Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 07:00, дипломная работа

Краткое описание

Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................3
І тарау. Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері..............5
1.1.Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері............................5
1.2.Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері..........10
1.3.Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.......................................................................................................14
ІІ тарау. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары..............19
2.1. Тәрбие әдістері және оларды топтастыру...............................................19
2.2. Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану..............................................................................................................33
2.3. Тәрбие құрал – жабдықтары мен формалары........................................42
ІІІ. Қорытынды....................................................................................................49
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................51

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қазіргі-педагогикадағы-тәрбие-әдістері-құралдары.doc

— 238.50 Кб (Скачать документ)

Тәрбие формаларын іріктей отырып, дәл мезеттегі нақты тәрбие міндеттері мен тәрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс - әрекет түрлерін; тәрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажеттерін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар және  ата – аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Тәрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс - әрекет әдіс, тәсіл, жол – жобаларын пайдалануды қажет етеді және бұлардың бәрі сол әрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Қорыта келе, барлық нәрсенің өлшемі – адам, оның жан – жақты тәрбиесі қайта құру процесінің бұлжымас заңына айналып отырған қазіргі кезеңде тәрбие әдісі теориясын және практикасын одан әрі жетілдіру актуалды мәселе екені айқын.

Қазіргі кездегі тәрбие әдісінің негізгі мәні – жеке адамды жан – жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын тәрбиенің әдістерін жетілдіру.

Бүгінде педагогика ғылымы теориясында тәрбие әдістеріне берілген анықтамада ортақ пікір қалыптаспаған. Оған дәлел педагогикалық еңбектерде тәрбие әдістеріне берілген әртүрлі сипаттағы, мазмұндағы түсініктемелер.

А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды.

Т.А.Ильинаның «Педагогика» атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама тәрбиешінің оқушылардың бойында социалистік көзқарасты және мінез – құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.

Ал, Т.Е.Конниковтың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылдайды. Тәрбие әдістеріне берілген мұндай әртүрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онды:

  • жеке басқа ықпал ету құралы;
  • тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
  • тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
  • тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз.

Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат – міндеттеріне сай  оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету, жағымды мінез – құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс - әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал – тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.

Мысалы, жаттығу әдісі: бұйыру, нұсқау, көрсету, үйрету, жаттықтыру, тапсырма, ақыл – кеңес беру тәсілдерінің жиынтығын құраса, мадақтау немесе жазалау, алғыс немесе сөгіс жариялау, сыйлық беру, қабырға газетіне шығару, талап қою, теріс қылықтарды тежеу, жолдама беру, т.б. ынталандыру амалдарынан тұрады.

Тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді бола тұрып, оның әрекетін, тәрбиелік мәнін анықтайды. Тәрбие ықпалдың нәтижелі болуы тәрбие құралдарын  дұрыс қолдану, таңдай білуге де байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Әбенбаев С.  «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004ж.
  2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005ж.
  3. Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы: Учебное пособие. – Ростов н\Д: Издательский центр «МарТ», 2002ж.
  4. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы.  – Алматы: Мектеп, 1987ж.
  5. Әмірәлиева Ш. Аға ұрпақ тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982ж.
  6. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері (5-лекция). – Алматы, 1991ж.
  7. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алматы, 1991ж.
  8. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу. – Алматы, 1991ж.
  9. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы.  – Алматы: Мектеп, 1987ж. 2-тарау.
  10. Кочетов А.Г. Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуі. – М.: Просвещение, 1967ж.
  11. Үрзімұлы Ф. Балаға тәрбие керек. \ «Қазақстан мұғалімі», 24 желтоқсан, 1993ж.
  12. Серімов С. Тәрбие бастауы.  \ «Қазақстан мұғалімі», ақпан, 1996ж.
  13. Жұмабаев Ә. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері. – Алматы, 1974ж.
  14. Аймауытов Ж. Тәрбие. «Қазақстан мектебі», №5, 1989ж.
  15. Ералиева М. Дәстүрлі мектебімізді ізгілендіру жолдары. \ «Қазақстан мектебі », №10, 1999, 38-42 беттер.
  16. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп», 2002ж.
  17. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
  18. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы.  – Алматы: Мектеп, 1987ж. 3-4 тарау.
  19. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
  20. Сухомлинский В.А. Мектептің жас директорымен сырласу. – Алматы, 1987ж.
  21. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. \Құрастырған Ж.Н.Нұржанова. – Алматы, 1991ж. – 29 бет.
  22. Қабатай Б. Дидактикалық материалдар. Алматы, 1999ж.
  23. Педагогическая энциклопедия.  – М.: Просвещение, 1964ж.
  24. Россиская педагогическая энциклопедия. – М.: Просвещение, 2001ж.

 

 

 

 


 



Информация о работе Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары