Адамгершілік туралы педагогтардың пікірлері, адамгершілік тірбиенің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 07:30, курсовая работа

Краткое описание

Халықтық педагогиканың оқушыларды оқытуға, тәрбиелеу мен дамытуға мүмкіндіктері шексіз, өйткені, жеке адамның барлық, компоненттеріне (танымдық, эмоционалды-жігерлілік, практикалық, мінез-кұлықтық т. б.) әсер етеді. Оның үстіне бүкіл шетелдік тәжірибе халықтың мәдениетіне сүйену қажеттігін қуаттаса, ал біздің мемлекетіміздің (бұрынғы ҚСРО) тарихи тәжірибесі оку-тәрбие процесін халықтық педагогикадан бөліп алудың теріс әсерін көрсетіп берді. Сондықтан халықтық педагогиканы оқу-тәрбие процесінің әдіснамалық негізі деп есептеуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3
1 Адамгершілік туралы педагогтардың пікірлері, адамгершілік тірбиенің мазмұны............................................................................................................4
1.1 Ы.Алтынсарин, Әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары.................................................4
1.2 Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары...........................9
2 Рухани – адамгершілік тәрбие беру мәселелері........................................14
2.1 Діни – рухтық тәрбие......................................................................14
2.2 Қыздар тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау................14
2.3 Тәрбие сағаты – «Адамгершілік тәрбиесі»..................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адамгершилик.doc

— 470.00 Кб (Скачать документ)

Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсақ.

• Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.

•  Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.

•  Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, қуын қастерлей білуі, ұғынуы.

•   Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.

Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінін, орны ерекше.

Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде Мұхтар Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ұсынамыз.

"Тағдырыңды тамырсыздық індетінен  қалқала

әр адамнан өз анасынан басқа

жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек қүдіретті төрт ана:

Туған жері — түп қазығы айбыны,

Туған тілі — сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,

Қадамына, шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да

Төрт анаға жағдай жасай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана — тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.

Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр.

Халқымыздың рухани бейнесін әдебиет, өнер, ғылым, мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар, т.б. бейнелейді.

Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқаы халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет.

Жетілген мінез-құлық үш нәрсенін, - жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге болады:

Адамгершілік тәрбиесі

Міндеттері.   Мазмұны мен негізгі бағыттары.

1. Халықты азаматтық, гуманистік  рухта тәрбиелеу.

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе". М.Әуезов.

 

 

 

 

 

 

 

Схема 2

 


 

 

 

 

2  Рухани – адамгершілік тәрбие беру мәселелері

 

2.1  Діни – рухтық тәрбие

Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моралдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдың "ғылымхалін", Абайдың "Қарасөздеріндегі" діни-рухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланық өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

 

   2.2    Қыздар тәрбиесі.  Жастарды отбасы өміріне даярлау

Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтыдығымен, әдепті-ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көзінің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгергіштігін ескере отырып, "қырық үйден тыю" керектігін үнемі ескеріп отырған.

Сүлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін үй ішілік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді өнерге баулуды-бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті санаған.

Халқымыздың ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі - акыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға түспалдап, астарлап жеткізу. Мысалы, "Келінім саған айтам, қызым сен тында.

Қыз тәрбиесінде-күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды, аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру,үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.

Әдепті қыз үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды.

Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болады. Мінез-құлық төлімі, бойжеткеннің мінез-құлқы, психологиясы туралы жазылған, жақсы ақыл-кеңестер беретін кітаптар: Ж.Байжанова "Қызым саған айтам"(Алматы, 1985 жыл); А.Хрипкова, Д.Колесов "Ұл өссе, қыз өссе"(Алматы 1988 жыл); И.Қарақұлов "Қырық сұрақ" (Алматы, 1985 жыл).

Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты меселе. "Қыздың жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысңан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздың абыройы деп санаған.

Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.

Отбасы өміріне даярлау

Әр халықтардың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.

Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын байыптап жастардың жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру - қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы.

Бұл мөселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұүрындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.

Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге назар аударды.

•  Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбек сүйгіш адамгершілігі мол таза жүректі адаммен бас қосу. Жастық шақ - адам өмірінің ең қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі.

•  Жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет. Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында.

Абай келешегіне үміт еткен жастарды жұбайлық өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән береді. Отбасындағы тіршіліктің барлық жай-жапсарын, жетістік-кемістігін олардың алдарына жайып салып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге шақырды.

 

2.3    Тәрбие сағаты – «Адамгершілік тәрбиесі»

Тәрбие сағатының максаты окушыларға адамгершілік тәрбиесін беру, анаға, қыздарға, жалпы әйел затына ізгілік сезімдерін тәрбиелеу, мәдениетін эстетикалық тәрбиенін мәнін түсіндіру,

Бұған ең алдымен Ш.Қалдаяковтың " Ана туралы жыр" әнін алдық.

Бүгінгі күн - ерекше күн және келген қонақтарымыз да жай қонақтар емес - аналар. Сәби емірге келгенде өз сезімін уілдеген үнімен білдірсе, ер жете келе ерекше сезімді әнмен жеткізгісі келеді. Бүгінгі күн, аяулы аналар, сіздер үшін де себилеріңіз үшін де ерекше күн. Қиын да, қысылғаң кезде жылдамдылықпен, ақылмен, мейірімділікпен аялай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалықсезіміміз, алғысымыз, әсем өніміз, көңілді күйіміз, демалыс кешіміз сіздерге арналады.

Бүтінгі күн ерекше нұрын төге, бар дүние дүр сілкіне ұйқысынан оянған көктемнің алғашкы шуағын аялай шашып, аналарды, қыздарды шабытқа бөлеп, құлпыртып тұрғандай.

Міне, бұл бірінен-соң бірі сөз алған оқушылардың пікірі. Айтарлары көп бәрі де сезім дегеннің не екенің жақсы түсінеді. Әсіресе, ана мейірімін.

Ақ бата сұрап, Тілеушім болған!

Сүрініп кетсем, Сүйеушім болған!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Сыйынып өтер, Пірімсің, анам!

Таусылмас мәңгі, Жырымсың, анам!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Бойымдағы қанымсың, анам,

Кеудемдегі жанымсың, анам!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Өмірдегі аңғығым анам,

Шарықтаған шаттығым анам!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Өзіңмен жүрсем, Сапарым сәтті!

Бас қосып ішкен, Тамағым тәтті!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Даладай дархан, Пейілің сенің!

Көздерің толған, Мейірім сенің!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Кешіксем сәл-ақ, Минутты санап,

Жолымды тосқан! Айналдым сенен,

Айналдым, анам! Жайылған жастық,

Иілген төсек! Айналдым сенен,

Айналдым, анам! Тәттісін сақтап,

Аузыма тосқан! Атымды менің Әніне қосқан!

Міне, тамаша, оқушы сезімдері, анаға деген мейірімдері осылай жалғаса береді.

Тілім шығып алғаш рет,

"Ана" деп саған! Тіл қаттым анам,

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Көктегі күннен, Ыстықсың маған!

Өзіңе әркез, Ыстықпын анам!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

"Аспандағы жұлдызым" деген,

"Жағадағы құндызым" деген!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Жанымның менің, Жалауы сенсін!

Арманымның, Алауы сенсің!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Өмірімнің мәні де өзің,

Өрнегімнің сәні де өзің!

Бақыттың маған керегі қанша,

Қызығын бірге көрмесең өзің!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Атынды сенің, Жаттаймын анам!

Сенімінді Ақтаймын, анам!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!  

Тұлпардай баптап, Жарысқа қосқан!

Кірпігін ілмей, Жолымды тосқан!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Бәрінен акылды, Данамсың сен анам!

Құсың боп саялар, Панамсың сен анам!

Бұл оқушылар пікірі. Сабақ жалғаса берді. Расында да

Айналдым езіңнен, Айналдым, жан анам!

Бақытын менен, Табатын анам!

Көрпемді қымтап, Жабатын анам!

Айналдым сенен, Айналдым, анам!

Ақ сүтінді Өтермін анам!

Атынды көкке Көтерем анам!

Айналдым сенен, Айналдым анам!

Деген жолдар жан жүрегінді елжіретпей ме?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақтың халықтық педагогикасының асыл мұраларын (ауыз-екі поэтикалық, музыкалық шығармашылығы, сәндік-қолданбалы өнері) зерттеу, қазақ отбасының тәрбие дәстүрлерін талдау халықтың эстетикалық тәрбиені жүзеге асырудағы педагогикалық талаптарды, әдіс-тәсілдерді, амал-жолдарды, өзіндік ерекшеліктерді бүгінгі күнде көзден таса болып бара жатқан, бірақ өте қажетті деген дәстүрлерді баланы ерте бастан ұлттық қолөнерге баулу, туыстық байланыстар, отбасы ішіндегі қатынастар т. б.) көре білу оқытушыларға оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу ісін ойдағыдай жүзеге асыруға көмектеседі.

Ол үшін:

а)   халықтық педагогиканың озық идеяларын педагогикалық ғылым мен мектеп практикасы нысаналы түрде пайдалануы;

ә) бұл нысаналы бағыт тиісті нормативтік құжаттарда нақты көрінісін табуы;

б)   қазақ халқының мәдени мұрасы жалпы білім беретін   мектептердің оқу пәндерінің (тарих, география, әдебиет, музыка, еңбек, дене тәрбиесі және т. б.) мазмұнына еңгізілуі;

Информация о работе Адамгершілік туралы педагогтардың пікірлері, адамгершілік тірбиенің мазмұны