Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 17:05, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды. 1989-1990 жылдарда КСРО мемлекетінің өз ішінде және социалистік лагерь елдерінде басталған демократиялық реформалар Германия Республикаларының дамуына да ықпал етпей қалмады.

Содержание

КІРІСПЕ .3-5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6-19
Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы .20-22
Экономикалық өрлеу және оның себептері............................................23-25
ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы
2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы.........................................................26-35
2.2. Германия және Қазақстан Республикаларының қарым-қатынастарының дамуы.................................................................................................................36-48
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................49-50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Германия-мен-Қазақстанның-қарым-қатынасының-дамуы.doc

— 375.00 Кб (Скачать документ)

Демократиялық социализм партиясы (ПДС). ПДС-Германияны (ГДР) басқарған Коммунистік СЕПГ партиясының мүрагері. Ол өзін 1990 жылы ақпанда ПДС деп атын ауыстырған. Шртия қатарын 18 айдың ішінде мүшелерінің 85%-ті тастап шыққан. Демократиялық партиясының лидерлері сталинизммен толық бөлек екендігін мәлімдеді. Бүрынғы Шығыс Германияда 1990 жылғы сайлауда сайлауға қатысқандардың 11,1%-ті ғана қолдады. Ал, батыс жерлерде сайлаушылардың 0,3%-ті ғана қолдаған. Одақ-90 «Жасылдар» партиясы. Ол партия 1979 жылы федералдық деңгейде экологиялықтардың бірнеше аймақтық топтарының бірігуі арқылы құрылған. Өзінің бағдарламасына даурықпа ұрандарды қосып, капиталистік концерндер мен монополияларды ірілендіруді талап етіп, «Жасылдар» партиясы 1983 жылы бірінші рет жалпы ұлттық сайлауда 5,6% дауыс жинап, бундестагта орын алды. Онан кейін ымыраға келмейтін оппазиционерлердің негізінде ірі партиялардың өз талаптарына экологиялық талаптарды қосуына байланысты «Жасылдардың» беделі түсе бастады. «Жасылдар» партиясы бундестагта жаңа жерлер арқасында орын алды. Батыс және • Шығыс «жасылдар» «Одақ-90-Жасылдар» деген атпен бірікті. Олар 1994 жылы-7,3% дауыс жинады, ал, 1998 жылы-47 орынға і.е болды. «Жасылдар» СДПГ мен үкімет бағдарламасын келісіп, және Шредер кобинетінде 3 министр портфеліне ие болды. Бүрынғы партияның парламенттік партиясының лидері Иошка Фишер ФРГ-ның сыртқы істер министрі болып тағайындалды [12].

Елде  Республикандықтар ұлттық-демократиялық партия сияқты ультралық оңшыл топтар болды. Ультра оңшылдарды қолдау 1980 жылдары өсті. Олардың беделінің өсуі Шығыс Германия қалаларында экономикалық қүлдырауға байланысты өскен еді. Сонымен қатар Германияда көптеген майда үсақ партиялар, әртұрлі қозғалыстар бар. Соның ішінде ірілері әйелдердің қозғалысы, экологиялық үйымдар, пенсионерлердің бірлестігі және ультра сол партиялар. 1990 және 1994 жылғы сайлауд і үсақ партиялар мен қозғалыстар сайлаушылардың дауысының 4% жеңіп алды. Бундестагта олар орын ала алмады.

Сот-құқтық жүйе. ФРГ-да ең жоғарғы сот инстанциясы-Федеральдық Конституциялық Сот болып табылады. Оның жартысын Бундестаг, екінші жартысын Бундесрат сайлайды. Федеральдық соттың өкілеттілігінің мерзімі-12 жыл. Сот ФРГ-ның негізгі заңын талдайды. Федералдық және жер заңдарының конституцияға сәйкестігін тексереді. Конституциялық сот жерлердің арасындағы даулармен алауыздықтар туған жағдайда жеке шешімдер шығарады. Сонымен бірге Конституциялық сот партия антидемократияға қарсы мақсат үстағандығы дәлелденсе, саяс л партияны тарата алады. Төменгі дәрежедегі сот өндірісін тәуелсіз судиялар жүргізеді. Оларды қызметке тағайындаған соң олардың келісімінсіз соттан шақырып алынбайды. Германияда азаматтық және қылмыстық істер бойынша қарапайым соттар жүргізеді, сонымен бірге еңбек дауларын шешетін, әкімшілік, финанстық және әлеуметтік мәселелер бойынша соттар бар. Қылмысты істер бойынша процесстерді халық жасақшылары емес судиялар жүргізеді. Судиялар шешімдер қабылдағанда Конституциялық ссгсыз қабылдайды. 1949 жылы ФРГ құрылған кезге дейін нацистік Германияда ресми қызмет атқарған мемлекеттік қызметкерлер мен ченеуніктер сотсыз жүмыстан шығарылған. Алайда соттық-қүқықтық органдардың персеналы Үшінші рейх кезінен бастап еш өзгеріссіз қалды.

Ұлттық Халық Армиясы 1956 жылы құрылған. 1989 жылы жаяу әскер саны 130 мың адамға жеткен, тағы да 400 мың адам ішкі әскерде қызмет етеді. 80 мың адам-шекара әскерлері мен бөлімдерінде, олар Қауіпсіздік органдарына бағынады. Ұлттық Халық Армиясы Германия біріктірілген күні таратылды. Оккупациялық державалар батыс Германияда қарулы күштерді құруға және оларды жаңа қару жарақтармен жабдықтауға рұқсат етті. Ел 1955 жылы қарапайым қарумен өзінің егемендігін қалпэіна келтірді. Келесі жылы әскери міндеткерлік енгізілді. Жас ер азаматтарға әскери қызметтің мерзімі 10 айлық болып анықталды. Алайда әскерге шақырушылардың этникалық және діни сенімдеріне қарай альтернативтік қызметте болды. 1997 жылы ФРГ армиясында (Бундесверде) 240 мың жаяу әскері бар. Сонымен қатар әскери-теңіз флотта 28 мың және әскери-әуе күштерінде 77 мың адам бар. Европа елдерінің ең қуатты армиясы НАТО-да резервистердегілердің саны 750 мың адам. Бундесверде 24 мың суасты қайықтары, 5 мың танк және 600 әскери самолеттер бар. Елдің негізгі заңы ФРГ қарулы күштерінің елден тыс жерде болуына тыйім салады. 1955 жылы Германия Федеративтік Республикасы НАТО-ға мүше болды. Батыс Германия Европалық көмір және болат бірлестігінің /ЕОУС/ негізгі салушы мемлекеттердің біріне айналды. ФРГ 1957 жылы Европалық экономикалық қауымдастықтың мүшесі болды. 1973 жылы ФРГ мен ГДР бір мезгілде Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Біріккен Германия мемлекетінің  құрылуы

Егерде  бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін  Германия территориясы соғыс қимылдарынан ешқандай зиян шекпесе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел үгінді болып қалғандай көрінді. ('неркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінінің үштен біріне ғана жетті. Шығыс Пруссиядан Одерден Нейсеге дейін жатқан жерлерге қоныс аударылды. Бұл онсызда қиын тұрғын үй проблемасын шиеленістіріп жіберді. Одақтастар репарация төлемі үшін өнеркәсіп құрал-жабдықтарын әкете бастады. Елде өмір сүру деңгейі 3/1 –ге дейін қүлады, ақша қүнсызданды. Азық-түлік пайкалары физиологиялық минимумынан калориясы төмен еді. Оның үстіне Германия тәуелсіз мемлекет болудан қалды. Ол оккупацияланды. Оның территориясының біраз бөлігі тартып алынды. Көзімен көргендердің айтуынша «ашаршылық пен қорқыныштың арасындағы, үміті өлген мемлекет» [13].

Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін дүниежүзінің алып мемлекеттері АҚШ пен КСРО арасында туындаған «қырғи қабақ соғыс» соғыстан кейінгі Германия тағдырына тікелей ықпал етті. Басты державалардың Германия территориясы бойынша қарама-қайшылығы білінді. Бұл Германияның бөлінбей қоймайтындығын көрсетті. Сонымен бірге «қырғи қабақ соғыс» батыс державалардың оккупацияланған Германияның роліне басқаша қараудың жөн екенін байқатты. Жеңілген жаудан гөрі Германия не одақтасқа, не Батыстағы үміт артатын сүйнішке айналғаны дүрыс болып есептелінді. Оның экономикалық потенциалын барынша әлсіретуге ынтызарлық жойылды. Германиядан өнеркәсіптің 5%-тік қуаттылығы ғана әкетілді. Америкада Маршалл жоспары талқыланған кезде амер ікандықтар оған батыс зонаны да қосуды талап етті. Бас мемлекеттер үшін Германияда экономикалық ситуацияны сауықтыру қажеттілікке айналды. КСРО-ның қатысуымен мүндай саясатты жүргізу мүмкін емес еді. Олар тек ақша реформасын ғана жүргізе алды. Қүнсызданған рехсмаркадан немістер қүтылуға асықты. Рехсмарка неміс маркасымен ауыстырылды. Батыс зонадағы әрбір тұрғын 60 ескі рехсмарканың орнына 60 жаңа неміс маркасын алды. Егер бүрын товарлар жетіспесе енді ақша жетіспейді. Инфлияция тоқтатылды, қара рынок жойылды. Экономикалық өмірде қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалды [14].

1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп  өндірісі жартысына дейін өсті. Ал 1949 жылдың соңына қарай ол соғысқа,дейінгі қалпына келтірілді. Батыс Германияда ақша реформасының жүргізілуіне қарсы КСРО Батыс Берлинге блокада жасады. Батыс елдері батыс зоналарда герман емлекетін тез құруға асықты. 1948 жылы қыркүйекте 1946 жылы қалпына келтірілген жер парламенттерінің Парламенттік кеңесі шақырылды. Ол Федеративтік Республиканың конституциясын жасады. Оны оккупациялық өкіметтер бекіткен соң 1949 жылы 23 мамырда :үшіне енді. Конституция неміс азаматтарының негізгі азаматтық және саяси бостандықтарын бекітті және Батыс Германияны Федеративтік Республика деп жариялады. 1949 жылы ФРГ-ның құрамында 11 неміс жері батен-вюлтенберг жерлері кірді. СААР жері 10 бөліктен тұрды. Оның әрқайсысының өз конституциясы бар, сонымен қатар олардың заң шығаратын, оны орындайтын және сот органдары бар. Басқару формасы жағынан ФРГ парламенттік республика. Веймар республикасының конституциясымен салыстырғанда ФРГ-дағы президент өкіметі шектеуліол неді жалпы сайлауда сайланбайды. Оның қарамағында заңдар үкімет басшысында нақтылануы қажет. Бундестаг федералдық канцлерді бекітеді.

1949 жылы тамызда Бундестагқа міғашқы  сайлау болды. Жеңіске үмтылған үміткерлердің ішінде христиан-демократиялық және христиан-әлеуметтік одақ блоктары болды. Және Германияның социал-демократиялық партиясы да жеңістен үміткер болатын. Олар Бундестагта бірдей мөлшерде орын жинады. Алайда ХДР-ХСС және коалициясына ерікті демократиялық партия (СвДП) кірді. Ол осы партиялардың үкімет құру ие болу қүқына жол ашты. ФРГ-нің канцлері болып 75 жастағы тәжірибелі саясаткер христан-демократ Конрад Аданауэр сайсанды. Веймар республикасының жылдарында ол орталық партиясының мүшесі және Кельн қаласының бургом-мистр ол Черчилл сияқты саясатта үзақ айналысқан. Конрад Аданауэр 1963 жылға дейін канцлер болып қала берді. Оның мемлекет нің ішкі және сыртқы саясатында жүргізген еңбігінде баға жетпейді. Веймар республикасының күйрегенін көзімен көрген нағыз демократ Конрад Аданауэр ФРГ-да демократиялық институттардың нығаюына өз тигізді. Ол европалық идеяны жақтаушы, Германияның Европаның басқа істерінен аулақ болмауына қолдан келгеннің бәрін істеді. Ол европалық интеграцияны барынша жақтады. Сондықтан ол 1952 жылы Германияны біріктіру жөніндегі жоспарын қабылдамады. Германия бірігу үшін КСРО-да және Шығыс Европа елдерінде түбірлі өзгерістер болуы қажет. Сондай жағдайда ғана ФРГ мен ГДР біріге алады. Оның сөзі шықтан болғандығын тарихтың өзі дәлелдеді [15]. «Қырғи қабақ соғыстарында» ФРГ үкіметінің АҚШ-қа бағытталуы оны позициясын нығайтты. 1951 жылы оның территориясында оккупациялық режим алынып тасталынды. 1955 жылы ФРГ НАТО-ның мүшесі болды. 1957 жылы Европалық экономикалық қауымдастықтың мүшесі. Франция Германиямен татуласты. ФРГ өзінің маңызды мемлекетке айналғанын түсініп Шығыс Германия туралы мәселені көтерді. Германия Шығыста социалистік елдерді мойындамады. Өзі де және одақтастары да Германия демократиялық республикасымен демократиялық қатынастар орнатпады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Экономикалық  өрлеу және оның себептері

ФРГ-нің  халықаралық позициясының нығаюы көбіне оның экономикалық өрлеуімен тікелей байланысты. 1950-1964 жылдары ұлттық өнім 3-ке дейін өсті. Ол соғысқа Германиядан артық өнім шығара бастады. Европа «герман кереметі» туралы айта бастады. Оның себептері аздаған соғыс шығындары, отарларды басқару аппаратына ұстауға шығынның болмауы шығыста тұра алмаған қоныс аударушылардың жаңа жерде сіңісіп кетуі осы жылдары Германияның экспорты өсті. Экспорттан түскен табыстар қарыздармен есептесуге мүмкіндік берді. ФРГ-да жасалған өнімнің көпшілігі дүниежүзілік рынокқа шықты. ФРГ нацизм құрбандарына жәрдем ақы беруге және алтын валюттік резервтер жасауға мүмкіндік алды. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс герман демократиясын шайқалтса, 50-60 жылдардағы өрлеу оның нығаюын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ФРГ-ны Батыс елдерінің экономикалық қуаты жағынан зор елдерінің біріне айналуы сыртқы саясат саласында оның алдына жаңа міндеттер қойды. Өзіне жақын орналасқан Шығыс Европа елдерінің оны майындамауы ФРГ-нің дипломатиясын икемді етті. Әсіресе бұл дамып келе жатқан елдермен КСРО-ның қарым-қатынасында көрінді. 60-жылдардың соңында Шығыс елдерінде түбірлі өзгерістердің болмай қоймайтындығы айқын болды. Ол елдердегі басқарушы режимдер тұрақтанды, КСРО оларға қатаң бақылау қойды. Өмірде болып жатқан шындық оқиғаларды елемеу ФРГ-ның беделін одан әрі түсіру қаупін туғызды.

СДПГ  сыртқы саясат бағытын өзгерту туралы болған пікір-таластың дем берушісі болды. Пікір-талас саяси күштердің қайта топтасуымен аяқталды. СвДП СДПГ-ны қолдады. Осы екеуінің бірін-бірі қолдауымен жаңа коалиция құрылды. Осы екі партия 1969 жылы үкіметті қалыптастырды. Елдің канцлері болып социал-демократ Вилли Брандт та айындалды. Елдің сыртқы істер министрі болып-еркін- демократ Вальтер Шеель қызмет атқарды./16/.

Брандт Вилли /1913-1992/ шын аты Герберт Карл Фрам Германия мен дүние жүзілік социал-демократияның көрнекті қайраткері. СДПГ-ға мүше болған Гитлер өкімет басына келген соң фашизмге қарсы қызмет жүргізеді. Швецияда эмиграцияда болады. Соғыстан кейін Батыс Берлинге қайтып оралады. 1957-1966 жылдары Батыс Берлиннің бургомистрі. 1964 жылы СДПГ-ың төрағасы болып сайланады. 1966-1969 жылдары сыртқы істер министрі және вице-канцлер. 1969-1974 жылдары батысгермандық үкіметті басқарады.

1976 жылдан бастап Социнтерннің төрағасы. 1971 жылы халықаралық қатынастарды жақсартуға қосқан үлесі үшін нобельдік сыйлықтың лауреаты.

Вилли Брандт үкіметі түсында ФРГ-ның  жаңа шығыс саясаты жүзеге асты. Соғыстан кейінгі жылдарда Шығыс Европада қалыптасқан шекаралар танылды. ГДР мемлекетімен мемлекет аралық қатынастар орнатылды. Екі неміс мемлекетінің бірін-бірі мойындау олардың БҰҰ-на қабылдануына жол ашты. Екі мемлекет арасында Батыс Берлин статусы туралы келіссушілікке қол жеткізілді. Бұл екі мемлекет арасында осы қала маңайындағы шиеленісті бәсеңдетті. ФРГ 70- жылдары Шығыс Европа елдерінің Батыстағы экономикалық әріптесіне айналды. ФРГ жалпыевропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша өткен мәжілістің Қорытынды Актісін жасауда үлкен еңбек сіңірді. Осыған байланысты ФРГ-нің халықаралық беделі орасан зор өсті.

Елдің ішкі дамуында 70-жылдар түбегейлі өзгерістер жылдары болып есептелінеді. ФРГ-да валюталық инфляция а қарамастан басқа Батыс елдері сияқты дағдарыстарға үшырағанымен ФРГ-ның экономикасы дамыды. Солай бола тұрса да экономикалық дағдарыстың кейбір салдарлары байқалып қалды. Халықты мазасыздандырған проблемалардың бірі-саяси терроризм./17/. Бұл қүбылыс 60-жылдардағы жастар қозғалысынан туындаған. Осы жылдары жастардың біраз бөлігі революциялық үрандарды тікелей қабылдады. Мүндай үрандар көпшіліктен қолдау таппады. Сол кездегі батысгермандық қоғамда жастардың біраз бөлігі террор құралдары арқылы ФРГ-да капиталистік құрылысты қүлатуды ойлады. ФРГ-да әрекет еткен террористік үйымдардың ішінде жетекші рөльді «Фракция Красной Армии» атқарды. 70-жылдардағы террористердің құрбаны 41 адам болды./П/. Алайда 80-жылдардың басына қарай батысгермандық полиция террористердің басым көпшілігін түтқындай алды. Қудаланғандардың біразы ГДР-ге барып жасырынды.

Батыстың  басқа елдері сияқты ФРГ-да да 70-жылдары  экономиканы мемлекеттің реттеуі туралы мәселе талқылана бастады. СДПГ оны жүргізбеуді қалады. ХДС-ХСС инфляцияға қарсы қатал шаралар қолдануды және әлеуметтік программаның көптеген салаларын қысқартуды талап етті.

Осы дискуссияның барысында саяси қайта  топтасу жүзеге асты. СвДП СДПГ коалициясынан  шығып ХДС-ХСС-ты қолдады. 1982 жылы ФРГ-ның канцлері болып Гельмут Коль тағайындалды. СДПГ оппозицияға кетті/18/.

Коль Гельмут 1930 жылы туған. ФРГ-ның саяси және мемлекет қайраткері. 1946 жылы ХДС партиясына мүше болып кіреді. 1966-1973 жылдары христиан-демократтардың Рейнланд-Пфальц жеріндегі партия ұйымдарын басқарды. 1973 жылы ХДС-тің федеральдық төрағасы болып сайланды. 1976 жылдан бундестагтың депутаты. 1976-1982 жылдары бундестагтағы ХДС-ХСС фракциясының төрағасы. 1982 жылы ФРГ-ның канцлері болып сайланды.

Коль  үкіметі Тэтчер Ұлыбританияда және Рейган АҚШ-та жүргізген шараларға ұқсас өзгерістер жүргізді. М.Тэтчер Ұлыбританияда және Рейган АҚШ-та мынандай саясат жүргізген болагын: салықтар және мемлекеттік шығындар қысқартылды; бизнесттің мемлекеттік регламентациясын азайту бойынша шаралары қабылданды. Сондай-ақ бәсекелестікке қолдау көрсетілді. Дәл осыған үқсас шаралар Батыс Германияда да жүргізілді. 1983 жылдан бастап экономикада өрлеу басталды. Басқарушы коалиция содан бастап ешқандай сайлауларда жеңіліс таппады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕКІНШІ ТАРАУ: ҚАЗАҚСТАН-ГЕРМАНИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ 2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы

1990 жылы 3-ші қазанда үлкен оқиға  болды. Оның өзектілігіне, маңыздылығына ешкім де сол кезде ой жүііртіп терең қарамады. Ойлағандар Германияның болашақта бірыңғай Германия болмай қоймайтындығына сенді.

Информация о работе Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы