Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 10:32, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................ 2-7 бет

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері

Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық – психологиялық негіздері 7 - 16 бет
Оқытудың көрнекілік принципін техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асыру 17 - 31бет

ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.

2.1.Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы - 32 – 48бет
2.2.Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері. 48 – 52бет
Қорытынды 53 – 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 55 – 56 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сын оқ техникалвық құрал t Word.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)

Әсем – үздік оқушы. Ол қаладан  ауылға қонаққа  келді.

  • Алыс жолдан жол жүріп келдің,
  • Үлкендерге сәлем беріп, амандас,-деді апасы Әсемге. Қонақ қыз Бәтен, Патша апаларға, Бақтыгерей, Сәбит аталарға барып сәлемдесті.

 

   Осы көрсетілген  грамматикалық - тілдік, сөйлеу, рефлексиялық  жаттығуларды орындату барысында  мұғалім мынадай дидактикалық- әдістемелік  міндеттерді шешеді.

-сөз құрамының сөйлем  және мәтін құру қызметін біледі;

-сөз мағыналары меңгереді;

-шығармашылық қабілетін  дамыту мақсатында түрлі шығармашылық  жаттығулар орындайды.

Интерактивті тақтамен оқытудың әдіс – тәсілдерін  технология сабақтарында пайдаланған өте тиімді.

      Мұғалім  қолданатын   технологиялық құралдарға қарамастан, сабақты нәтижелі өткізудің негіздері бірдей. Ең алдымен сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жеткізетін нақты жоспары, құрылымы болуы керек. Сабақта интерактивті оқытудың тиімді тәсілдері мыналар:

а) модельдерді жасау және үлгілеу;

б) оқушыларды сабаққа  белсенді түрде қатыстыру;

в) Сабақтың қарқыны  мен  барысын жақсарту.

     Интерактивті  тақтаны қолдану – мұғалімге  жаңа материалды өте қызықты,  қарқынды, көзге көрінетін визуальды  ресурс, жаңа ойларын тартымды етіп көрсету үшін таптырмас құрал. Бұл тақтада жұмыс жасау материалдарды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады.                                                                                         Интерактивті тақта көмегімен оқытудың, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтарлықтай үлесі зор, ой-өрісі кең құрал, оның бірнеше артық тұстары бар:

     - көп уақытты  шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында       жасалған кез  келген жазуларды  сақтауға, оны басып шығаруға болады;

түрлі тартымды ресурстарды  қолданудың арқасында оқушылардың  сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады;

 ұжымдық жұмысқа  араласу үшін үлкен мүмкіндіктер  туғызып, дағдыларын қалыптастырады;

сабақтың  жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді;

өтілген материалдарды  қайталау үшін, файлдарды сақтауға мүмкіндік береді;

педагогтарды кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырады.    

  Кез келген білім  барысының назарында мұғалім  білімге жетелейтін оқушы   тұр.

     Егер де  оқушы  «керек» деген ынтадан  «маған қызық, менің білгім келеді» деген ынтаға келсе, онда бұл жолдың жемісті нәтиже бергені. Бұл тұрғыдан төмендегідей талаптарды аңғаруға болады:

оқушыларды еңбекке  үйретуге политехникалық түсінігін  қалыптастыру үшін оларға жалпы технология мен техникалық білім негізін меңгерту;

әр оқушының психологиялық  ерекшеліктерін,  ынта-қабілеттерін  ескере отырып, белгілі бір өнерге баулу;

ұлттық өнермен таныстырып, оқушылар білімі мен шеберлігін қалыптастыру;

оқушыларды жалпы еңбекке, белгілі бір мамандыққа баулу, эстетикалық сезімін оятып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

          Жобаны орындауда әр турлі  сызба, техникалық сурет, сурет  кесте, диаграмма барлық компьютер  арқылы жазып, интерактивті тақтаны  қолдана отырып көрсетуге болады.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикада  өткізілген сабақтар

(интерактивті  тақта, мультимедия көмегімен  )  

 

 Сабақтың тақырыбы: Менің қалам  (4-сынып)

 

Сабақтың мақсаттары:

1. Білу:

Атырау қаласының тарихын, көрнекті орындарын білу.

2.Үйрену:

Қазақ тілінде еркін  сөйлеуге үйрену, сөйлемдерді күнделікті өмірде қажеттілігін, тілді көркемдеуіне көмектесетінін түсіну,

жалпы тілдік дайындық деңгейіне  қарай берілген творчестволық тапсырмаларын  даралай бере отырып, әр оқушының материалды меңгеруге ынтасын арттыру, өз қаласына   сүйіспеншілігін білдіру

Көрнекілігі:  интерактивтік  тақтадағы бейнесюжет, фотоматериалдар, слайд

Пәнаралық байланыс: қазақ  тілі, орыс тілі, дүниетану

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 

2. Бейнесюжет (Атырау  қаласының ең көрнекті жерлері)

3. Сабақтың мақсаттарын айту.

4.Оқушылармен сұхбаттасу.Сұрақтар

Атырау қай жылы салынған?

Қазір қала  қандай қала болып саналады?

Қөшелер кімнің есімімен аталған?

Қалада үш діни ғимараты бар. Олар қандай?

Бос уақытта қаланың  тұрғындары  қай жерге баруды жақсы көреді?

Жоғары оқу орындарын білесіңдер ме? Олар қандай?

5.Сөйлемдерді орыс  тілінен қазақ тіліне аудару

Атырау считается одним  из видных городов Казахстана.

В городе имеются микрорайоны.

Областной акимат находится  на проспекте Бейбарыс.

В городе есть  городской  парк отдыха.

Жители города хорошо знают площади имени Махамбета  и Курмангазы..

6. Мәтінмен жұмыс жасау. 

Қаламызда жүзеге асырылған  істер  сан алуан.

Солардың бірі ірі  … өнеркәсіп орындарының салынуы.

Мысалы, …. (мысалдар)

Атырау мәдениет - .ошағы......Онда жалпы .... беретін сәулетті мектептер, гуманитарлық колледжі, . медицина.......... колледжі, ............ университет, ........... институты, ......... драма театры, .......мұражайы бар.

7.Жағдаяттар бойынша  жұмыс жасау.

Тапсырма : берілген жағдаяттармен  сұхбат құрастыру.

«Мен адасып қалыппын.»

Кездесу. «Атырау қаласында  бірінші рет.»

8. Творчестволық тапсырма. Жобаларды қорғау. (Үй жұмысы.)

9.Сабақтың қорытындысын  жасау.

10. Үй жұмысын беру.

11. Бағалау.

 

Ана тілі    4 - сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев «Балама хат»

 

Білімділік  мақсаты: Өлең мазмұнын түсініп оқу, оның қай кезде кімге арнап жазылғанын, ондағы адамдар бейнесін танып, білуге;

 

Дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, өлең мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу;

 

Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметтепен қарауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:   Флипчарт, Жамбыл Жабаев суреті, соғыс суреті, карта, видео-ролик

 

Сабақ түрі: Аралас сабақ            

 

Әдіс-тәсілдері: баяндау, ассоциация, талдау-жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру  кезеңі  Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру Семантикалық карта толтыру

 


 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ. І Дайындық кезеңі

Отанмен бірге қозғалды,                                    

Қазақстан даласы.

                          Майданға шеру жол тартты,

                          Қазақтың да баласы.

Соғыс сөзіне ассоциация құру

                                                                                қан төгіс


 

                 

 

 

 

 

Видео-ролик  соғыстың басталуын Левитанның хабарлауын көрсету

1941-1945 жылғы Ұлы Отан  соғысына Қазақстан 1 миллион  366 мың адамын аттандырды. Бұл  Республика халқының 21,2 пайызы еді.  Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты, әскер дивизиялары, 7 атқыштар бригадасы және 50 атқыштар полкы мен ерекше батальондар жасақталды. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск т.б шайқастарға қатынасып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.

Жаңа сабаққа өту

  1. Ж.Жабаев кім? Ол туралы не білесіңдер? Қандай өлеңдер жазған?  
  2. Балама хат өлеңін оқу.
  3. Сөздік жұмыс
  4. Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту
  5. Сұрақ жауап арқылы жыршы баласына не туралы жазғанын білу

ІV. а) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен көмегі жайында әңгіме

ә) Соғысқа қатысқан батырлар туралы әңгіме

б) Поэзиялық сәт «Ленинградтық өрендерім» өлеңін тыңдату

Ұлы Отан соғысындағы  әйгілі шайқастардың бірі 900 күн мен  түн қоршауда тұрса да ерліктің, қаһармандықтың үлгісін көрсеткен  Ленинград шайқасы болды. Ұлы ақын бабамыз Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры шынайы достықтың, ізгі тілектің әнұранына айналды. Қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиясы Ленинград шайқасында ерліктің үлгісін көрсетті. Ленинград түбіндегі Сұлтан Баймағамбетовтың, Шығыстың қос шынары атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың т.б қаһармандық ерліктері халық санасында мәңгі сақталады.

в) Шығармашылық тапсырма Жауынгер бейнесін жасау

 

V. Сабақты қорытындылау.

 «Бетпе-бет»  студиясы ойыны арқылы, оқушылар тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

-Сұраншы, Саурық деген  кімдер?

-Жамбыл атаның баласының  аты кім?

-Ұлы Отан соғысы  суреттерін, сол кезеңге тән құбылыс-оқиғаларды  өлеңнің қай шумақтарынан көруге  болады?

-Жамбыл ата баласы  мен оның жауынгер достарына  қандай үндеу тастайды? Қандай сенім артады?

-Олар ата сенімін  қалай ақтады деп ойлайсың?

 

VІ. Үйге  тапсырма

Өлеңге сай ырғақпен мәнерлеп оқып, үзінді жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі

Сабақтың мақсаты:

1. Жануарлар тірі табиғаттың  негізгі бөлігі, олардың да алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру, жануарлардың негізгі топтарымен ( үй жануары, жабайы және сүтқоректілермен) таныстыру.

2. Жануарлардың құрлықта, суда, құрлықта да, суда да тіршілік  ететіндігін, олардың әрқайсысының  өз икемделген тіршілік ортасы барын аңғарту.

3. Жануарларға қамқорлық  көрсету жайында сөйлесе отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық  тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:

1) Интерактивті тақта  ( жануарлар топтамасының сызбасы).

2) Электронды оқулық.

3) Жануарлардың жеке  топтама суреттері.

4) Өлең шумақтары.

5) «Жыл басына таласқан  хайуанаттар» ертегісі.

Сабақтың өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Қызығушылық ояту.

Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?

Жануарлар туралы ертегі білесіңдер ме?

Жануарлар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?

Олай болса, сабағымызды  бастамас бұрын мен сендерге " Жыл басына таласқан хайуанаттар" ертегісін оқып берейін. Зейін қойып  тыңдаңдар! (ертегіні оқып беру).

- Балалар, ертегі ұнады  ма?

- Ертегі не жайында  болды?

-Жыл басына таласқан  хайуанаттардың атын қайталап  айтып көріңдерші?

- Неге "Жыл басы" болуға таласты? Сен қалай ойлайсың?

- Олардың төлін білесің  бе? Оларды қалай атайды?

(Суреттер көрсету  арқылы бұларды "Үй жануарлары мен хайуанаттары" деп аталатынын түсіндіру).   Қой сүйеді баласын: Қоңырым- деп,

Ештеңені білмейтін  момыным – деп.

  Ешкі сүйедібаласын: Лағым- деп,

Тастан-тасқа секірген шұнағым – деп.

  Сиыр сүйеді баласын: Торпағым- деп,

"Қараңғыға баспаған  қорқағым!" – деп. 

- Неге үй жануарлары  деп аталды? Ойлан! 

Үй жануарларының адам өмірінде маңызы өте зор. Жесе –  тамақ, мінсе– көлік, жүнінен, терісінен  киімдер аламыз. Сондықтан адамдар  оларға аса қамқорлықпен қарайды. Қыста  жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

/Өлең шумағына сәйкес  қимыл жасау.

II. Жаңа сабақ 

- Балалар, енді ЭО-тан  "Жануарлар әлемі" туралы  тыңдап көрейік. 

(ЭО-тың 1-м, 4-ш.м. түсініктемесін  тыңдау).

- Жануарлар табиғаттың  қай түріне жатады?

- Қандай жануарларды  білесіңдер?

- Жануарлар немен қоректенеді?

- Олардың тіршілік  ортасы туралы не білдің?

- Жабайы аңдарға не  жатады?

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі