Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа

Краткое описание

Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕ.docx

— 351.55 Кб (Скачать документ)

     Егер де медицина адам ағзасын  аурудан сауықтыру үшін емдейтін  болса, валеология денсаулықты сақтау мен күтуге, аурудың алдын алуға үйретеді, яғни ағзаны ауруға шалдықтырмауға мүмкіндіктер туғызады.

     Яғни, валеология денсаулықтың  механизмдерін тануға мүмкіндік  береді, денсаулықтың ауытқуын ерте  анықтайды, әлі ауру белгілері  байқалмай түрып, ол ағзаның сақталу  мүмкіндіктерін қарастырады, алдын  алады. Сонымен, валеологияны онтогенезде  адамның денсаулығын сақтап күшейту  жайлы ғылым деп те санайды. Бұл дұрыс ұғым емес. Себебі, ауруға  шалдыққан адамдар да денсаулығын  сақтап, нығайтуы қажет.

    Валеология термині қазір баршаға таныс. Бірақ та оның шығу тегі, тарихы, ғылыми жетістіктері және мақсаты мен міндеттері жайлы әркім біле бермейді. Сонымен қатар, қазіргі өмірдің өзі валеологияның дамып өркендеуіне себептер мен мүмкіндіктер туғызып отыр [3].

    Профессор Г.К.Зайцевтің анықтамасы бойынша, валеология дегеніміз адамның өмір салтын сауықтыру арқылы адамның денсаулығын басқару.

    Валеология - салауатты  өмір сүрудің негізі. Валеологиялық  білім санитарлық ағарту мен гигиеналық тәрбиеден, адамды өз денсаулығын күтуге үйрететіндігімен ерекшеленеді. Жеке тәжірибе мен Қазақстан Республикасындағы валеологиялық білімнің талдануы валеологияда әзірге қателік әдістерінің басым екендігін көрсетіп отыр.

    Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының "Денсаулық баршаға" бағдарламасы бойынша денсаулықты  нығайту мәселелеріне байланысты  сүрақтардың шешімін үйден, мектептен, өңдірістер мен мекемелерден, яғни, адамдар өмір сүріп, білім алып, еңбек ететін аймақтардан іздеу керек.

    Қазіргі күнде біздің  мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына үмітіміз сенімді емес, ал адамдардың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасы әлі дүрыс қалыптаспаған. Сондықтан да халықтың көпшілігі денсаулықтың дұрыс қалыптасуына көп көңіл бөлуі қажет, әсіресе жасөспірім балалар.  Бұңдай қадам қазіргі заман талабына сай валеологиялық білімді методологиялық және әдістемелік қамтамасыз етуді қажет етеді. Валеологиялық білімнің аяқтануына негізінен кедергі туғызатын валеологиялық концептуалды негіздердің аталуының әрекетілігі болып отыр.

    Білім беру бағдарламалары  көп дағдарыстарға ұшырады, яғни ол валеологиялық білім беру сапасына жақсы әсер етті деп айта алмаймыз.           Кейбір мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында валеология пәнін арнайы мамаңданған мамандар беріп жүрген жоқ, олар балаларға дәл емес ақпаратты жеткізеді. Бұл іс әрекетпен адамның денсаулығын басқарудың негізгі принципі бұзылады. Калыптасқан жалпы мамандыққа сай тілдің болмауы оқу және әдістемелік әдебиеттердің сапасына да өз ықпалын тигізді. Оқу құралы ретінде оқу әдістемелік кеңестердің экспертизасынан өтпеген, апробацияланбаған әдебиеттер білім беру барысында жиі қолданылады.

    Валеологиялық білім  беруде мұндай қарым-қатынас нәтижесінде валеология  оппоненттерінің сын-ескертпелеріне жол берілуде.

    Бір айта кететін жайт, мектеп  басшьшары валеологтардың, білім саласында жүмыс істейтін мамандардың айтуьнша, қажетті оқу әдістемелік материалдардың жетіспеуіне қарамастан, валеология қазіргі заманның пәні, ол балалардың денсаулығын қалыптастыруға және тәрбиелеуге өте қажет.  Кез-келген тақырыптар, қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру, тиімді тамақтану және психологиялық өзіндік реттеу және т.с.с. валеологиялық өзекті мәселелердің паллиативті шешімі болып табылады.

    Мұның барлығы валеологиялық білім беру аспектілерін кешенді түрде оқу кезінде қалыптасуы керек. Валеологияның дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру стратегиясын жасау үшін негізгі арнайы жолдар, түсініктер, анықтамалар мен критерийлер қалыптастыру керек. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбында «аспект» деген ұғымға түсініктеме беру қажет еді. Енді сол ұымға тоқтала кетейік.

«Аспект» ұғымы (құбылыс,фактілерді түсіндіру)  жаңа мағлұматтар істің басқа жағдайда екендігін түсіндіреді [4].

     Әлеуметтік гигиенаға тән салауатты  өмір салты мен денсаулықтың  алғы шарттары практикада қолданылуда.

     Қазіргі уақытта салауатты өмір  салтын қалыптастырудың барлық  кезеңдеріне сәйкес критерийлері  жасалуда. Жаңа критерийлерді дәрігерлер, педагог — валеологтар, социал — гигиенистер, биологтар, психологтар және т.с.с. жасаулары керек.

    Валеологияны медициналық және педагогикалық деп бөлуді шартты деп қабылдау керек, бұл педагогика мен профилактикалық медицинаның бірігуінен туған.

    Валеологиялық білім беруде педагогикалық қадам ерекше орын алады, оған валеологиялық білім беру ерекшеліктері барысында интерактивті әдістерді қолдану жатады. Валеология ғылымының дамуы салауатты өмір салтын қалыптастыру секілді мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болуы керек, ол ұлттық генофондтың бұзылуының алдын алады, адамның адамгершілік физикалық, психикалық, соматикалық және репродуктивті мүмкіндіктерін арттырады.

   Салауатты өмір салты іс әрекетті  тәрбиелеу арқылы және бейімделу  арқылы денсаулықты басқара білу, сондықтан да бұл іс әрекет  білім беру жүйесінің педагог  мамандарының қызығушылығын тудырады. Педагог маман баланың, жасөспірімнің  бойында қажетті мотивацияны  ұялатады, ол күнделікті қажеттіліктерден  түрады және оған қажетті білімді алуға мүмкіндіктер молынан туындайды. Педагогтар мен оқушылар бірлесе отырып салауатты өмір салтын қалыптастырудың моделін жасаулары керек. Ата-аналар, педагогтар, білім және спорт қайраткерлері осындай модель бола алады. Бірақ та ондай адамдар табу оңай емес.

    Өкінішке орай, қоғамдағы көпшіліктің денсаулық мәдениеттері өте теменгі деңгейде, оған басты себеп ақпарат өнімдері мазмұны мен формасы жағынан дұрыс тәрбие бермейді. Сол себептен валеология негіздерін үздіксіз білім беру барысында мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғарғы оку орындарында оқыту қазіргі танда озекті мөселе болып отыр.

Жаңа өз бетінше дамып келе жатқан адам денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған ғылымның қалыптасу жолдары мен тәсілдері қажет екендігі мәлім болды, бірақ та салауатты омір салты жайлы білім әр түрлі халықтың дәстүрлер мен тіршілігі және ұлттық медицинадағы ерекшеліктері эмпирикалы болды, яғни ұзақ жылдар бойы оның ғылыми негіздемесі болған жоқ. Жоғарыда айтылғандай, валеология ғылымының зерттеу пәні адам денсаулығы болып табылады.

Сондықтан да денсаулық түсінігі анықталмай, валеология ғылым  ретінде, сонымен қатар, профилактикалық медицинада тіршілік ете алмайды. Көптеген, 600-ден астам ғалымдар денсаулық ұғымына анықтама бермекші болған.

БДДСҰ-ның берген анықгамасына 50 жыддан астам уақыт өтті, ол да дәл емес және оның үстіне  ол ескірген анықтама. Мысалы  профессор А.А.Остроумовтың айтуынша, «денсаулық — ортаның талабы мен ағза күшінің арасындағы тепе-теңдік күйі». Кіші медициналық энциклопедияда келесі анықтаманы береді, «денсаулық — бұл ағзаның табиғи күйі, өзін-өзі реттеудің жетілген күйі, барлық мүшелер мен жүйелердің гармоникалық түрде әсерлесуі және қоршаған ортамен динамикалық түрде тепе-теңдікте болуы».

    Подфизиологтардың айтуынша  «денсаулық түрлі қоғамдық және еңбек іс әрекеттеріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін тіршілік».

    Профессор В.П.Казначеев айтуынша, «денсаулық дегеніміз биологиялық және физиологиялық функциялардың сақталып дамуы, максималді түрде тіршілік ету барысында адамның оптималды еңбекке және әлеуметтік белсенді /Новосибирск қаласынан/ денсаулыққа келесідей анықтама береді: "денсаулық-бұл біртұтас, көпқырлы динамикалық күй позитивті және негативті жақтарды қосатын/, әлеуметтік және экономикалық орта жағдайында генетикалық потенциалдық жүзеге асыру кезінде дамитын және әрбір адамға өзінің биологиялық және әлеуметтік пункцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін күй".

Жоғарыда айтылған анықтамаларды ескере отырып, профессор В.В.Колбанов мына нәрсеге ерекше көңіл беледі: "адам денсаулығы ол тіршілік ету күйінің үздіксіз жалғасуы, бүл кезде ағза өзін-өзі реттеп отырады, гомеостазға қолдау көрсетеді, соматикалық және психикалық статусты өз-өзінен жетілдіреді, мүшелер мен жүйелері оңтайлы қарым-қатынаста болады, қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделеді, әр түрлі биологиялық және әлеуметтік функцияларды орындау кезінде фенотиптік талаптарға сәйкес резервті компенсаторлы механизмдер пайдаланылған [5].

Жоғарыда аталған белгілердің кез-келгенінің болмауы жартылай немесе түгелдей денсаулықтың бұзылғандығының белгісі. Толық денсаулықты жоғалту өлімге тең".

Өзінің көлемділігі мен күрделілігіне қарамастан бұл анықтама денсаулық ұғымына толық объективті түсінік береді. Казіргі кезде денсаулық жүйесін қалыптастырмай тіршілік ету мүмкін емес, ауруды анықтау мен емдеуге негізделген денсаулық сақтау ұйымы және индивидтік денсаулығын қалыптастыруға дәрменсіз болып, олардың бойында оз денсаулығына деген немқұрайдылықты қалыптастырады. Медицинаның қай қайсысы да білім берудің орынын толтыра алмайды, ауруды қалыптастыру оңай, емдеу қиын. Егер де білім берудің мақсаты адамды дамыту болса, қазіргі мына жағдайда мектептегі білім беру мен тәрбиелеудің басты бағыты ол салауатты Өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау мен нығайтуға үйрету.

Балалар мен жасөспірімдердің бойында салауатты омір салтын калыптастыру кез-келген педагогтың міндеті. Басқа да облыста мектеп басшылары өз мектептерінде валеология кабинеттерін ашқан, оны көрнекілік құралдар мен әдебиеттермен және техникалық қүрал-жабдықтармен жабдықтаған. Бұл құрылған валеологиялық кабинеттер валеологиялық білім тәжірибесі мен дағдысын жинақтауға мүмкіндік береді, теориялық және практикалық негіздері қаланады, ал ғылыми зерттеу жұмыстарын жұргізуге алған білімдерін тереңдете түседі.

Валеологиялық білім беру мен тәрбиелеуді үйлестіру үшін аудандық білім беру қызметі мен немесе әдістемелік кабинеттерде Санкт-Петербург қаласындағыдай арнайы валеолог маманын жүмысқа алу керек. Олардың міндеті мектептерге әдістемелік және консультативті көмек көрсету, әдістемелік жүмыстардың тиімділігін анықтап, валеологиялық білім берудің жаңа технологиялары бойынша тәжірибелерін тарату, интерактивті әдістемелерді үйрету және т.с.с. Бұрынғы одақ кезінде еліміздің педагогикалық жоғарғы оқу орынында студенттер арнайы медициналық курстарда оқыған. Оны аяқтаған соң бітірушілерге "запастағы медбике" деген куәлік берілген. Өкінішке орай, мүндай курстар еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарыңда қазір оқылмайды.   Сондыктан да Қазақстан Республикасында валеологиялық білім беру барысында мұғалімдерге жалпы валеологиялық білім беру пісіп жетілді, мүмкіндік туды.

Елбасының "Қазақстан 2030" стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚР Үкіметі 1999 жылдың 30 маусымында №905 бүйрықпен "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы бойынша шешім қабылдады [6].

  1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша арнайы бағдарламаны жасап, оларды мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке, орта және жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізу.
  2. Валеология пәнін оқытудың базистік жоспарына енгізу.
  3. Барлық деңгейде санитарлы гигиеналы білім беру сапасын арттыру.

ҚР Үкіметінің шешімімен 2002 жылдың 29 желтоқсанында №1446 бүйрығының негізінде жасалған шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайлы салауатты өмір салты дағдысына үйретуді мектептерде, арнайы орта және жоғары оку орындарында күшейте түсу. Жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейін білім беретін мекемелерде 95% балаға, орта және жоғары оку орындарында 55-64% студенттерге валеологиялық білім берілуде. 1998-2001 жылы жасалған екінші үлттық зерттеу нәтижесінде 11-14 жастағы топтар арасында темекі тарту 6% төмендеген, 15-17 жас аралығында 10,0% төмендеген. 18-19 жастағы топтарда 6% төмендеген.

    Дәл осындай жас ерекшеліктерде  спирттік ішімдіктерді ішу 15,8% төмендеген. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балалардың іш ауру инфекциясы мен тыныс алу респераторлары ауруларының саны азайған.

    Біздің ойымызша, валеологиялық  білім беру өсіп келе жатқан жеткіншектерге салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді, өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін арттырады. Валеологиялық сауаттылық қарапайым деңгейде өз денсаулығына анықтама жасауға мүмкіндік береді, әлеуметтік статусты нығайтып, денсаулық деңгейін жоғарылатады.

    Салауатты өмір салтын  қалыптастыру процессі шағын  топтарға арналған, қысқа мерзімді  науқан емес, керісінше кең ауқымды  қоғамдық құбылыс, оның дамуы  бірнеше ұрпақтарға жалғасады, мұны  педагог маман әрдайым есінде  сақтауы керек.

    Валеологиялық білім  берудің нәтижесін болжаған кезде, денсаулықтың жақсаруын күтуде  асығудың қажеті жоқ. Ол бір-екі  жылмен есептелмейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процессі ұзақ мерзімді және баяу процесс, бірақ та бұл қазіргі таңда денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі болып отыр [7].

Жоғарыда аталып кеткендей, Ұлттық Орталық өткізген екінші ұлттық зерттеудің нәтижесі бойынша, республикада окушылар арасында зиянды әрекеттерге әуестік, адамгершілік іс әрекетке қарама-қайшы құбылыстар, тыныс және ішек инфекциялары ауруларының төмендеп келе жатқандығын көрсетіп отыр. Мұндай кезде Н.Н. Амосовтың айтқан сөзімен келіспеу мүмкін емес: "денсаулықты сақтау үшін, жеке адамның өзіндік күш жігер, табандылығы қажет. Оны еш нөрсемен ауыстыруға болмайды".

Валеологиялық білім берудің мақсаты В.В.Колбасовтың сөзімен айтсақ "денсаулықты жоғалтпай білім алу, денсаулықты сақтау үшін білім алу" дер едік.Сондықтан алкоголь ішімдігін ішетін адамдардың жүрегі әлсіз болады.

  Жоғарыда  келтірілген түрлі теориялық  негіздеулер мен бағдарламаларды  басшылыққа ала отырып, Қазақстан  Республикасындағы валеологиялық  мектептердің  ұйымдасуының негізгі  принциптерін төмендегі сызбада  былай өрнектедік: /сызба1/             

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары