Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:22, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі күні ауылдың әлуеметтік-экономикалық жағдайы күрделі өзгерістермен сипатталады. Еліміздің даму болашағы ең алдымен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты болып отыр. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен, өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету. Баршымызға белгілі - ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Елімізде ауыл шаруашылығында қолайлы жерлері көп, сондықтан әлем нарығында бәсекелестікке төзімді агроөнеркәсіп кещенін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................
6
1
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...........................................................................................

8
1.1
Әлеуметтік-экономикалық даму көрсетікштері...............................
8
1.2
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау..............................................
10
1.3
Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірі – стратегиялық жоспарлау..............................................................................................

14

2
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ..................................

19
2.1
Алматы облысының табиғи-экономикалық жағдайын талдау........
19
2.2
Алматы облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................

20
2.3
Алматы облысының негізгі салаларының бірі -ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін талдау........................................

28
2.4
Алматы облысының инфрақұрылымын талдау.................................
37

3
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖОСПАРЛАУ МЕН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ ..............................................


42
3.1
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту жолдары................................................................................................

42
3.2
Ауыл шаруашылығында маркетингтік стратегия жолдары............
53
3.3
Алматы облысының ауыл шаруашылық жағдайын дамыту – Еркін экономикалық кеңістікке кіру ретінде.....................................

59


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом соц.эко.развитие Алматинской области 2009-2010 22 06 10.doc

— 804.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоғарғыдағы кестеден көріп отырғанымыздай 2009 жылдың азық-түлік тауарлар нарығындағы  баға 2008 жылы салыстырғанда – 0,2%-ға өсті (2008 жылы – 2,0%). Азық-түлік өнімдеріне айтарлықтай бағаның өсімі байқалды. Қияр мен жаңа піскен қызанаққа тиісінше 17,5% және 13,6% - ға өсті, алмұртқа -  12,0%, жаңа піскен қырықжапыраққа – 9,5%, басты пиязға – 6,3%, жүзімге – 2,9%, алмаға – 1,3%, асхана қызылшаcына – 1,0% қымбаттады, ал картопқа – 2,3% және сәбізге – 1,4% төмендеді.

Өнделген сүт өнімдеріне бағаның өсімі байқалған: тұздалмаған  мал майына және маргаринға – 1,5%, сүзбеге  – 1,0%, пастерленген сүтке – 0,3%, ал күнбағыс  майына –11,5% және қаймаққа  – 1,4% төмендеді.

         Баға жаңа ауланған және мұздатылған  балыққа - 1,6%, шошқа етіне –  1,2%, жеңсік емес балық қалбырларына  – 1,0%, құсқа – 0,8%, сиыр етіне  және шұжық өнімдеріне – 0,5% жоғары болды. 

         Наннан және жармадан жасалған  өнімдердің ішінен пряниктер – 3,3%-ға, печенье – 1,0%-ға, күріш – 0,8%-ға қымбаттаса, ұнға – 1,5%-ға және 1 сорт бидай нанға – 0,7% төмендеді.

Жалпы алғанда ауыл шаруашылығында баға өсімі байқалды, әрине бұл  осы өнімдерді өндіруге кеткен шығындар бағасының өсуінен болып отыр.

Келесідегі 8  кестеде әр азық түлік өнімндерінің 1 киллогармм бағасы беріледі. Кестенің мәліметтері бойынша бидайдің, шошқа, қой, сиыр етінің бағасы өскен. Оның себебі әрине өнімнің өзіндік құнына байланысты.

8 кесте

Негізгі азық-түлік өнімдерінің  орташа бағасы, теңге

Өнім түрлері

2008ж

 

 

2009ж

2009ж

2008ж %-қ қатынасы

Бидай ұны, ж/с

92

106

115

Бидай наны, ж/с

102

113

111

Сүйекті сиыр еті

479

505

105

Шошқа еті – саны

621

662

107

Қой еті – жамбас бөлігі

594

616

104

Жаңа ауланған және мұздатылған  балық

 

358

 

338

 

94

Шикі сүт, литр

75

91

121

Пастерленген сүт, литр

93

109

117,2

Жұмыртқа, 10 дана

194

187

96

Тұздалмаған Сары май

477

548

115

Күнбағыс майы, литр

328

268

82

Қант-құмшекер

110

121

110

Қырыққабат 

64

54

84

Картоп

66

70

106

Ескерту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [6]


 

Жоғарғы кестеден көріп  отырғанымыздай негізгі азық түлік  өнімдер бағасы жалпы көрініс  бойынша өскен. Осының ішінде жаңа ауланған балық бағасы 6%-ға төмендеген, бірақ оның өңделеген немесе консерві түріндегі бағасы өскен. Балық шаруашылығымен айналысатын отандық шаруалар өз өнімдері үшін төмен пайда алып отыр. Қырыққабат дақылына келсек, бұл өнімнің бағасы төмендеген. Оның бұлай болу себебі бәсекелестер бағасының төмен болу есебінен және сұраныс көлеміне байланысты болып отыр. Күнбағыс дақылының жағдайы жалпы республика бойынша үлкен өзгерістер байқалды. Оның бағасы күрт 2008 жылы өскен болатын, тіпті кейбір жерлерде, мысалы Алматы қаласының базарларында 1 литрге 470 теңге болған. Олай болу себебі нарықтағы жағдайларға байланысты және өнімділік жағдайларға байланысты болды. Жұмыртқаның бағасы 4%-ға төмендеген, олай болу себебі өнімділік көрсеткіші өсті. Жалпы құс саны облыс бойынша өскен.

2.4 Алматы облысының инфрақұрылымын талдау

 

Жалпы инфрақұрылым дегеніміз бұл – қоғамның тіршілік жағдайын қамтамасыз ету мен материалды өндіріс салаларының қызмет етуі үшін ғимарат, құрылыс, қызмет көрсетудің жиынтығы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсететін шаруашылық саларының кешені және тұрғындары болып табылады [8].

2009 жылғы облыс автокөліктерінің  жұмысы  келесі 9 кестеге сәйкес деректермен сипатталады:

9 кесте

Алматы облысының жүк тасымалдау көлемі

 

Қызмет түрі

2008

2009

2009

2008

%-бен

Тасымалданған жүк, мың  тонна

6395,0

6446,8

100,8

соның ішінде:

автокөлікпен

6395,0

6446,8

100,8

әуе көлігімен

     

Жүк айналымы, млн. т/км

291,4

311,8

107,0

соның ішінде:

     

автокөлікпен

291,4

311,8

107,0

Жолаушы тасымалдау, мың адам

30999,2

31038,0

100,1

соның ішінде:

автокөлікпен

30997,4

31036,6

100,1

әуе көлігімен

1,8

1,4

77,8

Жолаушы айналымы, млн. жол/км

519,3

499,7

96,2

соның ішінде:

автокөлікпен

517,7

498,5

96,3

әуе көлігімен

1,6

1,2

75,3

Ескерту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [6]


 

 

Облыстағы жүк тасымалының  негізгі бөлігі автомобиль көлігіне келеді. 2009 жылғы қаңтардағы облыстың жүк автокөліктермен 6,4 млн. тонна  жүк тасымалданды (өткен жылдың сәйкес кезеңінен 100,8% -ге), жүк айналымы 311,8 млн. т/км құрап, 7,0 %-ға артты.

Автокөлікпен 31,0 млн. жолаушы (2008 жылғы қаңтарға 100,1%) тасымалданып, жолаушы айналымы 498,5 млн. жол/км (96,3%) құрады.

Ал ендігі кезекте  байланыс қызметін көрсетуге келсек, ол 5 суретке сәйкес 2009 жылы қалааралық және халықаралық телефон байланысынан түскен табыс 268,4 млн.теңге болды. Облыстың байланыс кәсіпорындары 559,0 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл көрсеткіш 2008 жылдың сәйкес кезеңінен 2,5% артты, одан халыққа көрсетілгені – 391,0 млн. теңге (1,5% артық).

 

 

5 сурет. Байланыс қызметінен түскен табыс, 2009

Ескерту: Алматы облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [6]

Жоғарғы суреттен көріп  отырғанымыздай байланыс қызметі табысының құрылымында аса жоғары үлес салмақты қалааралық телефон байланысы (48,0%), жергілікті телефон байланысы (29,0%) алады. 2008 жылғы қаңтармен салыстырғанда қалааралық телефон байланысының қызмет көлемі 8,3%-ға кеміді, жергілікті телефон байланысы 24,6%-ға өсті. Оның себебі ұялы телефондар қызметінің дамуына байланысты.

Интернет жүйесін пайдаланудан түскен табыс айтарлықтай өсті. 2009 жылғы қаңтарда интернет жүйесін  пайдаланудан түскен табыс 88,8 млн. теңгені  құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 77,2%-ға өсті. Жылдан жылға бұл қызмет түрінен түсетін табыс қарқынды жоғарлайды, себебі кез келген кәсіпорын үшін өзінің іскерлігінде бұл ақпаратты тарату мен алу құралын тиімділігінің жоғары екенін түсінеді.

Ал енді соңғы екі  жыл ішінде салыстыратын болсақ байланыс қызметінен түскен табыс құрылымы 6 суреттегідей болды:

 

 

6 сурет. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымы

Ескерту: Алматы облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [6]

2009 жылғы қаңтардағы  жедел мәліметтер бойынша бөлшек  сауда тауар айналымы 4087,1 млн. теңге болып, өткен жылдың сәйкес кезеңінен нақты бағада – 29,1%-ға, салыстырмалы бағада – 25,9%-ға артты.

Іс жүзінде бөлшек тауар айналымының барлық көлемі (100,0%) экономиканың мемлекеттік емес саласында болды.

Арнаулы білімсіз сауда  қызметімен айналысатын заңды тұлға жеке кәсіпкерлермен 1522,9 млн. теңгеге тауар сатылды. 2008 жылдың қаңтарымен салыстырғанда мұның көлемі нақты бағада – 2,9%-ға, салыстырмалы бағада – 0,4%-ға өсті. Облыстың бөлшек тауар айналымындағы жеке кәсіпкерлердің үлес салмағы  37,3%-ды құрады.

Сауда кәсіпорындары  мен ұйымдарында 2564,2 млн. теңге көлемінде  тауар сатылды немесе облыстың бөлшек тауар айналымы 62,7% құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейінен нақты бағада – 52,1% артты. Шағын кәсіпорындармен (құрамындағы  қызметкерлер саны 20-ға дейін) 754,5 млн. теңгенің (заңды тұлғалар айналымы 29,4%) тауары сатылды.

2009 жылғы қаңтарда  облыстың көтерме тауар айналымы 8748,5 млн. теңге болып, 2008 жылдың  сәйкес кезеңінен нақты бағада 7,7% артық. Мұның өзінде алынған тауар айналымының негізгі көлемі мемлекеттік емес саланың үлесінде, соның ішінде шағын кәсіпорындарда – 67,0%.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызметінің көлемі 48,5 млн. теңгені (2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі  деңгейге нақты бағада 178,2% және салыстырмалы бағада 154,7%) құрады.

2009 жылғы қаңтардағы 12,7 млн. теңгеге (2008 жылғы қаңтарға  нақты бағада 258,6% және салыстырмалы  бағада 200,0%) автокөлік, мотоциклдерді  жөндеу және техникалық қызмет  көрсетілді.

2009 жылғы қаңтарда  тұрмыстық тауарлар мен жеке  басқа пайдаланатын бұйымдарды жөндеу қызметі 2,1 млн. теңгеге (2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге нақты бағада – 36,6% жоғары, салыстырмалы бағада – 36,6% жоғары) көрсетілді.

   Облыста шағын бизнес дамуының маңызды аспектілерін сипаттайтын шағын кәсіпорындардың қызметтері туралы жедел мағлұматтар 10 кестеде берілген.

10 кесте

Алматы облысы бойынша  шағын бизнеспен айналысатын  шаруашылықтар көлемі

 

Көрсеткіштер

2008

2009

Өсу қарқыны %-бен

Шағын бизнес белсенді кәсіпорындарының саны, барлығы 

84380

79142

93,8

соның ішінде

- заңды тулғалар

2679

3284

122,6

- жеке кәсіпкерлер

36038

28586

79,3

- шаруа қожалықтары

45663

47272

103,5

Шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны, барлығы  адам

203717

199336

97,8

соның ішінде

- заңды тулғалар

33207

31932

96,2

- жеке кәсіпкерлер

56467

51655

91,5

- шаруа қожалықтары

114043

115749

101,5

Шағын бизнес субъектілер  кәсіпорындарыңың шығарған өнімдері млн. теңге 

5912

6247

97,6*

соның ішінде

- заңды тулғалар

3158

3942

124,8

- жеке кәсіпкерлер

2352

1778

75,6

- шаруа қожалықтары

402

527

131,4

Ескерту: Алматы облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [6]


 

Жоғарғы кестеден көріп  отырғанымыздай белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны (2009 жылғы 1 ақпанға жағдай бойынша), өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,2% кеміп, 79142 бірлікті құрады, соның ішінде 3284 – заңды тұлғалар, 28586 жеке кәсіпкерлер және 47272 шаруа қожалықтары. Шағын кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны 2,2% кеміп, 199336 адамды құрады, оның ішінде 31932 - заңды тұлғалар, 51655 жеке кәсіпкерлер, және 115749 шаруа қожалықтары. Белсенді шағын кәсіпкерлік субьектілерінің биылғы жылғы қаңтар айына шығарылған өнімдері (тауарлар, қызмет көрсету) өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (тұрақты бағаларда) 2,4% азайып және 6,2 млрд. теңгені құрады. Жалпы көлемнен шағын бизнесті заңды тұлғалармен 3,9 млрд.теңгеге, жеке кәсіпкерлер 1,8 млрд. теңгеге және шаруа қожалықтарымен 0,5 млрд. теңгеге өнім шығарылды.

          Заңды тұлғалар мониторинг деректері бойынша облыстарда биылғы жылғы 1 ақпанға шағын кәсіпкерлік субьектілердің 9045 заңды тұлғалары тіркелген. Тіркелген шағын кәсікерлік субьектілерден жұмыс істейтіндері 58,6% құрады, яғни экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын кәсіпорындар, олардан биылғы жылғы желтоқсан айында шағын бизнес кәсіпорындарының  жұмыс істейтіндері 62,0% құрады.

3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖОСПАРЛАУ МЕН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту жолдары

 

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2009 жылы 219,8 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 113,9%. Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 263,0 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7%-ға артық, тиісінше сүт – 665,8 мың тонна (100,4%), жұмыртқа – 866,8 млн. дана (109,3%), жүн – 7,7 мың тонна (101,9%). Мал басының саны мынандай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара – 807,2 мың бас (2008 жылдың сәйкес кезеңіне 102,3%), қой мен ешкі – 2987,3 мың бас (101,4%), шошқа – 113,2 мың бас (80,4%), жылқы – 225,5 мың бас (102,6%) және құстар – 9516,0 мың бас (113,5%). 
Жалпы облыс көлемінде 1253,9 мың тонна (алғашқы кіріске алынған салмақпен) дәнді дақылдар өндірілді, бұл 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 181,1%-ды құрады, оның ішінде дәнге арналған жүгері – 318,8 мың тонна немесе 102,2%, күріш – 55,0 мың тонна немесе 97,7%. 
Қант қызылшасының жалпы өнімі 132,8 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 0,6%-ға төмен, ал орташа өнімділігі 1 гектардан 218,7 центнерді құрады. Майлы дақылдардың жалпы өнімі 145,6 мың тоннаны құрады немесе 15,3%-ға артық. Өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда күнбағыс өндіру 20,4%-ға, мақсары – 2 есе артты. 
6,5 мың тонна темекі жиналды (100,0%), картоп – 572,1 мың тонна (103,1%), көкөніс – 627,5 мың тонна (101,6%), бақша дақылдары – 82,1 мың тонна (106,3%). Облыс көлемінде дәнді дақылдарды өндіру бойынша Орта мерзімді жоспардың жылдық тапсырмасы 117,1%-ға орындалды, оның ішінде дәнге арналған жүгері бойынша 104,2%-ға, күріш – 97,7%-ға, қант қызылшасы – 38,4%-ға, темекі – 100,0%-ға, майбұршақ – 106,4%-ға, картоп – 102,2%-ға, көкөніс – 101,3%-ға, бақша дақылдары – 105,9%-ға. Күріш дақылын өндіру тапсырмасының орындалмауы себебі 2009 жылдың көктемі ұзақ және салқын болуының нәтижесінде оны егу жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда 20 күн кеш басталды. Күздік дәндi дақылдар 192,9 мың гектар жерге егілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,8 мың гектарға артық, тиісінше сүдігер 218,6 мың гектар жерге жыртылды немесе 8,0 мың гектарға артық.

Информация о работе Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу