Тұрғын үй жалдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 20:25, реферат

Краткое описание

Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады және соған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине, ол оны бірден шешпейді, бірақ бірте – бірте азаматтарды тұрғын үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауды ұстауға мүмкіндік береді. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО – ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің әртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық тұрғын үймен байларға тиесілі тұрғын үйлерді қайта бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Кейіннен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО – да индустриалдық негізде тұрғын үй құрылысы басталады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Тұрғын үйді жалдау шарты.................................................................................6
2. Мемлекеттік тұрғын үй қортындағы тұрғын үйді жалдау шарты.................12
3. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты..........................23
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

turgin_ui_jaldau.docx

— 49.64 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты:

1) азаматтар мұндай тұрғын үй  берiлуiне мұқтаждық туралы шындыққа  сай келмейтiн мәлiметтер берген;

2) шартта көрсетiлген тұрғын үйге басқа азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын бұзған;

3) лауазымды адамдар тұрғын үй  беру туралы мәселенi шешу кезiнде  заңсыз әрекеттер жасаған;

4) тұрғын үйдi беру кезегi бұзылған;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тұрғын үй берудiң тәртібі мен шарттары бұзылған өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

Шартты жарамсыз деп тану туралы талап шарт жасалған күннен бастап үш жыл iшiнде мәлiмделуi мүмкiн.         Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi:

1.Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңнамасына сәйкес айқындалады.

2.Жалға  алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi жалға алушымен тең құқықтарды пайдаланады және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын мiндеттердi атқарады. Отбасының кәмелетке толған мүшелерi аталған шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жалға алушымен (қосымша жалға алушымен) бiрге мүлiктiк жағынан жауапты болады.

3. Егер осы  Заңнамасында аталған азаматтар жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi болуын тоқтатса, бiрақ олар тұратын тұрғын үйде тұруды жалғастырса, олар да жалға алушы (қосымша жалға алушы) мен оның отбасы мүшелерi сияқты тұрғын үй құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзi тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге өз отбасының мүшелерін кіргізу құқығы:

1. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) мемлекеттік  тұрғын үй қорындағы өзі тұратын  тұрғын үйге немесе жеке тұрғын  үй қорындағы жергілікті атқарушы  орган жалдаған тұрғын үйге  жұбайын, балаларын, ата-анасын өз отбасының кәмелетке толған мүшелерінің жазбаша келісімін алып кіргізуге құқылы. Кәмелетке толмаған балаларын ата-аналарымен бірге тұрғызуға отбасының басқа мүшелерінің келісімі талап етілмейді.

2. Мемлекеттік  тұрғын үй қорындағы тұрғын  үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге отбасының мүшелері ретінде кіргізілген адамдар осы бапқа сәйкес, егер кіргізілген осы азаматтардың, жалдаушының (қосымша жалдаушының) және онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің арасында өзгеше бір жазбаша келісім болмаса, бұл тұрғын үй-жайды онда тұратын қалған адамдармен бірдей пайдалануға құқық алады.         Мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің уақытша болмаған азаматтар үшін сақталу мерзімдерi:

1. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның  отбасының мүшелері уақытша болмаған  кезде оларға мемлекеттік тұрғын  үй немесе жеке тұрғын үй  қорынан жергілікті атқарушы  орган жалдаған тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталады.

2. Егер жалға  алушы (қосымша жалға алушы) немесе  оның отбасының мүшелері дәлелді  себептермен алты айдан артық  уақыт болмаса, бұл мерзім болмаған  адамның өтініші бойынша тиісінше  ұзартылады.

3. Мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің уақытша болмаған азаматтарға неғұрлым ұзақ мерзімге сақталуының шарттары мен жағдайлары осы Заңнамасында белгіленеді.     Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй қорынан жергіліктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің азаматтар үшін сақталу жағдайлары:

1. Мемлекеттік  тұрғын үй қорындағы тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй азаматтар үшін мынадай жағдайларда:

1)Қазақстан  Республикасының Қарулы Күштерінде  не Қазақстан Республикасының  қатысуымен одан тыс жерлерде  құрылған қарулы күштер құрамында әскери қызметтен өткенде - қызмет мерзімі ішінде;                 2)еңбек шарты бойынша немесе сайланбалы қызметке сайлануына байланысты жұмысқа кеткенде - бүкіл жұмыс істеген уақыты ішінде;

3)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша шетелге кеткенде - шетелде болған уақыты ішінде;

4)оқуға кеткенде - оқу уақыты ішінде;

5)балаларды  балалар мекемесіне тәрбиелеуге  орналастырғанда - олардың осы мекемеде  болған бүкіл уақыты ішінде, туысқандарының  немесе қорғаншысының (қамқоршысының) қолында - балалар кәмелетке толғанға дейін;

6)қорғаншы (қамқоршы) міндеттерін орындауға байланысты  кеткенде - бұл міндеттерді тоқтатқанға  дейінгі барлық уақытта;

7)емделуге  кеткенде - емделуде болған уақыты  ішінде;

8)қамауда болған  не бас бостандығынан айыруға сотталған немесе сол жерде тұру мүмкіндігінен айыратын өзге де жазалау шаралары кезінде - қамауда болған немесе жазасын өтеген мерзімі ішінде сақталады. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкімімен көзделуі мүмкін.          Жалға алушы (қосымша жалға алушы) уақытша болмаған жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығы.

Жалға алушы (қосымша жалға алушы) уақытша болмаған мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын отбасының мүшелері бүкіл тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бұрынғы шарттармен пайдалануға құқылы. Бұл орайда олар осы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалға алу шарты бойынша құқықтарын жүзеге асырып, сол бойынша міндетті болады. Азамат уақытша болмаған кезде мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы пайдалану құқығы сақталатын тұрғын үй алаңы артық деп есептелмейді.        Уақытша болмаған жалға алушының (қосымша жалға алушының) мiндеттерi жалға алушының уақытша болмауы осы Заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды.

Қосымша жалға алушының уақытша болмауы оны жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалға алу шарты бойынша міндеттерді атқарудан босатпайды.

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы айырбастауды ресiмдеу үшiн уақытша болмағандарды қоса алғанда, өзiмен бiрге тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң келісімiн алуға тиiс.  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудiң және оны пайдаланудың ерекшелiктерi:

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының пайдалануына берiлген коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық режимi:

Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлетiн тұрғын үйді жалдаушы осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады. Осы бапта аталған азаматтарға берiлген, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлген тұрғын үйдi жергiлiктi атқару органының келісімiмен басқа тұрғын үйге ауыстыруға болады. Бұл орайда ауыстыру азаматтардың тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатуға әкеп соқпауға тиiс, өйткенi бұл жағдайда ол осы Заңнамаға сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адам болып шығады. Осы Заңда белгіленген жағдайларда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер жалдаушылардың меншігіне өтеусіз беріледі.      Жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үйдiң құқықтық режимi:

Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша оған талап ету құқығын беру нәтижесiнде кепiл ұстаушы ретiнде әрекет ететiн жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң - Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған жағдайда, кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша келісімнiң басқаға беру туралы шарттарына сәйкес тұрғын үйдi сатып алуға құқылы. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үй коммуналдық меншiкке өтедi және кепiл берушiге берiледi, ол оны кепiл ұстаушының ипотекалық талап ету құқығын беру құны бойынша жекешелендiруге құқылы.

Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердiң құқықтық режимi:

1.Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi пайдалану жөніндегі қатынастарға заңнамасында қағидалары қолданылмайды.

2.Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi беру және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3.Мемлекеттік қызметшiлер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерi, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл жұмыс iстесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:

1)ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;

2)одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;

3)зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығын тоқтату және олардан шығару:       Жалдаушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу:                          1.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.  2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелері тұрақты тұру үшін басқа жаққа көшіп кеткен жағдайда тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.

Жалға берушінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу және жалдаушыны (қосымша жалдаушыны) тұрғын үйден шығару:

1. Мемлекеттік  тұрғын үй қорынан тұрғын үйді  немесе жеке тұрғын үй қорынан  жергілікті атқарушы орган жалдаған  тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушінің талап етуімен осы Заңда белгіленген негіздер бойынша ғана бұзылуы мүмкін.

2. Мемлекеттік  тұрғын үй қорындағы тұрғын  үйлерден және жеке тұрғын  үй қорынан жергілікті атқарушы  орган жалдаған тұрғын үйлерден  шығаруға жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған реттерде, сондай-ақ  осы Заңда көзделген басқа  негіздер бойынша жол беріледі.

3. Мемлекеттік  тұрғын үй және жеке тұрғын  үй қорынан жергілікті атқарушы  орган жалдаған тұрғын үй қорынан  басқа жарамды тұрғын үй берместен  ата-ана қамқорлығынсыз қалған  кәмелетке толмаған балаларды  шығаруға жол берілмейді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы шығару:

1. Азаматтар осы Заңнамасында көзделгенiнен басқа реттерде мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылады.

2. Осы Заңнамасында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi.

3. Үйден  шығару туралы талап етушi заңды  тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беру арқылы үйден шығару негiздерi яғни мына ретте:

1) егер тұрғын үй орналасқан  тұрғын үй (тұрғын жай) жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты бұзылуға жататын болса;

2) егер тұрғын үй (тұрғын жай) онда одан әрi тұруға жарамсыз  болғандықтан тұрғын үй емес  жай ретiнде қайта жабдықтауға  жататын болса;

3) егер тұрғын үйге құлау (бұзылу) қаупi төнсе;

4) тұрғын үйдi күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұру жағдайы айтарлықтай өзгерсе;

5) тұрғын үйді  жалдау (қосымша жалдау) шарты заңнамасында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін. Босатылған үйдiң орнына берiлетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй осы Заңнамасындағы талаптары мен ережелерiне сай келуге тиiс.  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн тұрғын үй:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн басқа тұрғын үй осы заңнамада талаптарына сай келуге және шығарылған адамдар тұрған бұрынғы тұрғын үйдiң көлемiнен кем болмауға тиiс. Егер жалдаушы (қосымша жалдаушы) бұрын бiр бөлмеден артық алаңда тұрған болса, оған сонша бөлмелер санынан тұратын жеке тұрғын үй берiлуге тиiс. Егер жалдаушыда (қосымша жалдаушыда) артық алаң болса, тұрғын үй осы Заңнамасында көзделген нормаларға сәйкес берiледi, ал қосымша алаңға құқығы бар жалдаушыға (қосымша жалдаушыға) немесе онымен бiрге тұратын адамға - қосымша алаңға құқығы ескерiле отырып берiледi. Бұзылатын үйде кемiнде он бес жыл тұратын азаматтарға олардың қалауы бойынша басқа жайлы тұрғын үй бұзылған құрылыстың орнына немесе соған жақын жерден салынған тұрғын үйлерден берiледi. Бұл азаматтар осындай тұрғын үй берiлгенге дейiн осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi. Тұру үшiн жарамды тұрғын үй сол елдi мекеннiң шегiнде болуға, санитариялық және техникалық талаптарға сай келуге тиiс. Көшiп-қону азаматтың тұрғын үй жағдайының, осы заңнамада көрсетiлгенiндей, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждыққа әкелiп соқтырмауға тиiс. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) осы Заңнамасында көрсетiлген жағдайларда көшiп-қонуға байланысты шығындарын жалға берушi өтеуге тиiс. Осы Заңнамада көзделген негiздер бойынша азаматтарды шығаруға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi. Осы Заңнамада көзделген жағдайдан басқа реттерде, жалға алушыны шығару туралы сот шешiмiнде шығарылған адамға берiлетiн тұрғын үй, осы тұрғын үй орналасқан мекен-жай көрсетiле отырып жүргiзiлуге тиiс.     Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден басқа тұрғын үй берiлмей шығару негiздерi яғни жалдаушыны, (қосымша жалдаушыны) оның отбасы мүшелерiн немесе онымен бiрге тұратын басқа адамдарды басқа тұрғын үй бермей шығаруға, егер:

Информация о работе Тұрғын үй жалдау