Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 10:32, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................ 2-7 бет

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері

Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық – психологиялық негіздері 7 - 16 бет
Оқытудың көрнекілік принципін техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асыру 17 - 31бет

ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.

2.1.Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы - 32 – 48бет
2.2.Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері. 48 – 52бет
Қорытынды 53 – 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 55 – 56 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сын оқ техникалвық құрал t Word.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)

Оқудың интерактивті әдістері, үлгілері:

 

«Ми шабуылы»,  «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл  әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы  жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы  айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.

«Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және/немесе қатысушылардың белгілі сұраққа  қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

Интерактивті  оқыту әдістеріне білім алу және оны дамыту процесіне белсенді ат салысуға тарту жатады:

                                        «Ми штурмы» (Миға шабуыл)

                                          * Шағын-лекциялар

                                          * Топтардағы жұмыс

                                          * Бақылау парағы немесе сынақ

                                          * рөлдік ойын

                                          * ойын жаттығулары

                                          * жобаны әзірлеу

                                          * жағдайлық тапсырмаларды шешу

                                          * Сапар шегушіні (визитерді) шақыру

                                          * Сарапшы топтарының пікірсайыстары

                                          * Сұхбаттар

                                          * Сахналау

                                          * Жағдайдан жеңілу 

                                          * Оқушының рөліне ену

                                          *  Сюжеттік суреттерді талқылау

Интерактивті  әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші  құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар,  бейне материалдар, слайдылар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.т. таныстырулар жатады.

 

Сонымен қатар, оқу процесіне топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар және шығармалар, сұхбаттар, жастарды «тең – теңімен» қағидаты бойынша құрдастарымен  жұмыс істеуге оқыту, бейнефильмдер  мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу.

Рөлдік ойын

 

Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі  бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала  бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың  сахналап ойнауы.

 

Рөлдік ойындар  шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды  және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Бұл әдістің  артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай  шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім  қабылдайды.

Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.

 

Бастауыш  сынып   сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың  белсенділігін арттыруға ықпалы

 

Техникалық  оқу құралдарындағы сабақтастық мәселесі

 

Оқу құралдары деп  мағлұмат жеткізу үшін, сондай-ақ оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің кез келген формасында өз еркінше жұмыс істеуді ұйымдастыру және оқу материалының меңгерілуін тексеру үшін мұғалім қолданатын оқу жабдықтарынын керек-жарақтарын түсіну керек. Оқу құралдары оқу жабдықтарының құрама бөліктері болып табылады. Оқу жабдықтарына оқу құралдарынан басқа оқудың техникалық құралдары, құрал-аспаптар (экран, сынып тақтасы, кронштейндер және т. б.) және мебель кіреді.

Мағлұматтарды ұсыну  және оларды дайындау технологиясы бойынша  оқу құралдары келесілерге бөлінеді:

  • басылымдар (оқулықтар, анықтамалар, есептер жинағы нұсқаулар, инструкциялы-технологиялық карталар, плакаттар, карточкалар);
  • экрандық (депозитивтер, диафильмдер, транспорант, кинофильм, компьютерлік әр түрлі ойындар);
  • дыбысты (грамм. және магниттік жазулар, радиотелевидение берілістер).

Оқудың техникалық құралдары оқу жабдықтарының құрайтын бөлігі болады және өзіне жүктелген міндеті бойынша мағлұматтардың техникалық құралдары, тексерудің техникалық құралдары және оқытатын жүйелер болып бөлінеді.

Оқу кұралдарындағы сабақтастық проблемасын шешу процесінде мұндай құралдардың жинақы түрде төрт аспектіде — техникалық, психологиялық, дидактикалық-әдістемелік және санитарлы-гигиеналық түрде қарастырылуы ұйғарылады.

Оқудың техникалық құралдары мен көрнекілік құралдарының жинақы түрде қолданылуының бірінші аспектісі — ұйымдастыру және экономикалық сұрақтардың шешуімен байланысты (мысалы, мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарына инженерлі-техникалық шешім беру, оқудың техникалық құралдарын, көрнекті құралдарын жасау, техникалық тапсырмаларды және автоматтандырылған сыныптарды жоспарлауға байланысты техникалық ұсыныстарды жасауға шешім қабылдау және т.б.).

Мұндай құралдардың жинақы түрде қолданылуының екінші аспектісі — оқушылардың ұғыну және ойлауының психологиялық заңдылықтарымен байланысты. Сенсомоторлық және перцептивтік процестерді қалыптастырудың айтарлықтай үлесі көз анализаторларына келетінін психологтардың зерттеулері көрсетті. Әрине, мысалы сенсомоторлық процестерді қалыптастыруда есту анализаторларының алатын орны да бар. Егер адамның әр деңгейдегі (түйсік, қабылдау, елес) көз және есту анализаторларының жұмысын салыстырсақ, онда мұндай салыстырудың пайдасы көз жүйесіне болатынын көруге болады.

Оқу құралдарының жинақы түрде қолданылуының үшінші аспектісі — дидактикалық шарттармен және олардың ұсынылуының әдістемелік тәсілдерімен байланысты. Қайсыбір материалдар мен құралдарды және басқа да көрнекі материалдар мен оқудың техникалық құралдарын іріктеп алу әр уақытта оқып-білушілердің танымдылық мүмкіншіліктеріне сәйкес келу керек, оқудың мақсаты, міндеті және мазмұнына, сабақ беру мен сабақ алудың ұйымдастыру формалары мен әдістеріне сүйену керек.

Оқу құралдарын жинақы түрде қолданудың төртінші аспектісі (соңғы уакытқа дейін, өкінішке орай бұған аз назар аударылып отыр) — оқу процесін ұйымдастырудың маңызды жақтарын бейнелейді (мұғалімдер мен оқушылардың оқу бөлмелеріндегі және оқу-өндіріс шеберханаларындағы жұмыс орындарының лайықты түрде жарықталғандығына қойылатын белгілі нормативтік талаптарды сақтай білу; зерттелетін объектілердің қолайлы қарсыластығы (контраст), оқып-білушілердің көз алдында жарықты қолайлы болатындай қылып үлестіру және т. б.).

Оқу құралдарындағы және оқудың техникалық құралдарындағы сабақтастық деп оқудың мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, әдістеріне және дидактикалық тәсілдеріне байланысты құралдар мен оқудың техникалық құралдарын ұтымды түрде іріктеуді, ескірген құралдарды педагогика ғылымы мен практиканың осы заманғы талаптарына сай құралдармен ауыстыруды айтады.

Оқу құралдарындағы сабақтастықты әбден толық жүзеге асыру, кабинеттері мен шеберханаларының материалды-кеңістіктік ортасы және материалды-техникалық жабдықталуы қазіргі заманғы инженерлік-психологиялық талаптарды, сондай-ақ, жалпы білім беретін және кәсіби-техникалық мектептердін материалды-техникалық базаларына қойылатын педагогикалық талаптарды қанағаттандыратын оқу орындарында ғана мүмкін болады. Мұндай талаптар мен дидактикалық мүмкіншіліктер зерттеушілердің еңбектерінде жеткілікті түрде толық баяндалған Оқу құралдары мен техникалық оқу құралдарындағы сабақтастық оқудың материалды-техникалық басып оза даму принципін, оқудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру формалары дамуының прогрессшіл тенденциясын қанағаттандыру керектігін, ғылым мен өндірістің қазіргі уақыттағы өзара әрекеттесуінің сипатын бейнелеу керектігін атап өтеміз.

     Қазіргі уақыттағы озық техника болып табылатын компьютерлердің қолданылуына негізделген, оқудың информациялық технологиясы көптеген педагогикалық міндеттерді жаңадан шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, әр оқушынын, өзі үшін, өзінің жеке бас қабілеттері мен мұқтаждықтарына байланысты тақырыптың материалын көңіл бөле зерттеу және қайталау мақсатпенен оны таңдап алатындай жеткілікті түрде оқып-үйрену бағдарламалары жасалған. Басқа бағдарламалар, өзінің күрделілігіне байланысты мектепте қолданылуы мүмкін емес тәжірибелерді модельдеуге жағдай жасайды. Мұндай сабақтар — экономика мен біздің өміріміздің барлық жағын компьютерлеудің өте қарқынды процесін бейнелейді. Осы түрдегі сабақтар оқушыларды қызықтырады, компьютерде жұмыс істеу оқуға деген ой сезім күйді тудырады.

 

Электрондық оқулықтарды қолдану

 

Ізденімпаз, жаңашыл мүғалімнің шығармашылығындағы ерекшелік, оның сабақты түрлендіре өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір сабақ мұғалімнің ізденісінің нәтижесін көрсетеді. Күнделікті сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен бірге сабақта компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану өте тиімді. Білім берудің кез-келген саласыңда «Электрондық оқулықты» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың  белсенділігін арттыру  бағытында  жасалған  тәжірибе   нәтижелері. 

Сабақты жаңа ақпараттық технологиямен оқыту – білім сапасының кепілі

 

Білім беру - оқыту мен  тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.

Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ-ғасыр ақпарат  ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде  Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО) негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты 4 бөліктен :

1. Мақсаттық  компоненті – модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль –жергілікті, жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады;

2. Мазмұндық  компоненті – гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін – терминдерден, ұғымдардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқу ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс тілінде дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне материалдарымен, медиаобъектілермен толықтырылған;

З. Операциялық  компоненті – интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады;

4. Нәтижелік  бақылау компоненті – тест алу жолымен немесе бақылау жұмысымен жүргізіледі. Электрондық окулықта тесттің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар.

Тест соңында оқушы  өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көре алады және бағасын да көреді. Білім беруде «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сызба нұсқалары арқылы береді. Оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркем безендірілген. Оқушылар білімі автоматты түрде бағаланады.

Әр модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материалдардан, есеп шығару үлгілері мен өз бетінше шығаруға арналған есептерден және бақылау жұмысынан тұрады. Оқушылар үшін - электрондық оқулықтар мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе. Бұл оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады. Модульдерде берілген алгоритм оқушыларға өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Мектеп лабораториясының көлемінде түсіндіру мүмкін емес құбылыстар мен тәжірибелер жетерлік. Оларды компьютер көмегімен көруге болады. Мысалы: ғарыштық және микроәлемдік масштабтағы құбылыстар, өте тез немесе баяу жылдамдықта өтетін процестер т.б.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі