Бауыржан Момышұлы шығармалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:27, реферат

Краткое описание

Біздің әскерлеріміздің шабуылға шыққан кезеңінде әрбір адам сана-сезімімен соғыстың аяқталып келе жатқанын сезіне отырып, артына бұрылып, қанды шайқас жылдарының негізгі кезеңдеріне назар салушылық тән болса, ал соғыстың бастапқы кезеңінде әрбір жанның Отан үшін ет-бауыры езіліп, жаны ауырды, жау басып алған туған елдің әрбір сүйем жері үшін жүрегі қан жылады, өзін азамат ретінде тереңірек, түсініп, сезіне бастады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы.doc

— 68.00 Кб (Скачать документ)

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ

ПАТРИОТИЗМ КӨРІНІСТЕРІ

 

1940 – 1945  жылғы  Ұлы Отан  соғысында  біздің  жауынгерлердің  бойындағы  отансүйгіштік қасиеттері  олардың  жеңіп  шығуына   тікелей  әсер  етті.Бауыржан  Момышұлындай қолбасшылар  қарамағындағы   жауынгерлердің  осындай сезімдерін  шыңдай түсті.                                                                                                   

Біздің  әскерлеріміздің  шабуылға  шыққан  кезеңінде  әрбір  адам  сана-сезімімен  соғыстың  аяқталып  келе   жатқанын  сезіне  отырып, артына  бұрылып, қанды шайқас  жылдарының  негізгі кезеңдеріне назар салушылық тән болса,  ал  соғыстың  бастапқы кезеңінде әрбір жанның Отан үшін  ет-бауыры  езіліп, жаны  ауырды, жау басып алған  туған елдің әрбір сүйем  жері  үшін  жүрегі  қан  жылады, өзін  азамат  ретінде  тереңірек, түсініп, сезіне бастады.

Майданның  беріктігі  жағдайында  жауынгерлер  үй-ішін, ата-анасын, сүйген жарын,бала-шағасын,туған  жерін ойлап уайым – қайғы  жеді- дейді  батыр  жазушы. [1,119]

Бұл  жерде  Симоновтың  интимдік  лирикалары жұрттың басты назарын өзіне аударды.

  Аты аңызға айналған батыр жазушының  шығармаларын оқыған кезде, қолбасшы  ролінің  ерекше  екендігіне көзің  жетеді.  

1944 жылы  19  қаңтардан   бастап  Алматыда  ғылым, өнер, әдебиет  қайраткерлерінің  алдында  өткізген «Соғыс  психологиясы» атты   әңгіме -  дәрісінде  патриотизмге  төмендегідей  анықтама  береді:

Патриотизм – Отанға (мемлекетке)  деген  сүйіспеншілік, жеке   адамның   аман -  саулығы  қоғамдық – мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  өзіңнің  мемлекетке    тәуелді  екеніңді,  мемлекетті  нығайту   дегеніміз жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау, қысқасын  айтқанда  патриотизм  дегеніміз  мемлекет  деген  ұғымды, оның  жеке  адаммен  барлық  жағынан  өткенімен,  бүгінгі   күнімен  және   болашағымен   қарым  қатысын  біріктіреді. [1, 49]                                                         

Бауыржан Момышұлының  өзі де ұлтжанды  азамат екені оның айтқан мына сөздерінен  байқалады:  

«Өзінің ұлтын сыйламаған,ұлтын  мақтаныш тұта алмайды, ол сөз жоқ  арамза, тексіз  әрі  қаңғыбас», - дейді.[1, 16] 

Бауыржан  Момышұлы жайлы айтылған ойлар, пікірлер өте көп және әр алуан.Кез келген адам батыр болмайды. Батыр бойында қайрат, күш- жігер, қайсарлық молынан көрінеді. Эпостық жырларда да батыр осы қырынан көп танылады, әрі болар - болмас жерде аңғалдықтан қателік жасап қояды.    

Зиялы қауым естеліктерінде Бауыржан атамыздың әділетсіздікке, екі жүзділікке қарсы тұрып, талай  жерде  өзіне жау тапқандығын  тілге тиек етеді. Батыр  бейнесінің әр  қыры оның өз  шығармаларынан  анық байқалады.

Бауыржан  Момышұлы «Москва үшін шайқас» атты кітабының алғашқы  беттерінен бастап, комбат ретінде өзінің  және қарамағындағы  жауынгерлерінің  Отанға  деген ерекше  сезімдерін аңғаруға  болады.                            

... Қоршаудан шыққан  баталъон  қираған қала  көшесімен келе жатыр.Жаңбыр сіркіреп  жауып тұр.Қираған көше тұрғындары  сыртқа  шығып келе  жатқан  жауынгерлерге аяушылықпен, әрі  үмітпен  қарайды.Ал  осы  кезде  жауынгерлер  өзін  қалай  ұстауы  керек?   

Бауыржан  Момышұлы  ән  айтуды  бұйырды.Политрук  Толстунов  оған  таң  қалды...

     Мұндай жағдайда қандай  ән?

     Жауынгерлер  де:

     «Смело мы в бой пойдём,за властъ советов»,-деп сапта бойларын түзеп, қажыр - қайраттарын танытты.[2,7]

 Бауыржанның  бұл бұйрығы  сол сәтте жауынгерлердің  бойындағы патриоттық  рухты  оятуға үлкен әсер етті. «Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады», дейді Бауыржан Момышұлы. Осы ойын баталъон жауынгерлерін тәрбиелеуде әр түрлі жағдайда   орынды пайдалана білген қолбасшы.                     

Осы  жолы  Бауыржан ойынша, бөлініп қалған рота үшін Панфилов оны жазалауға тиіс еді.Бірақ олай болмады, жауынгерлерін аман - есен алып және жол жөнекей жалғыз жүрген жауынгерлерді де қосып әкелгені үшін генерал жылы қабақпен қабылдап, қалбақтап қарсы алды.

«Отан от басынын басталады», дейді халық.Қиыр Шығыстан сан мәрте демалысқа келгенде Бауыржанды әкесі осылай қабылдаушы еді.Әкесімен қоса туған жері Мыңбұлақ елестейді. «Қиыр Шығыстан қарт әкемді, кіндігімді кесіп, кірімді жуған туған жер, туысқан елді аңсап келуші, едім. «Бөпем» деп сүйген әкесін, оның «адам бол қалқам» деп тілеген, «сергек бол» деп сенген ұясын кім сағынбайды? 

 Иә, мен шынында да жыл  сайын демалыс алғанда Қиыр  Шығыстан  ауылға «ашығып» жететінмін.Сағынып  аңсап келетінмін.Әкемнің аймалағанын,  қампиған ескі сары самаурын  шайын сусынымды қандырып,әке  мейірімінен  бал  жеп, біздің Айнабұлақтың  шербет  суына жуынуды аңсап келетінмін. Айнабұлақ!Мыңбұлақ!

Өмірге  тұңғыш  келгенімде,  дүниеде теңдесі   жоқ   нәрлі  сумен  мені  шомылдырған мені жуындырған  бұлақ.Мен  суын  ішкен, мені  әлдилеп  сүйген, маған  сенген, туған  жерім  Мыңбұлақ!» [2,13]

Өр тұлғалы батырдың бұл сөзінен  «елім», «туған жерім», деп елбіреген жүрек лүпілін сезінгендейсің.

Туған  жерін  неміс  басқыншылары  басып  алады-ау  деген ой  келген кезде, жауынгерлердің  өзегі өртеніп, батыл іс- әрекет, жасап жатыр.

Қоршаудағы  капитан  Лысенко:

- Жоқ, олардың бұл  қыспағынан  ешнәрсе  шықпайды. Тірі  тұрғанымда   көпірді  де  Осташованы  да, жауға  бермейміз.  Сіздер  менің  айтқанымды  түсінесіздер ме? - деп  сұрады   командирлерден.

Есік  ашылып  қолына, ақ  мата байлаған  бір неміс  офицері  кіріп  келді. Орыс   тілін  бұзып  сөйлеп:

- Капитан мырза  ендігі   қарсыласуларың  пайдасыз  болады. Арыстанға  тышқан  қарсыласа  ма?

- А – а, сіздер  солай  ойлайды  екенсіздер  ғой, майор  мырза, -  деді  Лысенко оның   сөзін шорт  бөліп.

-  Болады  күмәнданбауыңызға,  капитан  мырза, сіз  біреусіз , біз  көп, біздікі  күш   көп. Сіздікі   дивизия  жоқ   болған. Дивизия  өлген ,Біз   Волокаламск  алған. Ертең   Москоуды  аламыз.  Менікі  генерал   сізге  жақсы  жағдай, жақсы қызмет  уәде  етеді...

Лысенко  оның  сөзін  беті   түтігіп,  айбарлана  қаһарлана, ызаланып  үзіп -  үзіп  жібереді.

Генералыңызға  айтып  барыңыз,  біз  бұл  жерде  жаудың   айтқанына   көніп,  айдауына  жүру  үшін  соғысып  жатқан   жоқпыз. Генералыңыз  жақсы  жағдай  мен  жақсы  қызметті   опасыз  сатылғандарға ,  жүзі  қара   лағнаттарға   жасасын.

Біз  тұтқын  болып  ешуақытта  тізе  бүгіп, жау  алдына  шөге  алмаймыз. Біз  табан  тіресіп,  арпаласып  бағамыз. Соғыс  көрсетеді,  майор  мырза,  қайсымыздың  арыстан,  қайсымыздың  тышқан  екенімізді,  оны  тек  соғыс  көрсетеді. [2,27]

Осы  ұрыста  Лысенко  қаза  тапты.                                                                                  

Талғар  өзенінің  жағасында  әскери  жаттығулар  өтіп  жатыр.  Жаттықтырушы  орта  бойлы  татар  жігіт  Гарипов  «әскери  формаға  дағдыланбағаны  сонша,  Гарипов  үстіндегі  киімін,  киім Гариповты жатырқап  тұрған  сияқты. Ол  өз  адамдарына  жасықтау  бұйырып,  кесіп   әмір  айтпай, қол астындағылармен  саудаласқандай  болып», жалынып жаттығуларды  орындатқандай   көрінгенін  байқап, Бауыржан  Гариповты шақыртып  ескерту жасайды.

«- Егер  сіз қол астыңыздағы адамдарға тым ұяң сөйлеп,  балаша  әлдилеп,  кесіп айтып бұйырудың орнына  саудаласып,  әкелеп - көкелеп  тұратын  болсаңыз,  ротаңызды  бұл  қысқа  мерзімде   түкке  де   үйрете  алмайсыз. Бір  айтқанды  екі  айтқызбайтындап  етіп, жаппай  тіл  алдыру  үшін  жалынып,  жалпаймаңыз, талап  қойыңыз  бұйырыңыз!

«Бүйтсеңші»  емес, «Былай  ет!»  Қатал бұйырып   айтқанға   жарылатын жүрек болса жарыла  берсін.»

Гарипов  ұяла  қызарып  тұрып:

     -Қазірше  ешнәрсе  шығара  алмай жүрмін,құрғыр  осы...Мен қатты зекіріп  сөйлеп, бұйыра  жұмсауға  дағдыланбаған  мұғалімнің  біреуі  едім, жолдас  аға  лейтенат,- деп шынын айтты.

Бір  айдан  кейін  мен оның  бір  сержантты  бидайдай, шыжғырып  жатқанының  үстінен  шығып:

Е,мұғалім  жолдас,енді  ақырып  ұрсуды да  үйренгенсің  ғой,-  деп  күлдім.

Гарипов  қолды – аяқтай  үйіріліп, тап-тұйнақтай  жинақ  тұрып, әскери  ізет  көрсетті  де:

-Иә,солай,жолдас  аға  лейтенат,шын  қысылған  жаннан  тер шығады  деген  ғой,кейбіреулері  орынсыз  зығырданыңды  қайнатып, ұрыспайын  десең  десең  де  лажсыз  ұрыстырады  екен,-деп  кінәлі  түрде  күлімсіреп  жауап  берді.

  -Оқасы  жоқ,жолдас  лейтенант,  соғыста  қанды  аз  төгу  үшін, қазір терді  көп  төккеннің   пайдасы  болмаса  зияны  жоқ.  [2,29]                  

Сол  Гарипов  жауынгерлерін  басқатөнген  бәледен  құтқармақ  болып  өзінен  күші  әлденеше  артық  жаумен  шайқаста  ерлікпен  қаза  тауыпты.

Туған  жерге, қазақ  жеріне  деген  сағыныш  оқта – текте  Бауыржанның  атқосшысы  Николайды  да  қазақша   сөйлетіп  қояды.

  • Түскен жайдың орны мұндай сұрқия – сойқан болмас, - деді Николай қазақша.

Ішімнен орыс баласы қазақ тілін  білсе, осындай – ақ білсін, - деп  ойладым. [2,88]                      

  Бауыржан Момышұлы  командирдің   қызметі  туралы:

 «Командир -  әскердің  миы,  ұрысты  ұйымдастырушы, жеңіске   жеткізуші  тұлға», - дей келіп,  әскери  басшының  творчестволық тұлға екенін   үнемі дәлелдегісі келетіндігін,  олардың еңбегі  өнер  қайраткерлерінің еңбегінен еш  кемдігі жоқ екенін  тілге   тиек  етеді. Сонымен  бірге  «Командирдің  ерлігі -  оның  парасаттылығында   сенімді  қайтпас  ерік – жігеріне  байланысты.  Командир  жауынгерге,  оның  адамгершілігін  кемсітпей, аласартпай,  қайта   сезіміне , ар – ожданына,  психикасына  әсер  ете  отырып, барлық ықпал  ететін  шараларды  шебер  қолдана  білгені  жөн»- дейді.[1,60]

Батыр  - жазушы  командирдің  осы  қабілетін  «Москва  үшін  шайқас»  кітабында басынан аяғына  дейін  нақты мысалдармен дәлелдеп  шыққан.

Москва түбіндегі  ұдайы  шегініс  Бауыржан  Момышұлының  зығырданын  қайнатты  бірде  генералдан  оралған  Толстунов  оның  тапсырмасы  бойынша – ерлік көрсеткендерді  наградаға  ұсыну қажеттігін  айтты.Оған  Бауыржан:

    - Әркім  жақсы  соғысуға  міндетті. Жақсы  соғысу,  міндетті  адал  атқару - әркімнің   борышы. Рас  солай  екен,  ендеше  мен    оларды   наградаға  ұсынбақ  тұрмақ  рахмет    те  айтпаймын.

-  Сен қызық  екенсің, комбат, -  деді  Толстунов  ашуланып, - сен  өзің  немене,  мінезің   қызық – ақ? 

 Немене   соншама, жұрт  жанын  аямағанын  білесің, енді...

-  Жоқ ,  сен  өзің  қызықсың. Біз  ұдайы  шегініп  келеміз... Сонда  награданы  не  үшін  алу керек? Шегінгенің  үшін  бе?  Сонда   жаныңды  аяп   шегінгенің  үшін бе? – деп, Толстуновқа  ақырып  жібердім.[2, 37]

  Сасқалақтаған  Толстунов   мұндай  сөзді   генералдың  өзіне  неге  айтпайсыз? -  деп  қызбаланды,Бауыржан  бұл жайттың айтылғандығын,  оған  генерал «әрбір солдат  адал

еңбегі   үшін  жылы-  жылы  сөз  естігісі  келеді,  әрбір  солдаттың соғыста  көрсеткен  ерлігін   елеусіз  қалдыруға  болмайды»  деп жауап  бергендігін  айтты.[2, 37]

Басшының  ұрыстағы  тәртіп -  тәрбиесі,  үлгі  өнегесі  жауынгерлердің  бойындағы  қажыр- қайрат, батылдық, төзімділік, түсінушілік,  құрмет  сияқты  қасиеттерді  қалыптастыруға  игі әсерін  тигізері  анық .

Аяз  қатты,  аштық  жанға  оданда  қатты  батып  барады.  Аяқ  қолыңның  тоңғанына  төзіп  бағуға  болады, ал  құрсағыңның тоңғаны тіпті жаман екен.  Жүріп бара  жатқанда  онша  емес,  ал  тоқтағанда  бүкіл  ағзаң  әсіресе, ішкі  әлемің  мұзға  айналғандай  сезінесің.[1,161] 

Осындай  бір  қиын  сәтте  Бауыржанның  атқосшысы   тамақ  салуға  арналған  қаптың  түбін  қағып, үш  түйір  нан  мен  үш  дана  папирос   табады. 

Комбат  жауынгерлердің  алдына қойғызады,  бірақ оны қанша темекі  тартқысы  келгеніне, қарны ашқанына  қарамастан  ешкім алмайды.

Отыз  бес  градустық  аязға,   аштыққа қарамай, жауынгерлерімді  сапқа  тұрғызып, «жиналыс»  өткіздім. Батальонымды  жігерлендіргім  келді...  жауынгерлік  тапсырманы   орындағандары  үшін  алғыс  айттым.  Дивизиямыздың  гвардиялық   дивизия  атанғанын, Қызыл  Ту  орденімен  наградталғанын, Рахимов  пен Филимоновқа  аға  лейтенант  атағы   берілгенін  мәлімдедім. [1,161]

Өлдіге  саналған  Бауыржан  батальоны  қоршаудан   аман  шықты.  Амандығын  білдіру  үшін он  бес шақырым  қашықтықта  орналасқан  штабқа  барып  көріну  керек.

Командирдің  қуат  берер  сөзі – жауынгерлердің  бойына  қуаныш  сезімін  ұялатты, тіпті аштықтарын  да  ұмытты.

Саптан  жауынгер  Хасанов  шығып, Бауыржан   атына  бірнеше  мақтау  сөздер  айтып, немістің  он  есе  үлкейтіп  көрсететін  дүрбісін  ұсынды.  Филимонов жауынгерлер  атынан  құттықтау  сөз  айтып, неміс  пистолетін  ұсынды.

Украин  жігіті  Грицько  Проценко  саптың  алдына  шығып  сөз  сұрады.  Ол  бастан  өткізген  қиын  күндерге, бес  қоршауда  қалып,  аман  шыққандарына, жиырма  жеті  ұрысты  ауыр  жағдайда  өткізгендіктеріне  тоқталып  Бауыржан  атына  бірнеше  мақтау  сөз  айтты. Сонымен бірге атуға бұйырылған неміс майорының алтын сағатын құжаттары-мен сыйға тартты. Бауыржан Момышұлы оның сыйлығын қабылдап тұрып, рота командиріне Проценконың соғыстағы жетістіктерін анықтап, сағатты өзіне қайыра сыйлады, өзі тақпаған жағдайда сүйген қызына сыйға тартуды сұрады. Оған Проценко қысыла түсіп:

Информация о работе Бауыржан Момышұлы шығармалары