Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 11:49, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қызметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3
І Бөлім Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелуі
1.1 Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі.....................................4
1.1.2 Негізгі және туынды түбір етістіктер...................................................................9
1.1.3 Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы......................................10
1.2 Көмекші етістіктер және аналитикалық форма....................................................12
ІІ Бөлім Етістіктің грамматикалық категориялары.
2.1 Рай категориясы және шақ категориясы...............................................................18
2.2 Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы..........................................20
ІІІ Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
3.1 Салттылық және сабақтылық категориясы..........................................................21
3.2 Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері..............22
Қорытынды ................................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

етістіктің лексика-грамматикалық категориялары курстық жұмыс (2).doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

 

 Етістік проблемаларын қазақ тіл білімінде ең көп зерттеген ғалым -А.Қалыбаева (Хасенова), бұл ғалымның негізгі еңбектері етіс проблемасымен, етістіктің сөзжасамымен байланысты. Осы мәселелерді зерттеу үстінде ғалым сөз жоқ етістіктің салт-сабақтылық мағынасына да тоқталып отырған.

 А.Қалыбаева «Етістіктің лексика-грамматикалық  сипаты» атты моногафиясында  салт, сабақты етістіктер мәселесіне  тоқтала келіп, бұл жөнінде автордың  «Бүгінгі түркі тілдеріндегі  сабақты және салт етістік  категорияларын тек семантикалары  тұрғысынан қарап қоймай, тілдің әр саласын жан-жақты қарауға тиісті лексика-грамматикалық қасиеттері тұрғысынан да қарап, оларды өзінше лексика-грамматикалық категория деп тұжырымға келу қажет болады» (55.208) - деп айтқан өз сөзінен оның сабақты және салт етістіктерді лексика-грамматикалық категория қатарына жатқызғаны көрінеді. Осы еңбекте ғалым сабақты және салт етістіктерді лексика-семантикалықжәне грамматикалық тұтастықта алып қарауды да ұсынады. «Сабақты, салт етістіктердің обьектіні керек ету, етпеуі етістіктердің лексика-семантикалық мәнімен ұштасады, ал олардың түбір тұлғада тұруы, сөйтіп тұрлаусыз мүшелерді меңгеруі грамматика саласынан танылады. Бұл сабақты, салт етістіктерді семантика мен грамматика тұтастығы тұрғысынан баяндауға мүмкіндік береді - деп есептейді. Салт етістік пен сабақты етістік ғылыми грамматикаларда «табыс септеудегі тура толықтауышқа мағынасы сабақталып тұратын етістікті сабақты етістік, ал, керісінше, табыс септеудегі тура толықтауышқа мағынасы сабақталмай, жадағай істің өзін халді білдіретін етістіктерді салт етістік дейміз» ) - деген анықтама беріліп, салт, сабақтылық категориясы түбір сөзге қатысты екені және бұлардың етіс жұрнақтары арқылы бір-біріне ауысатыны айтылған.

1967 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының  Тіл білімі институты шығарған «Қазақ тілінің грамматикасы» ғылыми оқулығында жоғарыда айтылған салт етістік пен сабақты етістіктерге берілген сипаттамаларға қоса, аздаған толықтырулар бар. Мұнда етіс жұрнақтарының ішінде ортақ етіс жұрнағының салттылық, сабақтылыққа әсер ететіні, етістік жұрнақтарының көбі етістіктің сабақты және салт мәнін беруге бейтарап болып келетіні айтылған. Сонымен бірге-ра/-ре, -сыра/-сіре, -мсыраАмсіре, -ңра/-ңре, -ура /-уре, -ай /-ей, -ырай /-ірей, -ал /-ел /-л, -ғы / -гі т.б. жұрнақтары салт етістік көрсеткіші есепті өз алдына бөліп қарау керек деп санаған да, ал -қыла / -кіле жұрнағы (шапқыла етістігінен басқа жағдайда) сабақты етістік жасайтыны айтылған. 1974 және 1991 жылдары шыққан «Қазіргі қазақ тілі» (морфология) оқулықтарында салт және сабақты етістіктерге қысқаша түсінік беріле келе, екі нәрсеге көңіл белу керектігі, бірі - бір етістіктің әрі салт, әрі сабақты болып келуіне, екіншісі -салт, сабақтылық қасиеттің жалаң түбір етістіктермен қоса күрделі етістіктерге де қатысы бар екеніне назар аударылған. Ә. Төлеуовтың «Сөз таптары» деп аталатын филология факультеті студенттеріне арналған оқу құралында етістік ішкі лексика-еемантикалық мәнінің сапалық белгісіне қарай ажыратылып, ол қимыл обьектілерінің түріне қарай сабақты, салт етістік болып бөлінетіні, сөйтіп етістік болмыстағы іс не әрекеттің белгілі бір обьектіге сабақталып, не сабақталмай жалаң қолданылуы арқылы өздері меңгеретін сөздерінің белгілі формада тұруын талап ететіні, сабақты етістік пен салт етістіктің қазақ тілінде формалануы жағынан (қосымша қосылуы) бір-бірінен пәлендей айырма жоқ, бірақ олардың бір-бірінен мағынасы және қызметі жағынан айырмасы барлығы айтылады . Бұл пікір алалығы түркологияда етістіктің салттылық, сабақтылық мәселесінің аз зерттелгенін көрсетсе керек.

 Жалпы лингвистикада салт, сабақты етістіктерді объектілі, объектісіз қимыл деп атау қалыптасқан. Етістіктің салт, сабақтылығы тілдің грамматикалық құрылысында кең орын алатын грамматиканың теориясын дамытуда маңызы зор өзекті мәселелердің бірі екені ақиқат.

 Салт, сабақгы етістік категориясының кейбір жеке тілде ғана болмаса жалпы түркологияда, соның ішінде қазақ тіл білімінде де зерттелмей келе жатқаны, осы қысқа шолудан анық көрінеді. Бұл түркі тілдерінде сапт, сабақты етістік категориясына байланысты теорияның дамымағанын көрсетеді. Соңғы кездері жеке тілдерде, соның ішінде қазақ тілінде салт етістік пен сабақты етістіктердің ішкі сыры басқа мәселелермен қатысты құрамы мен мағынасының аумағы, сөз тіркесін жасаудағы қабілеті, олардың есім сөздерді меңгеруіне байланысты қарастырылып жүр.

 Етістіктің салттылық, сабақтылық  мәнінің өзіндік айырмашылығы  бар категория. Ол негізінен қимылдың  жасалуына байланысты мағына. Шындық  өмірде қимыл, іс-әрекет субъекті  арқылы іске асатыны, қимылды  субъекті жасайтыны ешбір күмән  туғызбайтын басы ашық мәселе. Ал субъект жасайтын қимылдың қай затқа бағытталуын етістік өзінің лексикалық мағынасымен бірге көрсетеді және сонымен бірге қимылдың субъектіге бағытталғанын да білдіреді. Ол салт етістіктерге тән мән-мағына. Мысалы, Кейде күн шықпай, Біжікен зиратының басына барып, күн бата қайтады (Ғ.Мүсрепов) сөйлеміндегі «күн шықпай» дегенде, шықпаған күн, «зиратының басына барып» дегенде барған - ол, «күн бата» дегенде, батқан - күн, «қайтады»дегенде, қайтатын-ол. Бұлардыңбәріндеде қимыл-субъектінің қимылы. Осы етістіктер білдіретін қимыл субъектіге бағытталады дегенді қимыл жасаушы - субъекті деп түсінбей, қимылға түсетін де субьектінің өзі деп түсіну керек. Өйткені мұнда қимылдыңжасалуына қатысты субъектіден басқа зат - объекті жоқ. Осы пікірді аңғару үшін сабақты етістікке мына мысалды келтірейік. Жақып Құнанбай отырған бөлменің есігін ашты (М.Әуезов); Мен біразын көзбен көріп, дәмін таттым (С.Бегапин) деген сөйлемдерде «ашу, тату» етістіктері сабақты етістіктергежатады. Осындағы етістікті білдіретін қимыл да субьекті арқылы жасалады. Бөлменің есігін ашқан - Жақып, біразын көрген, дәмін татқан - мен. Бұл етістікгер білдіретін қимылдардың әрқайсысын жасаған қимыл иесі - субъектісі бар екені анық. Бірақ мұнда қимыл субъеюіге емес, обьектіге бағытталған. Анығырақ айтсақ, мұндағы қимыл обьектігежасалған. «Ашу» қимылына түскен объекті -есік, «көру» қимылына түскен обьекті - дәм. Бұдан сабақты етістікте қимыл субъектіден басқа затқа жасалатыны, яғни қимылды субъекті басқа затқа жасайтыны көрінеді. Міне, сондықган да ғылыми еңбектерде салт етістіктер білдіретін қимыл субьектіге, ал сабақгы етістіктер білдіретін қимыл объекгіге бағытталады деп саналады. Салт етістіктегі қимыл субьеюгіге бағытталады дегенді субъекті жасайтын қимыл деп түсінуге де болады. Ал субъектіжасайтын қимылдың бәрі салт етістікке жата бермейтіні белгілі. Өйткені сабақты етістікбілдіретін қимылды да субъекті жасайды.

 Салт, сабақгы етістіктерді  тануда ғылыми әдебиеттерде айтылып  жүрген қимылдың субъектіге не  объекгіге бағытталуына байланысты болады деген жалпылама анықгама жеткіліксіз сондықтан, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату қажет. Олар:

1. Салт етістікте қимылды субьекті  жасайды, бірақ ол қимылға түсетін, қимыл жасалатын субъектіден  басқа зат болмайды. Ал сабақты  етістікте қимылды басқа зат жасайды, яғни сабақты етістікте қимылға түсетін объекті затболады.

2.Сал тетістік тек субъеістіге  қатысты қимылды білдіретін болғандықган, салт етістіктегі қимыл бір  затқа ғана қатысты болады. Ал  сабақты етістіктер субъектінің  объектігежасапатын қимылын білдіреді. Сондыі^ган да ол кемі екі затқа байланысты қимыл болады. Оның бірі-субъекті, екіншісі объекті. Сабақты етістік үшін сөйлемде субъектінің аталуынан гөрі қимылға түсетін, қимыл жасайтын обьектінің аталуы өте маңызды.

3. Салт етістіктер тек субьектіге қатысты қимылды білдіретін объектісіз етістіктер болса, сабақты етістіктер қимылдың белгілі бір обьектіде өтуін қажет ететін обьектілі етістік .

 Сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің  қолданылуы, етістікке байланысты  болады. Өйткені сөйлемнің ұйтқысы-етістік. Етістік сөйлемді ұйымдастырушы болса, оның ұйымдастырушылық қызметі обективті өмірде сол қимылдың жасалуын білдіретін ұғымдардың мәні салт, сабақты етістіктердің сол сөйлемде қолданылу ерекшелігіне байланысты болады. Әйткені қимыл объективті өмірде өзінен-өзі жасала қалмайды. Қимылды жасаушы болады, қимылға түсетін зат болады, қимылды жасау мезгілі, жасалатын орны, т.б. болады. Қимылдың мәнін ашатын, оған қатысты ұғымдар, жағдайлар болады. Қимылды жан-жақты, анық түсіндіру үшін, олардың бәрі де қажет. Сөйлемде етістік өзінің мәнін ашатын осындай ұғымдардың аталуын қажет етеді. Мысалы: «Ол қазір диванда газетті жайлап оқып жатыр» - деген сөйлемді алып, сөйлемдегі сөздерге талдау жасайық. Біріншіден бұл сөйлемдегі «оқып жатыр» деген етістіктің мағынасы кімнің оқығанын айтуды қажет етеді, өйткені қимылдың субьектісі аталу керек, сондықтан сөйлемге «ол» деген субьекті сөз кірген. Екіншіден, ол етістіктің мағынасы қимылға түскен обьектінің атауын керек етеді,сондықтан сөйлемде қимылдың объектісі «газет» сөзі айтылган. Үшіншіден, осы етістіктің мағынасы қимылдың қайда жасалуын атауды тілейді, сондықтан сөйлемге «диванда» деген сөз кірген, ол қимылдың болған орнын көрсетіп тұр. Төртіншіден, аталған етістік мағынасы қимылдың қалай жасалғанын анықтауды керек етеді, сондықтан сөйлемде «жайлап» деген көсемше тұлғалы сөз қолданылған. Бесіншіден, бұл етістіктің мағынасы толық ашылу үшін қимылдың жасалу мезгілін білдіру қажет, сондықтан да сөйлемге «қазір» деген үстеу сөз кірген. Осы мысал етістік тек лексикалық мағынаны білдіріп қана қоймай, ол өз бойында келешек сөйлемнің қаңқасы үшін қажет болатын сөздердің кіруін шеше алатынының дәлелі. Бұдан сөйлемде белгілі мүшелердің қолданылу, қолданылмауы етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасына байланысты болатыны көрінеді[13.198-210]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 Етістік - сөйлемнің және сөз  тіркесінің негізгі тұтқасы, тірегі. Ол іс-әрекет пен обьекті арасындағы  грамматикалық байланысты шешеді. Сондықтан етістіктің сөйлем  жасауда негізгі ұйтқы болуы тегін емес. Өйткені кез келген сөйлем есім сөздердің етістікпен қосыла, бірге қолданылуы арқылы етістіктің төңірегінде (салттылық не сабақтылық мәннің бірін білдіретін) құрылады. Сабақты етістіктің мағынасы нақтылы, анық болуы үшін сөйлемде табыс септіктегі сөздің қолданылуы міндетті. Сабақты етістік өзінің лексикалық және грамматикалық мағыналарының күші арқылы тіркесетін сөзден белгілі бір септікті талап етеді. Табыс септіктегі обьекті сөзсіз сабақты етістіктің мәні ашылмайды. Салт етістіктің мәні анық, нақтылы болу үшін, қимылды кім жасағаны, яғни атау септіктегі сөз айтылуы тиіс. Бірақ ол сөйлемде үнемі айтыла бермеуі де мүмкін. Оның айтылмауы салт етістіктердің мағына толымсыздығын туғызбайды. Өйткені салт етістіктен болған баяндауышта қимылды кім жасағанын көрсетіп тұратын жақтық жалғау тұрады. Сондықтан қимыл иесі сөйлемде айтылмаса да, оның кім екенін баяндауыш болған салт етістік көрсете алады. Сонда сабақты етістікте, салт етістікте сөйлемде табыс септіктегі және атау септіктегі субьекті сөзді міндетті түрде керек етіп тұрады. Ал сабақты, салт етістіктер басқа септіктегі сөздердің сөйлемде айтылу, айтылмауына бейтарап қарайды, бұл жерде міндетті түрде болу керек деген міндеттілік жоқ. Бірақ басқа септіктегі есім сөзбен сабақты етістік те, салт етістік те тіркесе береді. Басқа септік тұлғадағы есім сөзбен тіркесу жағынан сабақты, салт етістіктерде көзге түсетін айырма жоқ. Обьектіге жасалатын қимылдың да, субьектіге жасалатын қимылдың да жасалатын мерзімін, орнын белгілі септікте көрсетуге болады. Ол септіктердің бәрі жанама обьектіге жатады. Жанама обьектілер қимыл атаулының бәріне қатысты. Сондықтан етістік жанама қимылға қатысты мағыналық топқа бөлінбейді. Түркі тілдерінде етістік мағынасының ең үлкен топтары салт және сабақты етістіктер тілдегі бүкіл етістіктерді қамтиды. Тілдегі мағыналы етістік атаулының бәрі осы екі мағыналы топтың біріне жатады. Етістіктің салт, сабақты болып бөлінуі олардың қалайда болмасын тұлғалық ерекшеліктеріне емес, негізінде лексикалық мағыналарына байланысты болып келеді. Өйткені салттылық, сабақтылық мән оның жалпы грамматикалық мағынасының басты мәнді көрсеткіші емес, соның негізінде ғана пайда болған екінші семантикалық сипаты. Салт етістікті де, сабақты етістікті де тудыратын грамматикалық формасының жоқтығы оның жалпы грамматикалық мағыналарына байланысты болып келеді. Қазақ тілі етістіктерінің грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан салттылық пен сабақтылық категориясының сырттай білініп тұратын, өзіне тән арнаулы қосымшасы болмаса да, субъекті мен обьектінің грамматикалық катынасын өзгертіп тұратын ішкі семантикалық мазмұны болады. Ол мазмұн етістік түбіріне табыс септікті қалау, қаламау қабілетін түпкілікті семантика-синтаксистік қасиеттің бірі етіп таққан . Етістік бойындағы салттылық, сабақтылық мағына етістік түбірінің тұрақты қасиеті болғандықтан да, ол табыс септіктегі объектіні меңгеру не меңгермеу шеңберінде ғана қалып қоймайды, сонымен бірге басқа септіктерді де меңгереді. Ендеше етістіктің салттылық, сабақтылық категориясы етістіктің семантика-синтаксис саласындағы өзгешеліктерімен танылған лексика-грамматикалық категория. Етістік мағынасының сабақтылық және салттылық ерекшелігі семантикалық категория шеңберінде ғана қалып қоймайды, сонымен бірге грамматикалық қызмет те атқарады. Өйткені етістіктің салттылық-сабақтылық мәні оның жалпы грамматикалық мағынасының негізінде пайда болған екінші семантикалық сипаты. Сондықтан етістіктің салттылық-сабақтылық категориясы етістіктің семантика-синтаксис саласындағы өзгешеліктерімен танылған лексика-грамматикалық категория саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

Негізгі:

  1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., Мектеп, 1997
  2. Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың мағынасы мен қызметі. А., 1996
  3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., Ана тілі, 1992
  4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тіл. А., 1992
  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А., 1999
  6. Ибатов А. Сөздердің морфологиялық құрамы. А., 1983
  7. Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998
  8. Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992
  9. Қайдаров А. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986
  10. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
  11. Қасабек Қ., Мұхамади Қ. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 2004
  12. Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. А., 1996
  13. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. А., 1961
  14. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А., 1982

 

 

 


Информация о работе Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері