Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:22, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі күні ауылдың әлуеметтік-экономикалық жағдайы күрделі өзгерістермен сипатталады. Еліміздің даму болашағы ең алдымен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты болып отыр. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен, өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету. Баршымызға белгілі - ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Елімізде ауыл шаруашылығында қолайлы жерлері көп, сондықтан әлем нарығында бәсекелестікке төзімді агроөнеркәсіп кещенін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................
6
1
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...........................................................................................

8
1.1
Әлеуметтік-экономикалық даму көрсетікштері...............................
8
1.2
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау..............................................
10
1.3
Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірі – стратегиялық жоспарлау..............................................................................................

14

2
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ..................................

19
2.1
Алматы облысының табиғи-экономикалық жағдайын талдау........
19
2.2
Алматы облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................

20
2.3
Алматы облысының негізгі салаларының бірі -ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін талдау........................................

28
2.4
Алматы облысының инфрақұрылымын талдау.................................
37

3
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖОСПАРЛАУ МЕН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ ..............................................


42
3.1
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту жолдары................................................................................................

42
3.2
Ауыл шаруашылығында маркетингтік стратегия жолдары............
53
3.3
Алматы облысының ауыл шаруашылық жағдайын дамыту – Еркін экономикалық кеңістікке кіру ретінде.....................................

59


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом соц.эко.развитие Алматинской области 2009-2010 22 06 10.doc

— 804.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоғарғы кестеден көріп отырғанымыздай ауыл шаруашылығының негізгі

мәселелерін шешу үшін, оның негізгі көрсеткіштерін шешу жоспарлау  шарты туып отыр. Облыстағы және жалпы республика көлемінде ауыл шаруашылығындағы күрделі мәселе әрине  қаражат жағдайының тапшылығына  байланысты. Мысалға егістік жердің көлемін 1100 мың гектарға немесе 126%-ға көтеру үшін, жерді тыңайтатын тыңайтқыш көлемін 1,5 есе жоғарлатамыз. Бұл қосымша шығын, ауыл шаруашылық кәсіпорындарды несиелудің деңгейін көтермелеуді талап етеді. Өйткені шаруашылықтардың қаражат тапшылығы банктерден және басқада мекемелерден несие алуға әкеледі.

Ауыл шаруашылық өнімдердің сапасын көтеру үшін мемлекет тарапынан  қолдау көрсетілуі тиіс. Мысалы, есепті жылы бұл көрсеткіш 129,8 млн.тг болса, оны 2015 жылы 1,6 есеге көтеру жоспарланып отыр. Ал несиелеу көрсеткіші 143,9%-ға жоғарлауын жоспар бойынша көзделіп отыр. Шаруашылық үшін дақылдар тұқымдарының  өзі, жоғары өнімділік беретін тұқымдардың сорттарын себуді көздеу керек. Сондықтан шаруашылықты мұндай тұқымдармен қамтамасыз ету, мемлекет тарапынан қолданып, қамтамысыз етілуі тиіс. Әрине, шаруашылықтардың көбісі өзінің қорындағы тұқымдарымен толық қамтамасыз етіле алмайды. Осыған байланысты 2015 жылы бұл көрсеткішті 127,5%-ға артыуын жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығындағы тағы бір күрделі мәселе бұл ауыл шаруашылық техниканың тапшылығы, нақты техникамен қамтамысз ету деңгейінің төмендігі. Бұл мәселені шешу үшін облыста есепті жылы 89,3 млн.тг лизингке берілген еді. Бұл әрине жеткіліксіз болып отыр, сондықтан  2011 жылы оны 141%-ға жоғарлатып, ал 2015 жылы бұл көрсеткішті 2011 жылмен салыстырғанда 178%- жоғарлату жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығының келесі көрсеткіштерін жоспарлау келесі 14 кестеде

беріледі:

14 кесте

Алматы облысы бойынша, 2006-2009 жылдар аралығында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі

 

Өнім түрлері

Есепті жылы

2011

2012

2013

2014

2015

Дәнді дақыл (тазаланған кейінгі салмақта), мың тонна

659,7

 

725,7

 

798,3

 

878,1

 

965,2

 

1601,7

Күнбағыс, мың тонна

30,9

34

37

43

52

60

Темекі, мың тонна

6,5

7

7,2

8,1

8,5

9

Қант қызылшасы, мың  тонна

121,2

150

165

190

295

350

Картоп, мың тонна

555,2

638,5

702,4

915

1052

1265

Көкөніс, мың тонна

617,5

710

890

917

1025

1235

ет (тірі салмақта), мың  тонна

251,1

281,2

323,2

387,1

450,1

540,1

Сүттің барлық түрі, мың  тонна

663,2

763

1071

1285

1542

1850

Жұмыртқа, млн.дана

70,4

87,4

95,1

115,6

120,9

135

Жүн, мың тонна

7,6

8,7

9,5

10,6

12,2

15

Ескерту: Автормен статистика мәліметтері негізінде есептелінді


 

Жоғарғы кестеде 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімді өндіру жоспарлау көзделіп отыр, соның ішінде облыс бойынша дәнді дақылдар көлемі 2 есеге өсуі жоспарланып, ал соның ішінде күнбағыс өсіру 194%-ға жоғарлауы, ал темекі 138,4%-ға жоғарлап, қант қызылшасы 2,8 есеге өсуі көзделіп отыр. Көкөніс өндіру көлемі 2 есеге, ал ет өндіру 289 мың тоннаға немесе 2,1 есеге, сүт өндіру 2,8 есеге, жұмыртқа 1,9 есеге, жүн өндіру 1,9 есеге артуы жоспарланып отыр.

Жоспарлау өзінен кейін  бақылау функциясын талап етеді, яғни көздеген мақсатқа жету үшін жоспралардан ауытқуды бақылап отыру керек.

Келешекте өсімдік шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін [19]:

-ауыл шаруашылығында шикізат базасын қалыптастыруда өнімдерді өңдеу саласын дамыту жолындағы мемлекеттің қамқорлығы қажет;

-жаңа қаржылық құралдарды (форвардтық, фъючерстік келісім шарттар, лизингтік қатынастар т. б.) қолдану жөнінде ұсыныстар дайындау;

-жерді тыңайту, суландыру  шараларына субсидия бөлу;

-жоғары сортты элита тұқымдарына дотация бөлу және дамыту.

Дақылдардың өнімділігін  арттыру үшін [21]:

-ауыспалы егістің  ғылыми негізделген түрлерін  қолдану; 

-өсімдікті өсірудегі  агротехникалық ережелерді сақтау;

-себу алдында тұқымды  химиялық тазарту және сорттау;

-астықты сақтау алдында  мұқият тазалап кептіру, залалсыздандыру  жұмыстары орындалуы тиіс.

Бәсекеге қабілетті  сапалы өнімдер өндіру үшін маркетинг  стратегиясын дайындап және оны іс жүзінде қолдана білу қажет [22].

 

    1. Ауыл шаруашылығында маркетингтік стратегия жолдары

 

Нарықтық қатынастарды дамыта отырып, өндіріс тиімділігіне жету үшін мынандай маркетинг стратегиясы жүзеге асуы керек:

-маркетинг қызметін  ұйымдастыру; 

-маркетингтік зерттеу,  маркетингтік ақпарат жинау (өнімнің  сапасы, сұраныс, тұтынушының талғамы,  нарық жағдайы, баға деңгейі);

-өнімнің жаңа түрлерін  ойластыру;

-қосымша кәсіпкерлікті дамыту;

-ет, сүт өнімдірінің  ұлттық түрлерін өндіру және  оны көбейту.

Осы аталған шараларды  орындаған жағдайда келешекте бәсекеге қабілетті сапасы жоғары өнімдер өндіре бастайды [25].

Бәсекеге қабілетті  елу елдің қатарына ілігу үшін, Әлемдік сауда ұйымына кіру үшін адамдарға сапалы, денсаулыққа пайдалы нәрлі, экологиялық табиғи таза азық-түлік ұсыну үшін сапаны басқарудың маңызды екені белгілі [26].

Өнім сапасын басқару  халықаралық, мемлекеттік, салалық  стандарт негізінде және әрбір кәсіпорын  стандартына байланысты жүзеге асырылады.

Қай елде болмасын халық  тұрмысының деңгейі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етілуімен, оны тұтыну дәрежесі көлемімен өлшенеді. Бірақ дәл  қазіргі кезде елімізде халықтың азық-түлік тұтыну деңгейінің айтарлықтай  төмендеп кеткені де, оны тұтыну сапасының нашарлағаны да белгілі [27].

Адамдардың ауруға шалдықпауы, жұмыс қабілетінің артуы, балалардың бойы мен салмағы жақсы жетіліп, олардың ірі де, қуатты болып өсуі – мемлекет өміріндегі маңызды мәселелердің бірі. Оған қол жеткізу үшін ең алдымен азық-түліктің қажетіне сай және ғылыми негізде өндіріліп дайындалуы тиіс.

 Астық өндіру, басқа да өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру деңгейі 1990 жылмен салыстырғанда едәуір өсті.

Келешекте өсімдік шаруашылығы  өндірісінде стандартқа сай  жаңа ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу қажет.

Ауыл шаруашылығын қандай да  жағынан  жетілдіруді  қарастырсақта мемлекеттің алатын орны зор. Себебі  ауылшаруашылығы саласы үкіметтің азық-түлік бағдарламасын жүзеге асырудың бірден-бір жолы, жеңіл өнеркәсіптің негізгі  шикізат көзі және әлеуметтік  жағдайды дамытудың   жолы  болып  табылады. Сондықтан да мемлекеттің ауылшаруашылығы үшін қабылданған әрбір шешімі ел экономикасына түбегейлі  өзгерістер мен ауытқулар енгізеді.

Мал шаруашылығына келетін болсақ, ол төмендегі стратегиялық бағытты шешуі тиіс.

  Отандық сүт өнімдерінің нарық  жағдайын жақсартуға байланысты ғалымдар келесідей ұсыныстар береді: импорттық сүт өндіріп шығарушылардың бағасына және сапа деңгейіне  мониторинг енгізу; казақстандық нарықта сүт өнімдерінің шынсыз бәсекелестік жүргізетін  өндірушілерге байланысты антидемпингтік және компенсациялық талқылауды қоздыру бойынша ұсыныстар енгізу; келесідей сүт өнімдеріне кедендік ставкаларынын көтеру: қоюланған сүтке 15%  -дан 40%-ға дейін , сары майға - 20%-дан 55%-ға дейін, құрғақ сүт өнімдеріне - 15%-дан 60%-ға дейін; елде өндірілмейтін барлық шикізат түрлеріне, қосалқы материалдарға, сүт өңдейтін салаларға арналған орамалар, тараларға ең төменгі кедендік ставкаларды қою, бұл осы саладағы отандық өндірістің жаңалықты бейімдеп  пайдалануына, оның жаңа түрлеріне  байланысты болуы  керек; тік-интегралды құрылымдардың шығыуын ынталандыру (ассоциациялар) – ауылшаруашылық өнімдер өндірушілерінің, қайта өңдеушілерінің, сервистік қызмет жабдықтаушылардың бірігуі.

Бұл келесідей нәтижелер  алып келмек дейді ғалымдар:

  • сүт өнімдері  бәсекелестік өндірісінің өсуі;
  • сүт өнімдері экспорттық қорының ашылуына;
  • импорталмастырушы өнімдерінің республикадағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • бәсекелестікке қабілетті экспортқа шығарылатын сүт өнімдерінің көлемінің өсуі;
  • ЕврАзЕС және т.б одақтастықтардың  интеграциялық үрдістеріне  терең ену [10].

    Отандық ет  және ет өнімдерінің нарығын  дұрыс  жағдайға келтіру үшін  келесідей мәселелерді шешу көзделіп  отыр:

  • мал шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру бойынша алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу;
  • өнімділігі  жоғары,  табын фермаларын ұйымдастыру
  • ет өндірісі бойынша арнайы кәсіптелген кәсіпорындар  ашу.

Бұл келесідей нәтижелер  алып келмек:

  • мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын өндірісі;
  • экспорттық қорды жасайды;
  • импорталмастырушы өнімдерінің республикадағы азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • бәсекелестікке қабілетті экспортқа шығарылатын мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі арта түспек.

Агроөнекәсіптік кешен  өнімдерімен байланысты маркетинг  өнеркәсіптің және маркетингтік қызметтің  басқа түрлерімен салыстырғында  күрделі, өйткені ол ауыл шаруашылық спецификасымен, әдістерді көп түрлілігімен, оны жүзеге асыру тәсілдері мен  амалдарын, өндірілетін өнімдердің тұрғындар үшін маңыздылығымен, өнімді дайын өнімді өңдеу, сақтау және тұтыну орындарына жедел түрде жеткізу қажеттілігімен анықталады. Агромаркетингтің қазіргі заманға лайық концепциясын құрастыруда жоспарлы экономикадағы: өндірістік бағдарламаларды, жоспарларды құру, тек нарыққа бағытталмай, өндірісітік-өткізушілік қызметті де есепке алу, Технолог, агроном, зоотехниктер мен менеджер, маркетологтарды өзара байланыстыра отырып еңбектерін тиімді пайдалану секілді  жағымды сәттерді тыс қалдырмау керек. Экономистер маркетинг концепциясы және өткізу концепциясын бөліп қарастырады. Маркетинг концепциясы – сатып алушылардың төлем қабілетті талаптарынан шығып, осы қажеттілікті қанағаттандыру арқылы табыс табуға бағытталады. Өткізу концепциясы – негізінде тауарларды басқарады, оның мақсаты болып сату көлемін ұлғайту арқылы табыс алу табылады. Агромаркетинг концепциясы да тауарларды (ауыл шаруашылық өнімдері) басқарады, бірақ төлем қабілетті сұраныссыз табыс алу мүмкін емес, ал  кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға сату көлемін ұлғайту есебінен де, өндірістегі технологиялық үрдісті жетілдіру есебінен де жетуге болады. Осылайша агромаркетинг – нарықтық басқару концепциясы ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, өткізу салаларындағы кәсіпкерліктің теоретикалық негізіне айналуы керек.

Жоғарыда атап өткеніміздей кәсіпорын қызметінің тиімділігін  қамтамасыз ету үшін өндірістегі  технологиялық үрдістерді жетілдіруіміз  қажет. Ол үшін ең алдымен инновациялық жаңашылдықтар керек.

    Агроөнеркәсіптік кешенді жоғары тиімділікпен дамыту, көбіне қайта өңдеуді ұйымдастыру көлеміне және ауыл шаруашылық дайын өнімін сақтау және өткізуге байланысты. Сондықтан да қазіргі кезде өткір проблемалардың бірі болып ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер ынта-жігерін интеграциялау саналады. Қатнастар өзара экономикалық және моральдік қызығушылықтарын қанағаттандыру принципі негізінде құрылады.

      Сондықтан  да нарықтық жағдайда шаруашылық  етудің экономикалық тетігінің  бір элементі ретінде аграрлық<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439_


Информация о работе Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу