Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары туралы қазақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 10:17, реферат

Краткое описание

Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі — өнегесінен нәр алары анық.
Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 95.00 Кб (Скачать документ)

Ертегілер өз кейіпкерлерін өмір мұратына, адам бақытының ең биік шыңына жетумен  аяқталады. Ертегі балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады.

Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, “Ер  Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда  шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін  және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.

Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды  аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен  адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі.

“Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер  толық сақталады. Ер Төстіктің өзі  – асқан күш иесі емес, жүректі  жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі  мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре,   Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.

“Ер Төстікте” кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. “Ер Төстік” әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған. Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстарша басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген ел жылқысын алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-кмпірдің ашығуы- бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс — “Шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі”. Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сөрқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі. Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады.

Жылан патшасы бапы Ет Төстікпен  достасып, оны жер астының патшасы Темір ханға жұмсайды. Ертегі оқиғасы қиындай, шеленсе түседі. Темір ханға беттеген сапарында: шаужұқпас, Саққұлақ, Таусағар, Көлтауысар, Қиян-қырағы тәрізді. Жақсылық иелері болмаса, Ер Төстіктің не болары белгісіз еді. Қиын жағдайда көмектесу үшін және зұлымдық өкілдерін Ер Төстіктің жеңіп шығуы үшін енгізілген бұл эпизодтық қаһармандар, бір жағынан, ертегіге қиял-ғажайыптың сипат берсе, екінші жағынан, темір хан мен Кенде ханды қалай жеңгеніне дәлелдеме болып отыр.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі – Ер Төстіктің жер бетіне шығып, шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен  бітеді. “Ер Төстік” ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның әрқайсысы – жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттепрдің бәрін жеңіп шығады да, “барша мұратына жетеді”. Бқл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін  тұрақты шешім.

Сонымен қатар, “Тазшаның қырық  ауыз өтірігі”  ертегісінде ханның: “Қызымды мүдірместен қырық ауыз өтірік айтқан өтірікшіге беремін”,-деген хабарын естіп, талай байдың ханның қызынан дәмелі көптеген мырзалар келеді, бірде-бір қойылған шартты орындай алмайды, мұны тек тазша бала орындайды. Ол өзінің әңгімесін “мен анамның құрсағында жатқанда, тумаған атамның жылқысын бақтым” деп бастайды да, адамға таныс жанды жансыз табиғат дүниесінің барлығын қосады. Барлық әңгімесінде бір ауыз шындық қоспай, бір оқиғадан екіншісін тудыра отырып, барлық өтірік әңгімелерін  тапқырлықпен айтып береді. “Бұл әңгімелерде әдейі даярлап келген екен, мен оны мүдіртейін”,- деп оқыс сұрақтар қояды. Ханның бәйтерегі қысқа шығар деген сұрағына “болса болар, түбінен ұшқан күйкентай басына кещке жетіп, қонушы еді”,-дейді, “Құдығың тайыз шығар” дейді, дегенде “болса болар, ертемен тастаған тас түбіне кешке жетуші еді” деп жауап қайырады. Тазшаның “тазша” деген аты болмаса, оның халық арасынан  шыққан алғыр, ақылды, тапқыр бала екендігін көруімізге болады. Ол өзінің ақыл-өнері арқасында көптеген қиын жағдайлардан, ауыр халдерден аман есен құтылып, сан алуан сындардан мүдірмей өтеді. Ертегілердегі Ер Төстік, тазша бала, Аяз бидегі жаман арқылы, адамды ақылды  жасайтын еңбек екенін көрсетуді мақсат ететіндігін көруімізге болады.

Ертегіде өмір мұратына жету үшін ең керек нәрсе адам үшін ақылдылық  екені айтылса да, сол ақылдылыққа  жетудің жолы еңбек деген  түсінікті  аз сөзбен ғана беріп отырады.

Сонда ертегінің жасаушының басты  мақсаты — өмір мұратына жеткізетін ақылдылықты толық дәлелді  көрсете білу ме, әлде өмірдің мәні сайып келгенде, еңбекпен ғана байланысты екенін ұғындыру ма, деген сұрақ туындайды.

Қазіргі қазақ ертегілерінің ішкі мазмұнына  қарай отырып, бұл сұраққа, менің ойымша  екі түрлі жауап беруге болады. Біріншіден ертегіні жасаушы – халық даналығы  өмір мұратына жетудің басты жолы ақылдылық екенін бірінші кезекте, сол ақылдылықтың өзін еңбекпен байланысты екенін қысқа болса да ертегіде дәлелді міндетті түрде берілуі, ертегінің сол кездегі өмір жағдайын толық көрсете білуі.

Екіншіден, ертегіде өмір мұратына жетудегі еңбектің мәнінің жеткілікті, толық  көрінбеуі, керісінше, ақылдылыққа  үлкен орын берілуі, ертегі жасаушының өзі,  бұл мәселеге толық жауап беруге әзір емес сияқты.

Халықтың аңыздан – аңызға тараған ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, әділеттілік пен әділетсіздік қатар бейнеленеді.  Арамдық пен жауыздық апатқа ұшырап, жеңіліп, жақсылықтың үнемі жеңіске жетуі халықтың бақытты бейбіт өмір аңсағанын көрсетеді. Ертегіні оқыту барысында қандай қиыншылық болса да, қарсы тұра білу, еңбек адамының қадірлеу биік адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Ана тілі сабағында ертегілерді оқыту барысында “бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді” деудің қажеті жоқ, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді. Оқушыларға кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде  ертегілердің берер пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте айқын белгілерді көрсететін, анық, түсінікті болып келеді. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен жазылады, мазмұндалады.кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның  мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер әртістердің орындауында фонохрестоматияны пайдаланса тіпті жақсы. Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, өз беттерінше бақылау жасатып үйрету керек. Кейбір ертегілерді сахналап, қуыршақ жасатып сыныптан тыс жұмыстарды орындауға болады. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Ертегілердегі көркем бейнелі сөздердің, сондай-ақ оқушыға түсінуге  қажет болатын сөздер мен тіркестердің кездесетіні  мұғалім әр кез көңіл аударуы тиіс. Сөз мағыналарын ашып, анықтап түсіндіруде түрлі тәсіл қолдануға болады.

а) сипаттама түрде түсіндіру  тәсілі бойынша сөздер семантикалық табиғатына орай қысқаша, кейде толық, жан-жақты түсіндіріледі.

ә) сөз мағыналарын анықтауда қолданылатын екінші бір өнімді жол-синонимдік тәсіл.

б) аралас анықтама – сипаттма түріндегі  анықтама мен синонимдік анықтаманың  аралас берілуі арқылы көрсетіледі.

Адамгершілік  тәрбиесі – коммунистік тәрбиенің  ең күрделі саласы.  Мораль ережелерін жас өспірімдердің мінез-құлық дағдысына айналдыру, олардың рухани және дене күші қабілеттерін барлық жағынан жетілдіріп дамыту  құрылыстың ең басты  талабы болып саналады. Адамға қамқорлықпен қарау, өзіне де өзгеге де жоғары талап қоя білу, қоғам мен ұжым алдындағы жауапкершілікті терең түсіну сияқты сезімдер адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптасады. Қоғамда адамгершілік тәрбиесі оқушының бойына  берік моральдық сезім мен өнегелі мінез дағдыларын қалыптасрыуды көздейді, жас өспірімдерді жоғары адамгершілікке тәрбиелеуде балаларға арналған көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Олар миллиондаған адамдарды жігерілендіріп, қуанышқа бөлейтін қайнар-бұлақ болып қызмет етуге, сол адамдарыдың еркін, сезімі мен ой-пікірін білдіруге, олардың идеялық жағынан баюына және адамгершілік тәрбие алуына қызмет етуге тиіс.

Көркем  шығарма өзінің эмоциясының әсері  арқылы балаларда адамгершілік сезімдердің  қалыптасуына  көмектеседі. Адамгершілік сезім адамгершілік іс-әрекеттің басты көзі. Сондықтан адамгершілік тәрбиесіне А.С. Макаренко ерекше мән берген. Жастарды нағыз мінез-құлыққа тәрбиелеу дегеніміз – олардың адамгершілік сезімін тәрбиелеу деп атап көрсеткен болатын. Көркем шығарма  оқушыларға өмір  сырларын образ арқылы танытып, жас өспірімдердің  моральдік түсінігін қалыптасуына, баланың бойына  жоғары адамгершілік сапаларының берік ұялауына ықпал етеді. Оқушыларға көркем шығарма оқуға  ынталандыру жас өспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу жұмысының маңызды буыны болып саналады.

Дүниедегі адамның жеке басынан күрделі  де бай ештеңе жоқ. Оны жан-жақты дамыту адамгершілік жағынан жетілдіру – тәрбиенің  мақсаты. Бұл мақсатқа жету жолы да адамның өзі сияқты күрделі.

Адамгершілік  тәрбиесінің бағдарламасы дегеніміз  – бейнелеп айтқанда, біздер педагогтар, адам болып шыға алатын тіршілік иесін қалыптасырып, жасап шығаратын жоба. Бұл адам жүрегінде ізгілік жасау программасы. Тәрбие программасын жасағанда оны жүзеге асыру үстінде де  бүкіл адамгершілік қасиет – дүниетаным мен сенім. Тәрбие жұмыстарының программасы жас өспірім жүрегіне қоғамымыздың рухани байлықтарының қазынасы адамгершіліктің, үлгі-өнегені қайнар көзі, жарық жұлдыздары болып табылатын адамгершілік  мұратын ашып көрсету керек.

Қазіргі оқу-тәрбие жұмысының өмірдің өзі  алға қойып отырған өте маңызды  проблемасы – адамгершілік пен білімнің, рухани мәдениет пен білімділіктің өзара байланысының проблемасы.

Теориялық білімді меңгере отырып, оқушы  адамгершілік жағынан тәрбиеленеді. Егер оқыту мен тәрбиелеу проблемасы осылайша оп-оңай шешілетін болса, оның шешілуі сабақтарда алынатын білімнің мазмұны мен көмегіне байланысты болса, қазіргі адамның, әсіресе жеткіншек ұрпақтың адамгершілігі және саяси идеяларға толы екені соншалық, бұл идеяларды сенімге, жеке адамның рухани игілігіне  айналдыру адамгершілік тәрбие міндеттерін шеше алады деседі.

Адамгершілік  тәрбие беруге басшылық ету мектеп өмірінде әрбір тәрбиеленушінің  әлдекімге қамқорлық жасап, әлдекім  үшін күйіп-пісіп, мазасыздануынан, әлдекімге  өз жүрегін арнауынан көрінетін бір қарағанда байқала бермейтін моральдық күш жасау деген сөз. Осы арада біз адамгершілік тәрбиенің мынадай бір қағидасына келеміз: адамды тәрбиелейтін орта жасалып, үнемі байытылып отырғандықтан ғана алдын ала ықпал жасау құралдары тиімді болады.

Адамгершілік  тәрбие берудегі өте нәзік, күрделі  және қиыл нәрсе — әрбір шәкірттің жолдасына жақсылық жасауына, қуаныш әкелуіне, осы жол – пәнінің творчествасында адамға деген қажеттілік – оқушының бір-біріне шынайы терең ықыласты жетелеу.

Бастауыш  сыныптардың мұғалімі адамның жақсы  және жаман мінез-құлқын баланың  ажырата білуін күн сайын дерлік үйретіп отырады. Адамгершілік туралы түсініктер анықтама берілмесе де балаларда осылай біртіндеп қалыптасады. Балалардың істерінде адамгершілік ұғым көпшілік пайдасына, олардың қоғамдық мінез-құлқына қарап игеріледі, демек адамгершілік мінез-құлыққа дағдыланумен толықтырылып отырылады. Адамгершілік түсінік пен мінез-құлық бірлігі адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігінің негізгі көрсеткіші.

Адамгершілікке  тәрбиелеудің жетістіктері, оқу-тәрбие жұмысының басқа да түрлері сияқты, көбінесе жүйелілігі мен анықталады.

Мұғалім 1-сыныпта бәрінен бұрын қайырымдылық пен әділдік туралы түсінікті  қалыптастыруға баса назар аударады. Қайырымдылықты адамдарға  ілтипатпен, ниеттестік пен қарау деп әділдікті өзінің және  басқалардың мінез-құлқы мен пікірінде объекті түрде адамгершілікпен баға беру деп түсіну керек.

2 сыныпта оқушылар алдында қайырымдылық  пен әділдік, жолдастық пен  достастық ұғымдарының шеңбері  ұлғая түсіп, оның үстіне ұжымдық   пен ортақ іске жеке басты жауапкершілігі туралы түсініктер қалыптасады.

Төменгі сыныптарда адамгершілікке тәрбиелеу  мазмұнындағы көзқарастардың кейбір қайшылықтарына қарамастан, бұл жұмыстың дәрежесі туралы әңгіме болып отырғанда олардың  біртұтастығы мүлде айқындала түседі. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін  орта мектепте оқып үйренген кезде, олардың адамгершілікке сенімі қалыптаса түсуі керек. Адамгершіліктің күрделі ұғымы мен категориясы бүкіл қоғамдық тарихи тәжірибені қайта өңдеуден және жете түсінуден шығуы ықтимал және ол жеке тәжірибеден алынған сияқты мораль туралы ғылымды игеру нәтижесі болып табылады.

Сондықтан адамгершілікке тәрбиелеу санасы қалыптасуына басшылық ету  — демек, оқушыларды этикамен қаруландыру деген сөз. Бірақ, бұл ережелермен  келісе отырып, адамгершілікке тәрбиелеу ұғымын  қалыптастыру міндеті төменгі сыныптарда толық шешіле алмайды, өйткені балалар өздерінің білім дәрежесі жағынан да, өмір тәжірибесі жағынан да бұдан әзірленіп болмаған. Міне сондықтан да төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеп білім беру ең алдымен олардың адамгершілік тәрбие жағынан ұғымы болуын, адамгершілік тәрбиесін сезініп, бұл жөнінен тәжірибеде де болуын керек етеді.

Адамгершілік  тәрбиесі түсінігі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің  негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.

Біз талдап өткен адамгершілікке тәрбиелеудің кемшіліктерін жою мектеп бағдарламаларының  мазмұнында ізі қаланған тәрбие берудің мүмкіндіктерін толық және тиімді іске асыруға жағдай жасайды.

Информация о работе Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары туралы қазақша