Адамгершілік туралы педагогтардың пікірлері, адамгершілік тірбиенің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 07:30, курсовая работа

Краткое описание

Халықтық педагогиканың оқушыларды оқытуға, тәрбиелеу мен дамытуға мүмкіндіктері шексіз, өйткені, жеке адамның барлық, компоненттеріне (танымдық, эмоционалды-жігерлілік, практикалық, мінез-кұлықтық т. б.) әсер етеді. Оның үстіне бүкіл шетелдік тәжірибе халықтың мәдениетіне сүйену қажеттігін қуаттаса, ал біздің мемлекетіміздің (бұрынғы ҚСРО) тарихи тәжірибесі оку-тәрбие процесін халықтық педагогикадан бөліп алудың теріс әсерін көрсетіп берді. Сондықтан халықтық педагогиканы оқу-тәрбие процесінің әдіснамалық негізі деп есептеуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3
1 Адамгершілік туралы педагогтардың пікірлері, адамгершілік тірбиенің мазмұны............................................................................................................4
1.1 Ы.Алтынсарин, Әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары.................................................4
1.2 Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары...........................9
2 Рухани – адамгершілік тәрбие беру мәселелері........................................14
2.1 Діни – рухтық тәрбие......................................................................14
2.2 Қыздар тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау................14
2.3 Тәрбие сағаты – «Адамгершілік тәрбиесі»..................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адамгершилик.doc

— 470.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ............................................................................................................3

1  Адамгершілік туралы педагогтардың  пікірлері, адамгершілік тірбиенің мазмұны............................................................................................................4

1.1   Ы.Алтынсарин, Әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың  адамгершілік тәрбиесі туралы  ойлары.................................................4

1.2  Адамгершілік тәрбиесінің  мазмұны, бағыттары...........................9

2  Рухани – адамгершілік тәрбие беру мәселелері........................................14

2.1  Діни – рухтық тәрбие......................................................................14

2.2    Қыздар тәрбиесі.  Жастарды  отбасы өміріне даярлау................14

2.3    Тәрбие сағаты –  «Адамгершілік тәрбиесі»..................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Халықтық педагогика проблемаларын тарихнама тұрғысынан зерттеу өткен заман тәрбиесінің, атап айтқанда, эстетикалық тәрбиенің тәжірибесін үйрену, тарихи дамудың барлық кезеңінде жүріп жатқанын дәлелдейді. Түрлі кезеңдер мен халықтардың педагогтары халық даналығының көрінісі ретінде ауызекі халық щығармашылығын және халықтық педагогиканың үлгілерін пайдалану жөнінде жемісті идеяларды аз ұсынған жоқ, халықтық туралы ғылыми жағынан толық негізделген түсінік пайда болды.

ТМД мен Қазақстан ғалымдарының халыктық педагогика саласындағы ғылыми еңбектерін зерттеп, талдау оларды ғылыми бағыттарына қарай жіктеуге және «халыктық педагогика» деген терминге анықтама беруге мүмкіндік берді.

Халықтық педагогиканың оқушыларды оқытуға, тәрбиелеу мен дамытуға мүмкіндіктері шексіз, өйткені, жеке адамның барлық, компоненттеріне (танымдық, эмоционалды-жігерлілік, практикалық, мінез-кұлықтық т. б.) әсер етеді. Оның үстіне бүкіл шетелдік тәжірибе халықтың мәдениетіне сүйену қажеттігін қуаттаса, ал біздің мемлекетіміздің (бұрынғы ҚСРО) тарихи тәжірибесі оку-тәрбие процесін халықтық педагогикадан бөліп алудың теріс әсерін көрсетіп берді. Сондықтан халықтық педагогиканы оқу-тәрбие процесінің әдіснамалық негізі деп есептеуге болады.

Ұлы ағартушылар халықтың ауызекі шығармашылығы мен үлгі-өнегесін халық даналығының көрінісі ретінде пайдалану жөнінде көптеген құнды идеялар айтты. Оларды өздерінің іс-тәжірибелеріне, еңбектеріне арқау етті, оның тәрбие саласындағы күшіне сенді. Ағартушылардың халық күшіне деген мұндай сенімге халық өмірін, Салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын жетік білуге, халыққа деген ыстық  сүйіспеншілікке негізделген еді.

1  Адамгершілік туралы  педагогтардың пікірлері, адамгершілік  тірбиенің мазмұны

 

1.1   Ы.Алтынсарин, Әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары

 

 

Схема 1

 

 

 

 

 

 

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.

Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.

Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.

Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.

Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.

Моральдың негізгі міндеті — адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адаммен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.

Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдың сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.

Адамгеріпілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.

Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.

бай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.

Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы қылықты, әділетшіл, шыншыл болу. "Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады". Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.

Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.

Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .

Қазақ халқы — мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек,  дәстүрлі тәрбие,   әдіс- тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.

Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, XVII-XVIII ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:

Жауға   шаптым   my байлап,      

Жанды жүрек, қан қайнап.

Шепті бұздым айғайлап,           

Ел-жұртты қорғайлап

Дұшпаннан көрген қорлықтан   

Өлімге жүрміз бас байлап,-

деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.

XIX ғасырда өмір сүрген Д.Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді.

Ер қолынан іс келмес,                   Жігерім болса жетем де,

Сұңқардайын түйілмей.               Еліме барып ұл болам.

Буынып белін бекінбей,                Жігерсіз   болсам   жетесіз,

Зердесі жігер қайнамай...             Қойынжайып құл болам...

Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер орнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.

Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды. Тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.

Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оку-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы.

Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттық дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.

Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туады" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі — қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалың мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді калыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байңаймыз.

Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. "Туган елін сүю селімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойға сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ елжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол.

С.Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді.

С.Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген С.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.

Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу — әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.

 

1.2  Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары

Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі - ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер.

Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелсіз болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.

"Патриот" деген сөз, гректің      нағыз -отан деген сөзі, ең бірінші рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолданылды. Монархияға қарсы күресіп революцияны қорғаушыларды патриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот - отанын сүюші, оның қуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын қиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген.  Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағы анықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.

Патриотизм ұғымына енетіндер:

- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтық көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;

- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;

- оның ар-намысын, еркіндігі мен  тәуелсіздігін қорғау;

- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу,  Отан игілігі үшін еңбек ету.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:

- әртүрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;

- басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлау;

- басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетістіктерге оң баға беру;

- олармен жақсы қарым-қатынаста болу.

Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.

Информация о работе Адамгершілік туралы педагогтардың пікірлері, адамгершілік тірбиенің мазмұны