Әлеуметтік саясаттың мәні мен жіктелуі және механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Оған себеп:
1.әлеуметтік шиеленістерді шешетін институттар саны мен тәжірибенің жеткіліксіз болуы ескі жүйеге деген сенімсіздік туғызды, жаңарған қоғам құруға итермеледі;
2.демократиялық қоғамның-әлеуметтік жаңарулармен қатар дамуы;
3.әлеуметтік саясат әр кезде биліктің легитімділігіне жағдай жасайды, ал өтпелі кезең легитімдіктің жетіспеушілігімен сипатталды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sabyr15.docx

— 101.32 Кб (Скачать документ)

«Нұр Отан» ХДП балаларға, көп балалы аналар мен мүгедектерге берілетін атаулы әлеуметтік көмекті бақылауға алуды, сондай-ақ, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, жергілікті маңыздағы ұрыстар мен жанжаодарға, Чернобыль атом электр стансасындағы апат зардаптарын жоюға қатысушыларға, қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының ардагерлеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге басымдық береді. Осы бағытта Парламент қоржынында жатқан «Ардагерлер туралы» заң жобасын қарау мен қабылдауды жеделдететін болады. 2010 жылы ең төменгі өмір сүру деңгейінін артуына байланысты мүгедектігіне, асыраушысынан айралуына және жасына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері еліміз бойынша орташа алғанда 18,7 %-ға артты, ал алдымызда бұл көрсеткішті одан да жоғарылату межесі тұр.

Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатты 2010 жылдан бастап баланың тууына орай берілетін жәрдемақы мөлшері 2 есеге өсіп, 42390 теңгені құрады. Алдағы уақытта 1 жасқа дейін бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 2,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік туғызу жөніндегі жұмыс жалғастыралмақ. 2010-2014 жылдар аралығында балабақшалар жетіспеушілігі проблемасы шешілуі тиіс. Осы мақсатта партия еліміз бойынша кем дегенде 200 балабақша салынуына қол жеткізеді.

Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді. Ел экономикасы мен демократиялықүдерістер серпінді даму үстінде. Қакзақстан орынды түрде өңір лидері саналады және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттік қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда. Реформалардың өзі де ел тар өрісті мақсат болған жоқ. Еліміздегі реформалар халқымыздың жақсы өмір үшін, қазақстандықтардың келесі ұрпақтарының болашағын қамтамасыз ету үшін жүргізілді.

Саясатымыздың стратегиялық мақсаты ел Конституциясымен бекітілген: «Қазақстан республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ен қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостаңдықтары». Қазақстан жауапты таңдау жасады және бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды белгіледі.

 

1.3 Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың құрылу кезеңдері мен саяси құқықтық негіздері

 

Тәуелсіздігін алған сәттен бастап Қазақстанда, заңға негізделген, либералды, әлеуметтік бағыттағы экономикасы бар мемлекетті құру мақсатындағы, экономикалық және әлеуметік дамудың іргесі қалануда. Экономикалық көзқарастан бұл ауысу толық мемлекеттік меншіктегі жоспарлы экономикадан, өндірістің құралдарына, жоғары деңгейдегі жеке меншігі бар, нарықтық экономикаға ауысуды білдіреді.

Әлеуметтік-экономикалық қайта құрылу ешқашан бір беткей өтпейді. Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар еңбекке жарамды тұрғындар арасындағы жұмысбастылық мәселесiн едәуiр шиеленiстiрiп алды. КСРО-ның ыдырауынан кейін Қазақстан және басқада кеңестік республикалар қиын жүйелік дағдарыста болды, ол қазақстандық қоғамның бүкіл тіршілігін – экономика, саясат, әлеуметтік саланы ғана емес, сонымен қатар экологиялық бар болмысын және т.б. сфераларды қамтыды.

Бұл реформалаудың кесінінде қоғамның ескі және жаңамен күресі әлеуметтік саланы тұрақсыз даму жағдайына алып келді, онын ішінде жартылай өзгертiлген саласының шегiнуiне ғана емес, оның құлдырауында, дағдарыстың әлеуметтік саясаттағы апатқа ұласуы әбден мүмкін еді. Бір уақытта осы кезде тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы бойынша құқықтық базасы қалыптаса бастады. Қабылданған заңдардың ішінде: « Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы», «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы», «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы», «Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердiң реттiлеуi бойынша шаралар туралы» заңдар қабылданды.

Барлық қабылданған заңдар мен нормативті актілердің шикілігіне қарамастан Үкіметтің мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің ұстанымдарына бекем екені оның зейнетақы қоры, объективті индексация механизмі, нық зейнеткерлің заңдары, мүгедектер мен зейнеткерлері әлеуметтік мұқтаждықтардан қорғау соның дәйекті айғағы. Бір мезетте жалғыз басты аналар мен жастайынан мүгедектерге жәрдемақы тағайындалды.

1998 жылдан  бастап Елбасының бұйрығымен  Қазақстанда ТМД төңірігінде  алғаш рет жинақ зейнетақы  жүйесін енгізді, индивидуалды жинақтау  негізінде, кәрілік шақты қамтамасыз  ететін жалғыз жүйе түрі. Осы  мезеттен бастап елде аралас  жүйе қолданылды, мемлкеттік зейнетақылық  сақталып (салиқалы және қайта  бөлінушілік зейнетақы жүйесі), жинақ  зейнетақы жүйесі дамыды.

Салиқалы зейнетақы жүйесі – әлеуметтік салық пен басқа да мемлекеттік бюджетке түскен қаражаттар есебінене төленетін зейнетақы. Зейнетақы жүйесі – әр жұмыскердің жалақысынан міндетті 10%-дық жарна ретінде және өз бетімен төленетін зейнетақы аударымдары арқылы жүзеге асады. Зейнетақы жүйесіне толық өту процесі 2038-2040 жылдары жүзеге асады деп жоспарланған.

2009 жылы Қазақстанда жеңілдіктер беру жүйесінің реформалануы өтті (натуралды жеңілдіктерді монетизация есебінен), оның орнына 2009 жылдың 1-ші сәуірінен бастап тұрғындардың жекелеген категорияларына арнайы ақшалай формадағы мемлекеттік жәрдемақылар берілді. Бұндай саясат шектелген ресурстар аясында бюджеттегі қаражаттарды тиімді және рационалды қайта бөлу ғана емес, жеке әлеуметтік көмек көрсету әлеуметтік теңдікті қалыптастыру, барлық бұрын жеңілдіктері болған тұрғындарға бірдей көлемдегі әлеуметтік қамтамасыз етілу сынды істерге қол жеткізілді. Жәрдемақы көлемі бұрын төленген төлемақы көлемімен және жыл сайын айлық есептік көрсеткіш есебінен көбейіп отырды. Жәрдемақыны Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, кепілдіктер мен жеңілдіктер санатына жатқызылатын тұлғалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен марапатталған көп балалы аналар, 1-3 топтағы мүгедектер және Ұлы отан соғыс жылдары кезеңдегі ерең еңбегі үшін марапатталған тұлғалар және т.б. алды.

Қазақстанның тәуелелсіздік алғаннан кейінгі жылдары бірқатар өзгерістерге ұшыраған әлеуметтік саясаттың саласы – еңбек нарығы болды. Кеңестік жұмыспен қамтамасыз етілу кепілдеме жүйесі болды, оның төленетін төменгі жалақысы төмен болды және көрсеткіші тар еді. Табыс табу өндіріспен еш байланысы жоқ еді, соның салдарынан еңбектің өте төмен өнімділігі байқалды.

2012 жылдардан  басталған құрылымдық өзгерістер  кезінде өндіріске бюджеттен  аударылымдар қысқартылып, мекеме  иелері жұмыскерлерді табысы  сақталмайтын демалысқа босатуға  және толық емес жұмыс күшіне  аударуға мәжбүр болды. Осындай  жағдайда қазақстандық еңбек  нарығындағы ащық жұмыссыздық  көрсеткіші бірқалыпты болып  жасырын жұмыссыздық арта түсті. Іске асып тұрған заңға сәйкес  жұмысбастылық жасырын жұмыссыздар  жұмыс басты тұрғындар қатарында  болып, жұмыссыздар болып есептелінбеді. Кейде жалақысыз, негізіне келгенде жұмыссыз болып жүре берді. Мемлекеттік несиелендіруден қысқару шамасына қарай және жекешелендірілген кәсіпорындар санынын өсуіне байланысты ресми тіркелген жұмыссыздардың да саны арта берді (2008 жылы-336810 адам, 2011жылы-653,7 мың адам), толық емес жұмысбастылық ашық жұмыссыздыққа айнала басталды.

Қазақстанға өтпелі экономикасы бар елдердің мүмкін жағдайын қайталауға тура келді, әр түрлі аурулардың пайда болуы жағдайында алғашқы жылдардың құрылымдық ұстанымдарына тікелей байланысты еді: әлеуметтік саланың қолайсыздығы, жалақының төмен дәрежесі және қалыптасқан стериотиптердің өзгерісі сынды жағдайлар. 2008-2011 жылдар аралығында республикада тұрғындардың жалпы ауруға шалдығу көрсеткіші тұрақты тенденцияда болды.

Демография саласы назарда болған жағдайлардың бірі болды. Оның басты мәселелерінің бірі болып Қазақстанның нарықтық экономикаға өтудің бірінші кезеңіндегі өлудің жоғарғы көосеткіші болды. Бұл уақытта туылғандардың да саны азайды («туу коэффиценті 1000 адамға шаққанда 2008 ж. -21, 2011ж-17,7). Соның салдарынан табиғи өсім кеми бастады, ол республика тұрғындар санының көбеюіне қайшы болып табылды. Кеңес Одағынан қалған Қазақстандағы экологиялық мәселелер ана өлімінің негізгі себебі болды, бұл әсіресе Семей полигоны мен Арал өңірімен ұштасып жатқан облыстарда жоғары болды. Нәрестелер өлімі 2012 ж.-29,2, 2007ж.-14,1 (1000 адамға шаққанда) құрды.

Білім мен ғылым саласы Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан кейінгі барлық сфераларының негізгі факторлы өзгерісі болды. Дәл соның арқасында қоғамдық менталитеттің өзгеруі, өзін іштей жеген стериотиптерді құрту, жаңа қоғамдық сананың пайда болуы және тұрғындардың нарықтық сауаттылығы сынды жаңа өзгерістер орнату керек еді. Білім беру сферасындағы төменгі жалақы салдарынан және жеткіліксіз қаржыландыру есебінен жас мамандардың күрт азаюына алып келді, оқушылар мен студенттер арасында білімге деген қызығушылық төмен еді. Бірінші кезеңнің алғашқы кешенді шаралары: білім беру жүйесінің құқытық-нормативті заң базасын жасау; этно-мәдени білім беруді басқарудағы демократиялық негіздерді терең ендіру еді. Реформа нәтижесінде құқықтық және заңдық базасы құрылып соның негізінде мемлекеттік кепілдендірілген тегін және жалпыға бірдей жалпы орта білім беру жүйесі қалыптасты.

Бұл кездегі көптеген мәдени ағартушылық мекемелерінің жабылуының бірден бір себебі олардың жұмысының әлсіздігі мен келушілер санының төмен болуы. Нарықтық қатынастарға өту негізгі мәдениет саласының мәселелерін көтерді: олардағы менеджмент, маркетинг, экономика, қаржы салалары бойынша сауатты мамандардың болмауы еді.

 

 

 

2. Теректі ауданы «Ақжайық селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы жалпы ақпарат

2.1 «Ақжайық селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы мәлімет

 

 «Ақжайық селолық округі әкімдігі кәсіпкерліктің қарқынды өсуі үшін әлеуметтік-экономикалық жағдай жасауға және экономиканың тұрақты өсу негізін аталған сектормен қамтамасыз етуге ықпал ететін кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында мемлекеттік басқару және бақылау функциясын орындауда қалалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Мекеме өзінің қызметін Конституцияға және ҚР Заңдарына, Президент және ҚР Үкіметі актілеріне, облыс пен облыс әкімдігінің  және т.б. құқықтық-нормативтік актілерге негізделіп жүргізеді.

  • Әкімдік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституцисына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, әкімдіктің қаулылары мен қала әкімнің шешімдеріне, басқа да актілеріне, әкімдіктің қаулылары мен қала әкімнің шешімдеріне, басқа нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • Әкімдік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тілде атауы жызылған мөрі мен мөртаңбаны, белгілі үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары бар.
  • Әкімдіктің құрылымы мен штат санының лимитін облыс әкімдігі бекітеді.
  • Бөлім қызметі облыс бюджетінен қаржыландырылады.

Негізгі міндеттері:

    1. қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай - ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
    2. ішкі саясат, қоғамдық-саяси мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру ретіндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
    3. ауданда болып жатқан қоғамдық - саяси процестерге және оның даму барысына жан-жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
    4. қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен,  бұқаралық ақпарат құралдарымен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
    5. әлеуметтік дамудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағытында білім және спорт, мәдениет пен тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың  қызметін келісімді өзара әркеттестікте қамтамасыз ету;
    6. аудан әкімінің жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының жұмысын жүзеге асырады:

 

Ауылдық округ орталығы – Ақжайық ауылы

Ауылдық округ аумағы – 759,7 шаршы км.

Ауылдық округтегі халық саны- 4886 адам

Ауылдық округтегі аула саны- 1071

Ауылдық округтегі елді мекендер- Ақжайық, Сүттігенді, Талпын, Абай, «Ақжайық» шипажайы, Подхоз

1992 жылы таратылған  Ақжайық ауданының ізінде құрылған  Ақжайық ауылдық округінің құрамына  Талпын, Абай, Ақжайық шипажайы, Сүттігенді елді мекендері кіреді. Округ аумағында 22 ауыл шаруашылық құрылымы, «Ақжайық» шипажайы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс жасайды. 

Округ аумағында үш орта және екі бастауыш мектеп, Ақжайық орта  мектебі жанында 40 орындық интернат, «Айгөлек» бала бақшасы, Ақсоғым саз мектебінің филиалы, аудандық аурухана мен емхана, 4 медициналық пункт, кітапхана, Мәдениет үйі, №27 өрт сөндіру бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, орман шаруашылығы, «Қазақтелеком», «Қазпошта» тораптарының филиалдары қызмет көрсетеді.

 

Кесте 1. 2012-2014 жылдар аралығында Ақжайық село округінің халық саны, аула саны және жұмыс жасайтындар, зейнеткерлер туралы ақпарат

 

Елді мекен

Аула саны

Халық саны (адам)

Кірістері, жұмыс жасайтындары, зейнеткерлері,  үй шаруалары жоқ отбасылар саны

 

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013

2014

Ақжайық

663

678

689

3017

3054

3079

9

8

6

Абай

151

158

163

758

767

773

1

2

1

Талпын

99

103

108

507

510

514

0

0

0

Сан. Ақжайық

37

41

48

180

190

194

1

1

1

Сүттігенді

23

27

28

187

189

190

0

0

0

Подхоз

21

27

29

125

133

136

0

0

0

Барлығы:

1065

4 886

12

Информация о работе Әлеуметтік саясаттың мәні мен жіктелуі және механизмдері