Адам құқықтары
Доклад, 08 Декабря 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Адам құқығы — азаматтың басты игілігі. Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Адам құқықтары.doc
— 55.50 Кб (Скачать документ)
3 курс
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Адам құқықтары
Адам құқығы
— азаматтың басты игілігі. Қазіргі
заманда өркениеттің басты
Адам құқығы –бұл жеткілікті дәрежеде кең, әмбебап және көп қырлы түсінік. Адам құқығы мен бостандығына қатысты мәселелерді талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған ерекше мән беріп келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел. Біздің негізгі заңымызда адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, одан ешкім айыра алмайды деп жазылып, баға берілген. Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субъектілерінің кең шеңберіне таралуына ұмтылыстар жасады. Мемлекеттердің тарихи даму кезеңдері олардың қоғамдағы ерекше құбылыстарымен ерекшеленеді. Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты – адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі – мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепілдік беру. Қазіргі қоғам дамуының негізі адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының мәнінің өсуімен сипатталады. Қоғамның және жеке болмыстың әртүрлі аспектілерін қамтитын адамзат дамуының ең жоғары құндылығы – адам құқығы.Адам құқығын қорғау үшін бірінші кезекте адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын заң мазмұндарында көрсете отырып, оның қамтамасыз етілуі мемлекет тұрғысынан ғана емес, жалпы адамзат, халықаралық қауымдастық тұрғысынан ескерілуі, сол бағытта іс - әрекеттер жасалуы қажет. Адам құқығы – біздің кезеңіміздің өзекті мәселесі. Сондықтан да әрбір адам және қоғамның әрбір органы декларацияда көзделген құқықтар мен бостандықтардың құрметтелуіне, қорғалуына, ұлттық және халықаралық дамушы шаралар арқылы қамтамасыз етілуіне, танылуына және жүзеге асуына ұмтылуы тиіс.
Адам құқықтары - туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады. Олар азаматтық құқықтар мен саяси бостандықтарды, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды, сондай-ақ қауымдар құқықтарын (балалар, әйелдер, ұлттық азшылықтар, халықтар және т.б.) қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін (адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар деп атайды) немесе белгілі бір игіліктерді иемдену мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының өзі болып табылады) қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет қарым-қатынастарының нормалары, қағидалары.
70-80 жылдары көптеген мемлекеттер авторитарлы саясаттан демократиялық саясатқа өтті. Бұған әсер еткен бірден бір факторы- экономиканың дамуы болып табылады. Одан басқа, Америка Құрама Штаттарының, батыс еуропа елдерінің жүргізген саясаты мен жасаған қадамдары Испания, Португалия, Латын Америка елдері, Филиппин, Оңтүстік Корей мемлелекеті, Шығыс Еуропа мемлекеттеріне елеулі әсерін тигізді.
Жалпы
өрениет қақтығысын Азия
Мемлекеттік биліктің бастауы – халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық мемлекеттердің басты қызметі болып табылады. Сондықтан қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінің конституцияларында, заңнамаларында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары бекітілген.
Адам құқықтарының бүгінгі
Алғашқы рет адам құқықтарының либералды концепциясы өзінің құқықтық бекітілуін 1789 жылғы американдық құқықтар жөніндегі Биллге негіз болған 1776 жылғы тәуелсіздік Декларациясында көрініс тапты. Сәл кешірек адамның негіз қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам мен азамат құқықтарының франциялық Декларациясында бекітілді.
Адам құқықтары категориясы -
индивидтің құндылығы жөнінде,
тұлға еркіндігін қамтамасыз
ететін құқық пен оның
XV -XVI ғасырлардан бастап, адам құқықтары
мемлекеттердің екіжақтық
Қазақстан Республикасында
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Хантингтон С. «Столкновение цивилизаций» М.: ООО «Издательство АСТ», 2003. – 603 бет.
- А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. «Құқықтану» — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
- http://www.ombudsman.kz