Жемқорлықтың шығу тарихы

Реферат, 02 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Семестровый.docx

— 50.66 Кб (Скачать документ)

Жемқорлық мәселесін зерттей отырып, жемқорлық мүдделі топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады.

Біріншіден, барлығы мойындағандай, сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік үқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн.

Үшіншіден, осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті – осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1 Қазақстан Республикасының  Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз //Алматы: Жеті жарғы

2.http://www.atroblsud.kz/news-print-53.html

3. ЗАҢ Республикалық Құқықтық ғылыми-практикалық журнал 10/2010

4. http://alashainasy.kz/society/28507/

5. 40 Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің проблемалары. //Заң. - №2. 2008. – Б. 25-29.

 

6. 20 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» 2001ж. 13 желтоқсандағы - №18 Нормативтік қаулысы //Егемен Қазақстан. – 2001ж. 4 қаңтардағы - №2-3.

 

  1. Қапесов Н. Саясаттану. Лекциялардың қысқаша курсы. – Алматы: Жеті жарғы. 2003

 

8.Жамбылов Д. Саясаттану: Оқулық. Өңделіп, толықтырылған 2 – басылым. – Алматы: Жеті жарғы, 2005

 

 

 

 

 


Информация о работе Жемқорлықтың шығу тарихы