Биліктің қызметтері мен жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 10:45, реферат

Краткое описание

Саяси билік – саясат туралы ғылымның алтын өзегі, темір қазығы, басты категориясы, түбегейлі түсінігі. Саяси биліктің мәнін, оның механизмдері мен басты принциптерін, әлеуметтік рөлін білу арқылы ғана қоғамдағы санқилы әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси процестердің өзара байланысын, қызмет атқаруын және дамуын жан-жақты түсінуге, олардың ішкі қатпарларына зер салып үңілуге болады. Сондықтан бұл тақырыпқа қатысты мәселелерді қарастыруды мына сұрақтар төңірегіне топтастырған ыңғайлы сияқты.

Содержание

Кіріспе 2
Негізгі бөлім
Биліктің қызметтері мен жіктелуі 2
Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі 7
Пайдаланған әдебиеттер 12

Прикрепленные файлы: 1 файл

sayasi bilik.docx

— 27.59 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

Кіріспе 2

Негізгі бөлім

Биліктің қызметтері мен жіктелуі 2

Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі 7

Пайдаланған әдебиеттер 12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Кіріспе

Саяси билік – саясат туралы ғылымның алтын өзегі, темір қазығы, басты  категориясы, түбегейлі түсінігі. Саяси  биліктің мәнін, оның  механизмдері мен басты принциптерін, әлеуметтік рөлін білу арқылы ғана қоғамдағы  санқилы әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси процестердің өзара  байланысын, қызмет атқаруын және дамуын жан-жақты түсінуге, олардың ішкі қатпарларына зер салып үңілуге  болады. Сондықтан бұл тақырыпқа  қатысты мәселелерді қарастыруды  мына сұрақтар төңірегіне топтастырған ыңғайлы сияқты.

Биліктің қызметтері мен  жіктелуі

 

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси  жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институтгар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді (ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б. Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекетгік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды баскару органдары кіретін ете ірі деңгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа тұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

Билік мәселесін қарастырғанда  саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға  назар аударуға тура келед

Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді., Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке "иелік етушілерді" биліктің өзімен шатастырады немесе "иелік етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шетгетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.

Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар ұйымдар және т. б. жатады дедік. Бірақ олар бәрі бірдей билік  жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір  бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632—1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689—1753) болды.

3аң  шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясатгың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.

Атқарушы  үкіметпен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Соттық  билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент кабылдаған зандардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Біраз елдерде сотгың тәуелсіздігін  және әдіддігін қамтамасыз ету үшін ант берген әділ сот құрылады. Мұндай жағдайда сот процесінде судьяларға тәуелсіз, арнаулы ант берген азаматтардан тұратын қазылар алқасы қатысады. Олар айыпкердің кінәсы жөнінде шешім қабылдайды. Соның негізінде судьялар үкім шығарады.

Қазіргі кезде биліктің үш тармағы  жөнінде саясатшы ғалымдардың арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың  кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе, екіншілері кеміткісі келеді.

Билік санын көбейткісі келгендер  төртінші билік деп ақпарат құралдарын атайды. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматгардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты істерін қалт жібермей әшкерелеп отырса сондықтан олардан қаймықса, халықтың мұңын мұндаса, шынында да, төртінші билік емей немене?

Бесінші деп сайлаушылар билігін  айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, талап-тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар.

Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде қарамағында аппараты бар Бас бақылаушы да болады.

Жетінші саяси билік дейді. Мұнда  билікті жүргізіп отырған басқарушы  партия туралы сөз болып отыр.

Мысалы, сонғысына экономикалық, ата-аналар, корпорациялар және т. б. билігі жатады; құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекетгік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті әкімшіліктің және т.б. билігі) болып, сыртқы саясат қатынастарындағы, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі; 4) биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес (монархиялық — корольдік, патшалық және т. б. —- президенттік), ұжымдық (партиялық, басқарушы топтардың алқалық, халықтық, таптық және т. б. билігі) болып топталады; 5) қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, баска түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т. б. билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық және т. с. с. билігі болып жүйеленеді.

Саяси билік пен мемлекеттік  билік. Биліктің легитимдігі

 

Билік саяси және мемлекеттік болып  екіге бөлінеді. Бүл мәселенің  үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы  кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.

Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден  билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттарының және т.б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т. б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлык, мүшелері тепе-тең бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер  билік басына келудегі легитимдіктің  мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін  көрсетті. Ең біріншісі — әдет-ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Сондықтан, мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша, шах, әмір және т. б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды.

Екінші түріне харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батылдығымен, адалдылығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен кезге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, Аятолла Хомейни және т. б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. Үшінші түріне Вебер ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады. Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйқес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.

Легитимдіктін алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса екінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Онын ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы—президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізіңде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы. Сотбилігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында ҚР Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекетгік орган болып саналады

Саяси билік мәселесін сөз еткенде оның принциптеріне тоқталмауға болмайды. Олар қоғамдық өмірдің қолайлы, орнықты қалпын қамтамасыз ету үшін қажет. Оған мыналар жатады: легитимдік принципі (яғни, билік заңға, заң шығаруға сүйенгенде ғана өзін сенімді, еркін сезіне алады), қорғау принципі (билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу және оны арттыра білу керек), сыр бермеу принципі

Қолдағы билікті атқара да білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті ең қиыны десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті қолдану барысында жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзінде рұқсат етілген әлеуметтік іс-әрекеттер жатады. Оның да өзіндік принциптері бар. Оларға жататындар: іштей еріксізді (әміршінің өз билігі өзіңде бола бермейді), сақтық (саяси іс-әрекетті алдын ала парасатты түрде дәлме-дәл есептеп алған дұрыс), қызметтестік (биліктің мықтылығы бірлесіп іс басқара білуде), шыдамдылық (әмірші төзімді, тілектес, мейірбанды болуға тиіс), ымыраға келушілік (биліктің қисыны жағдайға байланысты болуы мүмкін; сондықтан өкім жүргізушіге келісімге, ымыраға келуге, бірлестіктерге, блоктарға енуге немесе олардан іргені аулақ салуға тура келеді), жауапкершілік (әмірші шексіз билікке қызықпай, жауапкершілігін сезінгені абзал), ұлылық (билік жүргізуші езінін ішкі маңыздылығымен, ұлылығымен, айбындылығымен бағаланады), мәдениеттілік, табандылық, тұрақтылық, өзара сындылық және т. с. с. Билік — дәйектілігімен, іс-әрекетінің қисындылығымен қадірлі. Керек кезінде соңғы қорытынды  сөзді айта білгеннің де маңызы зор.

Информация о работе Биліктің қызметтері мен жіктелуі