне күйлердің әуен-саздары мен мазмұны қазақ даласын мекен еткен ежелгі (Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы және Көк түріктер) тайпалардың біріне ортақ. Бұл туралы деректер мен мәліметтер қазақтың халық ауыз әдебиетінде де, Қытай, Парсы, Грек, Араб, т.б. елдердің көне жазбаларында да сақталған. Сондай-ақ, қазақ жерінен табылған көне мәдени ескерткіштер де мұны растай түседі.

Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов күймен бірге айтылатын аңыздарға мән бере қарап, оған аса жоғары баға берді. "Күй аңызы" (1948) атты мақаласында:  "Барлық  Орталық,  Шығыс Қазақстан, Алтай, Алатау, Сыр аясындағы қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым"— дей келіп, "Ноғайлы-Қазақ айырылған күй", "Қорқыт күй", "Асан Қайғы күйі",

Информация о работе Қиын балалармен жұмыс