Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2012 в 08:45, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз бала тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде.

Содержание

Кіріспе
1. Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың
алғышарттары мен ғылыми-педагогикалық негіздері
1.2 Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың
педагогикалық мүмкіндіктері
1.3 Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың
үлгісі
2 Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың
әдістемесі
2.1 Болашақ мұғалім мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары
2.2 Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі мен
ғылыми әдістемелік ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсс.doc

— 38.50 Кб (Скачать документ)

Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық  негіздері [ 65 бет ]

Жоспар

ЖОСПАР 
 
Кіріспе 
 
1. Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері 
1.1 Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың  
алғышарттары мен ғылыми-педагогикалық негіздері  
1.2 Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың  
педагогикалық мүмкіндіктері 
1.3 Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың  
үлгісі 
 
2 Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың  
әдістемесі  
2.1 Болашақ мұғалім мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары  
2.2 Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі мен 
ғылыми әдістемелік ұсыныстар 
 
Қорытынды 
 
Пайдаланған әдебиеттер 
Қосымша

Кіріспе

КІРІСПЕ 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.  
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз бала тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ. 
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мұғалімдердің іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.  
Жаңа типті мектептегі мұғалімнің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда оқушыны қалай оқыту керек –деген мәселеге жаңа көзқарас, жаңа ой қажет. Қоғам талабына сай даму кезеңінде ең қажеттісі жаңа мазмұн, жаңа ақпаратты меңгеріп ыңғайына қарай қолдану білікті мамандарға қойылатын негізгі бір талаптардың бірі.  
Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр мұғалім өз ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.  
Осы орайда білім беруді ақпараттандырудың жүйеленген бағыты "Мектептерге –Интернет " атты ведомствоаралық бағдарламен анықталады. Бұл бағдарламаның әрекеті – компьютермен жабдықталған және байланыстары бар мектептерде ғаламдық ақпараттық жүйе қосу болып табылады. Бүгінгі күні аталған бағдарламаға сәйкес республикадағы 800-ден астам мектептер 
" Интернет " жүйесіне қосылған.  
Бірақ Қазақтелекомның мәліметтеріне сүйене отырып, интернет жүйесіне қосылғанымен көптеген мектептерде ғаламдық жүйеде жұмыс жасалмайтыны анықталған.  
Көптеген мәліметтерді сапаптай келе, бұл жағдайда болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру процесін зеттеу жеткіліксіз боғандықтан үлкен ғылыми-педагогикалық проблемаға айналып отырғанын байқаймыз.  
Педагогикалық ғылымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында В.П. Тихомиров, А.П. Ершов, М.П. Лапчик, А.А. Кузнецов, Д.Ш. Матрос т.б. ғалымдар қарастырса, отандық ғалымдардан Е.Ы. Бидайбеков, Ж.А. Қарайов, Б.А. Қойшыбаев айналысса, электронды-педагогикалық оқулықтар мен жүйелерді жасауда Г.К. Нұрғалиева, С.С. Құнанбаева, М.К. Қойкелдиев, М.Х. Балтабаев, Г.Б. Ахметова т.б. ғалымдарымыз зерттесе, оқу процесі мен ұйымдастыру құрылымына жаңа ақпараттық технологияларды комплекстеуді интеграциялау арқылы енгізу мәселесімен Б.Б. Бөрібаев, Д.М. Джусубалиева,и А.М. Татенов, Е.Г. Гаевская және т.б. ғалымдар зерделеп өзіндік тұжырымдама жасады.  
Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, мұғалімді жаңашылдық бағытпен қамтамассыз ету мәселелерін әле де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті.

 

 

Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру 
 
Педагогика ғылымының дамуы және мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі. Ғылыми зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипаттама. 
 
Зерттеуге жүйелі тәсіл - құбылыстардың жалпы байланысының көрінісі. Жүйелі тәсілдің негіздері философиялық категориялар. Таным теориясы. 
 
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері: педагогиканың заңдылықтары және маңызды категориялары, педагогикалық процесс, педагогикалық пән мен мұғалім іс-әрекетінің педагогикалық зерттеуге жүйелі кұрылымдық, тұлғалық іс-әрекеттік тәсіл, тәрбие мен дамудың бірлігі. 
 
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісінің мәні (теориялық-эмпирикалык, эксперименттік, математикалық). 
 
Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі. Педагогикалық процесті диагностикалау мен оқушыларды танып білудегі зерттеу әдістерінің ролі.


Информация о работе Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері