Тұрғын үй жалдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 20:25, реферат

Краткое описание

Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады және соған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине, ол оны бірден шешпейді, бірақ бірте – бірте азаматтарды тұрғын үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауды ұстауға мүмкіндік береді. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО – ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің әртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық тұрғын үймен байларға тиесілі тұрғын үйлерді қайта бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Кейіннен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО – да индустриалдық негізде тұрғын үй құрылысы басталады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Тұрғын үйді жалдау шарты.................................................................................6
2. Мемлекеттік тұрғын үй қортындағы тұрғын үйді жалдау шарты.................12
3. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты..........................23
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

turgin_ui_jaldau.docx

— 49.64 Кб (Скачать документ)

- меншiк иесiмен отбасылық қатынастар тоқтатылған жағдайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi, егер тұрғын үй иесiмен жазбаша келісімде өзгеше көзделмеген болса, жалға алу мерзiмiн көрсетпестен жалға алушы құқығын пайдалана алады. Бұл орайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеу жөніндегі шығындарға қатысуға мiндеттi.

- тұрғын үй иесi отбасы мүшелерi өздерiнiң тұрғын үйдi пайдалану құқығын бұзған кез келген адамнан, соның iшiнде меншiк иесiнен де аталған бұзушылықты жоюын талап ете алады.

- меншiк иесi отбасының кәмелетке толған мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) өздерiнiң тұрғын үй-жайды пайдалануынан туындайтын мiндеттемелерi бойынша ортақ мүлiктiк жауапкершiлікте болады.     Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау. Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi басқа адамдарға жалға беруi:

1. Меншiк иесi өзi тұратын тұрғын  үйдi, не негiзгi мақсаты жалға  алушыларға тұрақты не уақытша тұру үшiн берiлу болып табылатын тұрғын үйдi жалға беруге құқылы.

2. Тұру шарттары (жалдау мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi, жөндеу жөніндегі мiндеттердi бөлiсу, жалға алушыларды шығарудың негiздерi және сол сияқтылар) осы Заңмен, сондай-ақ жалға берушi мен жалға алушы арасындағы шартпен белгiленедi.

3. Тұрғын  үйiн жалға беретiн адамдарды  меншiк иесi таңдайды.

4. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңнамасында аталған азаматтарға кейіннен беру үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдауға құқылы.  Меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi жалдау шарттары:

1. Жеке тұрғын үй қорындағы  меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi ол жазбаша түрде жасалған  шарт бойынша басқа адамға  жалға бере алады.

2. Жеке тұрғын үй-жай не тұруға жарамды, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн жеке бөлме (бөлмелер) жалға берiлуi мүмкiн.

3. Егер жалға алу шартында  өзгеше көзделмеген болса, жалға  алушы жалға алынған үй-жайға  өзiнiң отбасы мүшелерiн, қосымша жалдаушыларды және уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы. Тұрғын үй-жайды жергілікті атқарушы орган жалға алып берген адам оған қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы емес.

4. Егер шартта  өзгеше көзделмеген болса, жалға алушы жалға алынған үй-жайды алты айға дейiнгi мерзiмге тастап кетуге құқылы. Бұдан неғұрлым ұзақ уақыт бойы болмаған жағдайда шарттың күшi жалға берушiнiң келісімiмен ғана сақталады.

5. Жалға беру шартының күшi тараптар  белгiлеген мерзiм бiткеннен кейiн не шартта көрсетiлген ахуал туғанда тоқтатылады. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда. Қолданылу мерзiмi және тоқтатудың өзге де негiздерi көзделмейтiн шартты жалға берушi жалға алушыға кемiнде үш ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта бұза алады. Шарт тоқтатылған не бұзылған жағдайда жалға алушы өзiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.

6. Жалға алушы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол бұл туралы жалға берушiге кемiнде бiр ай бұрын ескертуге не сол ай үшiн шартта белгiленген ақыны төлеуге мiндеттi. Егер шартта көзделген мерзiмге не шарттың қолданылуын тоқтататын өзге де ахуалға бiр айға жетпейтiн уақыт қалса, аталған мерзiм тиiсiнше қысқартылады.

7. Егер отбасы  мүшесiн қоныстандырған кезде  сол мүше мен жалға алушы  арасында өзгеше келісім болмаса, жалға алу шартының ережелерiне  сәйкес жалға алушымен бiрге  тұратын отбасы мүшесi, тұрғын  үй-жайды жалға алушының өзi сияқты, дәл сондай пайдалану құқығына ие болады. Отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңнамасына сәйкес белгiленедi.

8. Тұрғын  үй-жайға немесе жалға берiлген  тұрғын үй-жай орналасқан тұрғын  үйге меншiк құқығы басқа тұлғаға  ауысқан жағдайда жалдау шарты, егер жалға алушының және тұрғын үй-жайды жалға берген меншiк иесiнiң арасында өзгеше көзделмесе, жаңа меншiк иесi үшiн күшiн сақтап қалады.

Меншiк иесi тұрақты тұратын тұрғын үйдi жалдау ережелерi:

1. Меншiк иесi тұрақты тұрғын  үйде жалға алушыға тұрғын үй-жайды немесе оның бiр бөлiгiн, оның iшiнде жапсарлас бөлменi немесе бөлменiң бiр бөлiгiн жалға беруге болады. Тұрғын үйде бiрнеше меншiк иесi тұрған жағдайда тұрғын үйдi жалға беру үшiн барлық меншiк иелерiнiң келісімi талап етiледi.

2. Жалға алушының басқа адамдарды, оның iшiнде өз отбасының мүшелерiн де меншiк иелерiнiң келісімiнсiз тұрғызуға құқығы жоқ.

3. Жалға  алу мерзiмi аяқталғаннан кейiн  жалға алушыда шартты жаңарту  құқығы болмайды және ол жалға  берушiнiң талап етуi бойынша басқа  тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. Жалдау шарты жалға берушiнiң талап етуi бойынша жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда, сондай-ақ себептi тосын жағдайларда не осы Заңның 107-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша ғана мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.

4. Мерзiмi көрсетiлмей  жасалған жалдау шартын жалға  берушi себебiн түсiндiрместен кез  келген уақытта тоқтатуы мүмкiн. Жалға берушi жалға алушыға, жалдау  шартының тоқтатылуы туралы кемiнде  бiр ай бұрын ескертуге мiндеттi.

5. Жалға  алушы жалдау шартын, егер шартта  өзгеше көзделмеген болса, мерзiмiнен  бұрын және ескертусiз бұзуға  құқылы.

Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың құқықтық жағдайы:

1. Қосымша жалдаушылардың тұру  шарты, атап айтқанда, тұру мерзiмi, төленетiн ақының мөлшерi мен оны төлеу тәртібі тұрғын үй-жайды жалға алушы мен қосымша жалдаушы арасындағы шарт арқылы белгiленедi.

2. Қосымша  жалдау шарты тараптар белгiлеген  мерзiм бiткенде не шартта көрсетiлген  ахуал пайда болғанда тоқтатылады.Шарт  қосымша жалдаушы шартты бұзған жағдайда жалға алушының талап етуi бойынша, ал мерзiм не өзге де тоқтату негiздерi белгiленбеген шарттар қосымша жалдаушыны кемiнде бiр ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Қосымша жалдау шарты осы Заңнамасында көзделген тұрғын үйге меншiк құқығы мәжбүр етіліп тоқтатылған жағдайда да тоқтатылады.

3. Қосымша  жалдаушы шартты, егер қосымша  жалдау шартында өзгеше көзделмеген  болса, кез келген уақытта бұзуға  құқылы.

4. Қосымша  жалдау шарты тоқтатылған не оны жалға алушы бұзған жағдайда қосымша жалдаушы басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.

5. Жалға  алушы тұрғын үй-жайға уақытша  тұрғындарды жалдау шартын жасаспай-ақ  тұрғызуға құқылы. Уақытша тұрғындардың  тұру шарттарын жалға алушы  белгiлейдi.

Уақытша тұрғындар жалға алушының талап етуi бойынша, басқа тұрғын үй-жай берiлместен, кез келген уақытта, кемiнде жетi күн бұрын ескерте отырып шығарылуға тиiс.

Тұрғын үйге меншiк құқығының тоқтатылуы:

1. Тұрғын үйге меншiк құқығы  тұрғын үй иесi тұрғын үйдi басқа адамның иелiгiне берген кезде, меншiк иесi қайтыс болған жағдайда не тұрғын үй жойылған (қираған) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

2. Тұрғын  үйге ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiреуi өз үлесiн сатқан кезде ортақ үлесi бар меншiкке басқа қатысушының сатып алуға басым құқығы болады. Егер сатылатын үлестi сатып алуға ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiрнешеуi ниет бiлдiрсе, сатып алушыны таңдау құқығы сатушыға тиесiлi болады. Тұрғын үйге ортақ меншiктегi үлестi басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленедi.          Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату:

1. Тұрғын  үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға:

1) меншiк иесiнiң қарыздары бойынша  жер учаскесiмен бiрге төлеттiрiп  алуды тұрғын үйге аудару;

2) реквизициялау;

3) тәркiлеу;

4) үй орналасқан жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығару;

5) құлау (қирау) қаупі бар авариялық тұрғын үйлерді бұзу жағдайларында жол беріледі.

2. Тұрғын үйге меншiк құқығын  осы баптың 1-тармағындағы 2) және 4) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша күштеп тоқтатқан кезде меншiк иесiне оның қалауы бойынша:

1) тұрғын үйдiң және жер учаскесiнiң нарықтық құнын қоса, меншік иесiне құқығы тоқтатылғанға дейiн төленетiн ақшалай өтем төленуге, сондай-ақ меншiк иесiне келтiрiлген залалдардың орны толық толтырылуға;

2) осы Заңнамада көзделген тәртiп бойынша меншiгiне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе тұрғын жай) берiлуге;

3) реквизициялауды туғызған төтенше  жағдайлар тоқтатылғаннан кейiн  меншiк иесiне реквизициялаудан  келтiрiлген залалдардың өтемақысын  толық төлеу арқылы реквизицияланған  тұрғын үй қайтарылуға тиiс.                    Осы баптың 1-тармағындағы 1) және 3) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған кезде меншiк иесi мен алынатын тұрғын үйде тұратын барлық адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тұрғын үйге меншiк құқығын мәжбүрлеп тоқтатқан кезде меншік иесіне осы Заңнамасына сәйкес тұрғын үй беріледі.

Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң мiндеттерi:

1.Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады.

2.Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) (өзiндiк) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады.

3.Ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын  шығыстардың мөлшерi, егер меншiк  иелерiнiң келісімiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi.

Үй-жайлардың иесi емес адамдардың мiндеттерi Үй-жайды жалдаушының (жалға алушының), сондай-ақ оның меншiк иесi (өзге де құқық иеленушілері) немесе олардың өкілдері емес басқа да адамдардың дауыс беруге құқығы жоқ және кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге де түрде қатыса алмайды, бiрақ барлық тұрғындар мен кондоминиум объектiсiнiң үй-жайларын жалдаушыларға (жалға алушыларға) ортақ ереженi сақтауға мiндеттi. Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң ерекшелiктерi:

1.Тұрғын емес үй-жайдың иесi ортақ  мүлiктiң тұрғын үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты ортақ шығыстарға қатысуға мiндеттi емес.

2.Ортақ  мүлiктiң тұрғын емес үй-жайларды  пайдалануға ғана байланысты  бөлiктерiне қатысты шығыстарды  осындай үй-жайлардың меншiк иелерi көтередi.

3.Тұрғын емес үй-жайдың иесi өз  мүдделерiне қатысы жоқ кондоминиум мәселелерiн шешуге қатыса алмайды.                                                            Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң мүдделерiне ғана қатысы бар мәселелердi шешуге басқа меншiк иелерi қатыса алмайды. Ортақ мүлікті пайдалануға қатысты мәселелер бұларға кірмейді. Үй-жайларға кіруге егер меншiк

иесiнiң үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн ортақ мүлiктiң жай-күйiн тексеру, ортақ мүлiктi жөндеу немесе алмастыру қажет болса, алдын ала жазбаша хабар алу бойынша меншiк иесi не басқа бiр тұрушы үй-жайлардың (пәтерлердің) басқа меншiк иелерiнiң немесе кондоминиум объектiсiнiң басқару органының өкiлiн үй-жайға кiргiзуге мiндеттi.

Авариялық жағдайларда немесе адамның денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн өзге де төтенше жағдайларда кіруге алдын ала хабарлаусыз рұқсат етiлуге тиiс.           Ортақ мүлiкке немесе басқа үй-жайларға келтiрiлген залалды өтеу:

1. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншiк иесi ортақ мүлiктiң кез келген бөлiгiне немесе кез келген басқа үй-жайға залал келтiрсе, ол залалды өз есебiнен жоюға, не оны жою жөніндегі шығындарды өтеуге мiндеттi.

2. Егер үй-жайда тұрушылар не  үй-жайды пайдаланушы адамдар  тiкелей залал келтiрушiлер болса, олар осындай мiндеттi меншiк иесiмен  бiрлесiп көтередi.

Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекаралардың өзгертiлуi:

1. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ  үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы  шекараларды өзгертуге құрылыс  нормалары мен ережелерi, сондай-ақ  өзге де мiндеттi қауiпсiздiк талаптары  сақталған жағдайда жол берiледi.

2. Көршiлес (шектес) үй-жайлардың арасындағы  шекараларды өзгерту осы үй-жайлар  иелерiнiң өзара келісімi бойынша  жасалуы мүмкiн.

3. Үй-жайлар мен ортақ мүлiктiң  арасындағы шекараларды өзгерту  басқа меншiк иелерiнiң және кондоминиум объектiсiн басқару органының келiсуiмен ғана жасалуы мүмкiн.

Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау:

Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы орган кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы (бұдан әрі - тұрғын үй инспекциясы) лауазымды адамдарының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырады. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты.

 

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешімі негізінде жасалады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты тұрғын үй беру туралы шешімнің негізінде жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсiпорынның немесе мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (жалға беруші) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттік тіркеуден өткізілмеуге тиіс.Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешімнің негізінде жергілікті атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.     Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шартын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi беру және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын қатынастарға тиiстi реттерде Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары да қолданылады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының мәнi. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының нысанасы дара (бөлек) тұрғын үй болып табылады. Басқа тұрғын бөлмеге (бөлмелерге) шығатын (кіретін) есігі бар тұрғын бөлме, бөлменің бір бөлігі, сондай-ақ пәтердегі қосалқы үй-жайлар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының дербес мәні бола алмайды.      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жарамсыз деп тану.

Информация о работе Тұрғын үй жалдау