Адам құқықтары туралы Билль

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:07, реферат

Краткое описание

Барлық адамдар тумысынан азат жəне қадір-
қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге ке-
леді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан бе-
рілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық,
бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.

Содержание

Адам құқықтарының жалпыға бiрдей
декларациясы ....................................................... 2
Экономикалық, əлеуметтiк жəне мəдени
құқықтар туралы халықаралық пакт ............... 10
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы
халықаралық пакт ............................................. 23
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы
халықаралық пактке қатысты факультативтi
хаттама ............................................................... 46
Өлiм жазасын жоюға бағытталған, азаматтық
жəне саяси құқықтар туралы халықаралық
пактке қатысты екiншi факультативтi
хаттама .............................................................. 51

Прикрепленные файлы: 1 файл

Білім және ғылым министрлігі Қарағанды.doc

— 71.50 Кб (Скачать документ)

кұқықтар  мен бостандықтарды толық жүзеге

асыра алатын əлеуметтік жəне халықаралық

тəртіпке  құқылы.

29 БАП

1. Əр  адамның, адам баласының еркін жəне

толық кемелденуіне мүмкіндік беретін  қоғам

алдында міндеттері бар.

2. Өзінің  құқықтары мен бостандықтарын

жүзеге  асыруда əр адам тек басқа адамдардың

құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде

тану  жəне құрметтеу мақсаты көзделген

жағдайда  ғана жəне демократиялық қоғамдағы

моральдің, қоғамдық тəртіп пен игіліктің

əділетті  талаптарын қанағаттандыру мақсаты

көзделген жағдайда ғана, заңмен белгіленген

шектеуге  ұшырауы тиіс.

3. Осы  бостандықтар мен құқықтардың  жүзеге

асырылуы  Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары

мен қағидаларына қайшы келмеуі тиіс. 30 БАП

Осы Декларациядағы ешбір қағида қайсыбір

мемлекетке, адамдар  тобына немесе жеке

адамдарға аталмыш  Декларацияда баянды

етілген құқықтар мен  бостандықтарды жоятын

қызметпен айналысу немесе іс-əрекет жасау

құқығын береді деп пайымдалуы тиіс емес.


Информация о работе Адам құқықтары туралы Билль