Бауыржан Момышұлы шығармалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:27, реферат

Краткое описание

Біздің әскерлеріміздің шабуылға шыққан кезеңінде әрбір адам сана-сезімімен соғыстың аяқталып келе жатқанын сезіне отырып, артына бұрылып, қанды шайқас жылдарының негізгі кезеңдеріне назар салушылық тән болса, ал соғыстың бастапқы кезеңінде әрбір жанның Отан үшін ет-бауыры езіліп, жаны ауырды, жау басып алған туған елдің әрбір сүйем жері үшін жүрегі қан жылады, өзін азамат ретінде тереңірек, түсініп, сезіне бастады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы.doc

— 68.00 Кб (Скачать документ)

- У мәне дывчины немае, наше  вони мине здались, - деді украиншалап.

- Жоқ бауырым, - дедім мен оған  қарсылық білдіріп. – Егер сүйген  қызың жоқ болса, табуға тиіссің.  Мұның қалай?.. Біз сүйкімді қара  көз қыздар үшін соғыспай кім  үшін соғысып жүрміз?! – деп жалғастырдым әңгімемді. Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек жапырақсыз, гүлсіз, орысша айтқанда «сушняк», қазақша айтқанда «қу бас» деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Сені мен біз сол дәннің «жемісіміз» әрі жаман «жемісі» емес сияқтымыз.

Жауынгерлерім де, Грицько да күлді.

  - Әйелсіз, бауырым, адамзат  «жемісі» ешқашан да болмайды. Әйел бізге ана, жар, әйел  біздің сүйікті балаларымыздың  анасы, ал соғыста олардың кейбірі біздің жауынгер серігіміз.  [1,163]                           

1941 жылдың  7   декабірінде   Бауыржан  Момышұлы  18 сағаттық  ауыр  ұрыста  жараланып командалық  пункте  жанқан  кезінде фельдшер  келіп ауыр  жараланған  жауынгер  Проценконың  полк  командирімен  сөйлескісі  келетіндігін  мәлімдеді.

 ... Дәрігерлердің  рұхсат  етпегеніне  қарамай  мен  далалық  дәрігерлік  жәрдем  пунктіне  бардым.  Процьенко   қарнынан  ауыр  жараланған  екен.

     - Батько, - деді  ол  қинала  үн  қатып. – Сіз   келдіңіз бе?  У мени  до  вас  дило есть.

    -  Сөйле  ерім  Грицько.  – Бас  жағына  таяу   жаққа   отырдым. – Сөйле  бауырым.

Ол  сол  қолынан  сағатын  шешіп  алып, былай  деді:

    - Менің    Нинажанымды   сіз  бәрібір  таба  алмайсыз, ол жау  тұтқынында. Алыңыз, батенко  сіз бұл  сағатты  өз  ұлтыңыздың  Нина  есімді  қызына, тек  ақылды  қызына  сыйлаңыз.  Мен  ұрыста  жүріп  Сізді, сіздің  халқыңызды  сүйген  едім...

Ол  қызға бұл  украин  перзенті  Грицько  Проценконың  сыйлығы  деп  айтыңыз... Мен енді   бұл  дүниелік  емеспін...

Грицько  өсиет  сөзін  аяқтай  алмай  көз  жұмды.

Тұрғандардың  бәрі  еңіреп  жылады. [1,163]                  

1942 жылдың 7  февралі.  Күндізгі  сағат  12 де  немістер  қарсы   шабуылға  шықты.  Немістер  біздің  ротаға 100 метр жер   қалған  кезде  бір  жауынгер  қырындай  түрегеліп, автоматын  алға  кезей  ұстап «Ура!»  деп айқай салды. Бұл Төлеген Тоқтаров  еді. Ротаның қимыл-  әрекетсіз қалғанына ашынған ол  өзінің  төрт  жолдасына:  «Жауға  аттанайық!» - деп үн  қатқан. Оның соңынан ала бес жауынгер  «уралап»  жауға  ұмтылды, олардың  артынан  тағы да  бес  адам,  сөйтіп  бүкіл рота  тұтас көтерілді,  немістер  кейін шегінді.

Бұл  соғыс  біздің  жігіттердің  жалпы  батырлық , батылдық көрсеткеннің  бір үлгісі.

Бұл  соғыста  жем  тастап, жемтікке  тоя  бергенде, аз  күшпен  желке  бүйірлерінен  соғып, жеңісің, жегенін  желкесінен  шығарған  тактикалық  әдістің  сәті  түсе  қолданылған  нәтижесі  көрінді.

Бұл  соғыс  дұшпанның  араны  ашылған  басқыншылық  мінез - құлқын  өзіне  таяқ  етіп   жұмсаған  ұрыстың  бірі.

Бұл  соғыс  ата- бабамыздың  айтып  кеткен  «білек-бірді, айла- мыңды жеңеді»  деген  мұра, соғыс  дәстүрінің  халық  тәжірибесінен  шыққандығына  дәлел. [1,151]                    

Бауыржанның  отансүйгіштік  сезімі қазіргі жастарға үлгі- өнеге  деп есептеймін. Қазағыңды сүйсең , Бауыржандай сүй   демекпін!

                                                Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бауыржан Момышұлы «Қанмен жазылған кітап», Алматы, «Жазушы», 2000 ж.
  2. Бауыржан Момышұлы «Москва үшін шайқас», Алматы, «Жазушы», 2004 ж. 

 

 


Информация о работе Бауыржан Момышұлы шығармалары