Жемқорлықтың шығу тарихы
Реферат, 02 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Семестровый.docx
— 50.66 Кб (Скачать документ)
Кіріспе
Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды
қызметкерлердің өздеріне тапсырылған
қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының
пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында
жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.
Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе
оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған
іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік,
мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы
пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік,
т.б. жақындықтарына байланысты қызметке
ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ,
мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-
Жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.
Жемқорлықтың тарихы мен сипаты
Жемқорлықтың алғаш пайда болуының
тарихы тым тереңде жатыр.Ежелгі Вавилон
мұрағатында - кескінін тапқан мемлекеттік
қызмет жүйесіндегі жемқорлық туралы
алғашқы еске алу б.э. дейінгі XXIV ғасырдың
екінші жартысына жатады.
Шумерлар мен семиттер дәуірінде Лагаш
Патшасы (ежелгі қала - қазіргі Ирак жерінде
Шумердегі мемлекет) Урукагина шенеуіктер
мен судьялардың өздерінің қызметтерін
теріс пайдалануының алдын алу, сондай-ақ,
патша әкімшілігі жағынан храм қызметкерлерінен
заңсыз марапаттарды қорқытып алушылықты
азайту, рәсімдер үшін төлемдерді азайту
мақсатында мемлекеттік басқаруды құрды.
Жемқорлық түсінігі - әдетте
лауазымды тұлғаның өзінің өкіметтік
құзыретін және оған сеніп тапсырылған
құқықтарын заңнама мен моральды белгілерге
қарама-қайшы келетін өзінің пайдасы үшін
пайдалануды білдіретін термин.
Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа
әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық
жасау әдетінін шығады. Бағалы сыйлық
адамды басқалардың арасынан ерекшелендіріп
тұрды және оның өтінішінің орындалуына
көмек болды. Сондықтан алғышқы қауымдық
құрылыс кезеңінде тайпа көсемдеріне
төлем төлеу қалыпты жағдай болды.
Кейіннен мемлекеттік аппараттың күрделіленуі
мен орталық үкімет билігінің күшеюі барысында
басшылардың ойы бойынша тек белгіленген
қызметақыға шүкіршілік етуге міндетті
мемлекеттік шенеуіктер пайда болды. Олар
өз кірістерін жаалақыдан анағұрлым көбейту
үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін
пайдалануға тырысты.
Жемқорлық туралы жан-жақты мәліметтер
антикалық мұрада да бар. Ұлы ежелгі грек
философтары Платон мен Аристотель өздерінің
жұмыстарында өкіметтің қызметтерін теріс
пайдалану мен парақорлықтың қоғамның
экономикалық, саяси және діни өміріне
бұзушылық әсері жөнінде айтқан. Мысалы,
Аристотель «Саясат» атты өзінің еңбегінде
сыбайлас жемқорлықты мемлекетті апатқа
әкелмесе, қайта тууына әкелетін маңызды
фактор деп көрсетті. Мұндай қайта туудың
мысалына монрахияның тираньға айналуы
жатады.
Аристотельдің кепілдемелерінің кейбіреулері
ежелгі Афина тәжірибесінде пайдаланылды
Нәтижесінде Афинада әрбір азаматқа қалай
өмір сүріп отырғаны жөнінде есеп беруді
міндеттейтін заң дүниеге келді.
Парақорлық XIII ғасырдағы орыс жазбаларына
да арқау болған. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне
мемлекеттік дәрежеде алғаш мемлекеттік
дәрежеде III Иванға тыйым салды. Ал 1561 жылы
Иван Грозный жергілікті басқарманың
сот шенеуіктеріне пара алғаны үшін өлім
жазасы тағайындау туралы Жарлық шығарды.
Патша А.Романов тұсында -1648 жылы Мәскеуде
екі парақор «министр» - Плещеев пен Траханиотов
халық алдында қатаң жазаға тартылды.
Парақорлық және қызметін теріс пайдаланғаны
үшін қылмыстық жауапкершілік туралы
сұрақтар 1649 жылы қабылданған құқықтық
жинақтарда шешімін тапты. Оның 5 және
7 баптарында сот органдары ның лауазымды
тұлғаларына сыйлық алғаны үшін қылмыстық
жауапкершілік қарастырылған. Ал 6 бап
пара алғаны үшін жауапкершілік тартуы
тиіс субъектілердің тізімін көрсеткен,
яғни оларға сот шенеуіктері атқаратын
қызметті атқаратын тұлғалар жатқызылған.
Реформатор патша I Петр кезінде сыбайлас
жемқорлық пен қатар патшаның онымен қатал
күресі тәсілі де жарысы жүргізілді. I
Петр мемлекеттік қызметте ерекше қатал
тәртіп енгізіп, жемқорлықты біржолата
жоқ қылуға тырысты. Алайда, оның жергілікті
жағдайды жете түсінбей бастаған шаралары
түпкі нәтиже бермеді. Парақорлық пен
қызметті теріс пайдаланудың алдын алу
мақсатында әскер басылар үшін мемлекеттік
қызметке өтудің жаңа тәртібін де енгізді.
Соған сәйкес лауазымды қызметке қабылданғандар
жаңа жұмыс орынында екі жылдан артық
уақыт бола алмайды. Бұл мерзім егер қала
тұрғындарынан аталған лауаызымды тұлға
өзінің міндеттемелерін орындауын жалғастыру
туралы жазбаша өтініш болған жағдайда
ғана ұзартылуы мүмкін.
Орта ғасырларда «сыбайлас жемқорлық»
түсінігі ең алдымен қызығу, шайтанның
азғыруы дегенді де білдірді. Жаңа уақыттың
басталуы, Еуропада орталықтандырылған
мемлекеттердің пайда болуы сыбайлас
жемқорлықтың жаңа түсінігінің дамуында
жаңа кезеңді белгіледі. Сыбайлас жемқорлық
қоғамдық күрделі мәселе , қоғамның «ауру»
белгісі ретінде қабылдана бастады. Қазақстанның
заң ғылымында сыбайлас жемқорлықтың
даму тарихынан қазақ даласы территориясындағы
рулық қауымдастықта қабылданған әдеттегі
құқық нормалары көбінесе көшпенді мәдениет
қағидаларымен белгіленген дәстүрлермен
алдын ала анықталғаны белгілі. Өз кезегінде
Монғол хандығының қоғамдық-мемлекеттік
құрылымының ережесі номад өркениетінің
процесіне ерекше ықпал жасады.
Қазақстандағы құқық жүйесі негізінің
бірінші кезеңін ортағасырлардың орта
және кеш кезеңдеріне жатқызу қажет және
датасын шартты түрде ХIVғ.- ХIХғ. бірінші
жартысы деп көрсеткен дұрыс. Сол кезде
оның негізгі белгісі құқықтың дәстүрлі
мұсылмандық жүйесінің және монғол көшпенді
мәдениетінің жай,құқықтық институтының
құқықтық ережелерінің соңғыларының ықпалымен
сәйкес келуі болды.
Бұл қазақ феодалдық даму формациясында
өмір сүрген қазақ қоғамында сыбайлас
жемқорлық үшін жауапкершілік қазір біз
қабылдап отырған күйде болған жоқ. Алайда,
Қазақстанның Ресейге қосылуына дейін
сыбайлас жемқорлық сыйяпаттық нысанда
көріне бастады, яғни ақсүйек өкілдеріне
сый беру борышы міндетті феодалдық дәстүрге
айналды.
Мысалы, жәй егіншіден хандардың, сұлтандардың,
билердің және де ақсүйек өкілдерінің
пайдасына «ұшыр» салығы - өнімнің оннан
бір бөлігі алынып отырды. Малшылар «зекет»
салығын – малдың сол немесе басқа түрінің
белгілі бір санын төледі. Олармен бірге
феодал басшыларының пайдасына соғым
немесе сыбаға түрінде табиғи сыйлар жиналды.
Одан басқа, ақсүйек өкілдері мен ақсақалдарға
берілетін сыйлықтардың алуан түрі болды.
Мысалы, «Ордада заңи күші бар қырғыз дәстүрлерінің
бейнелеуіне» сәйкес: «Соғым күзде жасалады,
әдетте ол хан немесе сұлтан қыс бойы халықтың
асырауында өмір сүре алуы үшін жасалады.
Сыбаға соғым сияқты сондай жағдайларлы
көктемде жасалады. Ордада сый-құрметке
ие орда тұрғыны қандай да бір лауазымға
ие болмаса да, жәй қырғыз ұсынған сый
алудан бас тарта алмайды».
ХVI ғасырдың басынан бастап Қазақстанда
«Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын
Қасым ханның заңдары әрекет етті, ол негізінен
жәй құқық нормаларынан тұрды. Қазақтың
жәй құқығының нормалары ХVI ғасырдың аяғында
Тәуке хан кезінде «Жеті жарғы» деген
атаумен толығымен жаңартылып, толықтырылды.
Сол кездегі дала құқығы үш қайнардан
тұрды: дәстүрден, би соттарының тәжірибесінен
және билер съезінің Ережелерінен. Қазақстандағы
сол кездегі сот міндеттері хандармен,
сұлтандармен және билермен қазақ жәй
құқығының негізінде орындалды. Сот даулары
хандармен соңғы сот инстанциясы ретінде
қаралды. Ол бұл міндетті далада жүре отырып
іске асырды. Сот даулары үшін ол «хандық»
деп аталатын белгілі бір сый сомасын
алып отырды. Хан жәй құқық негізінде соттады,
жәй құқықтағы кемшіліктерді ауыстыру
үшін өзінің құқық шығармашылық әрекетін
пайдаланды. Мұндай жағдайда ханның шешімі
жәй құқыққа маңызды қосымша болды және
құқықтың жаңа нормаларының тууына әкелді.
Академик С.Зиманов көрсеткендей: «1855
жылы Беріш және Адай руының қазақтары
(Ішкі орда) жергілікті өкіметке сұлтан
К. Шигаевтің өз қызметін теріс пайдалануы
жөнінде топ болып хат жазды. Онда олар,
егер даулары бар орда тұрғындары Шигаевқа
ақшамен келсе, олардың шағымдары қысқа
уақытта қаралатынын жазған. Егер қазақтар
сыйсыз барған уақытта, ол олардың шағымдарын
қарамақ түгілі, оларға көрінбейді де,
сондықтан оларға кері ауылдарына қайтуға
тура келеді. Тексеріс кезінде кейбір
сұлтандар мұндай теріс пайдалунуды жасап
қоймай, күміспен 100 және 200 рубльге дейін
үлкен лауазымдарды сатқаны анықталды».
Сондықтан қазақтардың сый және басқа
да құрметтер көрсетуіне дәстүрлі мінез
тән, ал оның тамырлары феодализм кезінде
қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік-саяси
және экономикалық қатынастарға кетеді.
Сыбайлас жемқорлық заңды институционалдық
нысанда көріне бастады және сол кездегі
оның негізгі факторлары мыналар болды:
қоғамның байлар мен кедейлерге әлеуметтік
бөлінуі, олардың жағдайлары бойынша араларындағы
қатал иерархия, сондай-ақ қазақтарда
шенеуік құрметтеу психологиясын тәрбиелейтін
туыстық қатынастар мен патриархалдық
мәдениет.
Сыбайлас жемқорлық маңызының әлеуметтік-құқықтық
өзгеруіне объективті әсер еткен Қазақстандағы
құқық жүйесі дамуының келесі кезеңі Ресей
колониалдық саясатын бекіткен және империя
шекарасын кеңейткен кезден басталады.
Патша үкіметі мен жергілікті сот, билердің
жазалау шараларын күшейтуі қылмыс санының
азаюына әкелмеді. Сондықтан Ресей жемқорлық
пен оны таратуға әсер ететін себептерді
табу мен жоюды қамтамасыз ететін жаңа
жолдар іздестіріле бастады. Нәтижесінде
1845 жылы парақорлық үшін жауапкершілік
туралы заңнаманы және сыбайлас жемқорлықтың
пайда болуының басқа нысандарын өзгерткен
және толықтырған қылмыстық және атқарушылық
жазалар туралы Ереже қабылданды.
1917 жылы қазандағы мемлекеттік құрылым
мен басқару нысанының ауысуы сыбайлас
жемқорлықты жойған жоқ, бірақ жаңа әкімшілік
ортадағы парақорлық пен басқа да ұйымдасқан
қылмыстардың қалыптасуына алып келген
екіжүзді көзқарасты тудырды.
1918 жылдың 8 мамырындағы «Парақорлық туралы»
РСФСР ХКК-нің Декреті мұндай іс үшін қылмыстық
жауапкершілікті көздейтін ең бірінші
құқықтық акт болды. Оған сәйкес парақорлық
үшін қылмыстық жауапкершілікке мемлекеттік
немесе қоғамдық қызметте тұрған тұлғалар
тартылды. Ауырлататын жағдайлар ретінде
«қызметкердің ерекше құзыреті... және
параны қорқытып алушылық» қарастырылды.
Кеңес құрылысының бастапқы кезеңдерінде
барлық қоғамдық құрылымдар (діни қауымдардан
басқа) жалпымемлекет мүддесінде қызмет
ететін ұйымдар ретінде қарастырылды.
Сондықтан кез келген қоғамдық құрылымның
қызметкері лауазымдық қылмыстардың субъектісі
ретінді танылды.
Сот тәжірибесі бұл мәселені шешуге біржақты
емес қарады. Әртүрлі кезеңдерде лауазымды
адамдардың санатына, мысалы, кооператив
қарауылы, инкассаторлар, сақтандыру сыйын
жинайтын агенттер, мүшелік жарна жинаушылар,
кәсіпорындар мен колхоздардың күзетшілері
басқа да үкімет есебінде тұрған, өздерінің
міндеттеріне салғырт қарағаны үшін кінәлі
тұлғалар кірді. Сонымен бірге сот тәжірибесі
лауазымды тұлғаларға комбайншыларды,
сауыншыларды, колхоздың жүзім бағының
күзетшілерін жатқызған жоқ. Осылайша,
қырқыншы жылдарға қарай қылмыстық құқықтың
тәжірибесінде де, териясында да кім лауазымды
тұлға болып танылатыны және оның қызметтік
міндеттеріне қандай функциялар кіретіні
туралы жеткілікті нақты пікір болған
жоқ.
Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді.
Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.
Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану.
Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;
- мемлекеттік қызметкерлердің
әрекетінде ұрлық белгілері
1979 жылы БҰҰ-дың Бас
Ассамблеясы және сыбайлас
Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.
М.О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.
А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
- сыбайлас жемқорлық
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі
қоғамдағы жемқорлықтың
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.
2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.
Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері |
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері |
Қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдаланушы субъект |
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық Саяси сыбайлас жемқорлық |
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың бастамашысы |
Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды пара беруге мәжбүрлейді. Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады. |
Пара беруші субъект |
Жеке адам парасы (кез келген азамат) Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар) Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар) |
Параның түрі |
Ақшалай пара; Қызмет көрсету |
Пара берушінің пара беру мақсаты |
Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс) Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады) «Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс» ) |
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың орталықтандырылу дәрежесі |
Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді). Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі) |
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың таратылу деңгейі |
Биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы сатыларында) Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер) Халықаралық сыбайлас жемқорлық |
Сыбайлас жемқорлықтық байланыстардың жиілігі |
Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық ) |