Болат өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Болат (араб. jїҒ– — фолад) — темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Болат — қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды. Хим. құрамына қарай көміртекті және легирленген Болат болып бөлінеді. Көміртекті Болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар — күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легірленген Болат деп аталады. Болаттар едәуір көп тараған материалдар болып табылады. Құрамы жағынан техникалық жақсы. Өнімдерді қысым мен кесу өңдеу барысында алады. Өңдеу түрі мен құрамын өзгерте отырып, керекті жинақ аламыз, бұл оның негізгі артықшылығы. Болаттарды көміртекті және легірленген деп ажыратамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл