Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип. Ауырлатылган-жагдайда-қасакана-адам-олтіру.docx

— 109.13 Кб (Скачать документ)

Екі пікірдің ішіндегі екіншісі дұрыс, себебі бір адамның өміріне қастандық  жасау, екі немесе одан көп адамның  өміріне қастандық жасауға айналып  кетеді де , аяқталған қылмыс адам өлтіру заңдық бағасын алмайды.

Ал  бір уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қастандық  жасалып, бұл органның қызметкері болып  табылмайтын адамды өлтіруәрекеті  басқаша сараланады. Құқық қорғау органының қызметкерінің өміріне  қастандық жасау қылмыстық кодекстің  тиістібабымен, ал екінші адамды өлтіру әрекетін ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен саралау керек. КСРО – ның Жоғары Сот Пленумына сәйкес «милиция қызметкерлерінің немесе олардың жақындарының өміріне қастандық жасау адам өлтірумен тең» деп жазылған.

Екі немесе одан көп адам өлтіру мен  көптеген адамдардың өміріне қауіпті  тәсілмен жасалған адам өлтіру қылмыстарын  ажырата білу жөнінде тәжірбиеде қиындықтар жиі кездеседі. (ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағы және «е» тармақтарымен). Көп жағдайда соттар екі қылмыстың әр түрлі саралану шарттарына көңіл бөлмейді. Кінәлі кісі өлтіруді көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасағанда, ол өз санасымен оның таңдап алған тәсілі көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіретіндігін ұғынуы қажет. Бұл жерде қылмыс субъектісінің айналадағы оны қоршаған жазықсыз адамдарға қатысты немқұрайдылығын көруге болады. Кінәлінің әрекеті көпшілік жиналған орындарда мысалы дүкенде, жиналыстарда, әуежайда, қоғамдық көліктердің ішінде т.б. жерлерде жарылыс жасаудан, мылтықпен ретсіз оқ жаудырудан, су қаптатудан, өртеуден және т.с.с. көрінеді. Кінәлінің өлтірмекші болған жәбірленушінің қасында болған адамдардың саны немесе олардың дене жарақатын алған – алмағандығы ескерілмейді. Өлтіру ниеті бағытталған адамдар тобының өміріне қауіп төндірсе, онда оның әрекетін саралауда тек ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағын қолдану керек. Себебі ол басқа адамдар өміріне қауіп төндірген жоқ, тек өлтіру ниеті бағытталған адамдарға ғана қауіп төндірді.

Сонымен қатар, екі немесе одан көп адамдарды өлтіруді бірнеше рет кісі өлтіруден ажырата білу керек. Яғни 96 баптың 2 бөлігінің «н» тармағы келесі мазмұнды құрайды: осы кодекстің 97 – 100 баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру, 96 баптың 2 бөлігінің «н» тармағы бойынша қылмысты саралау үшін, кінәлінің екі немесе одан да көп адамды өлтірудегі іс - әрекетінің арасында біріншіден, уақыт алшақтығы болуы керек, екіншіден жәбірленушілерді өлтіруге деген бірыңғай қасақана ниетінің болмауы тиіс. Бұл жағдайда қылмысты бірнеше мәрте жасаудың белгілері қолданылады.

Г.Н.Борзенковтың айтуынша: екі және одан да көп адамды өлтіру бір қылмыс болып табылады9. Теорияға және әділеттілік қағидасына жүгінетін болсақ, бір қылмыс үшін қылмыстардың жиынтығы туралы ережені қолданып жаза тағайындау дұрыстыққа жанаспайды. Бұл жерде белгілі бір қауіп те бар. Заңға сәйкес, қылмыстардың жиынтығы кезінде кісі өлтіргені үшін жаза, ең жоғарғы бас бостандығынан айыру мерзімінің жартысынан асатын мерзімге жазалардың қосылуы жолымен тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдай кінәлінің ойластырып қойған қылмысын аяғына дейін жеткізуге яғни тірі қалған жәбірленушіні өлтіруге итермелеуі мүмкін, өйткені бұл жерде қылмыстардың жиынтығы болмайды. Осы қарама – қайшылықты заң тұрғысынан, жеке алғанда, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау туралы ережені болашақта нақтылау арқылы шешу қажет. Біздің ойымызша 10бұл пікірдің де жаны бар сияқты және ол болашақта реттелуге жататын мәселелердің бірі болып табылады. Шын мәнісінде ойлап қарасақ, кінәлі өлтіремін деп көздеген екі адамның біреуін өлтіріп, екіншісіне оқталса қылмыстардың жиынтығы қолданылып жаза көбірек тағайындалады. Жәбірленушілердің екеуін де өлтірсе, онда қылмыстардың жиынтығы болмайды және сот жаза мөлшерін 96 баптың 2 бөлігінде көрсетілген жаза мерзімінің шекарасы шегінде қолданады. 

«Әр түрлі адамдардың өміріне әр қалай  қол сұғатын бір – бірімен  байланыспайтын жағдайларды бағалаумен салыстырғанда, екі немесе одан көп  адамды өлтіру ол бір қылмыс және оның заңды бағалануы да бір болуы  керек»11.     

Қортындылай келе келесідей шешімдерге келуге болады:

  1. екі немесе одан көп адам өлтіру әрекеті біруақытта жасалса ғана ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен сараланады.
  2. егер бұл қылмыста адамдарды бірінен кейін бірін өлтіріп, бұл әрекетін бір ниетпен жасаса.
  3. егер де бірінші және екінші адам өлтіру әртүрлі уақытта жасалып, жағдай бойынша байланысты болмаса ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағы қолданбайды, екінші адамды өлтіру ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен, бірінші адам өлтіру – нақты әрекеттерге байланысты сараланады.
  4. ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен бірге егер оған жеткілікті дәлел болса осы баптың басқа тармақшаларымен  қосып саралауға жол беріледі.
  5. бір адамды өлтіріп, екінші адамды адамның өміріне қастандық жасау аәрекетін аяқталған қылмыс деп саналмайды, мұндай әрекетті ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен және 24-баптың 3-тармағы бойынша саралануы тиіс.
  6. егер де айыпкер өзіне екі немесе одан көп адам өлтіру ниетін көптеген адам өміріне қауіпті тәсілмен жасалса ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а» және «е»тармақтарымен саралануы тиіс, үшінші тұлғаларға қатысты жанама ниетпен жүзеге асырса.

 

Б)Осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы)

Адам  өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің  «б» тармағы бойынша саралаған  кезде жәбірленушінің өз қызметтік  міндетін жүзеге асыруға не өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауға  байланысты қандай заңды әрекеті  кінәлінің оны өлтіруіне немесе оның жақындарын өлтіруге итермелегенін  анықтау керек, өйткені кінәлінің  нақ осы мән – жайларға байланысты осы адамның өміріне қол сұғу ниеті осындай саралауға арналған міндетті шарт болып табылады.

Бұл ретте, өзінің қызметтік міндеттерінің  шеңберіне кіретін, ал қоғамдық борышты  орындау деп кез келген азаматтардың арнайы жүктелген қоғамдық міндеттерді, сондай-ақ қоғамның немесе жекелеген  адамдардың мүдделері үшін (мысалы, құқық бұзушылыққа тосқауыл қою, дайындалып жатқан немесе жасалғалы  жатқан қылмыс туралы хабарлау, куәгерлік  айғақтар беру және т.б.), кез келген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруын  түсіну керек. Кәсіби борышты орындау  деп тұлғаның белгілі бір кәсіпке  байланысты (мысалы, суретшілердің  эскиздері, портреттер, карикатуралар  салуы) әрекеттер жасауын ұғыну  қажет. Жәбірленушіні өлтіру жәбірленушінің заңсыз қызметтік міндеттеріне байланысты жасалған жағдайларда, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы бойынша  саралау болмайды12.

Адам  өлтіру жәбірленушінің қызметтік міндетін, өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын  орындауға байланысты жасалған деп  саралау үшін адам өлтіру жәбірленушінің жоғарыда аталған әрекеттерді орындау  кезінде немесе басқа уақытта  жасалғанының маңызы жоқ. 

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағында көрсетілген «жақын» деген терминге ҚІЖК 7-бабының 24) тармағында көрсетілген  жақын туыстары ғана емес, қызметтік  міндетін не кәсіби немесе қоғамдық борышын  орындап жүрген адам қадір тұтатын  басқа да адамдар кіреді. Олардың  өзара жақын қатынасы туралы кінәлінің  алдын ала хабардар болған – болмағанын анықтау қажет.

Әдебиеттерде  жәбірленушінің жұмыста белсенділік  танытуымен қоғамдық қызметінің өзі  қызғаныш туғызып, кек алу мақсатымен өмірінен айырылады деген пікір  айтылды13.

Жәбірленуші болып қызметтік міндетін орындаушы  лауазымды тұлға ғана емес, кез-келген жұмысшы немесе күзетші және т.б. болуы мүмкін.

Сот тәжірбиесінде қаралған істердің бәрінде  де жәбірленуші өз қызметтік борышын, міндетін таза ниетпен жүзеге асыруымен байланысты қаза тапқанын байқауға болады. Бұдан осы баппен тек өз қызметтік міндетін мінсіз атқарған жәбірленушіге қатысты сараланатыны, ал егер ол заңға қайшы әрекет етсе (қызмет бабын пайдаланып немесе өз құзіреті шегінен асып кетсе) қылмыс бұл баппен сараланбайтынын ескері қажет.

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағында көзделген қылмыс деп тану үшін жәбірленушінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде  ме немесе басқа уақытта жасалғанын анықтау қажет емес, бастысы ол өз қызмет міндетін орындауына байланысты болуы керек.

Сонымен қатар, сот тәжірбиесінде тұлғаның  қызмет міндетін атқару мен осы міндетін атқаруымен байланысты оның қаза табу арасында кеткен уақыт маңызы бар  ма деген сұрақ туындаған. КСРО Жоғары Сот Пленумында белгіленгендей қызмет міндетін атқару мен қылмыстың жасалу әрекеті арасындағы өткен уақыт  санау қажет емес, бұл қылмыста маңыздысы жәбірленушіні қызмет міндеттерін атқаруына байланысты кек алу мақсатында өмірінен айырылу  фактісі маңызды болып табылады.

Қылмысты  ауырлататын жағдайларды анализдеуді  қорытындыласақ:

  1.   ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы өз қызмет міндетін немесе борышын атқаруына байланысты шын ниетпен қызмет атқарылуын тұлғалардың жұмысына кедергі келтіру немесе кек алу мақсатымен жүзеге асырғанда ғана сараланады.
  2. Кез келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын қызметтік міндетті орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп – арнайы жүктелген қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады.
  3. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағында көрсетілген «жақын» деген терминге ҚІЖК 7-бабының 24) тармағында көрсетілген жақын туыстары ғана емес, қызметтік міндетін не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындап жүрген адам қадір тұтатын басқа да адамдар кіреді.

 

 

В) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен немесе кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру.( ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы)

     Жас шамасының өте  кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл – есінен уақытша айырылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай – күйінің салдарынан кінәліге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну керек. Мұнда жай – күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайға кімнің душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.

    Бұл қылмысқа сонымен қатар жәбірленушінің есінен тану, мас болу, ұйқы кезіндегі дәрменсіз жағдайы жатады. Заңда көрсетілгендей ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы қолдану кезінде айыпкер міндетті түрде жәбірленушінің дәрменсіз жағдайда екенін пайдаланып,бұл қылмысқа баруы керек. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағында көзделген қылмысты жасаудың ниеті әртүрлі болуы мүмкін , мұндай жағдайда кінәлі әрекеттері қылмыстық жиынтығы бойынша сәйкес тармақшалармен сараланады. 14

     Жәбірленушіні дәрменсіз жағдайға алып келу және оны өлтіру ниетін жүзеге асыруды жеңілдету мақсатында (ұйықтататын дәрі, алкогольдік ішімдік немесе есірткі беру, байлау, ұрып-соғу, есінен тануға әкеп соққан дене жарақатын келтіру) жасалған кінәлінің әрекеті осы қылмыстың объективтік жағының бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда жәбірленушіге қаза келтіру ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы бойынша саралануға тиіс емес.

Адамды  ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не кепілге алу  процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды ұрлау ҚК-тің 125-бабы, кепілдікке алу ҚК –тің 234-бабы. Адамды ұрлау не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру бір тармақшаға енгізу себебі ұрланған не кепілге алынған адам да дәрменсіз жағдаймен тең болады. Мұндай жағдайда жәбірленуші тек ұрланған немесе кепілге алынған адамдар ғана емес, сонымен қатар басқа тұлғалар болуы мүмкін, мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері: тұтқынға алынған адамдарды босатумен байланысты шараларға қатысқан кезде қасақана өлтірілсе.

ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы. Қорытындылай келе:

  1. анализ көрсеткендей, адам өлтіру ісі бойынша дәрменсіз жағдайда болу : а) жасымен (жасының кішілігімен немесе қарт болумен), аурумен, мүгедектікпен; мұнда ұзақ уақыт бойы дәрменсіз жағдайда болуы туралы баяндалады. б) ұйқымен, мас болу, есінен тану және т.б. яғни адам өлтіру кезінде болған дәрменсіз жағдаймен ұштасады. Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайда болуы, осы бапты қолдануға негіз ретінде анықталуы тиіс.
  2. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в» тармағын қолдану кезінде қылмыстың субъективтік жағын зерттеу кезінде айыпкер жәбірленушінің дәрменсіз жағдайда екенін білуін міндетті түрде айқындау керек.
  3. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағымен саралау (дәрменсіз жағдайға байланысты) басқа осы баптың тармақшаларымен қосыла алады.
  4. ұрлаумен не кепілге  алумен ұштасқан адам өлтіру, осы істеген қылмыстарды жасыру әдісі болса мұндай әрекеттер дербес қылмыс құрамын құрайтындықтан, кінәлінің әрекеттері қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады.(ҚК–тің 125, 96-бабы2-бөлігінің «в»тармағын, 234, 96-бабы 2-тармағының «в»тармақшасы).

 

                     

Г) жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «г» тармағы)

 

Адам  өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай көтеріңкі  қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Кінәлінің өзінің қылмыстық мақсатына әйел адамның жүктілік жағдайын біле тұра оны өлтіруі, оның қоғамға қауіптілігін және қатыгездігін, онда жағымсыз моральдық қасиеттердің бар екендігін куәландырады. Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез-келген ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек. «белгілі» деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болған – болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе бұл туралы басқалар арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған – тұрмағандығының оған қатысы жоқ 15.

Мұндай  істерді қарау кезінде, бұл қылмыстар  көбінесе қызғаныштан жасалады, аса  қатігездікпен ұштасады.

Сот тәжірбиесінде айыпкердің жәбірленушінің жүкті екендігінің қателесуіне байланысты әрекетін саралау жөнінде қиыншылықтар туындайды. Сотта азамат Л. айыптау ісінде, азамат Л. мен азаматша Ш. Жынытық байланыста болып, азаматша Ш. өзінің жүкті екендігін айтады. Азамат Л. бұл жағдай туралы әйелі біліп қоймас үшін азаматша Ш. ты алдап орманға апарып өлтіреді. Кейін анықталғандай азаматша Ш. жүкті емес екен. Сот бұл қылмыстық әрекетті ҚК – тің 96 – бабы 2-тармағының «г» тармақшасымен саралады. Бұл шешіммен толық келісуге болады.

Алайда, А.А.Пионтковскийдің пікірінше «қылмысты  саралау жағдайлары бар қылмысты тұлғаның қателесуі бойынша жасалуы, жасалған қылмысқа қастандық жасау  ретінде қарастыру керек.» 16 (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «г»тармағы және 24 -бап), бірақ бұл қате деп кейбір ғалымдар санайды, себебі жәбірленушіге қаза келтірілді, және ол аяқталған қылмыс болып табылады.

В.Ф.Кириченконың айтуынша мұндай қылмыстық әрекетті ауырлатылған жағдайсыз саралау  керек17 дейді.

Егер  айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті екен деп  өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық  ниеттің бағытына қарай осы тұрғыдағы  қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады.( ҚК – тің 96 – бабы 2- бөлігінің «г»тармағы 24 –баптың 3-тармағы).

Бұл мәселелерді қорытындылай келе:

Информация о работе Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру